Сборник материалов VIІІ международной научной конференции студентов и молодых ученых «Наука и образование 2013»



жүктеу 5.01 Kb.

бет13/44
Дата22.12.2016
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44

 
ХАКІМ АБАЙ МЕН АХМЕТ ЙҤГІНЕКИ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ 
ДИДАКТИКАЛЫҚ ҤНДЕСТІК. БІЛІМ ТАҚЫРЫБЫ. 
 
Молдагалиева Ұ.Ж.  
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана  
Ғылыми жетекшісі - О.Ж.Темірбеков  
 
Жҥректің кҿзі ашылса, 
Хақтықтың тҥсер сҽулесі. 
Іштегі кірді қашырса, 
Адамның хикмет кеудесі. [1] 

 
95 
Жҥректің,  кҿңілдің  кҿзі  ашылса,  ақиқаттың,  білімнің  сҽулесі,  Алланың  нҧры  тҥсіп,  іштегі 
надандықтың  кірін  жуады,  надандық  кҿлеңкесінен  тазартады.  Сонда  ғана  адамның  жаны, 
кеудесі, жҥрегі сҽулелі, нҧрлы, мінсіз болмақ.  
 
Мен боламын демеңдер, 
 
Аяқты алшаң басқанға. 
 
Екі кҿзің аларып, 
 
Қҧр қарайсың аспанға. [1] 
Шын  ғылым  адамның  ҿз  кҿкірек  кҿзі  ашылу  арқылы  ғана  келмек,  кҿрінгенге  кҿз  сату,  қҧр 
еліктеу ғылымға бастайтын жол емес. Олар кҿзбен кҿретіндер, ҿлеңде айтылғандай «Екі кҿзі 
аларып, қҧр телмірумен барлығын жоғалтатындар». 
Бір ғылымнан басқаның, 
 
Бҽрі де кесел асқанға. 
 
Ҿйткен адам жолығар 
 
Кешікпей-ақ тосқанға. [1] 
Хакім Абай бір ғылымнан басқаның барлығының кесел екендігін тілге тиек етеді. Ал «Ақиқат 
сыйында»:  «Білім  сияқты  пайдалы  ҿзге  не  нҽрсе  бар?  Білімнің  арқасында  ғалым  жоғары 
кҿтерілді.  Білімі  жоқ  адам  тҿмен  қҧлдырады»  .  Бҧл  арада  Абай  мен  Йҥгінеки  арасындағы 
ҥндестікті кҿреміз. Абайда ғылымнан басқада қызық жоқтығын ҥндесе, ал Йҥгінеки ғылымнан 
басқаның пайдасыздығына меңзейді. [3] 
Хҽкімдеріміздің  арасындағы  ҥндестік  Қҧран  сҿзіне  негізделгеніне  кҿз  жеткіземіз.  Қҧранның 
Мужадҽлҽсҥресі, 11–аятында: “Аллаһ Тағала сендерден иман келтірген-дердің және ғылым 
бергендердің дәрежелерін көтереді.”[6] 
Демек, Абайдың мақсаты – наданның бастағы кҿзін емес, кҿкірек, жҥрек, кҿңілінің кҿзін ашу. 
Кҿкірек,  кҿңіл,  жҥрек  кҿзі  –  бҧл  ғылымды  танырлық,  дҥниені  танырлық  кҿз,  адамды  ҿзге 
жаратылыс  иелерінен  айырарлық  ақыл,  сана,  білім,  парасат.  Адамға  ең  алдымен  керегі  – 
адамның  адамдық  қасиетін  танытарлық,  адамды  адам  атандырып  тҧрған  ақылымен 
ақиқатты тану.  Ал ақиқатты қалай тану керек мҽселеге  Абай атамыз былайша жауап береді: 
«Адамшылықтың алды – махаббат, ғҽделет, сезім. Бҧлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтін 
де  жері  жоқ.  Бҧл  ғаделет,  махаббат,  сезім  кімде  кҿбірек  болса,  ол  кісі  –  ғалым,  сол  – 
ғақил(ақыл,  ес).  Біз  жанымыздан  ғылым  шығара  алмаймыз,  жаралып,  жасалып  қойған 
нҽрселерді сезбекпіз, кҿзбен кҿріп, ақылмен біліп» (45-ші қара сҿз) [2]. Алла Тағала бҽрін ҿз 
ҿлшемімен, ҿте келісті жаратты, біз ештеңені ҿзіміздің жанымыздан шығармаймыз, сол Алла 
Тағаланың  жаратылысын  кҿріп,  сезіп,  ойлап  танимыз,  Алланың  жер  бетіндегі  кҿлеңкесі 
арқылы Алланың ҿзін танимыз, қҧдіретті кҥштің барына кҿз жеткіземіз. Осы Қҧдіретке қҧмар, 
ынтық  болып,  ғашық  боламыз,  осы  ғашықтықтан  зор  махаббат  туады.  Яғни,  махаббатпен 
Алланы танимыз, Аллаға деген махаббат арқылы дҥниені, ҿзімізді танимыз.  
«Махаббаттың  тҿлеуі  –  махаббат,  ҽуелі  адамның  адамдығы,  ақыл,  ғылым  деген 
нҽрселермен. Мҧның табылмақтығына себептер – ҽуелі хауас сҽлим һҽм тҽн саулық». (38-сҿз) 
[2].  Бізге  сонша  нығметтер  беріп,  Адам  деп  атымызды  атап,  барша  қоршаған  дҥниеге  бізге 
қызмет  жасатып  қойған  Алла  ҿз  пенделерін  шексіз  сҥйіспеншілік,  риясыз  махаббатпен 
жаратты.  Алла  Тағаланың  осы  махаббатын  тҿлеуі,  қайтарымы  –  Аллаға  деген  сҥйіспеншілік 
арқылы  Алланы  тану,  жҥректі  нҧрландырып,  бойдағы  рухты  кҥшейту,  ғылымды  меңгеру». 
Абайға сҥйенсек, махаббат болу ҥшін, бірінші – адамның адамдығы болу керек; екінші – ақыл; 
ҥшінші  –  ғылым.  Сол  махаббатқа  ие  болатын  адамның  адамдығы  болуы  ҥшін  ақыл,  ғылым 
керек екен. Адам болған  соң адамдық  қасиетке ие боласың, ҽйтпегенде хайуандық  дҽрежеде 
кҿрінесің. Осы орайда Абай:  
Атымды адам қойған соң, 
Қайтіп надан болайын. 
Халқым надан болған соң, 
Қайда барып оңайын. [1] 
«Растың бір аты – хақ, хақтың бір аты – Алла» (38-сҿз).  
Абай хақтықтың бір аты Алла десе, ал Шҽкҽрім: 

 
96 
 
Шыннан ҿзге қҧдай жоқ, 
 
Анық қҧдай шын Қҧдай. 
 
Ҧқпай қалма алаң боп, 
 
Шын болмаса кім Қҧдай? – дейді.   
Алла – Хақиқат, ал Хақиқатты тану Алланың барлығына, бірлігіне сену, иманды болу, 
Аллаға деген махаббат.  
Мҥмин болсаң, ҽуелі иманды бол, 
Пендеге иман(адалдық) ҿзі ашады жол. 
Шын илан да, таза ойла бір иманды, 
Мұнафиқ(екі жүзді) намаз қылмап па, мағлҧл ғой ол. [2] 
«Иман (сенім) деген – Алла табарака уа тағаланың (игі тілекке жолдаушы Ҧлы Тҽңір) 
шҽриксіз  (жалғыз,  бір  ҿзі  тең  келмейді),  ғайыпсыз,  бірлігіне,  барлығына  уа  ҽр  тҥрлі  бізге 
пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уҽсҽллҽм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын 
ҧсынып, инанмақ. Енді бҧл иман дерлік инануға екі тҥрлі нҽрсе керек. Ҽуелі – не нҽрсеге иман 
келтірсе,  соның  хақтығына  ақылы  бірлҽн  дҽлел  жҥргізерлік  болып,  ақылы  дҽлел  –  испат 
(нақтылау,  дҽлелдеу,  анықтау)  қыларға  жараса,  мҧны  якини  иман  (ЛАДУНИ,  ҿз  білімі 
арқылы  жету)  десе  керек.  Екіншісі  –  кітаптан  оқу  бірлҽн  яки  молдалардан  есту  бірлҽн  иман 
келтіріп,  сол  иман  келтірген  нҽрсесіне  соншалық  берік  боларға  керек.  Біреу  ҿлтіремін  деп 
қорқытса да, мың кісі мың тҥрлі іс кҿрсетсе де, соған айнып, кҿңілі қозғалмастай берік болу 
керек. Бҧл иманды иман таклиди(біреуге еліктеп сену, дҽстҥрлі) дейміз». (13-сҿз) [2] 
 
Білімдіден шыққан сҿз, 
 
Талаптыға болсын кез. 
 
Нҧрын, сырын кҿруге 
 
Кҿкірегінде болсын кҿз. [1] 
Білімдінің  немесе  якини  имандының  айтқан  сҿзі  талаптыға,  яғни  Аллаға  ғашық,  Алланы 
сҥйетінге  кез  болсын.  Білімдінің  айтқан  ақылын,  білімін,  пайдасын  кҿріп,  білерлікке 
тыңдаушысының кҿкірек кҿзі ояу, жҥрегі таза болсын дейді Абай атамыз.  
Мәшһүр  Жүсіп:  «Алла  Тағаланың  Калами(сөзі)  хырыпсыз(қарыпсыз),  ҽуезсіз(дауыссыз). 
Бҧлай болғанда, Кҽлам-Алладан жазылды:  «Ҽріп(харып) болды, пенденің аузы оқыды. Ауыз 
табылды, нҧсқасын кҿз кҿргенмен, ауыз оқығанмен, Қҧдай тағаланың каламы болмады. 
Енді ол қылғанды ... сҿзі болады. Алла тағаланың ғылым сағаты бар пенденің кҿңіліне 
нҧр  тҿгілсе,  мағынасын  мылахызы(ой  алысу,  пікіртлас)  қылып,  ауыз  оқып  отырғанда, 
кҿңілмен  сенбей  жалығып  отырса,  кҿңіл  жҧмысымен  жҧмыстаса,  сонда  Қҧдай  тағаланың 
қаламы болады. Адамда ауыз тілі бар: «Қал тілі» - дейді. Кҿңіл тілі бар: «Хал тілі» - дейді». 
Кҿңіл қызметі араласпай, қҧр ауыз оқығанмен, Қҧдай сҿзі болмайды. Ҥйренумен тоты қҧс та 
оқиды. Граммафон да оқиды. Бҧл кҥнгінің кҿбі не тоты қҧс, не граммафон: Қҧдай сҿзін Қҧдай 
сҿзі қылып оқығыш не десе, Алла тағала ҿзінің»...Қал тілі(сыртқы) тек кҿзбен кҿріп тҧрған 
не  ҥйреншікті  нҽрсені  оқу,  сҿздің  беткі  қабатын  ғана  кҿру.  Ал  Хал(парсыша  қалбун  –
көңіл)тілі  (ішкі,  Хал  білімі)  махаббатпен  аңғарып,  іштей  ой  салысып,  кҽламның  тереңіне 
сҥңгу, Қҧдай сҿзін шын қҧдай сҿзі қылып ҧғады. [5] 
Не пайда бар мың надан 
Сырттан естіп таңдансын. 
Одан дағы бір есті 
Ішкі сырын аңғарсын. [1] 
Сҿздің  сыртқы  ғана  сипатына  мың  надан  таңданып,  алайда  ішкі  сырын  бірі  ҧқпағаннан,  бір 
ғана есті, ақылды, білімді сол сҿздің ішкі сырын,пайдасын аңғарғаны мағлҧм. Яғни надандар 
сҿзді  бас  кҿзімен  кҿреді,  сыртқы  дыбысталуын  естиді,  ішіне  бойлай  алмайды.  Ал  білімділер 
көкірек көзімен оқып, жҥрекпен тереңіне сҥңгиді. 
Мақсҧтым – тіл ҧстартып, ҿнер шашпақ, 
 
Наданның кҿзін қойып, кҿңілін ашпақ. 
 
Ҥлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер, 

 
97 
 
Думан-сауық  ойда  жоқ  ҽуелде  баста-ақ,  -  деп  Абай  атамыз  осы  бас  кҿзімен  кҿретін 
надандардың кҿкірек кҿзін ашуды, кҿңілін біліммен, нҧрдың сҽулесімен оятуды мақсат етеді.  
Ғалымнан надан артпас ҧққанменен, 
Тағдыр кҿрмей қоймайды бҧққанменен. 
О дағы қалыбынан аса алмайды
Жауқазын ерте кҿктеп шыққанменен. [1] 
Ҽр пендеге ҿлшеніп берген ақыл бар, надан қанша бастағы қҧлақпен ҧғып, тыңдағанмен оның 
жҥрегіне  жетпейді,  ол  сол  ҿзіндегі  ҿлшемнен,  кҿңілінен  аспайды.  Жауқазын  қынша  ерте 
гҥлдесе де, уақыты келгенде солады, сол секілді наданның да ҿз ҿлшемі бар.  
Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйында»:  
Білімді кісі қымбат бағалы динар сияқты
Білімсіз надан – қҧны жоқ бақыр. 
Білімді мен білімсіз қашан тең болып еді
Білімді ҽйел – ер, надан еркек – ҽйел. 
Білімді бір кісіге білімсіз мың  
 
 
Тең келе ме? Білімнің теңін теңдей ала ма? 
 
 
Енді ойлап, сынап, байқап кҿріңіз. [3] 
Білімді  мен  наданның  еш  тең  келмесі  жайлы  Қҧранда  Зҥмҽр  сҥресінің  9  –  аятында  былай 
делінген: “Білгендер мен білмегендер тең бола ма?”, – де! [6]А.Газали «Ихья ғулум ад-дин» 
еңбегінен:  Білімнің  артықшылығы  ақылмен,  саналықпен  айқындалады.  Ақыл  –  білімнің 
қайнар  кҿзі,  оның  бастамасы  (бастауы)  жҽне  негізі.  Ағаштан  жеміс,  Кҥннен  жарық,  кҿзден 
кҿру  шыққанындай  ол  да  сол  арнамен  ағады.  Бҧл  дҥниеде  де,  арғы  дҥниеде  де  ырыс  пен 
бақытқа  жетудің  қҧралын  неге  кҿтермеске?  Немесе  оған  қалай  кҥмҽн  келтіреміз?  Тіпті, 
хайуанға  (мақҧлық)  дейін  ҿзінің  шектеулі  санасына  қарамастан,  ақылды  қастерлейтіні 
соншалық – ҿздерінің арасындағы ең ірі жҽне кҥшті адам бейнесін кҿре қалса, оның жанында 
ҿзі ҧялады жҽне бҧл қҧдіреттің қабылдауынан болғандықтан, оның ақылын, санасын сезу ҥшін 
жанына  жақындайды.  [4]  Сондықтан  да  Алланың  елшісі  (оған  Алланың  игілігі  мен  сҽлемі 
болсын!) : Ҿз халқының арасындағы жетекшісі ҿз қауымының арасындағы пайғамбары 
(ҽулиесі) сияқты деген. 
 
Жҥректе қайрат болмаса, 
 
Ҧйықтаған ойды кім тҥртпек? 
 
Ақылға сҽуле қонбаса, 
 
Хайуанша жҥріп кҥнелтпек. 
 
Малда да бар жан мен тҽн, 
 
Ақыл, сезім болмаса. 
 
Тіршіліктің несі сҽн, 
 
Тереңге бет қоймаса. [2] 
 
«Талап,  ҧғым  махаббаттан  шығады…  Қашан  бір  бала  ғылым-білімді,  ақиқатты 
махаббатпенен көксерлік (кҿксеу – армандау,аңсау) болса, сонда ғана оның аты адам болады. 
Сонан  соң  ғана  Алла  тағаланы  танымақтық,  ҿзін  танымақтық,  дҥниені  танымақтық,  ҿз 
адамдығын бҧзбай ғана пайда табу мен залалдан қашуды айырмақтық  секілді  ғылым-білімді 
ҥйренсе, білер деп ҥміт қылмаққа болады. Болмаса жоқ, ең болмаса шала. Оның ҥшін кҿбінесе 
балаларды ата-аналары қиянатшылыққа салындырып алады, соңынан моллаға берген болады, 
я  ол  балалары  ҿздері  барған  болады  –  ешбір  нҽтиже  болмайды.  Ол  қиянатшыл  балалары 
талапқа  да,  ғылымға  да,  ҧстазға  да,  хаттҽ  дін  исламға  да  қиянатпенен  болады.  Бҧл 
қиянатшылар  –  жарым  адам,  жарым  молла,  жарым  мҧсылман.  Олардың  адамдығының 
кемелдік  таппағы  –  қиынның  қиыны.   Себебі  Алла  тағала  ҿзі  –  ақиқат,  растықтың  жолы. 
Қиянат – ақиқат пен растықтың дҧшпаны. Дҧшпаны арқылы шақыртқанға дос келе ме Кҿңілде 
ҿзге  махаббат  тҧрғанда,  хақлықты  таппайды.  Адамның  ғылымы,  білімі  хақиқатқа,  растыққа 
қҧмар болып, ҽрнҽрсенің тҥбін, хикметін білмекке ынтықтықпенен  табылады». Бала яки адам 
қашан  ҿз жҥрек қалауымен, ҿз ынта-жігерімен, ыждағатымен, махаббатымен ақиқатты аңсаса, 

 
98 
сонда  ғана  оның  аты  адам  болады.  Сонан  соң  Алланы,  ҿзін,  дҥниені  таныса,  ол  –  ТОЛЫҚ 
АДАМ. [2] 
 
Абай ғылымның 3 тҥрін атайды: 

 
Алланың ғылымы; 

 
Ҿзін-ҿзі тану ғылымы; 

 
Дҥниені тану ғылымы. 
А.Газали «Ихья ғулум ад-дин»  еңбегінен:  Алла Тағала білімді  «нҧр», рух(шабыт) жҽне ҿмір 
деп атаған. Алла Тағала:  «Оларды тҥнектен жарыққа алып шығады»,  - дейді. [4] Бҧл жердегі 
«жарық» пен «түнек» ҧғымдар білімділік пен надандық деген мағынаны білдіреді.  
Біз  осы  нҧр,  рух,  махаббат  арқылы  Алланы  танимыз.  «Алла  тағалаға  ҧқсай  алам  ба  деп, 
надандықпен  ол  сҿзден  жиіркенбе,  ҧқсамақ  –  дҽл  бірдейлік  дағуасыменен  емес,  соның 
соңында болмақ. Оның ҥшін Алла тағаланың сипаттары:  

 
Хаят (ҿмір, тіршілік),  

 
Ғылым; 

 
Қҧдірет (кҥш, қҧдірет); 

 
Басар (тҥсіну, білу, қабылдау); 

 
Сҽмиғ (естуші, тыңдаушы) Алла тағаланың есімінің бірі; 

 
Ирада (тілек, мақсат, қалау); 

 
Кҽлам (сҿз, тіл); 

 
Тҽкин (тудыру, жасау, бар қылу)». 
«Ғылым  –  Алланың  бір  сипаты,  ол  –  хақиқат,  оған  ғашықтық  хақлық  һҽм  адамдық 
дҥр(адамдық  қасиет).  Болмаса  мал  таппақ,  мақтан  таппақ,  ғиззат-қҧрмет  таппақ  секілді 
нҽрселердің  махаббатымен  ғылым-білімнің  хақиқаты  табылмайды…  Алла  тағаланың  заты 
тҥгіл хикметіне ешбір хаким, данышпан ақыл ілестіре алмады. Алла тағала – ҿлшеусіз, біздің 
ақылымыз ҿлшеулі. Ҿлшеулімен ҿлшеусізді білуге болмайды». (38-сҿз) [2] 
Адам баласының бойындағы ҽділетке, ақиқатқа махаббат сезімі – жаратқан Тҽңірінің ісі, яғни 
адам баласы ҽуелден дҥние есігін махаббатпен ашады екен.  Себебі Алла тағала ҿзі – ақиқат, 
растықтың  жолы.  Қҧдай  тағала  бҧл  ғаламды  ақыл  жетпейтін  келісіммен  жаратқан.  Хаким 
ақиқатты  тануды  барлық  жаратылыстың  ҽуелі  болған  Алла  тағаланы  танудан  бастап  отыр. 
Біздің ақылымыз ҿлшеулі, олай болса, осы шектеулі ақылымен ҿлшеусіз Алланың ғылымына 
сҥйенбей  адамның  ҿзін  тануы,  ақылы  жетпейтін  келісіммен  жаралған  ғаламды  тануы  тіпті 
мҥмкін  еместігі  белгілі.  Қҧдай  тағала  ешбір  нҽрсені  хикметсіз  жаратпады,  ешбір  нҽрсеге 
хикметсіз  міндет  жҥктемеді.  Пендесінде  ақылды  –  хҥкімші(ҥкімші),  қайрат,  қуат  –  қызмет 
қылушы еді. 
Йүгінеки  бабамыз:  «Жаратушы  Тҽңірі  де  білім  арқылы  танылады.  (Ол)  «Надандықта  қайыр 
жоқ»  деді.  Білімі  болмағандықтан  бір  қауым  халық,  Ҿз  қолынан  бҧт(пҧт)  жасап:  «Қҧдайым 
бҧл», - деді». [3] 
Ғылым – Алланы сҥюдің жолы, Аллаға жақындаудың жолы, жҽннаттың жолы, екі дҥниеде де 
сарқылмас игілік пен нығмет, тазалық. 
Хадисті Ҽбу һурайрадан р.л.ғ. Имам Муслим риуаят етті. 
Кімде-кім  білім  іздеу  жолына  тҥссе  Аллаһ  Тағала  оған  жҽннатқа  бару  жолын 
жеңілдетеді.  Періштелер  ғылым  ізденушінің  талабына  разы  болып,  оның  аяғының  астына 
қанаттарын жаяды. Шын мҽнінде, ғалымға кҿктегілер мен жердегілер, тіпті судағы балықтарға 
дейін  жарылқау  тілейді.  Қарапайым  мҧсылманнан  ғалымның  артықшылығы,  айдың  басқа 
жҧлдыздардан  артықшылығындай.  Ҽлбетте,  ғҧламалар  –  Пайғамбарлардың   мҧрагерлері. 
Пайғамбарлар  мҧраға  динар  немесе  дирхам  қалдырған  жоқ,  ғылымды  мҧраға  қалдырды. 
Кімде-кім Пайғамбарлардың с.ғ.с. мирасын алса, мол ҥлесті алған болады.‖ [7] 
Ал «Ақиқат сыйында»:  
 
Білімді  кісі  білімнің парқын  айырады.  Білімнің  пайдасын,  уа,  досым,  білімді  біледі.  Білім 
қадірін  адамға  білім  білдіреді.  Білімсіз  ноқай(монғ.  Ит)  білімді  не  қылсын.  Білімдінің  сҿзі 
ҥгіт,  насихат,  ҥлгі-ҿнеге,  Білімдіні  азиат  та,  араб  та  мақтады.  Малы  жоққа  –  білім 
тҥгесілмейтін мал, Қаржысы жоққа – білім таусылмайтын қаржы. [3] 

 
99 
Білімнің,  ғылымның  қадірін  тек  қана  білімді,  кҿкірегі  ояу  білмек.  Білімді  мҽңгі  мадаққа, 
байлыққа ие. Білімдінің білімі ҧрпаққа мирас, ҿнеге, таусылмайтын ғибрат. 
А.Газали  «Ихья  ғулум  ад-дин»  еңбегінен:  Алланың  елшісі,  оған  Алланың  игілігі  мен 
сҽлемі болсын! Былай деді«Алла Тағаланың бірінші жаратқаны – ақыл(нҧр, рух)». Ҧлы жҽне 
қҧдіретті  Алла Тағала:  «Ҿзімнің қҧдіретіммен жіне ҧлылығыммен ант етемін, мен ҿзім ҥшін 
сендей қымбат жаратылыс жаратпадым. Сенің кҿмегіңмен Мен аламын жҽне сенің кҿмегіңмен 
Мен  сыйлаймын;  сенің  кҿмегіңмен  Мен  сый  кҿрсетемін  жҽне  сенің  кҿмегіңмен  Мен 
жазалаймын».[4] 
Білім – Алла Тағаланың ҿзі  жаратқан жаратылыстарының ішіндегі Адамға бҧйыртқан 
ҥлкен  сыйы,  сарқылмас  кен,  ҿзге  мақҧлық  иелерінен  ажыратушы  ізгі  қасиеті.  Білім  –  адам 
баласын  Алланы  тануға  бастарлық,  пайдалы  ғылымның  жолына  жетелейтін  бағдаршамы. 
Ғылымды  меңгере  отырып,  біз  ақ  пен  қараның,  жақсы  мен  жаманның,  пайдалы  мен 
пайдасыздың парқын ажырата білеміз. Білім – Алла Тағаланың адам баласына жіберген, тарту 
еткен  сый-сияпаттарының  ішіндегі  ең  ҧлысы,  қҧндысы.  Білімнің  артықшылығы  туралы 
хадистерде былай делінген:  «Егер сен таңертең тҧрып Аллаһ тағаланың Кітабынан (Қасиетті 
Қҧран  Кҽрімнен)  бір  аят  ҥйренсең,  ол  жҥз  рҽкҽғат  намаз  оқығаныңнан  артық.  Егер  сен 
таңертең ерте тҧрып, амал етілетін немесе амал етілмейтін білім ҥйренсең, ол сен ҥшін мың 
рҽкҽғат намаз оқығаныңнан артық!», - деді. Демек, пайдалы білімнің артықшылығы соншалық 
– мың рҽкҽғат намаз оқығаннан да артық, жоғары.  
 
Қолданған әдебиеттер тізімі 
 
1.
 
Абай Қҧнанбайҧлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т1: Ҿлеңдер мен 
аудармалар. – Алматы: Жазушы. –2005–296 бет. 
2.
 
Абай Қҧнанбайҧлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т2: Ҿлеңдер мен 
аудармалар, поэмалар, қарасҿздер. – Алматы: Жазушы. –2005–336 бет. 
3.
 
Ҽдеби жҽдігерлер. Жиырма томдық. 6-т. Ақиқат сыйы. – Алматы: «Таймас» баспа ҥйі,  
2008. – 488 бет. – (Ҽдеби жҽдігерлер) 
4.
 
Ихьяғулум ад-дин/Возрождение религиозных наук. Т1. – Москва: Нуруль Иршад. –
2007. – 585 стр. (Аль-Газали) 
5.
 
Кҿпейҧлы М.Ж. Кҿп томдық шығармалары. 1- том. – Алматы: «Алаш». –2008 бет. 
6.
 
www.kuran-kitap.kz
 
7.
 
www.al-hanifiya.kz
 
 
 
УДК 82-14 
АЙТЫСТЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ ЖҼНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ СИПАТЫ 
 
Нуриманов Б. Т., 
iman.kz@mail.ru
 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана  
Ғылыми жетекшісі –  А.Д.Ҽлтай 
 
Қазіргі айтыс туралы  айту ҥшін ҽуелі  оның бастауы мен даму жолдарына ҥңілген жҿн. 
Сонда  барып  қазір  айтыстың  қандай  деңгейге  жеткенін  байқаймыз.  Ҿйткені,  айтыс  бірден 
қалыптаса  қойған  жоқ,  тамыры  тереңде.  Сонау  ықылым  замандағы  тҧрмыс-салт  жырларынан 
бастау  алатыны  белгілі.  Кҿнеден  келе  жатқан  «жар-жар»,  «бәдік»  жырлары  міне,  осының 
дҽлелі.  Бҧған  айтысты  зерттеген  барлық  ҽдебиетші  ғалымдар  бір  ауыздан  келіскен.  Сонымен 
қатар,  айтыс  –  синкерттік  ҿнер,  яғни,  кҿп  қырлы.  Онда  лирикалық,  драмалық,  эпикалық 
сипаттар мол. С. Мҧқановтың «Айтыс қазақтың ескі заманнан келе жатқан ауыз әдебиетінің 
бір кең саласы» [1]
 
деп баға беруі осыны аңғартады. 
Қазақтың  ҧлттық  дҽстҥрі,  тҿл  ҿнері,  ҿшпес  мҧрасы  болған  айтыс  ежелден  ел  арасында 
ауыздан-ауызға  таралып,  кҥні  бҥгінге  дейін  жетті.  Қаншама  қилы-қилы  жолдардан  ҿтіп,  біраз 

 
100 
жағдаяттарды басынан кешірді. Мҽтіні бертін келе хатқа тҥсе бастады. Оны жинақтап, сақтап, 
ең  алғаш  зерттелуіне  ХІХ  ғасырда  Ш.  Уалиханов,  В.  Радлов,  Ҽ.  Диваев,  М.  Кҿпеев  секілді 
ғалымдар ҥлес қосты. Айтыс осылайша ғылыми кеңістікке аяқ басты. Одан ҽрі А. Байтҧрсынов, 
М. Ҽуезов, С. Мҧқанов, М. Ғабдуллин, Е. Ысмайылов, Ҽ. Қоңыратбаев, З. Ахметов секілді жҽне 
т.б. ғалымдар кеңірек тоқталып, тереңірек зерттеді. 
Қазіргі  жаһандану  кезінде  айтыс  ҿзінің  табиғи  болмысын  жоғалтпай,  ҧлттық  ҿрнегін 
айшықтап,  бояуын  қалыңдата  тҥсуде.  Қоғамға  оның  ішінде  жастар  тҽрбиесіне  ҽсері,  ҧлттың 
бірлігін, елдің тыныштығын сақтаудағы ықпалы, елдегі жҽне ҽлемдік деңгейдегі саясатқа пікір 
білдіруі,  кҿркемдік  ерекшелігі  жҽне  тағы  басқа  да  қырынан  алып  қарасаң  да,  айтыстың 
дамығанан кҿруге болады. Тіпті, дамыған техника мен жетілген технологиямен бірге жасасып, 
жаһандық  ҥдерістердің  бҽріне  тҿтеп  беріп  келе  жатыр.  Айтыс  даму  тарихында 
тыңдармандарына 6 тҥрлі жолмен жетті. Яғни, 6 тҥрлі сипатта кҿрініс берді. 
1 – тҧрмыс-салт жырларындағы айтыс. 
2  –  ақындардың  халықтың  алдында  жҥзбе-жҥз  кездесіп,  табан  асты  суырып  салып 
айтысуы. 
3 – жазба айтыс. 
4 – арнайы ҧйымдастыру жҽне сахнадағы айтыс. 
5 – экрандағы айтыс. 
6 – ғаламтордағы айтыс. 
Міне, айтыстың осы 6 кҿрінісі жаңа тҥрі пайда болған сайын қай қырынан алып қарасаң 
да  дамығанын  кҿреміз.  Бір  сҽтке  болса  да,  тоқырауға  ҧшыраған  емес.  Енді  соған  жеке-жеке 
тоқталсақ. 
 
Айтыстың бірінші сипаты 
«Жігіттер: 
Алып келген базардан қара нӛсер, 
Жар-жар-ау! 
Қара мақпал сәукеле шашың басар, 
Жар-жар-ау! 
Мұнда әкем қалды деп қам жемеңіз
Жар-жар-ау! 
Жақсы болсаң, қайын атаң орын басар, 
Жар-жар-ау, 
Қыздар: 
Есік алды қара су майдан болсын
Жар-жар-ау, 
Ақ жүзіңді кӛрерлік айнам болсын, 
Жар-жар-ау, 
Қайын атасы бар дейді осы қазақ 
Жар-жар-ау, 
Айналайын әкемдей қайдан болсын, 
Жар-жар-ау. 
Айтыс осылайша жалғаса береді, ойын қыза түседі» [2]. 
 «Жар-жар»  айтысы  екі  адамның  немесе  екі  топтың  арасында  ҿрбіді.  Оны  ешкім 
арнайы  ҧйымдастырған  жоқ.  Ҽрбір  тойларда  ҿтіп  тҧрды.  Жалпы,  мазмҧны  ата-анасынан  ҧзап 
бара  жатқан  қыздың  жабырқау  сезімі  мен  оны  жҧбатып,  сабырға  шақырған  қарсыластың 
сҿздерінен қҧралды. 
Айтыстың екінші сипаты 
Ақындардың  халықтың  алдында  жҥзбе-жҥз  кездесіп,  табан  асты  суырып  салып 
айтысуы. Бҧл – айтыстың тҧрмыстық деңгейден рулық деңгейге кҿтерілген кезі. Жҽне ең ҧзақ 
уақытты қамтиды. Бҧл айтыстар жҽрмеңкеде немесе той-томалақтың, астың ҥстінде халық кҿп 
жиналған  жерлерде  болды.  Мҧнан  басқа  ел  аралап  жҥрген  серілердің  тҥскен  ауылдарының 

 
101 
ақындарымен  немесе  бір-бірін  арнайы  іздеп  барып  айтысқанын  тарихтан  білеміз.  Бҧл  жыр 
додаларында рулық дҥрдараздық, жыныстық кемсітушілік пен жеке бас мініне тиісу кҿп орын 
алды.  Оған  ҽсіресе,  XIX  ғасырда  ҿмір  сҥрген  Орынбай,  Шортанбай,  Шҿже,  Сҥйінбай,  Балта, 
Кемпірбай,  Серҽлі,  Тоғжан,  Тезекбай,  Қалдыбай,  Жамшыбай,  Жанақ,  Ақан  сері,  Біржан,  Сара 
секілді  аузымен  қҧс  тістеген  ақындардың  сҿз  сайыстарын  мысал  ретінде  алуға  болады.  Бірақ, 
бҧл  додаларда  халық  қазіргідей  кҿп  жиналды  дей  алмаймыз  жҽне  оны  сол  жерде  отырғандар 
ғана кҿре алды. Кейін ауыздан-ауызға тарап, бертінде хатқа тҥсті. Ертеректе ҧйымдастырылуы 
жағынан  ауқымды  болған  айтыстың  бірі  –  1847  жылы  Қырғыздың  бай  шонжар  манабы 
Орманханның  шешесіне  берген  асындағы  Сҥйінбай  мен  Қатағанның  сҿз  сайысы.  Оны  асқа 
жиналған екі елдің халқы тамашалады. Бҧған дейінгі ҿзіміздің елде болған айтыстар ру аралық 
деңгейде  болатын.  Ал,  бҧл  Халықаралық  дҽрежеде  ҿтті.  Жҽне  екі  елдің  намысы  ортаға 
салынды. 
 
Айтыстың үшінші сипаты 

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал