«Қырғыздардың ҿздерінен артылған жерлері бар болса жҽне мемлекет істері ҥшін керек
болса артық жер алынсын, кҿшіп келушілерге берілсін, алайда алынған жерлердің ҽділетті
тҥрде қҧны тҿленсін, бҧл қаражат қырғыз-қазақтардың тҥрлі қажеттіліктеріне, ғылым мен
мҽдениетті таратуға, балалар ҥйі мен ауруханалар салуға жҧмсалуы керек.
Егер қырғыз-қазақтардың ешқандай жері болмай, барлық жердің мемлекеттікі екендігі
анықталса да қырғыздарды ренжітуге болмайтындықтан оларға қажетті жерді жҽне ҿзен
жағалауларын кҿшіп келушілерге бермеу керек. Ҿйткені, қырғыздар да осы отанның ҧрпағы.
Солай емес пе?» [7,366-367].
Исмаил мырза 1914 жылы 24 қыркҥйекте қайтыс болған кезінде бҥкіл мҧсылман ҽлемі,
ҽсіресе тҥрік халықтары қатты қайғырып, аза тҧтты. Бҧл қайғылы хабарға қазақ халқы да
қатты қамықты. Мҧны қазақ қаламгерлерінің жазған қазанамаларынан байқауға болады.
Мҧхамеджан Сералин оның қайтыс болғанын естіген кездегі сезімін былай жеткізді:
«Осы сентябрь жҧлдызының 11-і, бейсенбі кҥні Бақшасарай шаһарында бҥкіл мҧсылман
дҥниясында аты мҽшһҥр «Тҽржіман» газетасының басқарушысы һҽм бастырушысы
И.Гаспринский 65 жасында қайтып, жҧма кҥні 12 сентябрьде кҿр иесі болды. 35 жылдан
бермен қарай бҥкіл Русие мҧсылмандарына жолбасшы болып, ғылым шырағын қолына алып,
жҧрттың жҥрер жолын жарық қылып келе жатқан бір данамыздан, бір маңғаз серкемізден
айрылдық. Кҥні кеше жҧрт қамы ҥшін қайғырып жҥрген бір Асан қайғымыз арамыздан
жоғалды. Кҥні кеше бар еді, бҥгін жоқ болды, топырақ астына кірді. Бҧл ҿлім – жуырда орны
толмастай бір ҿлім» [8,73-74].
Ал, алаш қайраткерлерінің бірі Хайретдин Болғанбай «Исмағилбек Ғаспринскийдің
жылы» атты мақаласында «Жылдар тҥгіл, ғасырлар ҿтсе де ҧлт баласының жҥрегінен
жойылмайтын бір қазаға біздің Русиядағы тҥрік тҧқымы душар болды. Сол кҥні ҧлтымыздың
кемеңгер атасы, кҿсемі, ардақты Исмағилбек біздің арамыздан мҽңгілік жайына қайтты.
Неше миллиондаған тҥрік балаларын артына жетім қалдырды. Бҧл хабардың Русиядағы
бҥкіл тҥрік-татар жҧртына қаншалық батқаны уақытында матбуғат жҥзінде жайылған
қайғылы мақалалардан кҿруге болады. Русияның һҽр тарапына газета басқармаларына келген
144
сансыз телегірем бҧл қазаның жалпы болғанын кҿрсетті. Мызғымас атамыздан айырылдық,
қайыспас қорғанымыз қҧлады деп кҿздің жасын кҿл қылып жазған мақалалармен матбуғат
жҥзі толды» [9,64] деп жазады.
Исмаил Гаспринскийді қазақ қайраткерлері ҿздеріне ҧстаз тҧтты.
Шҽкҽрім Қҧдайбердиев
оны ҿзіне ҧстаз тҧтқанын «Тҥрік, қырғыз-қазақ һҽм хандар шежіресі» еңбегінде
«Алдында
ҿткен, тҽрбиесін кҿрген Абайдан соңғы ҧстазым – «Тҽржіман» газетінің иесі Ысмағҧлбек
Гаспринский десем бек дҧрыс. Анықтық ҥшін сол кісінің газетін оқып, бек кҿп пайдаландым.
Алла екі дҥниеде мақсатына жеткізсін, ҽмин» [10,46] деп атап ҿтсе, М.Сералин «Русие қол
астына қараған 20 миллион мҧсылмандардың оқымыстыларының барлығына Гаспринский
ҧстаз еді. Барлығы да ол марқҧмды білуші еді, сҥюші еді, сыйлаушы еді... Біздер Исмағилбек
арқасында ҿзімізді тани бастадық, дҥнияда қандай ғылым, қандай хабар барлығын кҿре
бастадық, бҧрынғы ҿтіп кеткен аталарымыздың қандай хабарлы екендігін біле бастадық.
Жеңіл тҽртіппенен оқытудың пайдалы екендігіне ҿзіміздің ана тіліміз сҥйкімсіз тіл емес, ең
қадірлі тіл екендігін білдік. Тілсіз жҧрт жансыз жҧрт секілді екендігін аңғардық, біз бҧрын
жансыз ҿлі кеуде едік, Гаспринский бізге жан бітірді, ҿлі денеге рух кіргізді» [8,74-75] деп
оның есімінің қазақ халқы ҥшін қаншалықты қымбат екендігін жазады.
Қолданған әдебиеттер тізімі
1.
Бҿкейхан Ҽ. Шығармаларының 7 томдық толық жинағы. – Астана: Сарыарқа, 2010. – 560
б. – V том.
2.
Қамзабекҧлы Д. Алаштың рухани тҧғыры.
‒ Астана: Ел-шежіре, 2008. – 360 б.
3.
«Айқап». Алматы: Қазақ энциклопедиясы. – 1995.
‒ 366 б.
4.
Байтҧрсынҧлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 4-том, Алматы: Алаш, 2006. – 320 б;
5.
«Тҥркістан» газеті. 2002 жыл 4 сҽуір.
6.
Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 2-том. – Алматы: Ғылым, 1993. 200 б.
7.
Исмаил бей Гаспыралының мҧраты, еңбектері, ақыл-кеңесі мен жаңалықтары.
Дайындаған: Сабри Арыкан. ІІ том. Стамбҧл қ., Тҥрік ҽлемін зерттеу қоры, 2011 ж. – 434
б.
1.
8. Сералин М. Мақалалары, публицистикалық шығармалары, поэмалары жҽне
аудармалары.
‒ Астана: Аударма, 2002. ‒ 335 б;
8.
Болғанбай Х. Иман кҥші.
‒ Алматы: Арыс, 2009. ‒ 288 б.
9.
Қҧдайбердіҧлы Ш. Тҥрік, қырғыз-қазақ һҽм хандар шежіресі.
‒ Алматы: Қазақстан: Сана,
1991. – 80 б.
УДК 82-14
ПРОЗАЛЫҚ ҾЛЕҢДЕРДІҢ ЫРҒАҚ ЖҤЙЕСІ
Тоқбаева Ж. Х.,
zhuldyz-000@mail.ru
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана
Ғылыми жетекшісі –А. Ҽ. Ҥсен
Прозалық ҿлең формасы прозалық болғанмен, жаны поэзиялық болуы шартты
шығарма. Осы ҧстанымның ҥдесінен шығатын шығармалар ретінде ақын Е. Раушановтың
«Сатқын», «Тас балбал» жҽне «Ымырт» атты прозалық ҿлеңдерін атауға болады. «Жаңа
ҿлеңдерде, ҽсіресе, ең бастысы прозалық ҿлеңдерде бірінші мҽнге поэтикалық бейне ие
болады» [1, 116 б.], – деген зерттеуші прозалық ҿлеңнің ҿлшемдер орнын поэтикалық
бейнелілік арқылы толтыратын ең негізгі белгісін анықтайды.
Ол дариясына оралды. Ҿзінің дариясына... Кҿп заман ҿтіпті-ау... Бҧл жолы
жанында қонақтары бар еді. Жаутаң-жаутаң қараған ағын ҽлемге тіпті мойнын да бҧра
145
алмады. Ду-ду гҽп, айқай-шу, ҽн- кҥйлер, дарақы кҥлкілер жарқабақтарды жаңғыртып
жатты.
Ымырт ҥйіріле жағада қаз-қатар қаңтарылған машиналар оталды. Меймандар
жинала бастады.
Ол ҽлдеқандай бір пҽнҽйі себеппен дария жаққа қараған. Осы сҽт кҥн ҧзақ аулақта
ҿксіп жҥрген ақ жаулық толқын бері қарай сҥріне- қабына алып ҧшқан еді, қаба сақал
Қара тҥн қарсы шығып, омырауынан кері итеріп, шалқасынан тҥсірді. Ол бір сҽт
сілейіп тҧрып қалды да, тез-тез жҥріп, машинасына беттеді.
Тас жол.
Тас қараңғы.
Тас жҥрек. [2, 276 б.]
Ақынның «Сатқын» ҿлеңінің лирикалық кейіпкері кҥйбең тіршіліктің жетегінде, ҿткінші
арзан қызықққа алданып жҥріп, ҿзін кҥтіп, зарыққан ақ толқынға бір қарауды да ойламады.
Ҿзіне алып-ҧшқан ақ толқынды танымады, оны мҥлдем ҧмытқан. Тіршілікте байқалмақ тҥгіл
бас кҿзімен кҿріп білмейтін, тек кҿкірек кҿзімен сезініп, жҥрек кҿзімен ҧғып білінетін
осынау аса нҽзік сезім шығарма ҿзегіне айналған. Бҧл нҽзік лирикаға тҽн қырағылық пен
сезімталдықтың кҿрінісі. Туған жерден алыстау, туған ҥйге жат болу қазақ поэзиясында аса
кең тараған тақырып. «Ҿзге елге сҧлтан болғанша, ҿз еліңде қҧлтан бол» деп кесіп айтқан
қазақ ҥшін туған жер тақырыбы ҿмірлік маңызды мҽселе. Туған жер кіндігіңді жердің терең
тамырымен жалғайтын аса киелі де қасиетті ҧғым. Бейбарыс туралы аңыздар қазақ ҥшін
жанынан да артық туған жер қадірін кҿрсетуден туғаны анық. Ҿлеңдегі ақ толқын сондай
адамзатқа жақын, ыстық ҧғымдардың жиынтық бейнесі.
Прозалық ҿлеңдегі нҽзік лиризм кей поэзиялық шығармалардан да сезімді, терең. Бҧл
ҿлеңдегі поэзиялық жҥктің барлығы ақ толқын драмасында жатыр. Прозалық ҿлеңдердің
поэзиялық қуаты, сезімділігі прозалық фон аясында арта тҥседі. Яғни, «Сатқын» ҿлеңіндегі
кейіпкердің кҥйбең, қамсыз, қызықты тіршілігінің аясында ақ толқынның жанҧшырған
ҧмтылысы, жарқабаққа жетпек ҥшін арпалысы, зарыққан зарлы кҥйі кҥшті драмалық сипат
алады. Ақ толқынды кері итерген қаба сақал Қара тҥн оның басына мҽңгі орнайтын қаралы
кҥй іспетті. Шығармадағы сатқындықтың кҿрінісі – лирикалық кейіпкердің аттанған тас
жолы, сіңіп жоғалған тас қараңғылығы, ештеңе селт еткізе алмаған сезімсіз тас жҥрегі
сияқты ҧғымдар арқылы шебер шешіледі. Поэзиялық кҿркемдік-бейнелілік, мҽтіндік
кҿпқырлылық жҽне ой метафоралығы шығармада жетілген тҥрде кҿрінеді.
Прозалық ҿлеңдердің сезімділігі мен тереңдігін, қҧпиялылығы мен сиқырлылығын
арттыратын факторлардың бірі олардың берілу формасы, яғни синтаксистік жҽне
стилистикалық ерекшелігі. Мҧндай прозалық мҽтіндерде атаулы сҿйлемдер жиі кездесіп,
сҿйлемдер бітпей, қысқа қайырылады немесе толымсыз қҧрылады. Сондай-ақ ой тіке
берілмей, оның орнына кҿп нҥкте, сҧрау белгісі сияқты тыныс белгілері жиі қолданылып, ой
ағыны ашық емес, емеурінмен жеткізіледі.
Мынау кҿне тҥркiнiң ҽрiптерi. Қара тасқа қашалған ҽрi жат, ҽрi жақын жазулар…
Бiр кезде менiң ҧрпақтарым да ата-баба мҧрасына дҽл бҥгiнгi маған ҧқсап тҥсiнбей
қарауы мҥмкiн-ау деген ой келедi.
Ымырт. Ҧзамай қаламызға қараңғылық орнайды. Қараңғы тҥнде кҿне тҥркi
жазулары қара тастан қанаттарын дыбыссыз қағып ҧшып шығады да қаламызды
щарлап кетедi. Олар алаңдар мен проспектiлердi, Ҥкiмет ҥйiн (ескiсiн де, жаңасын да),
сыраханалар мен перзентханаларды кҿредi, адамдардың ҽңгiмелерiн тыңдайды.
Шахардың шетiндегi менiң дҽптерiмнiң терезесiнiң алдына қонып, ашық жатқан
дҽптерiме ҥңiледi. Қандай ҽсер алады екен. Бiлмеймiн. Бiлетiнiм – Олар орындарына
ҧзамай қайтып барып, қара тасқа айналып қатып қалады. Мҽңгiге ... [2, 276 б.].
Шығармада ой емес, сҿзбен кҿмкерілген тереңдегі ойдың сҽулесi ғана кҿрiнедi. Ой негізі
тым тереңде, қат-қабат сезiмнiң алуан тҥрлi бояуына оралған. Оны тҥйiп қою мҥмкiн емес.
Ол бір ҧғым-тҥсінік аясына сыймайды, оны тек сезiнiп, тҥйсiну қажет. Ымырт аталуының
себебi мезгiлдiң қараңғы да емес, жарық та емес бҧлдыр кезеңi. Замандардың, арада ғасырлар
146
жатқан дҽуiрлердiң, уақыттардың, ҧрпақтардың бiр-бiрiн ҧғынбауын, жете тҥсiнбеуiн айту
ҥшiн тҥркi ҽрiптерiн ҧшырып, қҧсқа теңеп бейнелi образын жасайды. Шығарманың
қҧрылымдық жҥйесі ҿлеңге тҽн ҿлшемнен азат. Жиi қолданыстағы қара тас пен ымырт
арасында кҿрiнбейтiн ассоциациалық байланыс бар. Қара тас, ымырт, қараңғылық ҥшеуі де
арғы жағы белгісіз қҧпиялылықты меңзейді. Барлығы дерлiк сҿйлемдер бiр грамматикалық
тҧлғада, яғни ауыспалы келер шақ формасында қолданылған. Мҧнда поэзиядан да терең,
айшықты образдылық бар. Поэзия ырғақтан, ҧйқастан айрылғанмен, образдылығы мен
пафосынан айрылмаған, формасынан айрылғанмен, мазмҧнына қылау тҥспеген.
Ақынның келесi прозалық ҿлеңі – «Тас балбал». Адамзат жатырқаған тас балбалды Кҥн
кҥнде қҧшағына алады. Оның мҧздай денесiн жылытпақ болады. Ҽке, бала барлығы сырт
айналған балбалға Кҥн ғана берiлген, адал. Мазмҧны осы болғанмен астарындағы ой бҽрi
айнығыш, ҿтпелi, тек уақыт қана мҽңгiлiк, ҽрi ақиқат дегенді айтқысы келедi. Прозада ҽрбiр
ҧғым жанды бейнеге айналады. «Ымырттағы» қара тасқа жазылған қара ҽрiптер, «Тас
балбалдағы» балбал, кҥн, «Сатқындағы» ақ толқын мен қаба сақал қара жартас барлығына
жан бiтiп, терең ойды білдірудің кҿркем қҧралына айналады. Бҧл ҿлеңдерде ҿлшемдер
есебінен образдылық кҥшейген. Ырғағынан айрылған, мазмҧны толық метафораға қҧрылған
прозалық ҿлеңдер терең ойланып, тҥйсiнудi қажет етедi.
Мҧндай шығармалардағы кҿркем бейнелер мен ой образдылығының қуаты кҥштi. Бҧл
шығармада ҿлең сезiм мен ойға ғана емес, адамның интуициясына, табиғи танымына да ҽсер
еткендей. Бҧл ҿлеңдер сезiндiредi, ойландырады. Мҧның лирикалық кҥшi ғана емес,
эпикалық кҥшi де орасан. «Прозалық ҿлеңдер лирикалық болмысымен ерекшеленеді.
Негізінде эпикалық сюжет жатса да, оның лирикалық табы кҥшті сезіледі» [3, 123 б.]. Осы
қасиетiне орай болар соңғы кезде прозалық поэмалар да жазыла бастады. "Қазақ ҽдебиетi"
газетiнде жарық кҿрген ақын Ж.Бҿдешевтiң "Кек" шығармасы шағын болса да, ақын оны
поэма жанрына жатқызады. Поэманың мазмҧны қҧс тҿресi бҥркiттiң қасқырдан кек
қайтарғаны туралы.
Ҧлу жылы қыста бала бҥркiт арлан қасқырға тҥсiп, оң аяғының тегеурiнiн
шайнатып алды. Ел iшiнде ер-тҧрман, жҥзiк, сырға, ҿмiлдiрiк, қҧйысқан, алқа соғып,
атағы шыққан он саусағынан ҿнерi тамған Қалымхан ҧста Сыпырманың шайналған
тегеурiнiнiң тҧғылына жезден саусақ жасап кигiзiп, жаз бойы қадағалап жҥрдi." Елесi
қыста Сыпырма ерекше мiнез танытты. Басындағы томағасын аяғымен қағып тҥсiрiп,
сҽт сайын саңқылдап, мазасыз сiлкiнiп, тым ширақ кҥй кештi. Ҽсiресе, соны қар
жауған алакеуiм таң алдында. Сiлкiнген сайын жҧмыр топшысының бҧлшық еттерi
сымдай ширатылып, шиыршық атады. Екi кҿзi боталап, тастай жҧмылған қос
жҧдырығын бауырының астынан алма-кезек шығарып ҽлдекiмге «Мынаны кҿрдiң
бе?» – дегендей сес қылады. Қайың тҧғырды қаншалықты қарпыса да жез тегеурiн сыр
бермейдi, алмаспен суарылғандықтан қайда салса да тiлiп тҥсердей қаршылдап тҧр.
Жасандылық байқалмайды. Табиғи, тума ҿз денесi секiлдi. Саятты ҽбден сағынған
қҧсбегi араға бiрер жыл салып, қҧсын ауға алып шықты. Жатаған қоңыр таудың
бауырынан тҥлкi мен бҿрi бiр мезгiлдiң iшiнде бiр бағытқа қарай жарыса қашты.
"Сыпырма" қҧйрығын бҧлаңдатқан ҿрттей қызыл тҥлкiге тҥспей, қылаңдаған
кҿкшулан кҿк жалын – арланға тҥстi [4, 3 б.].
Бҧл қара сҿз ҥлгiсiне поэма деп ат қою авторлық позициядан туындаған. Ав тордың бҧл
шешiмiне бҥркiттiң қайсарлығы мен сҥйсiнтiп, тҽнтi етер ерлiгi негiз болған. Бҧл қаламгердiң
жҥрегiн тереңнен қозғағандықтан, ҿлеңге тҽн пафоспен жырлау тiлегiн поэмаға арқау еткен.
Шынын айту керек, осындай ҧлы ерлiктер мен ҿрлiкке, биiк мҧраттарға толы шығармалар
баршылық. Олардың барлығына поэма деп ат қойылмай, новелла, ҽңгiме аясында жазылып
келедi. Сондықтан жанрлық мҽселелердiң дамуының теориялық алғышарттары
жасалмағандықтан, канондық тҧрғыда қарастырылып келгендiктен кҿп мҽселе субьективтi
кҿзқарас аясында қалып қояды. Ҿлең мҽтіндерінің прозалануы мен прозалардың
поэтикалануы – тҥрлік кҿрсеткіштермен байланысты ғана емес, (мысалы, прозалық
147
ырғақтар), сондай-ақ мҽтіннің ішкі мағынасымен, оның ерекше авторлық ҧстанымымен,
оның эмоционалдық жҽне дҥниетанымдық болмысымен сабақтас.
Мҧндағы айтылатын басты мҽселе жанрларды даму тҧрғысынан зерттеудiң қажеттiлiгiн,
бҥгiнгi ҽдебиеттегi соны кҿрiнiстердi назардан тыс қалдырмай, қайта дамуына, терең тамыр
жаюына ықпал ету қажеттiгiне, қолдау қажеттiгiне назар аударуы керек.
Байбота Қошым-Ноғайдың «Ақ ҿлеңдер топтамасына» енген «Мені талай ит қапты»,
«Тҥссіз адам» деген прозалық ҿлеңдері белгілі. «Мені талай ит қапты» деген сҿйлем ой
арнасын ҿзге арнаға бҧрар тҧста кҿрініп отырады. Ақынның хайуан иттерінің астарында
адам иттер тҧрғанын олардың адамдар атымен аталуы байқатады. Есенғали Раушанов пен
Жаркен Бҿдешҧлының прозалық ҿлеңдеріндей биік пафос пен нҽзік лиризм анық кҿрінбейді.
Қҧрылысы бойынша, тілдік ерекшелігі бойынша сатиралық ҿлеңдерге жақын. Барлық
сҿйлемдер бір ырғақтық-интонациялық, композициялық-синтаксистік, эмоционалдық-
экспрессивтік сипаты тҧрғысынан бір арнаға бағытталған, жҧмыр емес.
Прозалық ҿлеңдер жапон ҽдебиетiнде ҿлеңнiң ең жоғарғы формасы болып табылады.
Ҿлең форманың ауқымынан шығып, формасыз-ақ кҿрiну деңгейiне жетедi. Мҧндай
ҿлеңдерде ой тереңдiгi мен сезiм қуаттылығы шырқау шыңнан кҿрiнедi. Жоғарыда
келтiрiлген мысалдардың барлығында В. Белинский айтқандай, «сезiмсiз поэзияның болуы
мҥмкiн емес, сезiмi бар шығармада мағынаның болмауы да мҥмкiн емес» [151, 210 б.] болса,
прозалық ҿлеңдерде терең ой мен терең сезiмнiң біте қайнасқан бiрлiгi табылады.
Бҧл шығармаларда лирикалық кейіпкерлердің аты аталып, тҥсі тҥстелмейді. Оның
кейіпкерлері «Мен, сен, сіз, ол, біз, олар» деген жалпы есімдермен аталып, жалпылық
принципіне сҥйенеді. Поэзияның кҥші де сонда – ол жалқының динамикалық кҿңіл-кҥйін
суреттей отырып, жалпының ҽрбірінің жҥрегіндегісін айтады. Адамның тілі жетпегендігін
тек жҥрегінің тҥкпірінде жататын ойлары мен сезімдері ақын тілімен сыртқа шығады. Оны
оқыған оқырман ол шығармалардан ҿзінің жан-дҥниесін тапқандай болады. Бҧл тек
поэзияның, нақтырақ айтқанда лириканың ғана қҧдіреті жететін керемет, ғажап қҧбылыс.
Поэзиядағы субьективтіліктің обьективтілікке ҧштасып жатуы заңды.
Прозалық ҿлеңдердің болашағы қандай, неге кең жайылмай отыр деген сауал туатыны
сҿзсiз. Кең жайылмай отырғанына бҧл ҿлеңдегi ойдың берiлу формасының, шағын
шығарманың композициялық қҧрылысының аса кҥрделiлiгiн алға тартамыз. Сондықтан ол
бiрегей талант иелерінің шеберлігі жетер поэзияның аса талғампаз тҥрі деп айтуға болады.
Дҽстҥрлi поэзияда ой мен сезiм ашық, яғни тiкелей де, жанама, яғни жҧмбақтап та бiлдiруге
оңтайлы болса, прозалық ҿлеңдерде ой жҧмбақтап, метафорамен берiлуi тиiс. Дҽстҥрлi
ҿлеңдерде ойды бiлдiрушi элементтер, сҿздер айшықталса, кҿркем бейнесі жасалса, мҧнда
жеке образдармен бiрге ойдың ҿзi кҿркем бейнеге енуi тиiс. Сондықтан болар бҧл
шығармалар Мағжан Жҧмабаев, Есенғали Раушанов, Жаркен Бҿдешҧлы, Байбота Серікбаев
сияқты аса шебер ақындардың ғана қаламынан туындап отыр.
Сонымен қорыта айтқанда, мақалада талданған прозалық ҿлеңдерде ойды беруші сҿздер
емес, ойдың ҿзінің метафоралығы мен бейнелілігіне негізделген. Сондықтан оның
композициясы ҿлең сияқты қҧрылады. Оның негізіндегі сюжеттің динамикалық сипатынан
кҿрі статикалық сипаты басым. Сондықтан прозалық ҿлең лирикалық жанрға жатады.
Лирика шағын жанрға жатқандықтан мҧндай ҿлеңдердің де кҿлемі шағын болады.
Формасы жағынан прозалық болғанымен, оларға тҽн тілдік, стильдік ерекшеліктер
болады. Проза сияқты еркін жайылмай белгілі прозалық шеңбер аясында ҿрбиді. Олардың
етістіктері кҿбінесе бір грамматикалық формада кҿрінеді. Мысалы, Е.Раушановтың
«Сатқын» ҿлеңіндегі етістіктер бірыңғай ҿткен шақ формаларымен беріледі: оралды, бар еді,
бұра алмады, жаңғыртып жатты, оталды, беттеді, алып ұшқан еді, шалқасынан түсірді.
Ойлануға жетектейтін ойдың ашық, тікелей айтылмауы прозалық ҿлеңге тҽн кҿркемдік-
стильдік ерекшеліктердің бірі. Сондықтан бҧл шығармаларда
толымсыз сҿйлемдер мен атаулы сҿйлемдер молынан ҧшырайды. Е.Раушановтың «Ымырт»
ҿлеңінде атаулы сҿйлемдердің бірнеше тҥрі кҿрінеді: «Мынау кҿне тҥркiнiң ҽрiптерi. Қара
тасқа қашалған ҽрi жат, ҽрi жақын жазулар… Ымырт. Білмеймін. Мҽңгіге.» «Ҿзінің
148
дариясына... Кҿп заман ҿтіпті-ау... Тас жол. Тас қараңғы. Тас жҥрек» деген толымсыз
жҽне атаулы сҿйлемдер ҿлеңді эмоционалдық-экспрессивтік мазмҧны жағынан байытып,
ырғағын тҥрлендіріп тҧр.
Тҥйіндей айтқанда, дҽстҥрлі формадан тыс тҥрлік ізденістер талантты ақындардың
шығармашылығында ҧшырасып жатады. Ҿткен ғасырдың 60-70 жылдарында ол тек ақ ҿлең
тҥрінде ғана кҿрінсе, одан кейінгі кезеңдерде поэзияда верлибрлер мен прозалық ҿлеңдер,
графикалық суреттер мен «ҿлеңдік ойындар» арқылы кҿрінуде. Олар да қазақ поэзиясының,
оның кҿркемдік-бейнелілік, ырғақтық-интонациялық жҥйесінің дамуының кҿрсеткіші. Олар
кҿркемдік жҽне қҧрылымдық жҥйесі бойынша поэзия ҽлемінен алыс болғанымен, оларда
поэзияның жаны пафостан ажырамаған. Олар формалық жағынан ҿзгеше, ҿлеңге тҽн
ҿлшемдерден азат, мазмҧны поэзиялық шығармалар.
Қолданған әдебиеттер тізімі
1.
Гаспаров М. Современный русский стих. – М.: Наука, 1974. – 485 с.
2.
Раушанов Есенғали. Бозаңға біткен бозжусан. – Алматы: Раритет, 2006. - 384 б.
3.
Тынянов Ю. Проблемы стихотворного языка.– Москва: УРСС, 2004. – 240 с.
4.
Бҿдешҧлы Ж. Кек. Поэма // Қазақ ҽдебиеті. – 2003. – №12. – 14 б.
УДК 82-14
АҚЫН ЖҤРЕГІ ТУҒАН ЖЕР ДЕП СОҒАДЫ
Хамидолла Ж. С., 94zhainuk@mail.ru
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана
Ғылыми жетекшісі – С.Ш.Айтуғанова
Бҥгінгі орта, заман, қоғам бір басқа, бірақ біз ҽрқашан ҿзіміздің тҥп тарихымызды,
тамырымызды, ҧлттық қҧндылықтарымыздың бастауын, сонымен қатар оларды сақтауға,
дамытуға зор ҥлес қосқан аға буын ҿкілдерін ҧмытпауымыз керектігі - ешбір дау
туғызбайтын аксиома. Осы шағын ғана ғылыми мақаламызда қазақтың рухани ҽлеміне небір
ҿнер мен ҽдебиет дҥлдҥлдерін сыйлаған киелі Ақ Жайық ҿңірінің, қасиетті Нарын қҧмының
қазақ ҽдебиетіндегі кҿрнекті ҿкілі Тайыр Жароковтың шығармашылығындағы туған жер
тақырыбының суреттелу ерекшелігіне тоқталмақпыз.
Тайыр Жароков – қазақ кеңес поэзиясының қалыптаса ҿркендеп, қарқындап есеюіне
еселеп ҥлес қосып, елеулі еңбек сіңіріп, кҿркемдік жағынан тартымды жҽне терең идеялы
шығармаларымен бҥкіл Кеңес Одағына мҽшһҥр болған ақын.
Тайыр Жароков – табиғат кҿріністерін шебер бейнелейтін пейзажист ақын. Қысқы тҥнде
қалтырап ―тоңған ай‖, ―жылы буы бҧрқырап, кҥн кҿзіне балқыған‖ кҿктем, ―мҽуесі пісіп
балбырап, алмасы пісіп албырап‖ тҧратын қоңыр кҥз суреттері де ҽдемі. Тайыр ақын қыстың,
кҿктемнің, кҥздің суреттерін жасаған жаңа ҿлеңдер жазды. Ол Абай суреттеген жыл
мезгілдері емес, Тайырдың ҿз заманының кҿктемі, қысы, кҥзі. Ҽр қайсысы ҿз қарбалас
тіршілігімен, ҿзіне лайық кҿрінісімен жарқын бейнеленген. Мысалы:
«Сҧрғылттау кҥзгі мезгілде
Томсарыңқы тынық тҥн.
Сҧр бҧлттау сонау бір кезде,
Сарғылттау қҧмда туыппын.
Қҧмға жалғас жарқырап,
Жатыр сҧлу Ақ Жайық!
Суреті кҿктен қалтырап,
149
Суында жҥзген ай жарық.» [1] – деп кіндік қаны тамған
топырақтың табиғатын, туған елге, ҿскен жерге деген сҥйіспеншілігін кіршіксіз таза пҽк
кҿңілімен, кҿркем жырымен кестелейді.
Тайыр ақын асқақтаған Атыраудың ―мың бҧралып, шегініп кеп бас салатын
жолбарыстай‖ асау толқынын, ―суға тҥскен алтын шҧғыладай‖ теңіз шағалаларын, жағасы
кҿк балаусамен кҿмкерілген Ақ Жайықтың алабын, қарағайлы орман жамылған қҧм
Нарынның жасыл кҿркі сияқты табиғат кҿріністерін поэзия тілімен шебер ҿрнектей білді.
Жыр сҧңқарының қырағы кҿзінен ―тау кҿтерген найзадай, қалт етпестен қақшиып‖ тҧрған
Эльбрус, ―кҿктен қҧйылған Қазбектің кҿз жасындай‖ Рица кҿлі де таса қалмады.
Ҽйтсе де, тҧлғалы талант қҧм Нарынына қайта айналып соға берді. ―Жалаңаш қҧмы
қайнаған, қҧйыны ойнаған‖ далаға шырылдап тҥсіп, жел гуіліне ҿз уілін қосты. Махамбет
баба мен Шҽңгерей жырларына арқау болған қасиетті топырақты Нарынның ҧлы перзенті
Тайыр ақын:
―Туған жер, қасиетті алқалы елсің,
Тірегім, болашағым, арым сенсің.
Бҿленіп тыныштықтың қҧшағында,
Жыл санап даңқың биік арта берсін!‖ [1] – деп асқақ
мерейіне арман-тілегін қабыстырады. Шағын ғана шағыл қҧмнан қанат алады. Ҿзінің туған
жерін мҽңгілік жамбастап жатқан жалпақ Нарындай тегеурінді текті жырларымен жер мен
кҿкті қҧлаштай асқақтата жырлайды:
―Шарықтап ап сайрайын, қарсы ал, Нарын!
Суың бал, қҧмың қаймақ, кҽусар Нарын.
Тҥріліп қҧм қҧрағы, ел қҧлағы,
Елжіреп, таңдай қағып тамсанғаның...
Таңында ҿзі туып талпындырған,
Дауысын ақынының аңсар Нарын.
Бір белгі қҧмнан-дағы, жырдан-дағы
Жасайын, басайын да аңсауларын‖ [2, 3 б.].
Осынау географиялық жағынан Қызылқҧмнан кейінгі ҥлкен қҧм Нарынға деген
сағынышын бҥкіл кҥреңселі қазақ даласын қҧшағына сыйғызып тҧрып, биік пафоспен
жырласа, енді бірде:
―Қайран Ордам ҽлдеқайдан кҿрінген,
Сайғақ ҿріп, сағым ойнап ҿріңнен.
Қаншама сен ыстық едің, туған жер,
Ауырғалы шықпай қойдың кҿңілден.‖ – деп ҽрдайым Ордасын
сағынышпен еске алады.
Табиғат сҧлулығына сҥйсінбейтін, сырлы суреттерге тебіренбейтін жан болмас.
Асқар тауы жоқ, дария суы жоқ, Нарын қҧмының табиғатын ҿлеңнің піл жоталы қара нары
бҿлек бір сезіммен жырлайды. Сҧлулық жҿнінде ол былай деп толғанады:
―Сҧлулық жҿн бе екен тауда ғана,
Барлығы сҧлулықтың тау ғана ма?
Кҿгінде ай, кҿлінде аққу жҥзе білсе,
Сҧлулық емес ол да жай қала ма?
Ҿзінен биік жоқта тау да сҧлу,
Кҥн жоқта тҥнде жҥзген ай да сҧлу.
Сондықтан бізге біткен қыр да сҧлу,
Тау сҧлу, қҧм да сҧлу, су да сҧлу‖ [3, 3б.].
Бҧл ҿлең жолдарынан арқалы ақынның ―сҥйген жердің бҽрі сҧлу‖ деген ҧлағатты
ҧғымын ҧғынасың. Дауылпаз ақын сҧлулықты туған жердің даласынан, ауасынан, ойынан,
150
қырынан, кҿгінен, жерінен, бҽрі-бҽрінен іздейді. Бҧл ойды ақынның ―Орда ҿлеңінен‖ де кҿре
аламыз: ―Жырыма жастай ілінген,
Ыстық-ақсың тым, Орда,
Жалаңаяқ жҥгірген,
Ізім қалған қҧмыңда.
Отырсам да тҧрсам да,
Кҿз алдымда Жас қҧсым.
Ҿзгеге жаман болсаң да,
Ҿзіме тіпті жақсысың!‖
Туған жерін жырлаудан талмаған ҿр тҧлға:
―Қҧмның кҿрсең сен мҧнда,
Аспаны да аласа.
Шақ қҧламай кҥн қҧмға,
Тҧрғандай-ақ қараса.‖ – деп кҿк аспан мен алтын кҥнге
сҥйсінсе, енді бірде:
―Жҧлдыз оты тҿгіле,
Қҧм бойына тез тарап.
Жҥзді тҥнгі кҿгінде,
Ай – дҿңгелек жез табақ.‖ – деп қҧмның мақпал тҥні мен
кҥміс айына тамсанады.
Тайыр ақын кҿп жылдарды араға салып, 1958 жылы туған топырағына келіп, ел
аралайды. Осы сапары жайлы жазған ―Асықтым‖ ҿлеңінде:
―Тҧрғандай-ақ тҿзе алмай,
Жҥрегі аңсап ғашықтың.
Жеріме туған, кҿз алмай,
Сағына бір кҥн асыппын.
Елдің шаттық тасытқан,
Есігін жырмен ашыппын!
Сайрап, таңға қосып таң,
Қҧмына тҿсім тосыппын.‖ – десе, сол жолы дархан дарынды, асқақ арынды ақын
жерлестеріне мына ҿлеңді айтқан екен:
―Кҿп жылдан соң кҿрсем де,
Байқамай мезгіл озғанын.
Туған жерім десем де,
Танымай қала жаздадым.
Кҿрдім тағы қырларын,
Жері қандай жап-жазық?!
Бір жағында қҧм Нарын,
Бір жағында Ақ Жайық.‖ – деп соғыстан кейінгі елдің
тҧрмысының тҥзеле бастағанын айбарлы қҧм баласы қуанышпен жырлаған. Белгілі ақын
Фариза Оңғарсынованың ―Туған ауыл‖ ҿлеңіндегі мына жолдар:
―Мен туған ауыл – Ай мекен,
Еске алмай жҥрер кҥнім кем.
Баяғы достар қайда екен,
Бірге ойнап, бірге жҥгірген?
Жатаған, ескі ҥй анау,
Мені алаң еткен шет жерде.
Бҧл маңайлар да, қҧдай-ау,
151
Қалаға айналып кеткен бе?!‖ – делініп Тайыр ақынның жырымен ҥндес болып келеді [4,
197 б.],
Бҧл тҧста сонау отызыншы жылдары жазылған ақынның балалық шағы жайындағы
―Алғашқы адымын‖ айтпай кетуге болмайды. Бҧл – оның поэзияның алғашқы баспалдағында
тҧрып жазған ҿлеңі еді.
―Басқанда алыс жолға алғашқы адым,
Тҧлымым желкілдеген жап-жас шағым.
Есімде: жетім тайлақ ҿркешіне
Жарбиып қаршадай боп жармасқаным...
Бҥк тҥсіп қала берді Нарын қҧмы,
Қой баққан жерім талай дауыл кҥні...
Жаулығын желпи бҧлғап ―сау бол!‖ деген
Қҧлаққа анамның тек шалынды ҥні...‖ [5, 3 б.].
Тайыр ақын шығармашылығындағы туған жер тақырыбы кҿлемді туындыларында
да кҿрініс береді. Мысалы, ақынның ―Жапанды орман жаңғыртты‖атты поэмасының негізгі
идеясы соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру, ҿркендету жоспарында
қуаңшылыққа қарсы кҥресу, шҿл далаға су ҽкелу, қҧлазыған қу даланы жасыл орманмен
безендіру, табиғатты адам ықпалына кҿндіріп, қызмет еткізу болатын. Шығармада Жайық
пен Нарын аралығындығы Сары-Адыр жерінің қҧм медиен даладан еңбеккердің тҿккен
терінің арқасында жайқалған орманға айналғандығы байқалады. Бҧл біздің бҥгінімізбен
ҥндес дҥние. Айналадағы табиғат ҽлемін қорғау идеясы дастанның ҿн бойында ҿрімдей
ҿріліп, алтын арқаудай тартылып отырады. Ал ―Нарын‖ поэмасында дҥлдҥл ақын туған
жерін:
―Қҧм Нарын қабат-қабат қатарланған,
Қойнында қарағайы қалқалаған.
Гҥрілдеп бір жағында Каспий жатыр,
Айдыны аспанды орай алқаланған.
Кең кҥрей қол батырсаң шығар суы,
Мҿлдірей, қоя тҧрсаң тҧнар суы.
Жетпіс жыл жҧт болса да жҧтатпайтын,
Кетпес қҧт – қҧм, талшығы, қҧмаршығы.‖ – деп бейнелесе, туған жері Орданың
болашағын елестетіп, арманның ақиқатқа айналуын кҿксеп, ―тезірек кҿргім келеді‖ дейді.
Осынау қызыл қҧм далаға Жайықтан, не Волгадан (Есіл) су бҧрылып, менің туған жерімде
теңіз шалқыса, келесі жолы сол теңізде кемемен келген мені елдегі жолдас-жараным қызыл
қҧмдақ жағалауда қарсы алғанын тезірек кҿргім келеді дейді асқаралы Тайыр ақын. Па,
шіркін! Ықылым замандарда кҽрі Каспийден қалған қазаншҧңқырлар қайта толса дейді ғой.
Осылай болмаса, оның несін ақындық қиял дейміз?.. Ҽрине, қызыл қҧмда теңіз шалқымады,
ақын да еліне теңізбен келе алмады. Оның туған жері арқылы ҿтеді деген канал жобасы да
қайсыбір кҿсемдердің марқҧм болуымен бірге келмеске кетті. Дегенмен, Ордадан 60 км
жердегі Бҿкей Ордасы ауданының орталығы Сайқынның жҽне Жҽнібек ауданының халқы
кҥні бҥгін қҧбырмен тартып, қҧм Нарынның суын ішіп отыр. Аталған мекендердің
атырабында тҧщы сулы қҧдық табылмайтынын білетіндер Орданың суының қҧнын да
бағамдар еді. Бірін-бірі кезегімен ауыстыратын ҽкімдер де ауыз су мҽселесін тиімді
жақсартуды ауыздарынан тастамайды. Демек, айдын кҿл жайын Тҽкеңнің аузына періште
салып, қиялына кҿк қҧс қонғаны анық.
Халқын сҥйген, Нарынын сҥйген, туған жерін перзенттік махаббатпен беріле жырлаған
ақын ҿмірінің жазушылық кезеңі ҿткен жыр мекені сҥйікті Алматысын сҥйсіне жырлайды:
―Кҿшеде бҽйтеректер басын иген,
Тал бойы неткен биік кҿкке тиген!
Шығыста Алматыдай гҥлге оранған,
152
Қаланы сҧлуырақ кім бар кҿрген!
Гҥліне біздің ҿмір гҥл жетпейді,
Нҧрына біздің таңның нҧр жетпейді,
Безентіп мҧнан да ҽсем жырлар едім,
Кҿркіне Алматының тіл жетпейді.‖
Кҥркіреп аққан ҿзендей Тайыр ақын 1908 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бҿкей
Орда ауданы, Жетібай ауылында дҥниеге келіп, 1965 жылы тасқынды жырларымен, таудан
қҧлаған сарқырамадай екпінімен қазақ ҽдебиетінің классигі болған ақынның дамылсыз
тыншу кҿрмеген, талайлардан қамқорлығын аямаған ҥлкен жҥрегі 57 жасында тоқтап,
Алатау баурайында, ҿзге де қазақ зиялылары тҽрізді мҽңгілік ҧйқыға кетті.
Тайыр Жароковтың тамаша досы, ҽріптесі, ҽрі қҧрдасы, халық жазушысы Ҽбділда
Тҽжібаев ―Достар ойға тҥскенде‖ деген толғауында:
―Тайыр болса дҽл бҥгін қайтер едік?
Қимылдашы, Тҽке – деп айтар едік.
Трибунаға ол биік шығып алып,
Алатаудың ҿзін де шайқар еді.
Алатаудың ҿзін де шайқар еді-ау,
Тау шайқайтын Тайырым сойқан еді-ау,
Аспанды да бір сілкіп байқар еді-ау,
Асау кҥнмен тілдесіп қайтар еді-ау...‖ – деп аңсайды.
Тайыр Жароков қазақ кеңес поэзиясының алдыңғы санында ту кҿтерушілерінің бірі
болды, біздің жадымызда, ҽдебиет тарихында солай болып қалмақ та.
Тайыр Жароков — ҿз дҽуірінің деңгейінен табылып, мезгілдің мінберінен тіл
қатқан, дҽуір туғызған ақын. Қашан да дауысы дҽуірмен ҥндес болып, қолы заманының қан
тамырының лҥпілін сезіп отырды. Сезімтал да сергек ақын ҿзі ҿмір сҥрген кезіндегі ҧлы
ҿзгерістердің ешқайсысын қалт жіберген емес.
Ақын деген кім? ―Тылсым табиғатпен мҽңгі бірге жасасып, тҥбінде бір адам
қалады. Ол – ―ақын‖ демеп пе еді Мҧқағали. Ендеше, қоғамды тебіренткен ―бес жылдықтың
балғасы‖, ―миллион қолдар‖, ―миллиард жылдар‖ ҿлмейтін мҽңгі жырлар қалдырған Тайыр
ақын ҥні уақыт шеңберімен қол ҧстасып бірге келе жатқан жоқ па?!
―Сандуғаштың сайрау ҥшін, сҧңқардың самғау ҥшін жаратылатыны сияқты, Тайыр
поэзия ҥшін туған адам еді‖, - деп, ақын Тайыр Жароковтың ҿлеңмен ҿрнектелген
шығармашылығына ҽділ баға берген Сағынғали Сейітовтің ҽулетінен Тайыр Жароков туралы
заңғар замандастарының машинкаға басылған естелік жазбаларының жинағы табылды. Бҧл
жазбалар баспа ҿнімі болып шықпаған, оқырман қауымға беймҽлім дҥниелер. Алексей
Брагиннің ―Друг мой Тайр‖, Мҧхаметжан Қаратаевтың ―Тайырмен тізе қосқан шақтар‖, Ҽди
Шҽріповтің ―Адамгершілігіне ақындығы сай еді‖, Тҧманбай Молдағалиевтың ―Жан еді-ау
жайсаң сол ақын‖ атты естелік жазбаларын топастырып, жинақ қылып шығару алдағы кҥннің
міндеті деп білеміз.
Ендігі біздің алдымызда білім ордаларымен бірлесіп, халқымыздың
ардақты ҧлы Тайырдың ҿмірі мен шығармашылығы жайлы кейінгі буын оқушылар мен
студенттер арасында ҥлкен насихат сабақтарын жҥргізу міндеті тҧр. Қазақта ―айтпасаң
білмейді...‖ деп келетін аталы сҿз бар. Сол айтқандай, барымызды жарқыратып басқаларға
кҿрсету жағы, терең тамырлы ел екенімізді насихаттауды – бҧл нҽзік те кҥрделі мҽселе деп
қарастырғанымыз жҿн.
―Ҿлеңімді шет ел мейлі таратып,
Оқысын, не оқымасын жаратып.
Жалындата тҿгіп жатқан жырларын,
Шырқай бермек ақын Тайыр Жароков!‖ – деп біз ҥшін аңыз адамға айналған ақынның
ҿзі айтпақшы, туған жердің жыршылары ештеңеге қарамай шырқай бермек. Ҿйткені оның
артында тыңдайтҧғын елі тҧр.
153
Ҽрине, ҽр қоғам ҿз ҽдебиетін жасайды. Десек те, Тайыр Жароков – жылдардың
немесе кезеңнің жыршысы емес, ол тҧтас бір дҽуірдің ақыны. Оның сол дҽуір тудырған
отансҥйгіш ҿлмес-ҿшпес жырлары халқымен бірге мҽңгі жасай бермек.
Қолданған әдебиеттер тізімі
Достарыңызбен бөлісу: |