Библиографический список:
1.Комитет по статистике Министерства национальной экономики РК. http://www.express-
k.kz/news/
2.Анарбек Н. Образование: мировой тренд в Казахстане. http://www.altyn-orda.kz
3.Едрисов А. Т. Тенденции высшего образования XXI века. https://i-news.kz/news/
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТІНДЕГІ
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ІСКЕ АСЫРУ ƏДІСТЕРІ
Арыстанбеков А.М, з.ғ.д., доцент, заң пəндер кафедрасының пофессоры,
Қарағанды Болашақ Акадамиясы.
Нарық дегеніміз – сатушылар мен сатып алушылар араларындағы экономикалық
қатынастар. Оның негізгі элементтері сұраныс (сұраным), ұсыныс (ұсыным) жəне баға болып
табылады. Нарық жəне нарықтық қатынастар жағдайында құқық пен мемлекет экономикаға өз
ықпалын тигізеді. Бір жағынан алғанда экономиканың даму заңы объективтік заңдылық ретінде
болады. Құқық пен мемлекет оларға жанамалай ықпал етеді. Басқа жағынан алғанда осы
заңдылықтарды мемлекет құқық нормалары түрінде баянды етеді. Осының өзі арқылы
экономикаға шешуші ықпал тигізеді. Экономиканың басым бағытттары мемлекетті тікелей
қолдайды, ал мемлекет болса оның басым бағыттарын дамытуға жағдайлар жасап
ынталандырады, олардың стратегиялық бағыт-бағдарын айқындап береді. Мемлекеттің
қолдауынсыз экономика тиісті түрде дами алмайды. Мемлекеттің экономика аясын бақылауы
тікелей жəне жанама түрде жүргізіледі.
Тікелей мемлекеттік бақылауға жататындары:
- қаржылық бақылау;
- экологиялық бақылау;
- санитарлық бақылау;
- өрт қауіпсіздігін бақылау;
- ақша бірлігін бақылау;
- өнім сапасын бақылау.
Осы жəне басқалай да бақылау шаралары құқықтық жəне ұйымдық түрде жүргізіледі.
Мұның өзі құқық шығармашылығы ісінде жəне құқықты жүзеге асырудың барысында
атқарылады.
Нарықтық экономикада сұраныс пен ұсынысты жəне бағаны алдын ала əрдайым болжауға
құқықтық ықпал жасаудың тиімділігі жөнінде сөз ету тіпті де артық. Мұндағы көптеген
процестерді реттеу құқықтың билігінде емес.
Сондықтан да нарықтық қатынастарды реттеудің негізгі бағыттарын құқық анықтауы тиіс,
оны дəлдеп айтар болсақ:
- Нарық дамуының мақсаты бағдарламаларды белгілеп алу жəне анықтау болып табылады.
Заңдарда оның тек қана жалпы бағдарларын нұсқап көрсетуі тиіс. Ал азаматтар үшін «заң арқылы
тыйым салынбағанның бəріне рұқсат етілген» деген қағидаттың күші басшылыққа алынуы жөн.
Ал тыйымдарды белгілеуде жəне оларды қоғамда орнықтыруда өздерінің табиғатында ізгілікке
қайшы келетін, табиғилыққа қарсы болатын жайттарды ғана тыюдың аса қажет екендігін бірінші
орынға қою қажет.
- Заңдар меншіктің барлық түрлерін баянды етуі жəне кепілдендіруі əрі қорғауы тиіс [1,
12б.]. Қазақстан Республикасы тəуелсіздік мемлекет ретінде өз алдына отау тіккелі бергі кезеңде
батыстық өркениеттің ерекше белгісі болып табылатын құкықтық мемлекет қалыптастыру
ниетінің беріктігін көрсетуде. Қазақстан Республикасының əрекеттегі Конституциясына сəйкес,
ондағы «мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы,
70
атқарушы жəне сот тармақтарына бөліну, олардын тежемелік əрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану
арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сəйкес жүзеге асырылады». Қазақстанда заң шығару
қызметі екі палатадан Сенат жəне Мəжілістен тұратын Парламентке берілген. Заңдар Парламент
Палаталарының бөлек отырысында мəселелерді алдымен Мəжілісте соңынан Сенатта өз кезегімен
қарастыру жолымен қабылданады.
Мемлекет органы – мемлекет қызметін жүзеге асыруға көмектесетін, мемлекет
механизмінің құрылымдық бөлігі болып табылатын, биліктік өкілеттіліктерін жүзеге асыруы
мемлекеттік мəжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілетін мекемелер мен жеке лауазымды тұлғалар.
Мемлекет органының өзіне тəн ерекше белгілері болады:
- мемлекеттік органдар мемлекет механизмінің дербес элементі, біртұтас мемлекеттік
ағзаның өзіндік арнаулы орнымен сипатталатын ажырағысыз бөлігі;
- мемлекет атынан жəне оның өкілеттілігімен əрекет етеді;
- мемлекеттік органдар нормативті-құқықтық актілер (конституция, заңдар жəне заңға
бағынышты актілер) негізінде құрылған жəне əрекет етеді;
- əрбір мемлекеттік орган тек өзіне тəн міндеттер мен функцияларды атқарады жəне сол
үшін тиісті нысандар мен əдістерді қолданады (биліктік өкілеттіліктерді иемденген, соның ішінде
қажетті жағдайда мемлекеттік мəжбүр ету шараларын қолдану да қарастырылған);
- мақсат ортақтығымен сипатталатын мемлекеттік қызметкерлер мен тиісті
құрылымдардан (бөлім, басқарма, аппарат, кеңсе жəне өзгелерден) тұрады;
- органдардың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті материалдық база
(құрылым, көлік, ұйымдастырушылық техникалары жəне т.б.) мен қаржылық құралдар (банктегі
есеп шоты, қажетті қаржы қорлары т.б.) берілген;
- мемлекеттік органдар белгілі бір құқықтық мəртебеге ие болады, онда берілген
мемлекеттік органның жағдайы жəне оның нақты əлеуметтік мазмұны көрініс табады;
- мемлекеттік органдардың өзіне тиісті құзіреті болады. Құзірет - ұйымның заңмен
бекітілген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Ол нақты органға немесе лауазымды тұлғаға
мемлекеттік, яки қоғамға маңызды міндеттер мен тиісті қызметтерді тиісті дəрежесінде жүзеге
асыру мақсатында беріледі;
- мемлекеттік органдар өз құзіретін үш тəсілмен:
а) нормативті актілер (жалпы сипаттағы нұсқаулар) қабылдау жолымен;
ə) құқық қолдану актілерін (жеке сипаттағы нұсқаулар) қабылдау жолымен;
б)нақты - ұйымдастырушылық əрекеттер жолымен жүзеге асырады;
- мүліктік құқықтарды жүзеге асыру барысында заңды тұлға ретінде көрінеді, яғни өз
жауапкершілігі бойынша оған сеніп тапсырылған мүлікпен жауап береді, сондай-ақ өз атынан
мүліктік жəне жеке мүліктік емес құқықтарды иемдене жəне жүзеге асыра алады, міндеттерді
атқарады, сотта талапкер жəне жауапкер бола алады;
- мемлекеттік органдар белгілі бір аумақта əрекет етеді.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында жалпы
саяси жүйені одан əрі жаңғыртудың, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың
басымдығы анықталған. Қазақстанда 2020 жылға қарай өкілді биліктің маңызы арта түсетіндігі,
үздік халықаралық стандарттарға сəйкес келетін жергілікті өзін-өзі басқару жəне азаматтық
қоғамның тиімді институттары құрылады деп күтіледі.
Қазіргі уақытта мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруда жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының қатысуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мемлекеттік басқарудың бірқатар мəселелерін
жергілікті жерде шешудің барынша орындылығымен түсіндіріледі. Өз кезегінде жергілікті өзін-өзі
басқару органдары мен мемлекеттік билік органдары арасындағы осындай өзара қатынастар
схемасы басқарудың деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлуге əкеледі, бұл ретте біздің
еліміздің біртұтас құрылымын сақтай отырып бұл органдардың өңірлік міндеттерді шешуге
бірлесе қатысуын қамтамасыз етеді.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мəнін айқындаудың маңызды көрсеткіші
олардың
қызметіне
халықтың
тікелей
қатысу
факторы
болып
табылады.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді жұмыс істеуін жəне халықтың тыныс-тіршілігін
қамтамасыз ету үшін жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті органдарына материалдық-
қаржылық ресурстардың тиісті көлемі біртіндеп берілетін болады.
Бұл елдің əлеуметтік-экономикалық дамуына жəне толыққанды азаматтық қоғам
қалыптастыруға жаңа серпін береді[2].
71
Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауды оның Қарулы
күштері жүзеге асырады. Мемлекеттік жəне қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тəртібін қорғау
Ұланға жүктеледі. Олардың мəртебесі жəне қызметі заңмен белгіленеді.
Сонымен, мемлекеттік аппарат өкілетті, атқару жəне сот биліктерінің органдарына
бөлінеді. Екіншіден, мемлекеттік органдар төменгі жəне жоғарғы органдарға бөлінеді. Үшіншіден,
мемлекеттік органдар жоғарғы, орталық жəне жергілікті органдарға бөлінеді.
Мемлекеттік аппарат, мемлекеттік органдардың жүйесі болғандықтан ұйымдасуында жəне
кызметтерінің бəріне бірдей принциптермен байланысты болады. Мұңдай принциптер —
мемлекеттік органдарды құру жəне қызмет əрекеттерін белгілейтін негізгі идеялардың шығу
жолдары.
Ондай принциптерге мыналарды жатқызуға болады:
а) Адамның жəне азаматтың бостандығы мен еркіндік құқықтарының басымдық принципі.
Онда мемлекеттік қызметкерлердің соған сай міндеттілікті мойындап, сақтап жəне
қорғайтындығы көрсетіледі;
ə) демократизм принципі. Оңда мемлекеттік органдардың қызметтерінің құрылуындағы
жəне ұйымдастырылуындағы азаматтардың кең көлемдегі қатысуы көрсетіледі;
б) игіліктің бөліну принципі (заң шығару, атқарушы жөне сот), онда билік органдарымен
лауазымды адамдар жағынан болатын басынушылықты азайтатын тетіктер белгіленген;
в) заңдылық принципі дегеніміз, барлық мемлекеттік қызметкерлермен Конституцияны,
заңдарды жəне қосымша заң актілерін сақтау міндеттілігі;
г) ашықтық принципі арқылы, мемлекеттік органдардың күнделікті əрекеттері туралы
құқық субъектілерінің хабардар болуы қамтамасыз етіледі.
д) кəсіптік принцип, мемлекеттік аппараттың қызметіне көбірек мамаңданған адамдарды
тартуға қолайлы мүмкіндіктер беріп, еліміздің мүддесі үшін, жоғарғы деңгейдегі, негізгі
мемлекеттік мəселелерді шешуге кепілдік жасайды.
е) алқалық жəне жеке басқаруды үйлестіру принципі, онда мемлекет аппаратындағы
демократиялық жəне бюрократиялық арақатынастары өзі жөнінде қамтамасыз етіледі.
ж) сайлау мен тағайындауды үйлестіру принципі, мемлекеттік басқарудағы бір ортаға
біріктірмеу мен біріктірудің (децентрализация мен централизацияның) қолайлы арақатынасын
көрсетеді.
з) төмен шенділердің жоғарғы шенділерге бағыну (иерархиялық) принципі — органдар
мемлекеттік аппаратта əртүрлі деңгейдегі орындарды иемденеді (бір орган басқасына бағынады,
жоғарғы органдардың шешімін төменгілерінің орындауы міндетті).
Мемлекеттік
органдарды
құру
процесінде
жəне
қызметтерінде,
жоғарыдағы
көрсетілгендерді есепке алу, мемлекет пен қоғамды басқару процесін тиімді жүргізуге мүмкіндік
туғызады [3.].
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ə.
Назарбаев 2012 жылдың 14
желтоқсанындағы Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан- 2030» Стратегиясының жүзеге
асуын қорытындылап, бұл стратегияның біздің мемлекетіміздің қалыптасу кезеңі үшін
жасалғанын жəне оның бүгінгі таңда өзінің арқаулық өлшемі бойынша орындалғанын айтты.
Сонымен қатар, еліміздің 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытының жобасын ұсынып,
«Қазақстан- 2050» Стратегиясының негізгі бағыттарын талдап берді. Бұл құжатта ел дамуының
басым бағыттары белгіленіп, экономикалық саясатты кезеңдік жүзеге асыру жолдары
айқындалды. Елбасы «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған
экономиканың жəне жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру» деп атап көрсетті.
Президенттің жаңа стратегиясы 2030 Стратегиясы шеңберіндегі реформалардың заңды
жалғасы болып табылады жəне 2050 Стратегиясын жүзеге асыруда да кадрлық саясатқа ерекше
көңіл бөлінетін болады. Өйткені, жаңа экономикалық саясат табыстылығының басты шарты– ол
кадрлар арқылы нығайтылуы тиіс екендігі Жолдауда айтылды.
Жалпы, өткенге көз жүгіртсек, тəуелсіздіктің бірінші күнінен бастап Елбасы кадр
саясатына айрықша көңіл бөліп, өзінің тұрақты бақылауында ұстап отырды. Жаңадан шаңырақ
көтерген елдің дүниежүзілік қауымдастық қатарынан өзіне лайықты орын иелену үшін
мемлекеттің барлық саласындағы тізгінін тең ұстап, бірқалыпты жетілдіріп отыру қажет болды.
Ал мемлекеттің қарқынды дамуындағы кадрлардың рөлі ерекше екендігі белгілі.
Ол кезде мемлекеттің басқару жүйесі өтпелі кезеңді басынан кешіп жатты. Кейбір кеңес
кезіндегі министрліктер мен комитеттер, жергілікті жерлердегі басқару жүйелері бұрынғы
атауларын сақтап қалып, олардың қызметкерлері сол орындарға мемлекеттік қызметшілер ретінде
72
тағайындалып, тəуелсіз мемлекеттің алға қойған талаптарына сай өз міндеттерін атқаруды
жалғастыра берді.
Сонымен қатар жаңадан агенттіктер, мемлекеттік комитеттер, əкімшіліктер түріндегі
мемлекеттік органдар құрылып, шетелдерде елшіліктер ашыла бастады. Өздерін адал еңбегімен
көрсеткен, білімді, мемлекетшіл, талай сыннан өткен азаматтар орталық мемлекеттік органдарды
жəне облыс əкімдіктерін басқарды. Облыстарды басқарған, министр болған, басқа да үлкен
лауазымдарда қызмет атқарған тəжірибелі, ел сыйлайтын қайраткерлер жаңадан ашылып жатқан
елшіліктердің туын көтерді. Олардың көбісі осы кезге дейін мемлекеттік қызметті жалғастырып,
Парламент қабырғасында, мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, жоғары оқу
орындарында қажырлы еңбек
етіп, жастарға өмір мектебінен алған тəжірибелерін үйретіп, тəлімгер болып жүр.
Мемлекетімізді дүниежүзілік қоғамдастықтың тəуелсіз мемлекет ретінде танығанының
арқасында көптеген мемлекеттік қызметшілер шетелдерге шығып, АҚШ, Франция, Германия,
Жапония, Сингапур, Малайзия жəне т.б. мемлекеттерге барып білім алып, олардың мемлекеттік
басқару жүйесінің құрылымдарымен танысып, жетекші əлемдік компаниялардың өндірістерін өз
көздерімен көріп, үздік тəжірибелерін пайдалануға мүмкіндік алды.
Қазақстандағы мемлекеттік қызмет жүйесінің институттандыру үдерісіне Президенттің
1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығы негіз болады.
Алайда бұл құжат тек өтпелі кезеңдегі ескі қалыптасқан кадр жұмысымен тəуелсіз еліміздің
мемлекеттік қызметінің жаңа деңгейге көтерілу алдындағы бастапқы бір сатысы болып табылды
жəне өзінің тиісті рөлін атқарды.
Ал нағыз тарихи кезең, кадр саясатындағы реформалар, мемлекеттік қызмет саласындағы
түбегейлі өзгерістер ел Президенті Н.Ə. Назарбаевтың 1997 жылғы 16 қазандағы «Қазақстан-
2030» Даму стратегиясынан кейін басталды десек болады. Қойылған талаптарды орындау үшін,
сол кездегі дағдарыстың толқыны басылмай тұрған кездегі қиындықтарға қарамастан, Елбасы өз
Жарлығымен 1998 жылдың 18 қыркүйегінде посткеңестік мемлекеттер арасында алғаш рет
мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған
Мемлекет басшысына тікелей бағынатын жəне есеп беретін уəкілетті орган – Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігін құрды. Сонымен қатар сол күні
Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебі мен Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау
жəне біліктілігін арттыру институтын біріктіру жолымен ҚР Президентінің жанындағы
Мемлекеттік қызмет академиясының шаңырағы көтерілді.
Осы күннен бастап «Қазақстан-2030» Стратегиясындағы талаптарға сай жалпы
мемлекеттік қызметтегі өзгерістер жаңа деңгейдегі институттық мəртебеге толық ие болды.
Президенттің нақты тапсырмаларымен бұл құрылымдар 2030 Стратегиясында көрсетілген «жеті
ұзақ мерзімді басымдық: негізгі міндеттермен ғана шектелетін кəсіпқой мемлекет» бағытының
орындалуы мəселелерін əрі қарай жаңа қарқынмен жалғастырып жіберді.
Жаңадан құрылған агенттіктің алдында қыруар істер мен уақыт күттірмейтін жобалар
тұрды. Олардың біріншісі– тəуелсіз мемлекетіміздің 1996 жылғы шілдеден бастап күшіне енген
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын қайта қарап, оны стратегияның талаптарына сəйкестендіру
еді. Бірақ өтпелі кезеңдегі қабылданған бұл құжаттың 60-70 % өзгерістер мен толықтырулар енгізу
қажеттілігі туындағандықтан, жаңадан құрылған уəкілетті орган мемлекеттік қызмет туралы жаңа
заң жобасын дайындауға кірісіп кетті. Жобаны дайындауға Президент Əкімшілігінің, Премьер–
Министр Кеңсесінің, орталық жəне өңірлік мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сол кездегі
Парламент депутаттары, халықаралық ұйымдардың уəкілдері, белгілі заңгерлер
мен сарапшылар қатысты. Сөйтіп, 1999 жылғы 23 шілдеде «Мемлекеттік қызмет туралы»
жаңа Заң қабылданып, ол 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Одан кейін
мемлекеттік қызметтегі қатынастарды реттейтін заңға тəуелді 20-дан астам актілер қабылданды.
Бұл заңды шығарар алдында мемлекеттік қызметтің шетелдік жүйелері салыстырмалы талданып,
мұқият зерттелді, сараптамалық ұсыныстар дайындалды.
Дегенмен, 2050 Стратегиясын орындау үшін, əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болу
мақсатында бұл салада да жаңа реформалар, сатылы өзгерістер қажеттігін уақыт көрсетіп отыр.
Президенттің 2011 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа
үлгісінің тұжырымдамасына сəйкес дайындалып, өткен жылдың аяғында қабылданып, үстіміздегі
жылдың 26 наурызында күшіне енген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мемлекеттік қызмет мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң
негізінен стратегияда қойылған талаптарға жауап береді деп айтуға болады. Жаңа заң мемлекеттік
73
қызметтің кадрлық құрамын қалыптастырудың жұмысы мен оны бағалаудың жаңа механизмдерін
енгізу жолымен мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталып отыр. Саяси
мемлекеттік қызметшілердің саны сегіз есе қысқарып, олардың тізімге кірмегендері бұдан былай
басқа үміткерлермен бірге конкурс арқылы қызметке қабылданатын болды. Сонымен қатар,
олардың жауапкершілігі арттырылды. Қарамағында істеп жүрген қызметкер сыбайлас жемқорлық
қылмыс жасаған жағдайда оны тағайындаған саяси қызметтегі басшы отставкаға кету туралы
өтініш беруі керек. Кейбір бұрынғы саяси лауазымдардың «А» корпусына көшуіне байланысты
көптеген талантты жастардың өз бақтарын сынап, басшы қызметке келуіне мүмкіндік туды. Бұл
корпустағы қызметкерлер төрт жылдық мерзімге тағайындалып, мемлекеттік қызметтегі
тұрақтылық күшейеді. Əкімшілік «Б» корпусына келудің де тəртібі біраз өзгеріп, оған өту үшін
қойылатын талаптар да күшейді.
Жалпы кейінгі кездегі мемлекеттік қызметтегі оң өзгерістер оның сапасын жаңа деңгейге
көтеріп, мемлекеттік қызметші жоғары атағына ие барлық кадрлар Елбасының Жолдауында
қойған талаптарын мерзімінен бұрын орындауға өз үлестерін қосады деп сенеміз[4, 1-2б.].
Сарапшылардың пайымынша, Қазақстанның мемлекеттік қызмет үлгісі əлемдегі ең озық
30 мемлекеттік қызмет үлгісіне жақындады. Халықаралық сарапшылардың жоғары бағасын алған
Қазақстандағы мемлекеттік қызмет моделі өз деңгейінде қалыптасты.
«Ал қазіргі қолданысқа енгелі тұрған жаңа өзгерістермен қазақстандық мемлекеттік
қызмет үлгісі əлемдегі ең озық 30 мемлекеттік қызмет үлгісіне жақындап отыр. Бұны сол 30 елдің
өкілдерінен тұратын Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымының сарапшылары да
мойындап отыр. Осыны ескере келе, бір жыл бұрын Елбасы Н. Назарбаев Астанада Мемлекеттік
қызмет саласындағы озық үлгіні тарататын БҰҰ мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Өңірлік хаб құру туралы бастамасын қолдаған еді», - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің төрағасы Əлихан Бəйменов. Оның айтуынша, жалпы бүгінгі күннің өзінде
мемлекеттік қызмет саласының қазақстандық үлгісі аймақтағы зор қызығушылыққа ие.
Дегенмен, мемлекеттік қызмет саласы ұдайы жақсартып, жаңа сынақтарға қатысты
сапасын арттырып отыруды талап ететін сала. Сондықтан да, Мемлекет басшысы былтырғы
Жолдауында мемлекеттік қызметті кадрлық құрамын іріктеу жəне кəсіби даярлықтың
жетілдірілген əдістемелерін енгізу арқылы сапалы түрде жақсарту керектігін айтқан еді. Өзінің
Жолдауында Елбасы Н. Назарбаев: «Ең алдымен мемлекеттік аппарат реформаланатын болады.
Мен мемлекеттік қызметтің жаңа жүйесі туралы Заңға қол қойдым. Ол сыбайлас жемқорлыққа
қарсы шараларды күшейтуді, мемлекеттік қызметшілерді іріктеуде ашықтықты арттыруды,
меритократия қағидаларын енгізуді, яғни жақсы кадрларды ілгерілетуді қамтамасыз етеді», - деген
болатын. Ел Президенті қол қойған сол «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет
мəселелерi бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы бүгін өз күшіне еніп отыр5].
Осыған орай,
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің
брифингінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Əлихан Бəйменов жаңа заңның
жаңа ережелерін тағы бір мəрте түсіндіріп өткен болатын. Еске сала кетсек, аталған заң
мемлекеттік қызметке кірудің тиімді əрі айқын тетіктерін, бағалау жəне мансаптық жоспарлау
жүйесін енгізуді, басқарушылық корпусты құру секілді мəселелерді қамтиды. Сондай-ақ, құжат
кадр қызметтерінің рөлін арттырып, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу мен ынталандыру
шараларын, қызмет этикасын жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіру арқылы
мемлекеттік аппараттың кəсібилігі мен тиімділігін арттыруға бағытталады. Сонымен бірге
құжатта мемлекеттік органдардың жұмысында сабақтастықты қамтамасыз ету жəне жаңа
қызметкерлердің бейімделуі үшін тəлімгерлік институтын енгізу нормалары да қамтылған.
Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы бойынша жəне сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-əрекеттері жөніндегі міндеттерін көздеу белгіленеді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
мақсатында «командалық ауысуға» барынша тосқауыл қою тетіктері қамтылып отыр. «Бүгіннен
бастап Елбасының саяси жігерінің арқасында дүниеге келген Қазақстанның мемлекеттік
қызметінің жаңа моделі өз өмірін бастайды. Қоғамның өскелең талабына, жаһандану заманындағы
жаңа сынақтарға сəйкес Елбасы мемлекеттік қызметті жетілдірудің жаңа басымдықтарын
анықтады. Бүгінгі күшіне еніп отырған заң осы жаңа басымдықтарды жүзеге асырудың құқықтық
негіздерін қалап отыр», - дейді Əлихан Бəйменов.
Оның айтуынша, күшіне енген жаңа заң негізгі төрт басымдыққа негізделеді. Бұлар -
біріншіден, кадрларды іріктеу мен жоғарылатуда меритократия қағидасын күшейту. Екінші - «А»
басқарушылық корпусын құру. Үшінші - кадрларды басқару тетіктерін жетілдіру жəне кадр
74
қызметінің мəртебесін арттыру. Сонымен қатар, тəртіптік этикалық бақылауды күшейте отырып,
корпоративтік мəдениетті дамыту. Бұдан бөлек, заң аясында бүгінгі күнге дейін Мемлекет
басшысының 8 жарлығы, уəкілетті органның 4 нормативті бұйрығы қабылданған. Сол құжаттар
негізінде мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарының жаңа тізілімі бекітілген болатын. Есте
болса, Елбасы Н.Назарбаев саяси мемлекеттік қызметшілердің санын 8 есеге қысқарту туралы
тапсырма берген еді. Осыған сай, 430-ға жуық саяси лауазым қалдырылды, бұған дейін ондай
лауазым 3 мың 200-ден астам болатын.
Ал агенттік төрағасының сөзіне қарағанда, аталмыш тізіліммен «А» басқарушы
корпусының құрамы да бекітіліп отыр. Оның ең жоғары деңгейіне Жауапты хатшылар, аппарат
жетекшілері, Үкімет кеңсесінің, Мəжіліс пен Сенат аппаратының бөлім меңгерушілері, Президент
Əкімшілігінің сектор меңгерушілері енеді. Бұдан бөлек, «А» басқарушылар лауазымына
аймақтардан барлық аудан, қала əкімдері, өңірлердегі тексеру комиссияларының мүшелері кіреді.
«А» басқарушылық корпусына арнайы біліктілік талаптары да бекітілген. Бұл біліміне, еңбек
өтіліне, лауазымына байланысты қосымша талаптар болып табылады. Сөйтіп, бұдан былай
мемлекеттік қызметші лауазымдық сатымен кезең-кезеңмен, билік иерархиясының бір сатысынан
келесісіне өзінің машығын жетілдіре жəне кəсіби деңгейін арттыра отырып көтерілетін болады.
Белгіленген көрсеткіштерді асыра орындағандар мен өзінің тиімділігін көрсеткендерге жəне
жоғары нəтижеге қол жеткізгендерге ғана ерекшелік жасалатыны қарастырылады. Бұл Мемлекет
басшысы жүктеген міндеттердің бірі болып табылады.
«Сонымен қатар, Ұлттық комиссия жөнінде жарлық қабылданып, «А» корпусына
қабылдау, іріктеу ережелері бекітілді. Сол үшін бүгіннен бастап «А» корпусының лауазымын алам
деген азаматтар Ұлттық комиссия жасақтайтын резервтерге енуі шарт. Бұл барлық азаматтарға
тең, яғни бүгінгі күні сол лауазымды атқарып жатқандар да, сырттан қатысуға ниеттілер де теңдей
қабылданады. Ал бүгінгі жұмыс жасап отырған азаматтар өздерін тағайындаған тұлғалармен
еңбек шартына отырады. Еңбек шартының ең ұзақ мерзімі жарты жыл.
Тоқтала кететін жайт, Елбасының тапсырмасымен əзірленген «Жауапты хатшылар
туралы» жарлық та күшіне енеді. Ал мемлекеттік органдардағы Жауапты хатшыларды Елбасы
тағайындайтыны белгілі. «Соған сəйкес, Жауапты хатшы лауазымы «А» корпусына
ауыстырылады. Осы лауазымға Мемлекет басшысы тағайындау жасайтындықтан, бұл
лауазымдармен еңбек келісімшартын жасасу құқығы Президент Əкімшілігінің Басшысына
берілген. Қазіргі таңда барлық Жауапты хатшылармен келісімшарт жасалынған. Ал Жарлыққа
сəйкес, мемлекеттік органдардағы қазіргі қызметтегі Жауапты хатшылар да, осы лауазымға
үміткер тұлғалар да 6 ай ішінде «А» корпусының кадрлық резервіне өтуі шарт. Ал осы
резервшілер пулы қалыптасқан соң, олардың арасынан Президент Əкімшілігі кандидаттарды
іріктеп, Мемлекет басшысының қарауына ұсынатын болады. Бұл тəртіп «А» корпусына кіретін
санаттың бəріне жүреді[6.].
Түйіндей айтсақ, мемлекеттік қызмет саласындағы реформаның ендігі үлгісі мерократия
қағидасын дамыту, мемлекеттік қызметті осы жүйеге икемдеу болып табылады. «Ең алдымен
мемлекеттік қызметте еңбегін бағалап, білімі мен білігіне қарап өсіру жүйесі, яғни меритократия
жүйесі жастарға дұрыс бағыт-бағдар беруі тиіс. Осы жүйені дұрыс жолға қойсақ, кадрларды
іріктеу саласында тамыр-таныстықты жойсақ, білім-білігіне қарап іріктейтін басымдық
қалыптасса, онда жастардың өзі мемлекеттік қызметке кіріскенде, одан əрі жоғарылағанда өз
білімі мен еңбегіне сүйенетін болады. Сосын ең төменгі лауазымға қойылатын талаптар ішінде
еңбек өтіліне талаптар жұмсартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |