Сборник материалов VIІІ международной научной конференции студентов и молодых ученых «Наука и образование 2013»



жүктеу 5.01 Kb.

бет15/44
Дата22.12.2016
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44

     Жҧмысымызды қорытындылай келіп, мынадай тҧжырымдар жасаймыз: 
-  Діни эпостардың қоғамдағы мҽн-маңызы айқындалды. 
-  Фольклордағы  діни  эпостардың  ҿзектілігі,  олардың  шығу  тарихы,  сюжеттік  желілері, 
қҧрылымдық ерекшелігі сараланды. 
-  Діни  эпос  -  халқымыздың  сан  ғасырлық  діни    мҽдениетін,  тарихи  ҽлеуетін,  қоғамдық-
ҽлеуметтік жағдайлар кҿрінісінен сыр шертетін қанша ғасырлық терең де, тағылымды шежіресі 
бар халық мҧрасы екендігіне ерекше назар аударылады. 
 
Қолданған әдебиеттер тізімі 
 
1.
 
Бердібай Р. Эпос-ел мҧраты. Алматы, «Рауан»1992. 
2.
 
Қазақ фольклорының типологиясы. Алматы, Қазақ ССР-інің «Ғылым», 1981. 
3.
 
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз ҽдебиеті. Алматы, 1958.   
4.
 
Пайғамбарлар  қиссасы.  Қҧрастырғандар:  А.Қадыров,  Ж.Жакипов,  Қ.Қыдыралыҧлы. 
Алматы, «Қаблан» ЖШС, 2007. 
 
С.ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ АЛАШШЫЛ СЫНИ ИДЕЯЛАРЫ 
 
Ӛмірбек Д. Б., 
dinarochka__92@mail.ru
  
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана 
Ғылыми жетекшісі –Т.Мҽмесейіт  
 
Кҿркем  ҿнер  халықтың  рухани  қажетін  ҿтеп,  талап-талғамын  қалыптастырады.  Халық 
еш уақытта ҿнерсіз ҿмір сҥрмейді, демек ҿнер бар жерде талғам бар. Кҿркем ҽдебиет жанрлары 
бірден  қалыптаспайды,  оның  элементтері  таным  бесігінде  ҧзақ  тербетіледі.  Ҧсақтан  іріге, 
майдадан  кҥрделіге  ҧмтылу  барысында  ҽр  тҥрлі  арналардан  нҽр  алады,  қоғамдық-ҽлеуметтік 
жҽне  эстетикалық  ой-пікірлердің  оянуына,  ҿсіп-жетілуіне  жағдай  жасалады.  Сын  -  жазба 
ҽдебиетке тҽн жҽне кенжелеп туған жанр. 
Сынның ҿмір сҥру арнасы – баспасҿз. Баспасҿзі дамыған елдің сыны да дамиды. Ҽсіресе, 
ҽдебиеттегі сын алға жылжиды. ХХ ғасыр басындағы «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің 
ҽдебиет  сынын  тудырудағы  жҽне  Алаш  идеясын  насихаттаудағы  тарихи  маңызы  зор  болған. 
Қазақ зиялылары қазақ баспасҿзінің қос жҥлдызы  «Айқап» пен  «Қазақтың» жарық кҿруі ҥшін 
қажымай-талмай  еңбек  етті.  Бҧл  екі  басылым  ҿз  кезегінде  қазақ  оқығандарының  бағыт-
бағдарын  айқындаған,  идеялық  –  саяси  кҿзқарастарын  танытқан  орын  болды.  Журнал  мен 
газеттің  ағартушы-демократтық  бағыты  да  кҥшті  болған.  Қайтсек,  халықты  сауаттандырамыз, 
қайтсек  елімізді  оятамыз  деп  шырылдады  ҧлт  зиялылары.  Қос  баспасҿзде  жер,  ҿнер-білім, 
отырықшылық,  дін,  ҽйел  теңдігі  мҽселелері  кеңінен  қозғалды.  Ҽсіресе,  қазақтың  ҧлт  болып 
сақталып қалуы ҥшін алаш арыстары тіл, дін, діл, тарих, мҽдениет, салт-дҽстҥрді сақтау керек 
екендігін  тҥсініп,  халықты  сауаттандыруға  жанкешті  еңбек  етті.  Елді  «маса»  болып  ызыңдап, 
«Оян,  қазақ»  деп  ҧрандап,  «қараңғы  қазақ  кҿгіне  ҿрмелеп  шығып  кҥн  болуды»  армандаған 
талай саңлақтарымыз ғылым мен білімге, оқу-ағартуға шақырды. «Тіл, ҽдебиет – бар миллҽттің  
(ҧлттың) жаны һҽм рухы» деген тҧжырымы бҥкіл «Айқап» авторларының бисмиллясы болды» 
[1;  93],  -  деп  Т.Кҽкішев  ҿз  еңбегінде  айтқандай,  ең  бірінші  кезекте  тілді  сақтау,  одан  соң 

 
109 
ҽдебиетті дамыту мақсаты тҧрды. Ал ХХ ғасыр басында тілде, ҽдебиетте, халықтың ҿз ішінде 
болып жатқан артық-кем тҧстарды елге тез арада жеткізіп, дер кезінде сыны мен міні айтылып, 
хабарландырып  тҧруына  осы  жоғарыдағы  қос  газет-журналдың  еңбегі  зор  болды.  Осылайша 
қазан революциясына дейінгі кезең қазақтың сыни ой-пікірінің ояну жҽне ҽдебиет сынының туу 
дҽуірі деп тарихта қалды. Ҽрине, оған кҿптеген ҧлт зиялыларының сыни мақалалары дҽлел бола 
алады. 
Сондай  аса  мазмҧнды,  терең  мағыналы  сҿз  сҿйлеп,  халықтың  жҥрегінен  орын  алған 
біртуар  азаматтардың  бірі  –  Сҧлтанмахмҧт  Торайғыров.  Содырлы  саясаттан  зардап  шеккен 
ҧлтының  жан-сезімін,  мҧң-мҧқтажын  бар  болмысымен  тҥсініп,  саналы  ғҧмырын  оның  бҥгіні 
ертеңіне  сарп  етіп,  сол  жолда  бейнет  пен  азаптың  талай  ауыртпалықтарын  кҿтерген  санаулы 
жҧлдыздардың бірі – Сҧлтанмахмҧт Торайғыров. 
Сҧлтанмахмҧттың  «Айқап»  журналында  жарияланған  сын  мақаларының  мҽні  жҽне 
олардың  қазақ  ҽдебиет  сынының  туу  процесіндегі  орны  деген  мҽселеге  келгенде  айтарымыз 
кҿп.  
 «С.Торайғыров  –  қазақ  тарихында  ой-санасы  ең  қырағы,  ең  қанатты,  ең  қазыналы 
қайраткерлердің бірі», -  деп Темірғали Нҧртазин айтқандай, С.Торайғыров – жалынды сыншы, 
жауынгер  публицист  екені  дау  туғызбайды.  Ақындық  мен  сыншылық  ҿнерді  де  қатар  алып 
жҥрген жанның мінезінен де сыншыға тҽн қасиетті тануға болады.  
М.Ҽуезов  ҿз  естеліктерінде  С.Торайғыров  жайлы  былай  дейді:  «Сҧлтанмахмҧт  ҿте 
саналы  болушы  еді...  Аурумын,  емделіп  жатырмын  демей,  кітапты  кҿп  оқиды  екен.  Тҿсегінің 
екі жағында кҿптеген классик ақын-жазушылардың, ақыл-ой кемеңгерлерінің кітаптары ҥйіліп 
жатыр  еді.  Солардың  арасынан  Л.Толстой,  С.Надсонның,  Бакуниннің,  Плехановтың 
шығармаларын  кҿзім  шалды»    [2;  127].  Осы  естеліктен-ақ  ақынның  нағыз  сыншы  болуына 
талғам мен білімнің қайдан келгені туралы топшылауға болады. Себебі нағыз ҿз ісінің маманы 
ғана сол сала бойынша сын айта алады. Екіншіден, сын айту ҥшін сыншының талғамы да биік 
болу керек. Ал ол ҥшін білім, ізденіс, еңбек қажет. 
Сҧлтанмахмҧт  «Қазақ  тіліндегі  ҿлең  кітаптары  жайынан»  деген  мақаласында  шын 
мҽніндегі  кҿркем  шығармалар  қандай  болу  керек  деген  мҽселеге    назар  аударады.  ХХ  ғасыр 
басында  қазақ  ҽдебиеті  сыны  іргетасының  берік  қалануына  ҧйытқы,  негіз  туынды  екендігі 
даусыз. Мақалада кҿрсетілген проблемалар сын ҿрісінің кеңеюіне, сыншылық ойдың бҧтақтана 
жайылуына айтулы ҽсерін тигізді. 
 Бҧдан 5-10 жыл бҧрын, яғни ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасырдың алғашқы жылдары «хат 
біледі-міс  деген  қазақтардың  қолдан-қолға  тҥсірмей,  қҧлқынын  қҧртып,  қҧмартып  оқитын 
кітаптары:  «Зарқҧм»,  «Сал-сал»,  «Алпамыс»  тағы  солар  секілді  «қырды,  жойды,  қиратты»... 
жеті басты айдаһар, пері қызы, жалмауыз кемпір, дҽу... дегендей ҧшы-қиыры жоқ, тҥпсіз ҿтірік, 
қисынсыз  хикаяттар  еді...  бҧрынғы  қиссаларымыздың  (ҽдебиет)  ақ  кҿңілге  кҥйе  жағып 
адастырудан басқа пайдасы жоқ, бас қатырғыш» «шҿп саламдар» еді деп шорт кесті.  
Ҿз заманындағыларға да разы емес екендігін жасырмады: «Бет  бері  қарап,  қол  оң 
жайылғаннан  бері  қарай  жыл  сайын  бестеп,  ондап  «жас  иіс»  жаңа  талап  рисалар  (арабша 
«кітаптар»)  да  туып  тұрды.  Бірақ  бұларды  туды  деп  құр  туғанына  ғана  сүйсінбесе  (екеу-
үшеуін қойғанда), «осы қарағым ер жетіп ернім аққа тиер-ау» деп үмітке кіріп түшіркенерлік 
біреуі жоқ, «Қой бұты, қозы саны» дегендей құраған, сұраған бірдеңелер» [2; 91]. 
Абай  дҽстҥрі  ҿнімді  екендігіне  Сҧлтанмахмҧттың  кҿзі  ҽбден  жетіп,  кҽміл  сенді. 
Сондықтан  ҽдебиетіміз  жаңа  арна  тапты,  қҧр  айғайға  мҽз  болмай,  дҽні  бар,  сҿлі  бар  пайдалы 
ҥндеулерге ойысып, «ескі достарына қош айтыса бастады», жаңалыққа қҧмарлана тҥсті. «Қазақ 
секілді  қараңғы  кҿшпелі  халықтың  ішінде  шыққан  газет-журналдардың  малтықпай  тез  жҥріп, 
жеңіл  кетулері  сол  етпеттеп  тҧруларының  арқасы,  ҽйтпесе,  Самарқан,  Тҥркістан,  Бҧқар, 
Ташкент  жақтағы  газеттер  секілді  адым  жер  шықпай,  арбасы  тҿңкеріліп  қала  берер  еді»  деп 
жазды. Сҧлтанмахмҧт қазақ газет-журналдарын ауызға алғанда ҽлеуметтік ой-пікірдің қордасы 
екенін айқын аңғарып, ҽдебиет саласында да игі іске мҧрындық болатындығын, заманның жаңа 
ыңғайына бейімделетіндігін анық кҿріп-білген-ді. 

 
110 
«Сҧлтанмахмҧт  ҿзінің  осы  мақаласында  данышпан  Абайдың  кҿрсеткен  ҿнеге-ҥлгісі, 
қалдырған орасан зор мҧрасы болғансын ғана қазақта ҽдебиет жоқ дей алмады. Бірақ «шынын 
айтқанда,  қазақ  тілінде  деп  бастырылған  кітаптардың  кҿбінде  қазақтың  иісі  жоқ»  деуі 
Белинскийді еркісіз еске алдырады. Ол: «Иҽ, біздің ҽдебиет жоқ» деген уақытта шын мҽніндегі 
реалистік  ҽдебиеттің  қалыптаспағанын  есіне  алған  болатын.  Ал  Сҧлтанмахмҧт  «қазақтың  иісі 
жоқ» деп кҿбіне тіл жағына ғана ойыса береді деуге болмайды» [1; 97].  
«Бҧзылған  қанымызды  тҥзеп,  қарайған  кҿңілімізді  жуып,  жанымызға  пайда,  дертімізге 
шипа  болады-мыс  деген  «жарып  сал  жаңа  ҽдебиетіміздің»  сыңайы  нҧсқаған  қол,  кҿрсеткен 
жолы  жоқ,  қҧр  «қатын  ойбайға»  айналып,  ҽркім  соны  сҽн  кҿріп  бара  жатқан  соң,  қазақ 
жазушылары-ау,  алдарыңа  салып,  айтып  отырмын»  [2;  93]  дегені  ҽшейінгі  шалқу  емес,  ҥлкен 
идеялық мҽні бар тҧжырым екенін аңғарамыз.  
Сыншы  «кейіп  жоқ,  келісім  жоқ»  ҽдебиеттің  қҧр  ойбайында  сҽн  де,  мҽн  де,  қадір  де 
болмайтынын ескертіп, айтар ой, насихаттар пікірдің барынша айқын да кҿркем болуын талап 
етті.  Сондықтан  ол  «анық  ақсҥйек,  аты  жоғалмайтын  «ҿлең»  деп,  «ҿнер»  деп  соны  айтамын: 
сырт кҿрінісі «қатын ойбай» тҧрсын, «шайтан ойбай» болып кҿрінсе де, дҽмі бар, маңызы бар 
«ойбай»,  сол  қайнаған  қанның,  қинаған  жанның,  толғатқан  кҿңілдің,  толғанған  жҥректің 
сығындысы осы. Соның ҥшін ондай «ойбай», ондай «бебеу» табыла қалса-ақ, салған жерден ҿзі 
де дертке шипа бола кетеді» деп білді.  
Ал В.Г.Белинский:  «Кҿркемдік  – қазірде де ҽдеби шығармалардың қҧнды қасиеті.  Егер 
де  қазіргі  заманның  рухындағы  сапаны  қамти  алмайтын  кҿркемдік  болса,  онда  ол,  біздің 
оншалықты  қызықтыра  алмайды.  Қоғамдық  санаға  ҽсер  ететін  мҽселелерді  қозғайтын  немесе 
шеше алатын орта қолды кҿркем шығармалар, санамызға ҽсер ете алмайтын кҿркемділігі басым 
шығармалардан  анағҧрлым  маңызды»  («О  классиках  русской  литературы»)  десе  [1;  97],  осы 
ойлардың қҧяр арнасы, тҥйер қорытындысы бір-бірінен онша алшақ жатпағанын байқаймыз. 
С.Торайғыров  кҿрінген  мҽселелерді  кҿркем  шығарма  деп  танымайды.  Ҽдеби  шығарма 
болуы  ҥшін  кҿркемдік  тҥрі  (формасы)  мен  мағынасы  бір-біріне  сай  болуы  керек.  «Кҥдікке 
ізденіп,  ҿзіңше  ойыңнан  ҧйқасыңқырап  шыққан,  керекті-керексіз  сҿзді  ҿлең  деп  қуанып  жаза 
беру  –  дерті  (ауруы)  жоқ  кісінің  ыңқылдағаны,  толғағы  жоқ  қатынның  бебеулегені  қандай 
жексҧрын  болса,  бҧ  да  сондай  жексҧрын  болады.  «Қисынсыз  қышқырған  неткен  тантық»  деп 
Абай  айтқанның  кебіне  ҧшырап  жҥргендер  кҿп»,  -  деп  жазуының  ҿзі  ҽдебиетті  тек  мағына 
жағынан  ғана  емес,  кҿркемдік,  шеберік  жағынан  да  дамыту,  ҿркендету  керектігін  ескергеніне 
дҽлел.  
Сыншы  қазақ  тілін  орынсыз  шҧбарлап  жҥргендерге,  «білімдарлығын»  кҿрсету  ҥшін 
басқа  тілдерден  ҽдейі  сҿз  алып,  айтар  ойын  тҧмандатқандарға,  қазақ  тілінің  грамматикалық 
қҧрылысына  жат  оралымдарды  қолданғандарға  қарсы  кҥрес  ашып:  «Мен  тілімізге  шата 
тілдердің шалмасуынан, тілдің ағыны теріс бейімделіп ҿріс алып бара жатқанынан қорқамын... 
мҧның  аты  тіліміздің  орнын  сипалап  қалуға  бейімдеп  бара  жату  болады»  деп  кҥйіне  жазды. 
Сҧлтанмахмҧттың  осы  ойын  Ж.Ҽбубҽкір  ҿзінің  «Тіл  уә  әдебиетімізді  сақтарға  керек»  деген 
мақаласымен қоштап, себебін ашпаққа талаптанған. «Қазақ тілінде жазылған хикая кітаптардың 
кҿбі қазаққа сіңісіп, қазақша былдырлайтын қырық ру қҧрама молдалар жазғандықтан қҧрама 
тілменен  қордаланып  жҥріс  алған,  қазақтың  ҿзі  жазса  да  ҿз  тілін  мҥлдем  ҧмытқан,  яки 
шҧбарлауды  «сҽн»  кҿрген  қазақ  жазған.  Қазақ  ҽдебиеті  басталғаннан  бері  қарай  жазылған 
кітаптарды екшеп қарасақ  (ҽне - бір-екі кісінің кітаптарын былай қойғанда), ашып жібергенде-
ақ шата тілдер топтанып, тіпті кҿзіңе жол бермейді» [1; 98]  деп пікір қорытты.  
Сыншы  қазақ  тілінің  тазалығын  сақтау  мҽселесіне  кҿбіне  поэтикалық  жағынан,  кҿркем 
сҿздің  ҽсемдік  бояуы,  эстетикалық  мҽні  тҧрғысынан  пікір  айтты.  Сондықтан  да  ол  кейбір 
ақындардың  ҿлеңдері  «шҥлдірлеп»,  «шолжыңдап»,  «сҥрініп»,  «соқпағы  қиыспағандығын» 
талай нақты мысалдармен дҽлелдей сынады.  
«Халықты бҥкіл қиян шығып шеттен,  
Ыслақлық енді керек ертеректен. 
Ашық қыл бизнің ғазым атам», - 

 
111 
деген  сияқты  «ҿлең»  шумақтарының  қасиетсіздігін,  мҽнсіздігін  оқушыға  кҿрсете 
отырып,  «қараңыз,  осылардың  ішінде  қайда қазақ  тілі? Қайда  қиысқан  назым?  Қайда  кҿңілге, 
тілге  ҧнау,  теп-тегіс  ҿрескелсіз  ҿлшеулі  ҿлең»  деп  ашынды.  Ҿзінің  осындай  эстетикалық 
тҧжырымын дҽлелдей тҥсу ҥшін Сҧлтанмахмҧт ҽдебиетке ҿрнек бола алмаған «Милли шығар», 
«Ҽдебиет  ҿрнегі»,  «Ахірет»  сияқты  жинақтардан  мысал  келтіріп,  М.Дулатовтың  ҿлеңдерін 
кҿркемдік тҧрғыдан ҥлгі етіп ҧсына алмады.  
Бҥкіл  қазақ  поэзиясының  сол  кездегі  дамуы  жайында  келелі  ҽңгімені  қозғағанда, 
Сҧлтанмахмҧт ҽрбір ақындық дҥние, соны ҽуен, тың идеямен кҿрінуі шарт деген эстетикалық 
талап  қояды  да,  газет-журналдарда  жарияланып  жатқан  кҿп  ҿлеңдердің  мҽні  мен  маңызын 
нҽрлендіруге, кҿркемдік шеберлікті арттыруға ҥндейді.  
Сҧлтанмахмҧт  «Ҿлең  һҽм  айтушылар»  атты  тағы  бір  мақаласы  ҿзінің  мҽн-мақсаты 
жағынан «Қазақ тіліндегі ҿлең кітаптары жайынан» деген еңбегін толықтыра тҥсіп, ҽдебиет пен 
кҿркем  ҿнердің  егіз  екендігін  дҽлелдеуге  арналған.  Кҿркем  ҿнерді  сахнаға  шығару  мҽселесін 
Сҧлтанмахмҧт  алғаш  сҿз  етті.  Осы  мақаладан  кейін  Семей,  Омбы,  Томск,  Орынбор  қалалары 
мен  қырдағы  елде  (Петропавл  уезі,  Қуанышовтар  ауылында)  ҽдебиет,  ойын-сауық  кештерінің 
ҿткізілуі,  қазақтың  тҧңғыш  журналист  қызы  Нҽзипа  Қҧлжанованың  «Бір  керек  жұмыс»  деп 
айрықша мақала жазуы, Сҧлтанмахмҧт ойының практикалық мҽні қҧнарлы екендігін кҿрсетеді.  
Сыншы  осы  мақаласында  қазақ  кҿркем  ҿнерінің  қандай  халде  екендігін  кҿрсетуді  ғана 
емес, қайтсе оны гҥлдендіріп, мҽдениетті елдердің қатарына тҧру қажеттігін айтуды мҧрат етті. 
Кҿркемҿнерді  ҽдебиеттен  бҿле  қарамай,  қайта  оларды  кҿпшілік  мҥддесіне  жарату  жолын 
іздестіреді. Халықтың рухани тілегін орындау, жаңа ҥлгі-ҿнегеге баулу жолында кҿркемҿнердің 
ірі  қҧрал  екендігін  сыншы  айқын  тҥсініп,  ғылым  мен  білімнен,  оқу-ағартудан  бҿлуге 
болмайтындығын мықтап ҧққан.  
«Кҿңілді  тҥзейтін  машина  -  ҿлең-жыр...  Ол  машинаның  тетігін  біліп,  сайрайтын, 
естігендердің  аузынан  суын  ағызып,  кҿңілдерінің  уын  шығаратын  кім?  Ол  неше  тҥрлі  ҽуез 
білетін  ҽнге  ҧста  ҽншілер,  жыршылар»  [2;  81-82]  деп  тҧжырымдауынан-ақ  ҿнердің  қоғамдық 
орнын да, оын жасаушы ҿнерпаздардың рҿлін де жоғары бағалағандығы кҿрінеді. Сондықтан да 
ҿнерді  ғана  емес,  соны  елге  танытатын  ҿнерпаздарды  бағалап  ардақтау,  қҧрметтеу,  дҽріптеу 
керектігіне  назар  аударды.  «Молдалар,  жас  балаларды  ҽн  ҥйренуге  қызықтырыңдар!  Жаңа 
шыққан  ҿлеңдердің  жҥрек  қандыратындарын  ҥні  жақсы  балаларға  ҽнге  салғызып  қойсаңдар, 
уай шіркін, қандай ҿтімді! Ҿлең айтушы ҽнпаз адамдарды жҧртқа есерсоқ деп кҿрсетпей, есті 
деп  қадірлі  етіп  кҿрсетуге  тырысыңдар»  [2;  82]  деуінде  прогрессивтік  ой  мен  утилитарлық 
мақсат  қабаттасып,  ел  елерлік  мҽселеге  айналған.  Ҿзінің  ойын  дҽйектей  тҥсу  ҥшін  «бір 
халықтың әні кетсе, әдебиеті жесір қалады, сәні кетеді, жаны кетеді» деген мҽселені ҽдейі 
насырға шаптыра баяндап, жҧрт назарын осы салаға аударады. 
1913 жылы Сҧлтанмахмҧт Торайғыровтың  «Жаңа кітап» атты мақаласы жарияланады. 
Ол  мақала  былай  басталады:  «Азамат»  -    Міржақып  Дулатов  жазған  ҿнегелі  ҿлең  кітабы. 
Баспасы  таза,  бҧрынғы  жазғандарына  қарағанда  бҿтен  тілден  аршыңқы,  мағынасы  тереңірек. 
Ҽсіресе,  қышуға  тиетін  жері  «Иҽ,  Алла»,  «Қайтер  едің»,  «Газет,  журнал»  деп  бастағандары. 
Қара жамылып, қайғы жҧтып тҧрған кезде жазған ғой».  
Бҧл  туралы  ғалым  Тҧрсынбек  Кҽкішев:  «Айқап»  журналына  да,  оның  хатшысы  ҽрі 
сыншысы  болған  С.Торайғыровқа  да  онша  жайлы  бола  бермеген  бір  мақала  1913  жылы  17 
санында жарияланды. Мҧнда М.Дулатовтың «Азамат» жинағына ҿзі шағын болғанымен тиген 
жерін  ойып  тҥсіретіндей  сыни  пікір  айтылды.  «Кейбір  ҿлеңдері  бірінен-бірі  қысқа,  ойнақы 
емес,  оқушының  арбасы  сазда  жҥргендей  ауырланып  шығарлық.  Алдыңғы  туғандарды  «кҿш 
жҥре  тҥзелер»,  жоқтан  да  бар  жақсы,  біздің  неміз  жетісіп  тҧр  деп  жҥген-қҧрық  кигізбедік. 
Мҧнан былайғылардың мінін қолға алып, ҥлгіні осы бастан тҥзете беру керек. Қанша дегенмен 
«жаманның барынан да жоғы жақсы» деген мезгіл болыңқырады ғой. Бҧл турадағы білгенімді 
ҿз алдына жазармын» деп жоғарыда талданған «Қазақ тіліндегі ҿлең кітаптары жайынан» деген 
шолу мақаласының бисмилллясын «Оян, қазақтан» бастаған болатын. Ҿзін-ҿзі қайталаушылық, 
біреудің  айтқан  ойын  басқалардың  пайдаланып,  еліктеушілік  кҿбейгендігін  мысалдармен 
кҿрсетті.  Негізгі  идеяны  солай  насихаттау,  масадай  ызыңдай  беру  керектігін  Сҧлтанмахмҧт 

 
112 
тҥсінгісі  келмеді,  ылғи  жаңа  поэтикалық  образ,  тың  теңеулерді  оқығысы  келгені  тағы  бар. 
Эстетикалық  талап  тілек  тҧрғысынан  келгенде  бҧл  сынның  сҿкеттейтіні  шамалы,  бірақ  та 
журнал мен газет арасына, пенделік қарым-қатынасқа бірқыдыру қиындық ҽкелгенін жасыруға 
болмайды. Сын ҿзінің тісін кҿрсете бастағанда айтыс-тартыстың майданы қызатындығы, сҿйтіп 
табылатындығы айқындала берді. 
Сонымен,  Сҧлтанмахмҧттың  ҽдебиет  пен  кҿркемҿнер  жайындағы  еңбектері  ҿзінің 
кҿтерген  мҽнді  мҽселелермен,  айтқан  қҧнды  ойларымен,  насихаттаған  идеясын  нақты 
дҽлелдермен  баяндауымен,  оқушының  кҿңіліне  ҧялауымен  "Айқап»  журналында  жарияланған 
сын  мақалалардың  ішіндегі  ең  қҧндысы  жҽне  ҿнегелісі  болды.  Қазан  тҿңкерісіне  дейінгі 
сыншылық ойды жаңа бір белеске кҿтеріп, қанат қаққан жас сынды ілгері бастырған, жанрлық 
сипатқа ие бола бастағанын аңғартқан еңбектер болды. 
 «Сҧлтанмахмҧт еш уақытта да ҿз айтқанын басқаға кҿнгісі келмейтін. Мен бала кезімде 
Сҧлтанмахмҧтты екі рет жолықтырдым. Ҧзын бойлы, қҧбаша жігіт еді. Ауылға келгенде, ҿзін 
басқадан  жекелеп,  ылғи  ойға  батумен,  бір  мҽселелерді  іздеумен  уақытын  алатын. 
Сҧлтанмахмҧтта  ешбір  жеңілтектік,  бос  сҿзге  ҥйір  болу  деген  жоқ  еді.  Ол  оқымаған  жай 
халықтың  ҿз  арасында  отырса  да,  ылғи  мҽдениет  мҽселесі  туралы  ҽңгіме  айтып  отыратын. 
Екінші  жағынан,  Сҧлтанмахмҧт  ауылда  жҥргенде  дҽйім  адамның  мінезін,  психологиясын 
сынап, кҿңіліне жақпаған адамдар туралы отырған жерінде бір-екі ауыз ҿлең жазып, қалдырып 
отыратын.  Сҧлтанмахмҧттың  бҧл  тҽрізді  жазған  ҿлеңдерінің  кҿбі  оның  шығармаларына 
кірмеген сияқты [2; 128]», - деп «Махмҧтты еске тҥсіру» атты Ҽлкей Марғҧланның естелігінде 
айтылғандай, турашыл, ҿз айтқанын қайтпайтын, ойын ашық, анық, дҽл, тура айтатын адамның 
сыншы боларға жҿні бар деп есептейміз. 
«Сҧлтанмахмҧт нені болса да салғастыра ойлап, оған ҿзінше сеніп барып иланатын еді. 
Бір иланса, одан қайтуы оңайға соқпайтын. Ал беті қайтса, сол минутында сілкіп тастап жҥре 
беретін»  [2;  132],  -  деп  Шҽйбай  Айманов  естелігінде  айтқан  болатын.  Бҧдан  қорытатынымыз, 
бір нҽрседен қайтпайтын, табанды, ҿз ойында берік тҧратын адамның мінезі мен сҿзі міндетті 
тҥрде берік болады. Ал ондай адам сынды да тура айтады. 
Мҽшһҥр-Жҥсіп  Кҿпейҧлының  ҿзі  Сҧлтанмахмҧтпен  кездескен  кезінде:  «Қобыланды 
тҧқымынан  шықққан  батыр  Қажымҧқан  болса,  Торайғыр  тҧқымынан  шыққан  ақын  сенсің»,  - 
деп  бағасы  мен  батасын  қатар  берген  екен  [2;  134].  Шынымен  де,  Сҧлтанмахмҧттың  ақын 
ретіндегі  шығармалары  ҿте  керемет.  Ол  халықтың  мҧңын  мҧңдап,  жоғын  жоқтады.  Ақынның 
ҿлеңдерінен  де  бай,  шенеуліктерді  сынау,  халықтың  бойынан  табылатын  надандық  пен 
жалқаулықты мінеу сияқты мҽселелер кҿтерілгенін байқауға болады. Бҧдан ақындығымен бірге 
сыншылықты да алып жҥрген С.Торайғыровтың қазақ ҽдебиетіндегі сынға қосқан ҥлесі зор деп 
нық сеніммен айта аламыз. 
Қорытындылай  келе,  Сҧлтанмахмҧт  шығармашылығын  ҧзақ  жылдар  бойы  зерттеген 
профессор  ғалым  Б.Кенжебаевтың  мына  сҿзін  айта  кеткіміз  келеді:  «Сҧлтанмахмҧт 
публицистикалық  шығармаларының  бҽрі  де  актуальді  кҥрделі,  кҿкейкесті  мҽселелер  жҿнінде 
жазылған;  бҽрі  де  аса  мазмҧнды,  терең  мағыналы.  Сонымен  бірге,  автордың  ой-пікірлері 
жҥйелі, дҽлелді, сҿз байламдары, сҿйлем қҧрылыстары нақ, қисынды, кҿркем суретті»[3; 165]. 
Сҧлтанмахмҧт  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  поэзиясының  туындыларын  жалпылай  шолып, 
тҥйінді  ой-пікір  айтқанда,  эстетикалық  талап  тҧрғысынан  қарағанын  кҿреміз.  Сыншы  қазақ 
поэзиясының бҧл дҽуірдегі ҿркендеуін місе тҧтпайды, кҿркемдік шеберлік жағынан да, идеялық 
мҽн-маңызы  жағынан  да  кҿптеген  кемшіліктер  табады.  Қалай  десек  те,  С.Торайғыровтың 
жазған сыни мақалалары ҽдебиеттегі сынның алға қарай қадам басуына жағдай жасады. «Сын 
тҥзелмей,  мін  тҥзелмес»  демекші,  сын  айтудың  ҥлгісін  Сҧлтанмахмҧттай  ҿз  ісінің  шебері 
кҿрсетіп  кетті.  Ал  сол  сынды  жҿндеу  біздің  мақсатымыз  болуы  керек.  Абайша  айтсақ,  «Сҿз 
тҥзелді, тыңдаушы сен де тҥзел»...  
 
Қолданған әдебиеттер тізімі 
1.
 
Кҽкішев Т. Қазақ ҽдебиеті сынының тарихы(оқу қҧралы). – Алматы, «Санат», 1994. – 
448 бет. 

 
113 
2.
 
Сҧлтанмахмҧт Торайғыров. Ҥш томдық шығармалар жинағы. Ҥшінші том. – Алматы, 
«Алаш» баспасы, 2005. – 232 бет. 
3.
 
Қазақ  ҽдебиетінің  қысқаша  тарихы.  2-кітап:  Оқу  қҧралы  /  Жалпы  редакциясын 
басқарған Т.Кҽкішҧлы. – Алматы:Қазақ университеті, 2002. – 455 б. 
 
 
УДК 82-14 
АХМЕТ БАЙТҦРСЫНҦЛЫ – ҚАЗАҚ ҼДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗІН 
ҚАЛАҒАН ҒАЛЫМ 
 
Ӛмірбек Д. Б., 
dinarochka__92@mail.ru
  
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана 
Ғылыми жетекшісі –Т.Р. Ҽбдіқадырова 
 
Ғылым мен техника дамыған қазіргі шақта ҽр ел ҿз ғылымының бастау арналарын зерттеп 
жатқаны белгілі. Қазақ халқы да бҧдан кенде емес. Ҧлы ғҧлама Ҽл-Фараби ғылымдарды беске 
бҿліп  жіктегенде,  соның  ішіндегі  ең  алғашқысы  ҽрі  қиыны  –  тіл  туралы  ғылым,  яғни  сҿз 
ҿнерінің  маңыздылығы  жайында  айтқан.  Ал  сол  сҿз  ҿнерінің  қазақ  тілінде  ғылыми  сипатқа 
айналып кҿшу кезеңі ақын, ағартушы, аудармашы, кҿсемсҿз шебері, тілтанушы, ҽдебиеттанушы 
ғалым А.Байтҧрсынҧлының есімімен тікелей байланысты екені бҽрімізге мҽлім. Қазақты «маса» 
болып ызыңдап оятуға тырысқан, кезінде ҧлттың қҧлағы, кҿзі һҽм тілі болған  «Қазақ» газетін 
ҧйымдастырып,  оны  бес  жыл  бойы  ҧстап  тҧрып  халқына  адал  қызмет  қылған,  басқа  елдің 
ҽдебиетін тҽржімалап, халықты сауаттандыруға жанкешті еңбек еткен, сонымен қоса қазақ тіл 
білімін  негіздеп,  қазақ  мектебінің  іргетасын  қалаған,  қазақтың  ҧлттық  ҽліпби  жазуын  қҧрап, 
халықты ана тілінде «Тіл қҧралы» арқылы сусындатып оқытқан, Ы.Алтынсариннің бастамасын 
дамытып,  нағыз  ғылымдық  дҽрежеге  кҿтерген  қоғам  қайраткері  –  Ахмет  Байтҧрсынҧлы.  Сол 
кездегі  қан  жылаған  халықтың  онсыз  да  ауыр  халінде  «қырғыз»  деп  айдар  таққанда  «қазақ» 
деген  атты  қайтаруға  ҥлкен  ҥлес  қосты.  Абайдың  ақындығын  ең  алғаш  теориялық  тҧрғыда 
зерттеп,  оған  «Қазақтың  бас  ақыны»  деген  баға  беріп,  қазақ  ҽдебиеті  сыны  мен  ҽдебиеттану 
саласында  ең  бірінші  болып  ғылыми  мақала  жазған  да  осы  -  Ахмет  Байтҧрсынҧлы.  Қазақтың 
тілін тҥрлеп, ҽдебиетін зерттеуді қолға алған нағыз бастамашыл ғалым болды.  
Осыған байланысты «Ахметтің Октябрь тҿңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде кҿп 
еңбегі  сіңді.  Қазақ  мектебі,  қазақ  тілі  сықылды  орындарда  оның  еңбегі  мол...  Ҽр  тілдің 
айдауында  жҥрген  қазақ  балаларына  қазақ  тілімен  кітап  жазған,  қазақ  тілінің  негізін  жасап, 
қазақ  мектебінің  іргетасын  қалаған  алғашқы  адам  –  Ахмет.  Ахметтің  бҧл  тарихи  еңбегі 
бағаланбай  қалмақ  емес.  Бҧны  пролетариат  та  бағалайды»,  -  деп  жазды  С.Мҧқанов.  Ғаббас 
Тоғжанов та: «Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей 
біледі, сҿзін оқып, сҥйсінеді», - деген болатын [1;10]. 
Бҧдан  басқа  Ахмет  Байтҧрсынҧлының  ғалымдығын  танытатын  еңбектері  ҽдебиеттану 
саласында да жетерлік. Ҽдебиетші, ақын А.Байтҧрсынҧлының ҿнерпаздық мҧрасының маңызды 
жағы  –  ол  жинап,  реттеп,  ҿңдеп  бастырған  фольклорлық  материалдары.  Мҧның  бірі  -    1923 
жылы Мҽскеуде Кҥншығыс баспасынан шыққан «Ер Сайын» жыры, екіншісі - 1926 жылғы «23 
жоқтауы».  Ал  осылардың  ішінде  қазақ  ҽдебиеттануының  дамуына  мҧрындық  болған  іргелі 
ғылыми  зерттеу  еңбегі  -    «Ҽдебиет  танытқыш»  болары  сҿзсіз.  Ахмет  Байтҧрсынҧлының 
ғалым-теоретик,  эстетик-сыншы  тҧлғасын  айқындап  берген  кҥрделі,  толымды,  жаңашыл 
туындысы  Ташкентте  1926  жылы  «Ҽдебиет  танытқыш»  («Теория  словесности»)  деген  атпен 
басылған. 
Шындығына  келгенде,  А.Байтҧрсынҧлы  қазақтың  ғылыми-теориялық  санасында  кезең 
жасаған,  ҽдебиеттану  ғылымының  негізінде  қаланған  еңбекті  жазуға  бірден  келе  қойған  жоқ. 
Ілкі мақсаты қазақтың жас ҧрпағына ана тілінің грамматикасын, тіл қҧралын жасап бергеннен 
кейін,  енді  қазақтың  сҿз  ҿнерін  белгілі  бір  жҥйеге  салу  қажеттігін  айқын  сезінген  сияқты  [2; 
269].  

 
114 
Бҧл  ретте  С.Қирабаевтың  «Ахмет  Байтҧрсынов  –  тҽуелсіздік  жаршысы»  атты 
мақаласында:  «Ломоносовтың  бойында  2  тҥрлі  қабілет  бар  –  ақындық  пен  ғалымдық,  оның 
соңғысы  алғашқысына  қарағанда  кҥштірек»  -  деген  еді  В.Белинский.  Осыған  ҧқсас  жайды 
Ахмет бойынан кҿреміз. Оның ақындығын кейін ғалымдығы жеңіп кетті»,  - деген болатын [3; 
251].  Шынымен,  ақындығы  мен  ғалымдығы  қатар  жҥрген  адамның  данышпандығы  оның  ҽр 
еңбегінен  де  байқалып  тҧр  десек  артық  болмас.  Ғалым  Т.Жҧртбай:  «Ахмет  Байтҧрсынҧлы  – 
ҧлттық руханияттың кҥре тамыры. Қазақ ҧлтының ҧлттық санасын, ойлау жҥйесін, кҿзқарасын, 
сана  сатысын  мҥлдем  жаңа  деңгейге  кҿтерген  қҧбылысты  тҧлға  еді.  Ахмет  Байтҧрсыновтың 
ақыл-парасатын,  ғылыми  даналығын,  азаматтық  қасиеттерін  толық  ашып,  арман-мақсатын 
жҥзеге  асырған  «Ҽліппені»,  «Оқу  қҧралын»,  «Ҽдебиет  танытқышын»,  «Қазақ  мҽдениетінің 
тарихын» жазып шығарған тҧсы да осы 1920-27 жылдардың арасы еді...» [4; 433], - деп Ахмет 
Байтҧрсынҧлының еңбегіне жҥйелі баға берген. 
«Кез  келген  ҽдеби-теориялық  категорияларды  тҥсіндіру  тҽсіліндегі  нақтылық  пен 
қисындылық, 
ықшамдылық 
пен 
қарапайымдылық 

«Ҽдебиет 
танытқыштың» 
ҽдебиеттануымыздағы  классикалық  еңбек екендігінің жҽне бір айғағы. Мҧндай  тҧжырым,  бҧл 
еңбекке деген тарихи кҿзқарас тҧрғысынан болсын, бҥгінгі кҥн талап тҧрғысынан болсын, жеке 
ҧлттық  бағам  немесе  жалпы  ғылыми  ҿлшем  тҧрғысынан  болсын,  ҥлкен  мҽдениет  кҿшіне 
қосылған  ҥлес немесе автордың биік интеллекті тҧрғысынан болсын ҿзін ақтап шығады. Ахмет 
Байтҧрсынҧлы еңбектерінің қазақ ҽдебиеттануындағы орны жҿнінде жазылып, айтылған бағалы 
ой-пікірлер  аз  емес.  Десек  те,  сол  аға  буындардың  ағалық  тҧжырымдары  кҿбіне  келер 
жҧмыстарға  зерттеушілік  бағыт  бере  тҥсетін  болғандықтан,  ҽр  кез  жҧмысымызды  (мҧны 
қайталаушылыққа  салыну  деп  тҥсінбей)  сол  пікірлермен  байланыста  қарастырудан  ҧтпасақ 
ҧтылмайтынымыз  рас»  [5;  141],  -  деп  ғалым  Ҧ.Еркінбаев  айтқандай,  «Ҽдебиет  танытқышты» 
зерттеуде  аға  буын  ҿкілдерінің  еңбектеріндегі  қҧнды  пікірлер  біз  ҥшін  нағыз  жолнҧсқаушы 
болытыны анық.  
Сан  салалы  ғалым  Ахмет  Байтҧрсынҧлы  туған  тілдің,  туған  мҽдениеттің  басында 
тҧрғанын, туған тілдің ҽдеби нормасын жасағанын, бірде-бір бҿгде тілдің сҿзін қоспай, бірде-
бір  цитата  келтірмей,  таза,  мҿлдір  тілмен  ҿзі  тапқан  қисынды  баламалармен  ―Ҽдебиет 
танытқышты‖  жазып  шыққанын  кезінде  Сырбай  Мҽуленов  те  айтқан  болатын. 
Байтҧрсынҧлының  қазақ  ҽдебиеттану  ғылымы  мен  ҽдебиет  тарихы  жҿніндегі  қазақ  тіліндегі 
тҧңғыш іргелі ғылыми-теориялық кҿлемді зерттеу еңбегі болып саналатын бҧл еңбекте кҿркем 
сҿз  ҿнерінің  табиғаты,  сыры,  мазмҧны,  ерекшеліктері,  жанрлары,  жаңа  терминдер,  ҧғымдар 
жайлы жан-жақты зерттеулер, тҧжырымдар сҿз болды. Бҧнда Байтҧрсынҧлы ауыз ҽдебиеті мен 
жазба  ҽдебиетінің  ҽлеуметтік,  қоғамдық  мҽн-маңызын  ашудан  гҿрі  адамгершілік,  эстетикалық 
ҽсемдік  ҽуенін  талдауға  кҿбірек  кҿңіл  бҿлген.  Сондай-ақ  мҧнда  жазба  ҽдебиеттегі  ағымдар, 
ҽдістер туралы ой-тҥйіндер айтылған. Байтҧрсынҧлы ҽдебиет тарихына, теориясы мен сынына, 
методологиясына тҧңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ ҽдебиеттану ғылымының жҥйесін 
жасады.  Халық  тілінің  бай  қоры  кҿзінен  мағынасы  терең,  ҧғымдық  аясы  кең  сҿздерді  термин 
етіп  алып,  соның  негізінде  қазақ  ҽдебиетінің  барлық  жанрлық  формаларын  топтап,  жіктеп 
берді. «Ҽдебиет танытқыш» деген атауының ҿзі айтып отырғанындай бҧл еңбек ҽдебиеттің - сҿз 
ҿнері,  оны  халыққа  тҥсіндіріп,  оның  кҿркемдік  ерекшеліктерін,  рухани  сипаттарын  таныту 
ҽдебиетшілердің,  зерттеушілердің  қасиетті  парызы  екендіктерін  А.Байтҧрсынҧлы  осы  екі 
атаумен  ҧғындырып, тҥсіндіріп кетті. 
«Ҽдебиет  танытқыштың»  «Сҿз  ҿнерінің  ғылымы»  деген  бірінші  бҿлімінде  сҿз  ҿнеріне 
жҧмсалатын  басты  қҧрал  -  сҿз,  оны  ғылыми  тілде  тіл  (я  лҧғат)  деп  атайды.Осы  сҿз,  тілден 
тҥзелген шығарма тілі негізінен екі тҥрлі, бірі - айрықша ҿң беріліп айтылатын ақын тілі жҽне 
соншалықты  ҿң  берілмей,  жай  айтылған  сҿзден  тҧратын  –  әншейін  тіл.  Жҽне  осы  тарауда 
шығарманың екі жағы, яғни 1) ішкі пікір жағы, 2) тысқы тіл жағы да ескеріледі. Сҿз ҿнерінің 
ғылымы (ҽдебиеттану  ғылымы) сондықтан да екіге бҿлінеді: 1) шығарманың тҥрінің ғылымы,  
2)  шығарманың  тілінің  ғылымы.  Оған  автор  мынадай  теориялық  тҥсінік  береді:  «Тілінің 
ғылымы  дыбыстардың,  сҿздердің,  сҿйлемдердің  заңынан  шығатын  тіл  ҿңінің  жҥйелерін 
танытады,  тҥрінің  ғылымы  сҿз  ҿнерінен  шыққан  нҽрселердің  мазмҧн  жағының  жҥйелерін 

 
115 
танытады. Сондықтан сҿз ҿнерінің ғылымы, шығарманың тіл, ҿңі жағынан тіл, я лҧғат қисыны 
болып, мазмҧн жағынан қара сҿз жҥйесі болып кҿрінеді» [6; 16-17]. 
Ал,  сҿздің  келісті  болатын  заңдарын,  шарттарын      біліп  тізу-тіл  қисыны  деп  аталады. 
Шығарма сҿздің ҿңді, кҿрнекті болуы ҥшін сҿз талғау болуы  жҽне оның шарттары болуы тиіс. 
А.Байтҧрсынҧлы  сҿздің  ҽуезді,  ҧнамды  болуы  ҥшін  бес  тҥрлі  шарт  қояды.  Олар:  «сҿз 
дҧрыстығы», «тіл тазалығы», «тіл (лҧғат) анықтығы», «тіл дҽлдігі», «тіл кҿрнектілігі». 
Негізі,  «тіл  кҿрнекі  болуы  ҥшін  дерексіз  нҽрсе  деректі  нҽрседей,  жансыз  нҽрсе  жанды 
нҽрседей  суреттеліп,  адамның  сана-саңлауына  келіп  тҥсерлік  дҽрежеге  жетуі  керек.  «Ол  ҥшін 
ҥш тапқа бҿлінген 1) кҿріктеу,  2) меңзеу, 3) ҽсерлеу сияқты ҽдістер тҥрі қажет. Осының ішінен 
таралатын  кҿрнекілеудің  ҿзі  бірнеше  тҥрге  бҿлінеді:  теңеу,  ауыстыру,  бейнелеу,  алмастыру, 
кейіптеу,  бернелеу,  ҽсірелеу,  мезгеу,  ҽсерлеу  (лептеу).  Осы  ҽсерлеудің  ҿзі:  1)  арнау,  2) 
қайталақтау, 3) шендестіру, 4) дамыту, 5)тҥйдектеу 6) бҥкпелеу, 7) кекесіндеу деп бҿлінсе, бір  
ғана арнаудың ҿзі тағы да ҥш тҥрлі болады: 1) сҧрай арнау, 2) зарлай арнау, 3) жарлай арнау.  
«Ҽдебиет  танытқыштың»    қазақ  ҽдебиеттану  ғылымына  қосқан  ҥлкен  бір  ҥлесі  -  қазақ 
поэзиясының  кҿркемдік  ҽлемін  талдауы,  оған  ҿлең  сҿз  теориясына  қатысты  пҽн  сҿздерін 
анықтауы, ҿлеңді сҿйлемдердің ҿзге жанрлық тҥрлерден ерекшеліктерін айқындап беруі десек 
артық  айтқандық  емес.  Ҿлең  шығарудың  жолдарын    ҿлең  айшықтары,  шумақ  тҥрлері,  тармақ 
тҧлғалары,  бунақ  буындары,  ҿлең  ағындары,  тармақ  кезеңдері,  тармақ  ҧйқастығы  тарапынан 
қарап,  талдаған  теорик  ғалым  ҽдебиеттану  ғылымына  қатысты  кҿптеген  қҧнды  пікірлер,  тың 
талдаулар,  соны  сараптамалар  жасағаны  сҿзсіз.  Бҧл  жҿнінде  белгілі  маман,  академик  Зәки 
Ахметовтің  білдірген  пікірі  А.Байтҧрсынҧлы  еңбегіне  берілген  жоғары  баға  екендігі  сҿзсіз: 
«Ҽдебиет    танытқышта»  негізінен  поэтика,  стилистика,  ҿлең  қҧрылысына  қатысты  мҽселелер 
кҿбірек  сҿз  болады.  Автор  ҥлкен  тілші-ғалым  болғандықтан,  оның  қазақ  поэзиясының 
ерекшеліктерін  осы  мҽселелерге  байланысты  тексеріп  талдайтыны  тҥсінікті.  Автор  поэзия 
тілінің  бейнелілігін,  сҿз  қолдану  тҽсілдерін  мҧқият  зерттеп,  теңеу,  ауыстыру  (метофора), 
алмастыру  (метонимия),  шендестіру,  арнау,  қайталақтау,  дамыту,  бүкпелеу  секілді 
ҧғымдарды  ҽдеби  термин  ретінде  қолданады.  Сҿйлемдердің  синтаксистік  топ  болып  бірігуін, 
оралым,  қайшы  оралым  деген  сияқты  тҥрлерін  ажыратып  кҿрсетеді.  Қазақ  ҿлеңінің  ырғақтық 
қҧрылыс-жҥйесін  айқындай,  бунақ,  тармақ,  шумақ  ҧғымдарын  қалыптастырады».  Осы  орайда 
қазақ  ҿлең  қҧрылысының  теориясының  негізін  қалаған,  поэзия  поэтикасына  қатысты  басты 
терминдерді  қалыптастырған  Ахмет  Байтҧрсынҧлы  деп  айтуға  толық  қҧқығымыз  бар  деуге 
болады. «Ҽдебиет танытқыш» атты еңбектің қазақ тілі ғылымының негізін салумен қатар, қазақ 
поэзиясының  теориялық  мҽселелерін  ғылыми  тҧрғыдан  баяндауда  да  кҿп  жаңалық  ашқанына 
дҽлел  бола  алатынын  Зҽки  Ахметов  ҿз  еңбегінде  атап  кҿрсеткен  [7;  63-64].    Бҧдан  қазақ 
поэзиясындағы  жанрлық  тҥрлердің  ҧлттық  ерекшеліктерін  таныту  мақсатымен  табылған 
толғау,  терме,  өлең,  жыр,  айтыс  сияқты  терминдердің  кҿпшілігі  ҽдебиеттану  ғылымында 
ҽбден тҧрақтап, бҥгінге дейін пайдаға асып келе жатқанын кҿреміз. 
«Біз  бҥгін  Ахаңның  ―Ҽдебиет  танытқышын‖  Аристотель  ―Поэтикасымен‖  салыстырар 
едік.  Мҧның  мҽнісі  -  екеуі  де:  бірі  -  грек  ҽдебиетінің,  екіншісі  -  қазақ  ҽдебиетінің  алғашқы 
ҽліпбилері‖. Асылы, ҥздік қасиеттер бір-бірінен неғҧрлым ерекше болса, бір-біріне солғҧрлым 
ҧқсас болады», - деп Зейнолла Қабдолов айтқан еді [8; 21]. Осыдан келіп ҽдебиет теориясының 
басы болып табылатын «Ҽдебиет танытқыштың» тарихи мҽні мен маңызы ашылады. 
«Ҽдебиет танытқыштың» ең басты бағалылығы – ҽдеби терминдердің ҽдебиеттің барлық 
жанрларына,  кҿркемдік  қҧралдарына  қатысты  европалық    немесе  орыс  ҽдебиеттануындағы 
ҧғым,  терминдердің  бірде-бірін  алмай,  тҥгелдей  қазақша  балама  табылуы.  Ол  баламалардың 
қазақтың  танымына,  тҥсінігіне,  психологиясына  сҽйкестігі  сонша,  ғалым  ол  сҿздерді  іздеп 
қҧрағанда  инемен  қҧдық  қазғандай  ҽсер  қалдырады.  Мысалы,  кӛріктеу,  меңзеу,  ауыстыру, 
алмастыру,  кейіптеу,  теңеу,  пернелеу,  әсірелеу,  шендестіру,  дамыту,  түйдектеу,  арнау, 
қайталақтау, бүкпелеу, кӛсемсӛз, шешен сӛз. 
«Ҽдебиет  танытқыштың»  тағы  бір  артықшылығы  жайында  ғалым  Ҽбдіқадырова  Т.Р. 
былай дейді: «Ахмет Байтҧрсынҧлы оқытудың білімділік-танымдылық жағымен бірге, тҽлімдік 
жағынан  да  баса  кҿңіл  бҿлді.  Оның  жазған  «Ҽдебиет  танытқыш»  атты  оқулығы  кҿркемсҿз 

 
116 
ҿнерінің  қисыны  ҽдебиет  теориясының  негізін  тыңнан  тҧңғыш  салған,  жҥздеген  ҽдеби 
білімділік  терминдердің  тҧңғыш  тілімізге  енгізген  аса  қҧнды  ғылыми  еңбек  болды.  Ҿнер 
дҥниесі ғылым арқылы да жасалады. Ол адам еңбегін жетілдіруге, жаңалық табуға, табиғатты 
меңгеруге,  адамдардың  ҽлеуметтік-ҿмірлік  қажетін  ҿтеуге  қызмет  етеді»  [9;  162-163].  Демек, 
бҧл еңбектің танымдық та тҽлімдік те берер кҿмегі зор. 
 Ахмет  Байтҧрсынҧлы  ҿзінің  «Ҽдебиет  танытқышы»  арқылы  қазақтың  таза  ҧлттық 
топырағына егіп-ҿсіріп, жалпы ҽдебиет дегеннің болмысы мен бітімін Ахаңша есіліп, Ахаңша 
кҿсіліп  бір  толғап  бергенін,  бҧл  сҿз  ҿнерінің  басы,  «ҽліп-биі»  болғанын  З.Қабдолов  орынды 
бағалап,  «Ҽдебиет танытқыш»  - тҧңғыш қазақы трактат, ҽдебиет теориясының басы екенін де 
атап кҿрсетеді. 
Бірден  айту  керек,  «Ҽдебиет  танытқыш»  -  Ахмет  Байтҧрсыновтың  эстетикалық-
философиялық  танымын,  ҽдебиетшілік  кҿзқарасын,  сыншылық  келбетін  толық  танытатын 
жҥйелі зерттеу, қазақ филологиясының ерекше зор, айтылған ойларының тереңдігі мен дҽлдігі 
арқасында  болашақта  да  қызмет  ететін,  ешқашан  маңызын  жоймайтын  қымбат,  асыл  еңбек. 
Ҧлттық  ҽдебиеттану  ғылымы  қазір  қолданып  жҥрген  негізгі  терминдер,  категориялар, 
ҧғымдардың  қазақша  ҿте  дҽл,  ықшам,  оңтайлы  баламаларының  басым  кҿпшілігі  тҧңғыш  рет 
осы  зерттеуде  жасалғанын  ашып  айтатын  уақыт  жетті.  Бҧл  ретте,  А.Байтҧрсынов  –  тіл 
терминдерін жасауда қандай кемеңгер, данышпан болса, ҽдебиеттану, ҿнертану, фольклортану 
терминдерін жасауда да сондай кемеңгер, данышпан [10; 25]. 
Ғалым  Еркінбаев  Ҧ.О.  «Ахмет  Байтҧрсынҧлы  «Ҽдебиет  танытқышының»  ҽлемдік 
ҽдебиеттану ғылымындағы орны» еңбегінде:  «Ҽдебиет танытқышты» жаңа талап тҧрғысынан, 
дҽлірегі жҧмысты ғылыми мҽтін ретінде қарастыруды міндетке алу керек. Екіншіден, «Ҽдебиет 
танытқышты»  ҽдебиеттің  басты  теориялық  мҽселелерін  баяндайтын  комплексті  еңбек  ретінде 
пайымдау.  Ҥшіншіден,  «Ҽдебиет  танытқышты»  теориялық  тҧжырымдардың  жиынтық 
материалы  ретінде  талдау  керек  [11;  140],  -  дейді.  Ахмет  Байтҧрсынҧлының  ҧлы  еңбегі 
«Ҽдебиет танытқыш» тҿңірегінде ҽлі де кҿп зерттеу жҥргізу керектігін Р.Нҧрғали да баса назар 
аудара отырып айтқан. 
Егер  бҧл  міндеттерді  атқаруда  талмай  еңбек  ететін  болсақ,  осы  еңбектің  ҽлі  ашылмаған, 
бізге  мҽлім  болмаған  жақтары  кҿрінері  сҿзсіз.  Қалай  десек  те,  «Ҽдебиет  танытқыш»  -  қазақ 
ҽдебиеттану ғылымының алғашқы іргетасын қалаған еңбек болып қала бермек. Мҧндай еңбек 
бізде бҧған дейін де, бҧдан кейін де қайталанған жоқ. Ол – ҽдебиет теориясы мен ҽдебиеттану 
ғылымының  міндет-парызын  қатар  атқарып,  біздің  алдыңғы  ағаларымыздың  эстетикалық 
сауатын  ашуға  мҧрындық  болған  жҥйелі  оқулық  болғаны  кҥмҽнсіз.  Ондағы  анықтамалар  мен 
терминдердің  ҿзі  кҥні  бҥгінге  шейін  біздің  ғылыми  арсеналымыздан  орын  алатын  қҧнды 
қағидалар мен атаулар екені де дау тудырмайды. Кҿркемдік ҽлеміндегі сҿз ҿнерінің сай-саласын 
ҧғындыратын  «Ҽдебиет танытқыш»  - қазақ ҽдебиеттану ғылымының негізін қалаған ҿміршең, 
ҿз маңызын ешқашан жоймайтын қҧнды еңбек.  
 
Қолданған әдебиеттер тізімі  
 
1.
 
Байтҧрсынов А. Ақ жол: ҿлеңдер мен тҽржімелер, публ. мақалалар жҽне ҽдеби зерттеу/ 
Қҧраст. Р.Нҧрғалиев. – Алматы: Жалын, 1991.- 464 б. 
2.
 
Кҽкішев Т. Қазақ ҽдебиеті сынының тарихы (Оқу қҧралы). – Алматы, «Санат», 1994. – 
448 б.  
3.
 
Қирабаев  С.  Кҿп  томдық  шығармалар  жинағы.  Т5.  –  464  б.  –  Алматы:  «Қазығҧрт» 
баспасы, 2007. 
4.
 
Жҧртбай Т. Ҧраным – Алаш. – Алматы: «Ел шежіре»,  2008. -472 б. 
5.
 
Еркінбаев  Ҧ.  А.Байтҧрсыновтың  асыл  сҿзді  кҿріктеу  жҥйесіне  қатысты  теориялық 
байламдары.  «Ахмет  Байтҧрсынҧлы  оқулары»  республикалық  І  ғылыми-теориялық 
конференция материалдары. 2006 жыл, 30-31 наурыз. Астана: Л.Н.Гумилев ат. ЕҦУ баспасы, 
2006. – 354 б. 

 
117 
6.
 
Байтҧрсынов  А.  Ҽдебиет  танытқыш.  Зерттеу  мен  ҿлеңдер.  Алматы:  Атамҧра,  2003.  – 
208 б. 
7.
 
Ахметов  З.  Ҧлттың  ҧлы  ҧстазы.  (халқымыздың  кҿрнекті  қоғам  қайраткері,  ғалым, 
ағартушы  А.Байтҧрсыновқа  арналады):  «Ҧлы  тҧлғалар  атты  ғылыми-библиографиялық 
серия. Қҧрастырушы В.Қ.Кҥзембаев. – Алматы: ҚР Білім жҽне ғылым министрлігі. Орталық 
ғылыми кітапхана. 2001. – 305 б. 
8.
 
Қабдолов  З.  Ахаңның  ҽдеби  қисындары.  Ҧлттың  ҧлы  ҧстазы.  (халқымыздың  кҿрнекті 
қоғам  қайраткері,  ғалым,  ағартушы  А.Байтҧрсыновқа  арналады):  «Ҧлы  тҧлғалар  атты 
ғылыми-библиографиялық  серия.  Қҧрастырушы  В.Қ.Кҥзембаев.  –  Алматы:  ҚР  Білім  жҽне 
ғылым министрлігі. Орталық ғылыми кітапхана. 2001. – 305 б. 
9.
 
Ҽбдіқадырова Т.Р.  «Ахмет Байтҧрсынҧлы  – ҧлттық  ғылымның негізін қалаған ғалым» 
«Ахмет  Байтҧрсынҧлы  оқулары»  аясындағы  «А.Байтҧрсынҧлы  тағылымы:  тіл, 
терминология,  ҽдістеме»  атты  республикалық  ғылыми-тҽжірибелік  конференцияның 
материалдары.  Астана:  Ш.Шаяхметов  атындағы  Тілдерді  дамытудың  республикалық 
ҥйлестіру-ҽдістемелік орталығы,  2010. – 216 бет.  
10.
 
 Нҧрғали  Р.  Қазақ  ҽдебиетінің  алтын  ғасыры.  Зерттеу.  Астана:  «Кҥлтегін»  баспасы, 
2002.- 528 б. 
11.
 
Еркінбаев  Ҧ.О.  Ахмет  Байтҧрсынҧлы  «Ҽдебиет  танытқышының»  ҽлемдік  ҽдебиеттану 
ғылымындағы  орны».  «Ахмет  Байтҧрсынҧлы  оқулары»  аясындағы  «А.Байтҧрсынҧлы 
тағылымы:  тіл,  терминология,  ҽдістеме»  атты  республикалық  ғылыми-тҽжірибелік 
конференцияның  материалдары.  Астана:  Ш.Шаяхметов  атындағы  Тілдерді  дамытудың 
республикалық ҥйлестіру-ҽдістемелік орталығы,  2010. – 216 бет.  
 
 
УДК 82-14 

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал