ТҼУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ РОМАНЫ
(ДИДАР АМАНТАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ)
Сағынова Ж. А., juldizai9292@mail.ru
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана
Ғылыми жетекші - Л.А.Серғазы
«Тҽуелсіздік тудырған романдар». Атына қарап, бҧл – азаттық алған жылдарда жазылған
романдар деп ойлап қалмаңыздар, бҧл – тҽуелсіздік жылдары туған қазақ романдарының
тақырыбы мен кҿркемдік-идеялық ерекшелігі, кейіпкерлер жҥйесіне талдау жасаған
зерттеуіміз. Дҽл осы зерттеу арқылы егемен ел атанғалы бері қазақ қаламгерлері не жазды,
қалай жазды, тоқсаныншы жылдардан кейін жарық кҿрген туындылардың тҿл
ҽдебиетімізден алар орны қандай деген сауалға жауап алуға болады.
Ҧлттық ҽдебиетіміздің даму жолына кҿз жіберсек, оның кезең-кезеңдерін, сол
кезеңдердің ҿзіне тҽн басты ерекшеліктерін кҿреміз. Айталық, ежелгі дҽуір, қазақ хандығы
дҽуірі, одан бергі ХІХ ғасырдағы ҽдеби дамуды ҥлкен бір дҽуір деп жҥйелесек, екінші
137
дҽуір ҧлы ҿзгерістерге, дҥрбелеңге толы болған ХХ ғасыр. Тарихи оқиғаларға толы болған
бҧл ғасырдың ҿзінде ҽдеби даму бірнеше кезеңге жіктелді. Атап айтар болсақ, ХХ ғасырдың
бас кезіндегі ҽдеби даму, осы ғасырдың 20-30 жылдарындағы ҽдебиет, 40-60 жылдардағы,
60-90 жылдардағы ҽдебиет деп жіктелсе, одан кейінгі кезең тҽуелсіздік ҽдебиеті деп
ерекшеленеді. «Ал тҽуелсіздік кезеңінің ҽдебиеті кеңестік жҥйе қҧлағаннан кейін қатаң
идеологияның қыспағынан босап, еркін тыныстаған елдің ҧлттық болмысы мен рухын
жаңғыртып, жаңа заманға лайық туындыларымен ерекшеленеді. Ҽдебиеттің тҥрлі жанрында
дамудың жаңа бағыты, тың арнасы болды. Ғасыр басында арыстарымыз арман еткен
азаттық, егемендік қазақтың басына бақ болып қонған тҧстан тҿл ҽдебиетіміздің де
болмыс-сипаты тҥрленді» дейді ҽдебиеттанушы Жанат Ҽскербекқызы.
Академик Рымғали Нҧрғали кезінде «Қазақ ҽдебиетінің алтын ғасыры» деп ҽйгілеген
ғасырдағы қазақ ҽдебиетінің басында Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жҥсіпбек, Бейімбет,
Ілияс, Мҧхтар сынды арыстар тҧрса, «алдыңғы толқын ағалар» арқалаған ҽдебиет жҥгі
кейінгі алыптар тобына аманатталды. Даму осылай ҥзіліссіз жалғасып келеді. Саясат
қысымымен айтарын ашып айта алмаған қаламгерлеріміздің ішінде тҧншыққан мҧң мен
қасірет (оны жазушыларымыз уақытында астарлы мҽтін, мҽнді тҧспал, жанама тақырыптар
арқылы аңғартып келген) тҽуелсіздігімізді алған кезде ҿлең болып ҿрілді, қара сҿз болып
тҿгілді.
Арқалар жҥгі ауыр, тынысы кең роман жанры замана шындығын, тарих тағлымы мен
халық рухын бейнелеуде ҿз міндетінен жаңылмады. Кешегі кҥні айтылмай келген ащы
шындық, ел тарихындағы ауыр кезеңдер тҽуелсіздік тудырған романдардың негізгі ҿзегіне
айналды. Елден ауа кҿшкен қарапайым халық тағдыры, елім деп еңіреген арыстар қасіреті,
кеңестік жҥйенің қитҧрқы саясаты мен қысымы – жазушыларымыз жеріне жеткізе толғап,
шеберлікпен бейнелеген тақырып болды. Сондай-ақ шығармашыл тҧлғаның қат-қабат
болмысы мен ерте кҥннің ел қорғаған қаһармандары, бҥгінгі заманның тағдырлы пендесі, Сіз
бен біздің замандасымыз тҽуелсіздік романдарының орталық тҧлғасына айналды.
Тҽуелсіздік жылдарында жазылған романдарға, айталық, қиын тағдыр кешіп,
атажҧрттан алыста демі ҥзілген қаламгерлер Қ.Шабданҧлының «Қылмыс», Х.Оралтайдың
«Елім-айлап ҿткен ҿмір», ҽдебиетіміздің кҿрнекті тҧлғаларының бірі М.Мағауиннің
«Жармақ», тҽуелсіз қазақ ҽдебиетінің жаңа ҿкілі Д.Амантайдың «Шайыр мен Шайтан»,
«Тоты қҧс тҥсті кҿбелек» т.б. романдарын атауымызға болады.
Біз ҿз зерттеуімізде тҽуелсіздік жылдарындағы романдарды ҽрбір кезекті
баяндамамызда талдап, талқылап жариялауды жҿн кҿрдік. Бҥгін тҽуелсіз қазақ
ҽдебиетінің жаңа ҿкілі Дидар Амантайдың романдары жайлы сҿз болмақ.
Д.Амантай – қазіргі қазақ ҽдебиетінде «нағыз» модернист, ҽрі постмодернист ретінде
бағаланып, шығармалары ҽдеби сынды «шулатып жҥрген» жазушыларымыздың бірі. Қазіргі
таңда Д.Амантайдың туындыларына екі тҥрлі, бір-біріне қайшы келетін кҿзқарас
қалыптасқан: бір топ – оның тілі қасаң, шығармаларының кҿркемдігі тҿмен, мағынасы
ауыр, кірме эпизодтар мол, тҥсіну қиын деп жатса, екінші топ – туындылары астарлы,
алыстан
орағытады,
философиясы
терең,
кҿп
қабатты
деп
мақтап
жатады.
Д.Амантай шығармашылығы мен ондағы постмодернистік сарын туралы Б.Майтанов,
З.Серікқалиев, Г.Бельгер, Ҽ.Бҿпежанова, Т.Ҽсемқҧлов, Л.Сафронова, т.б. бірқатар
ҽдебиеттанушылар мен сыншылар ҿз пікірлерін білдірді. Д.Амантайдың кҿркемдік ҽдісіне
нақты сипаттама беру мақсатын алға қоймағанымен жекеленген зерттеу мақалаларында
жазушы шығармаларындағы модернизм мен постмодернизм поэтикасына қатысты тҧстары
ғана талданды.
Қазіргі ҽдебиеттегі автордың, жазушының орны туралы ҿз кҿзқарастары Д.Амантайдың
бірқатар эсселерінде кҿрініс берген. «Ҽдебиеттің ролі» эссесінде «жоғарғы мҽдениетті
транзитті экономиканың қҧрбандығы» [1, 20] деп бағалай отырып, мҽдениетке қамқорлыққа
алып, кітап бастыру дҽстҥрлерін сақтап қалуға шақырады. Зерттеуші Л.Сафронова: «жазушы
138
модернистік идеологияны ағартушы, суреткер-реалист, сонымен қатар суреткер-романтик
позицияларымен қатар ҧстанады» [2, 89] – дейді.
Д.Амантайдың шағын ғана «Гҥлдер мен кітаптар» романы ҽдеби сында ҥлкен қарама–
қайшылықты пікірлер тудырды. Д.Исабеков оны «роман емес» деп бағалады. Г.Бельгер
романды, тҧтастай алғанда, «астар мен толғаныс, ҥзілген сҿз, мозаикалық баяндауға, бір-
бірімен қиысуы қиын ҽркелкі эпизодтарға» қҧрылғанын айтады [3]. Ҽрине, бҧл бір жағынан
шығармаға қҧрылымдық ҿзгерістер енгізуге ҧмтылатын жазушы жаңашылдығымен,
ізденістерімен де ҧштасып жатыр.
Ҽ.Бҿпежанова Дидар Амантай шығармашылығының «кҿзге ҧрмайтын пҽлсапалық
қҧрылымымен» жҽне «жасампаз сҧхбаттастық сипатымен» ерекшеленетініне назар аударады
жҽне жазушы туындыларына тҽн осындай қасиеттердің кҿркем кҿріністері – жазушының
жаңа заман талабына сай «Мен Сізді сағынып жҥрмін» атты повесі мен «Гҥлдер мен
кітаптар» романында айқынырақ танылғанын жазады. «Гҥлдер мен кітаптар» романын
кҿлемі шағын, бірақ «конструкциясы ҿте дамыған – бірнеше идеяны қат-қабат алып жҥретін
шығарма» ретінде бағалайды. [4, 12].
Роман сюжетіне келер болсақ, бас қаһарман - Ҽлішер есімді жазушы жігіт ҥлкен кітап
жазу мақсатын алға қояды. Шығармада қатар жатқан қос ҽлем бар - Ҽлішерге қатысты
бҥгінгі кҥн оқиғалары мен ықылым замандардағы тҥркілердің кҿне тарихын қозғайтын ҿткен
кҥн оқиғалары кезектесе дамиды, яғни сақ ҿркениеттері мен бҥгінгі мегаполис болмысы иық
тҥйіскен. Романның алғашқы «Ҽлішер» тарауы бҥгінгі кҥні, яғни жиырма бірінші ғасырда
Ҽлішердің ойындағы кітабын жазып бітіруге бар жанымен қҧлшына кіріскен қаракетінен
басталады. Қаһарман тҥс кҿреді: «Жорғалап келе жатып ол жердің иісін таныды, кітап иісі
шығады. Кҽдімгі шаң-топырақ басқан сарыала қағаздың таңсық иісі тап иегінің астынан
аңқып тҧр...» [5, 3].
Тҽңіріні іздеп жҥрген Ҽлішердің бҥкіл ойы - қалайда ҿз бетінше жол салған, ҿзгеше
ҿлшемді «Тҽңірі кітабын» жазып бітіру. Сол кітапты жазу барысында қаһарманның кҥдік пен
кҥмҽнға толы сергелдең кҥй кешуі, ҿмірде жолы болмай, жалғызсыраған, кҿңілі толмаған,
тіпті тҥңілетін кҥнделікті ҿмірі, таныс жҽне бейтаныс адамдармен кездесуі, ҽңгімелесуі
бҥгінгі ҽлем бейнесімен байланысты. Екінші ҽлем қаһарманның кітабында кҿрініс табатын,
оны санасында бейнеленіп жатқан кҿне тҥркілердің тарихын, аңызды қозғайды.
Жазушы жігіттің рухани ізденістері, ҿмірлік мҧраты - ҿзінің тҥп негізін табуға
бағытталған. Ол ҿз кітабында кҿне тҥркілердің сонау ерте замандардан бастап осы кезеңге
дейінгі жалғастығын, ҥзіліссіз тарихын сомдауға бар кҥш-жігерін жҧмсайды. Романның
екінші желісі де жазушының осы ҧмтылысы жҥзеге асқан тарихи аңыз сілемдерімен
байланысты дамиды. «Мҧса», «Ғайса», «Мҧхаммед», «Заратуштра», т.б. тарауларында қазақ
даласына келіп орныққан діндердің тарихына шолу жасайды, тҥркілер арасындағы алғаш
пайда болған кҥнҽ, ҿлім, т.б. рухани категорияларға негізделген аңыздарға иек артады.
Д.Амантай романын зерттеушілер модернистік жҽне постмодернистік эстетикамен
ҧштастырады. Ғалым Б.Майтанов: «Автор баяндау барысын кҥлт ҥзіп, кенет кҥтпеген
философиялық пайымдау сарынына тҥсе салады да, одан тағы оп-оңай шығып кетеді,
ҽдеттегі ҿмір кҿріністерін ҥзілмелі кескінде бейнелеуге кҿшеді... Д.Амантай
шығармаларында аллюзия, интертекст, реминисценция жҽне «сана ағымының» автор
еркіндігімен сабақтас тҥрі елеулі философиялық, тҧрмыстық, эзотериялық мҽселелерді
постмодернистік поэтика ауқымында қарастыруда зор стильтҥзушілік роль атқарады» - дейді
[6, 64-65]. Жазушы шығармалары тҥрлі туындылардан алынған фрагменттерден
қҧрастырылғандай ҽсер қалдырады. Шығармалары кҿбінесе кҿлемі шағын болып келеді.
Дҽстҥрлі мағынадағы сюжет ҥлгісі кездеспейді.
Алайда осы шығармада модернизммен трансформацияға тҥскен романтикалық таным
іздері де байқалады. Бҧл тҧрғыда қаһарман дҥниені, ҽлем бейнесін руханиятпен
байланыстырады. Ол қазіргі қоғамда кітаптың қадірі болмай, кітаптың кҥні ҿткеніне
қынжылады. Кезінде кітапқа бас иген, кітапты қадірлеген адамдар оған «сатқындық»
139
жасады. Кітаптың бҥгінгі қоғамда аяқ асты болуы Ҽлішердің жеке ҿміріндегі трагедияға
айналады.
Постмодернизм эстетикасы ҧстаздық тағылымдардан, идеалдардан бас тартса, қаһарман
ҥшін идеал - кітаптар мен гҥлдер. Романтизм эстетикасында гҥлдер қашанда сҧлулықтың,
сезім тазылығының символына айналады. Гҥлдер Ҽлішер ҥшін сҧлулық символы, ал кітаптар
- ҿнер символы. Оның шығарма тақырыбына арқау болып отырғаны да осы себептен.
Қаһарман бҥкіл ҽлемде ҿзін жалғыз сезінгенде, ҿмірден баз кешкенде, оның басты серігі,
кҿңіліне медет тҧтары - кітаптары мен гҥлдері. «Жаратылыстың барлық тҥрі кітапқа ену
ҥшін жаратылған, депті ҽсемдікке ғашық Малларме. Кез-келген кітаптың асқақ мҧраты елге
танылу болса, онда қалам жазған ойдың алдымызға сырғытып отырған тҧжырымында адал
ниет жоқ» [5.41], «Асқақ кітап, ең алдымен, кісіліктің белгісі» [5, 42].
Авторланған Ҽлішердің «Гҥлдер» тарауындағы гҥл туралы толғаныстарында да
романтикалық элементтер ҧшырайды: «Ол гҥл туралы толғанды. Кҿздің жасы тҽрізді
домалап асқар биіктен кҥннің дҽмі шҽрбҽт нҧры тамады, тамған нҧрдан жаралып, періштеге
айналған жарықтың бҧла еркесі дҥниеге қҧшағын ашып, ҧяң жҥзбен иіле қарайды. Тҿңірек
жез қанат қырғауылдың ҽдемі кҥлкісінен ертегінің еліндей шексіз қҧлпырады. Ескі заманда
шайыр қызды сҧлуын гҥлге теңеді. Қазір ол ізгіліктің бейнесіне айналып отыр. Қасірет
шегіп, бейнет кҿргенде, шындықты танып, бақыт кешкенде, сіздің іргеңізден ҧдайы гҥл
табылады. Қайғыңызға ортақтасады, қуанышыңызды бҿліседі, жалғыздықта серік болады...
Шҿл дала ма, таулы қырат па, қҧнарлы ҿлке ме, перизат гҥл аспанға қарап алақанын жаяды.
Сонау жоғарыдан қҧлдилап қҧлаған бір кҥндік сҽуле молынан тҿгіліп, ҥлбіреген қауыздың
ішіне толады. Ҥстірттен тапқан шақпақ алтын қҧсап, жарқырап келіп шашақ себетіне
кҿлденең шағылып, айналасына бҧрқырап шашырады Ҿңі қашқан реңсіз топырағына киелі
шапағаты тиеді» [5, 52] деген толғаныстың романтикалық бояулары жоқ деп кҿріңіз. «Гҥл,
бірінші кезекте, ҽуен. Ҿз орнын тапқан ҽсемпаз паң асқабы гҥл кҥннің нҧры қҧйылған нҽс
бҿлмеде ғажайып ҥндестікті туғызады. Қас ҽдеміліктің ҿлшемі гҥл» «Гҥл – азаттық пен
жалғыздықтың жалауы. Азаттықты іздеген жалғыздықтан жеңіледі. Гҥлде сол бір жасырын
мҧң бар, сол бір жасырын мҧң гҥлге талмай қадалып ҧзақ қараған соң, сізге кҿшеді, кейін
қанша қуансаңыз да, сізден шыққан кҥлкі тереңдігі кҥрсіністі жасыра алмай, бетіңізде
жҥгірген ізінің ҽйтеуір бір жерінен алаң кҿңілді белгісін беріп тҧрады». «Кітап ой ретінде
жалғыздықтың аясында дҥниеге келетін жҧмбақ қҧбылыс, ал, гҥлді серік іздеген жаны нҽзік
адам ҿсіреді. «Гҥл – сезімді ой тудырады, кітап – ойдың сезімін дамытады». Ҽлішердің
кітаптар мен гҥлдер туралы ой-пікірлерінде авторлық идеялар бас кҿрсетеді. Жалпы
«Гҥлдер» тарауы кҿлемі жағынан шағын болғанымен, мҧнда романтикалық кҿңіл-кҥй
ҧшқыны да, эссеистикалық, публицистикалық толғамдар, гҥлді кҥтуге байланысты
натуралистік ақыл-кеңестер де араласып кеткен.
Автор гҥлге тыңайтқыш ретінде калий тҧзын, суперфосфатты пайдалану қажеттігін, оны
қандай мҿлшерде қанша сумен дайындауға болатынын ежіктеп айтып келеді де: «Нҽзира
гҥлдің мамыражай бейқам қорғансыздығы сергек ҧйықтаған жалғыз кҿзді жалмауызды
оятады» [5, 52] деп романтикалық ҽуенге қайта оралады.
Сонымен қатар «Кітаптар» тарауында автор ҽлем ҽдебиетінде танымал жҥз шақты
кітаптардың тізімін санамалайды. «Қаламгер» тарауында да жазушыларды атап шығады.
«Гҥлдер» тарауында да бізге таныс жҽне таныс емес сал алуан гҥлдердің тҥгелдей аттарын
атап шығады. Шығарманың екінші бҿлімінде тҥркілердің ежелгі тарихы, олардың пайда
болуы туралы жиырма бес жыр кірістірілген. Бір жыр – ойлары ҥтірлермен бҿлінген бір
сҿйлемнен тҧрады» дейді автор. Ҽрине, бҧны постмодернистік танымнан тамыр тартқан
автордың рухани тҽжірибесі деп бағалауға болады. Жалпы жазушы дҽстҥрлі стильден кейде
саналы тҥрде бас тартып, ҽдеби эксперименттерге барады.
Романның қаһарманы Ҽлішер бір жағынан ҽлеммен ҥйлесім іздейді, екінші жағынан ол
«постмодернистік» дҽуірдегі адамның рухани қҧлдырауына, азғындауына алаңдайды. Содан
келіп қаһарманның жалғызсырауы туады. Зерттеуші Ҽ.Бҿпежанова Ҽлішердің мінез
ерекшелігі турасында: «Ол – адам санасының тҧтастығы жойылған, «ҽлемнің кіндігі – адам»
140
қағидасы белгілі бір деңгейде мағынасынан айырыла бастаған, бҧқаралық мҽдениеттің
«жеңіп», адамның, қоғамның ҿмірсалты, тіпті дҥниетанымы озық технологиялар аясында
қалыптасып отырған кезеңнің кейіпкері деуге болады; белгілі философ-мҽдениеттанушы
А.Наурызбаева «постгуманистік кезең» деп анықтама беретін кезеңнің кейіпкері; алайда
рухани болмысы мықты, бойына ҿз заманының да рухани-мҽдени мҧрат-идеалдарын
жинақтаған кейіпкер» деп сипаттама береді. «Романда жасампаздық рух, жанды ҽлдилер
ҽдемі бір мҧң бар» деуі зерттеушінің шығарманың романтикалық табиғатын танудан туған
байламы де қабылдауға болады.
Қарап отырсақ, Ҽлішердің бойынан жазушының жеке тҧлғасы бой кҿрсетеді. Автордың
демі, тынысы, кҿзқарасы айқын сезіледі. Д.Амантай қоғам мен жеке тҧлғаның тҧрмысында
модернизм мен постмодернизм қҧбылысының тереңдеп енуінің салдары туралы
«Таңбалардың ойыны» мақаласында: «Қазір ҿзін фҽлсафашы, ойшыл, жай ғана адам санаған
тҧлға постмодернистік нигилизм сырқатына ем іздеудің ҥстінде. Оны табамыз ба, жоқ па,
белгісіз. Бірақ ізденістің нҽтижесі қайткен кҥнде де адамзаттың тағдырына тікелей ҽсер
ететіні сҿзсіз» дейді. Д.Амантай шығармада мҽні мҽңгілік мҽселелерді сауалдар формасына
кҿмкеріп, оған жауап іздей шарқ ҧрады, қаһарманымен бірге сергелдеңге тҥседі. Сонымен
бірге ҿзінің рухани ізденістері мен философиялық толғамдарына оқырмандарын да тартып,
ортақтастырады. Осы жағынан романтикалық бейнелеу тҽсілінің ҧшқындары аңғарылады.
2011-2012 жылдары Париж, Анкара жҽне Ҧлан-Батор қалаларында қазақтың белгілі
жазушысы, қара сҿздің шебері, кинодраматург Дидар Амантайдың кезінде Алматыда жарық
кҿрген "Қарқаралы басында" атты проза кітабының француз, тҥрік жҽне монғол тілдеріне
аударылған тҽржіме нҧсқалары басылып шықты.
Парижде шыққан кітапқа "Гҥлдер мен кітаптар" романы енді, алғысҿзін біртуар ақын,
заңғар ойшыл Олжас Сҥлейменов жазды. Жалпы, бҧл кітаптың Парижде жарық кҿруіне
Олжас Сҥлейменов зор қамқорлық жасады. Қазақ тілінен французшаға тҽржімелеген -
Айтқали Бақытов, ал редакторлық жҧмысты атқарған - Франция азаматы. Кейін бҧл аударма
кітап жҿнінде мҽдениеттанушы Альбер Фишлер сыни мақала жазып, ой-пікірін білдірді.
Кітаптың тҥрікше нҧсқасы "Гҥлдер мен кітаптар" романы мен "Тҿлеутай ақсақалдың
немересі» ҽңгімесінен қҧрастырылды, аудармашысы - белгілі шоқайтанушы, қаламгер
Ҽбдіуақап Қара.
Монғолша тҽржімесіне "Гҥлдер мен кітаптар" романымен қатар бірнеше ҽңгімелер
топтастырылды, тҽржімелегендер - Жазгҥл Жҧмабай мен Нҽпіл Базылхан.
Жалпы, Мемлекеттік "Дарын" сыйлығының лауреаты, "Тарлан-Ҥміт" сыйлығының
иегері Дидар Амантайдың бҧл "Қарқаралы басында" атты кітабы - бес томдық шығармалар
жинағының алғашқы томы. Автор алдағы жылдары шығармаларын бір-бір томнан шығарып
тҧруды ҿзіне мақсат тҧтып отыр.
Ҥрімші қаласында орналасқан ҚХР Шынжаң ҿлкелік баспасы Дидар Амантайдың
"Гҥлдер мен кітаптар" романы, "Мен сізді сағынып жҥрмін" повесі жҽне отыз жеті ҽңгімесін
бір кітапқа топтастырып, баспадан шығаруды жоспарлап та қойды.
Бҥгінгі кҥні елге белгілі аудармашы Қайша Тҽбҽрікқызы Дидар шығармаларын қытай
тіліне аудара бастады. Алғашқы ҥш ҽңгімесі Қытайдың (天涯) («Tian Ya») «Қиян» атты
ҽдеби жорналына шығып та ҥлгерді.
2010 жылы Сіздердің назарларыңызға ҧсынылған "Қарқаралы басында" атты кітаптың,
сонымен қатар, қазіргі таңда орыс, испан, неміс, араб, ағылшын, парсы жҽне кҽріс тілдеріне
тҽржімҽланып жатқанын айта кеткен жҿн.
Проза, кинематограф жҽне кҿсемсҿз жанрын қатар ҧстанған Дидар Амантайдың бҧл ҥш
кітабы, бір тараптан, қаламгердің қазақ ҽдебиетінің мҽртебесін асыру, шетел оқырмандарына
таныту жолындағы жҽне, сонымен қатар, қазақ оқырман қауымы алдындағы есебі тҽрізді.
Қолданған әдебиеттер тізімі
1.
Амантай Д. Роль литературы Начнем с понедельника. – 2006, 14-20 апрель. – c. 20.
141
2.
Сафронова Л.В. Постмодернисткая литература и современное литературоведение
Казахстана. Учебное пособие. – Алматы, 2006. – 95 с.
3.
Бельгер Г. Дидардың гҥлдері мен кітаптары Аzамаt. № 26 (26), 2.09.05. – 5 б.
4.
Бҿпежанова Ҽ. Гҥлдер мен кітаптар – мҽдениет қҧбылысы Қазақ ҽдебиеті, 09.09.2005. - 12
б.
5.
Амантай Д. Гҥлдер мен кітаптар. Роман. – Алматы: Арман-3, 2003. – 108 б.
6.
Майтанов Б. Қазіргі қазақ прозасындағы жаңашыл баяндау ҥрдістері Евразия. 2005, № 2.
- 52-65 бб.
И.ГАСПРИНСКИЙ МҦРАСЫНЫҢ ҚАЗАҚ ҼДЕБИЕТІНДЕГІ ОРНЫ
Сүлейменов О. Б.,
olzhas1986_86@mail.ru
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана
Ғылыми жетекшісі - Д.Қамзабекҧлы
Қазақ халқымен тамырлас тҥркі халықтарының бірі – татарлар. Бастапқы кезде қазақ
жеріне татарлар тілмаш ретінде келіп орныққан соң, қазақ балаларына сабақ беріп, мекеме
кеңселерінде қызмет атқара бастады. Мешіт, медреселер салып, ислам діні мен мҧсылмандық
ағартушылықты кең тҥрде уағыздады.
Отаршылдық езгіден қҧтылу жолын іздеген тҥрікшілдік идеяны уағыздаған қайраткерлер
қатары дҥниеге келіп, барлық тҥркі мҧсылмандарын азаттық жолына шақырды. Тҥрікшілдік
қозғалыстың белді қайраткерлерінің қатарына қырым жҽне қазан татар ҧлттарының
азаматтары С.Мақсҧдов, Ғ.Исхаков, М.Бигиев, Ҽ.Топшыбашев тҥрік бірлігі мен исламдық
ынтымақтастықтың идеологиясы негізінде азаттық кҥресте тҥркі-мҧсылман халықтарының
саяси кҥштерін тҧтас бір майданға біріктіруді кҿздеді.
Тҥрікшілдіктің кҿш басында Қырым топырағында дҥниеге келген, Мҽскеудегі кадет
корпусында білім алып, Еуропа мен мҧсылман елдерінде болып Шығыс мҽселесімен жете
танысқан И.Гаспринский тҧрды.
И.Гаспринский Ресей мҧсылмандарының ҿзге жҧрт мҽдениетінен тҿмендігін, бҧлай бола
берсе жоғалатынын біліп, оның себебін іздеген.
Ол ҥшін:
1. Балаларды бастауыш мектепте оқыту, мектептерді заманға муафақ тҽртібіне салу, сол
тҽртіпті Ресейде жалпы мҧсылман мектептеріне жҥргізу;
2. Ресейдегі тҥрік қауымдарының ортасында бҽріне ортақ тҥсінікті ҽдеби тіл тудыру,
Еуропа ҿнер-білімін медреселерде сол ортақ тілмен оқыту;
3. Пақырлық себебінен оқусыз, білімсіз, ҿнерсіз қалуы мҥмкін болған нашарларға
қарасып, оларды да оқудан, ҿнер-білімнен махрҧм етпес ҥшін «Жамиған хабарие»-лар,
«Жҽрдем жамиатларын» ашу керек (1,360) деп ойлайды.
Ҧлттық езгіден шығудың бірден-бір жолы ҧлтшылдық деп шешкен Гаспринский
алдымен мектепті тҥзеп, ҧлтшылдық тҽрбиесін мектептен бастау керектігіне жҽне тҥрік тілі
мҽселесіне баса назар аударады.
Тҥркі тілдес мҧсылман халықтарының мҽдени бірігуіне алдымен араб алфавитін тҥркі
халықтарының тіліне лайықтап, дыбыстың естілу ерекшеліктеріне сҽйкес бір ізге тҥсірілген
жазу «усул жҽдитке» кҿшуді ҧсынады.
Алаштанушы ғалым Д.Қамзабекҧлы ол туралы: «Бҧл жҥйе «усул жҽдит» деп аталады
(усул
‒ ҽдіс деген сҿз). Қырымдағы Бақшасарайдың Зинджирлы медресесінде басталған осы
жаңаша оқыту ҽдісі санаулы жылдарда Ресейдің кҥллі мҧсылман аймағына, тіпті шетел
‒
Ҥндістанға дейін тарайды», - дейді (2,55).
И.Гаспринскийдің туындылары зерттеліп қаралғанда, ҥш негізгі тақырып назарға тҥседі.
Бҧлар батыстың жаңа жҽне пайдалы пікірлерін ҥйреніп, мҧсылман ҽлеміне тарату, білім
жҥйесін жаңа ҽдістерге орай жаңалау жҽне Османлы тҥрікшесінің бҥкіл тҥркі ҽлемінде
тҥсінікті болатындай ортақ ҽдеби тіл болуын қамдау. Ол ҿмірі бойы Османлы тҥрікшесінің
142
барша тҥрік тҥсінетін ортақ ҽдеби тіл ретінде қабылданып, қолданылуы ҥшін жҧмыстанды.
Бірақ оның қалағаны шетелдік сҿздермен араласқан османлыша емес, халық жақсы тҥсінетін
жҽне шет тіл сҿздерінен тазаланған османлы тҥрікшесі болатын.
Оның ыдыраған тҥрік халықтарын жақындастыру ҥшін ойластырған қҧралы жоғарыда
айтқанымыздай ортақ ҽдеби тіл болатын. Осы жолда кҿп кҥш жҧмсалды. Алайда, ортақ
ҽдеби тіл ҥшін Қырым татар тілін таңдауы дҧрыс емес болатын.
Ахмет Байтҧрсынҧлы қазақ халқының бҧрыннан қолданып келе жатқан араб ҽріпті
ҽліпбиді ана тіліміздің табиғатына сҽйкестендіріп, жаңа ҽдіс қҧрған кезінде оған қарсы
шыққандар аз болған жоқ. Ҽртҥрлі зиялылар арасында да пікір қайшылықтары болды.
Ж.Шияшев «Айқап» журналында «Бірге қозғалайық» деген тақырыпта мақала жариялайды
(3,106). Бҧл мақалада Ахмет Байтҧрсынҧлының татарлардың жол кҿрсетушілігін
қабылдағысы келмегенін жҽне бҥкіл тҥрік халықтары ҥшін ортақ тіл ҧсынысынан қашып,
қазақ халқын бҿлек ҧстағысы келгенін жазды. Бҧған А.Байтҧрсынҧлы былай деп жауап
береді: «Тҥрік тілінің бҽріне қомуми емле болу керек десек, тҥріктің қай баласында азбаған
тҧнық тіл, тҥзу емле қазақта боларға тиісті. Неге десек: ата кҽсібін тастамай істеп келе
жатқан – қазақ. Басқа жҧртқа араласпай, ҿз алдына оңаша, оқшау жҥрген – қазақ. Жат
жазудың ыңғайына қарап, басқалардан тілін бҧзуға, арасына жазу жайылмаған тҥрік баласы
– қазақ...
Егер де Гаспринскийдің сҿзін тірілтеміз десек, ҧлығ іс ҥшін ҧсақ намысты қойып,
тҥріктің тҧнық тілін, тҥзу емлесін алу керек. Азбаған асыл тілден емле шығарып, соған қарап
басқа емлелерді тҥзету керек.
Ақтығында айтатыным: бҧл кҥнде жазылып жатқан кітаптарда, газеттерде, журналдарда
қазақ тілінде болсын, татар тілінде болсын анықталған қағидалы емле деп айтуға да жол жоқ.
Тҧтынып жҥрген емлеміз сап тҥзеген солдаттардай болғанша, мҧндай сҿзді қозғау
тҥзелуімізге себеп болады», - дейді [4,247-251].
Исмаил Гаспринский 1883 жылдан бастап ҿзі тҥзген ҽліпби негізінде «Тілде, істе, пікірде
бірлік» деген ҧранмен «Тҽржіман» газетін шығарып, мҧсылман халықтарын саяси оянуға
шақырады.
Ол туралы Ҽ.Бҿкейхан: «Исмайыл мырза «Тҽржіман»-ды ҿзі жазған, баспаханада харіпті
ҿзі тізген, мҽшинҽда ҿзі басқан, газетаны ҿзі бҥктеген, шаһардағы алушыларға ҿзі ҥлестірген.
Сҿйтіп бейнеттеніп жҥріп «Тҽржіман»-ның бір жағын орысша, бір жағын тҥрікше толтырып,
жеті сайын шығарып, таратып тҧрған», – деп [1,363-364] оның газетті оңайшылықпен
шығармағанын, газет шығару ҥшін қанша бейнеттенгенін атап ҿтеді.
Баспа ҥйін ашу, қағаз бен сия сатып алу, мақала жазу, газетті басу бір басына жҥктеледі.
«Тҽржіман» бастапқыда аптасына бір рет шықса, кейіннен кҥн сайын шыға бастайды. Газет
шыға бастаған кезде кҿпшілікті қызықтыратын, ҿзекті мҽселелерді терең талдап, халыққа
жариялап отырады. Ақиқатты бҧлтартпасыз жазатын жҽне халықты ойлануға шақыратын
газет ҥкімет жауаптыларына ҧнай қоймайды. Баспа ҥйі мен басушыны тексерулер, жазалау,
тінтулер болады. Бірақ, бҧлар Исмаил мырзаны тоқтата алған жоқ, қайта жігерін жанып,
кҥшіне кҥш қосты.
Исмаил мырзаның бір ерекшелігі оның бірнеше тілді меңгергендігі болып табылады.
Барлық тҥрік тілдерімен қатар орыс жҽне француз тілін де жетік білетін.
Бірнеше тілден аударып «Тҽржіманда» жариялаған бірқатар хабарлары арқылы бҧлай
жасай алмаған бауырларына кҿп кҿмек тигізді. Қазан тҿңкерісіне дейін «Тҽржіман» секілді
ҧзақ мерзім, яғни 33 жыл бойы басылған басқа тҥрік-мҧсылман газеті жоқ. Газет барлығы 35
жыл басылды, бҧл жылдары тҥрік жҧртына қызмет етті.
«И.Гаспринский «Тҽржіман» газетінің 1913 жылғы №218 санында «Білесіздер, топырақ -
Алла емес, бірақ Алланың жаратқан нҽрсесінің ең оңдысы, ең қадірлісі, жанға саясы, жҧртқа
панасы. Адам
‒ мақҧлықтардың қҧрметтісі, артығы дейсіздер. Қҧдай тағала адамды
алтыннан жаратқан жоқ, баяғы жақынға сая, жҧртқа пана болған топырақтан жаратты.
Алтын да топырақтың қҧтымен болған нҽрсе. Жанға қҧт беретін, ғҧмырға берекет беретін,
арысаң ат, ашықсаң
‒ тамақ болатын ТОПЫРАҚ, ТОПЫРАҚ жҽне ТОПЫРАҚ! Айтып-
143
айтып келіп, мынаны айтамын, шырақтарым. Бақ болсын, бақша болсын, қара болсын, тақыр
болсын, тас болсын, қолыңа тиген топырақтан айырылма! Мойындарыңдағы парыз осы!»
деп жерінен айрыла бастаған қазақ, қырғыз, башқҧрт бауырларына қарата айтты» деп жазады
А.Мектептегі «Тҥркістан» газетіндегі мақаласында [5].
Бҧл жан айқай жайлы Сҧлтанмахмҧт Торайғырҧлы «Суыққа тоңып ыстыққа піскен, ащы-
тҧщыны ішкен дегендей кҿпті кҿрген қариямыз «Тҽржіман» ақсақал 1331-інші номерінде
жерді шарт жҥгініп қолындағы мойыл таяғыменен жерді сабап, «Қазақ, қырғыз, башқҧрттар-
ау. Топырақ. Топырақ. Топырақ» деп сақалынан суы сорғалап бай-байлап отыр» [6,136] деп
оның сҿздерінің қазақ ақсақалдарына ҧқсамайтындығын, қҧрметке бҿлену ҥшін айтылған
жалаң, екіжҥзді, бос сҿздер еместігін, қолымен ҧстап, кҿзімен кҿрген жҽне басынан ҿткізген
ащы тҽжірибемен, ашына айтылған сҿзге ҧқсайтындығын қазаққа тағы да қайталап айтып
жеткізеді.
Тҥркі халықтарының тағдыры, тілі, діні, салт-дҽстҥрі, тарихы, ауыз ҽдебиеті, аңыздары,
мақалдары, ойшылдары, хандары жҽне батырлары газеттің қозғаған маңызды мҽселелері
болып табылады. Бҧл мҽселелердің кҿпшілігінің қазірдің ҿзінде маңызын жоғалтпағанын
жҽне ҿзектілігін білеміз. Кедергі қойылғанына қарамастан «Тҽржіман» қазақ халқының
мҽдениеті мен тарихымен де айналысты.
«Біздің Қырым жақта екі тҥрлі халық бар болатын. Біразы кҿшпенді еді. Солар жҥз
жылдың ішінде тарих бетінен жоғалып кетті. Ал, егін, бақшамен кҥн кҿріс жасағандар
сақталып қалып, олардың сандары арта тҥсті.
Қҧдайға шҥкіршілік, Торғай қырғыздарының ішінде егін ісімен айналыса бастағандар
кҿп. Сырдария уҽлҽяты, Ташкент жҽне Шымкент қалалары қазақтарының арасында да бҧл іс
қолға алына бастады. Қырғыз-қазақ бауырларымыз ҽрдайым аман-саулықта болсын» деп
[7,360] егіншілікпен айналысып, отырықшылыққа бет бҧрған қазақ халқының ісіне қуанады.
Сонымен қатар қазақтардың жер мҽселесіне бей-жай қарамай, ҿз ойын білдіреді:
Достарыңызбен бөлісу: |