ҚАЙЫРЖАН: Мойнақ оны талап тастаса қайтеміз?
ҚАНАТ: Бітті, ештеңе етпейді. Арамызда туысқандық, ағайын деген жоқ. Бітті бәрі. Мен Катяны жақсы көремін. Болды солай істеймін, шештім.
ҚАЙЫРЖАН: Мойнаққа қалай талатамыз?
БАТЫР: Қанат қайда жоғалып кеттің?
ҚАНАТ. Егер Батыр аулаға кіретін болса, Мойнақты босатып жібер, ұқтың ба?
БАТЫР: Қанат қайда жоғалып кеттің? Шақырдың ба?
ҚАНАТ: Жоқ шақырмадым.
БАТЫР: Неге?
ҚАНАТ: Шақыра алмайтын сияқтымын.
БАТЫР: Көңіл‑күйің жоқ қой, жәй ма? Жарайды онда өзім шақырайын.
ҚАНАТ: Жоқ, жоқ ол үйінде жоқ екен.
БАТЫР: Қалай жоқ?
ҚАНАТ: Кеше біреу-міреулер алып қашып кеткен шығар соны, қайдан білейін.
БАТЫР: Өй, кеше ғана сөйлестім ғой.
ҚАНАТ: Сол айтайын дегенмін ғой, кеше осы жерде ауылдың бұзақы жігіті Айбол деген жүр деген. Басына қисайтып телпек киіп алған. Не істеп жүргенін білмейді. Қағазға ой ағашқа бірдеңе ойып сала ма. Ей сол есі дұрыс емес. Сол алып кеткен сияқты Гүлзатты
БАТЫР: Кім ол Айбол деген? Шақыршы алдыма. Мойынын бұрап, жұлып аламын. Қайда Айбол?
АЙБОЛ: Е інішек, е кеше сендер... (сөйлеп сахнаға келеді) (Батыр Айболды жағасынан ұстап алып жұлқылай бастайды) БАТЫР: Гүлзат қайда?!
АЙБОЛ: Гүлзат.. үйінде шығар.
БАТЫР: Рас па? Бар шақырып кел онда.
АЙБОЛ: Ой шақыра алмаймын.
БАТЫР: Қалай шақыра алмайсың?
АЙБОЛ: Үйінде ағасы бар қатал. Ұрады ол боқтайды.
БАТЫР: Онда қалай шақырып жүрдің?
АЙБОЛ: Мяулап. Терезесінің қасына барып мяуласаң, терезеден шығады.
БАТЫР: Е не айтып тұрсың? Мяулап дегені нес?
АЙБОЛ: Сол пароль, біз сөйтіп шақырамыз.
БАТЫР: Пароль нес? Мяула бар.
АЙБОЛ: Қазір қазір. Битіп мяулайсың қара. Мяу, ой жоқ қара еркек мысық болып мяулау керек. Мяу (отырып көрсетеді, Батыр да отырып артынан қайталайды). Қара, дауысыңды жөндеп, жүрекке салып, тебіреніп «МЯУ» - дейсің. (Батыр қайталайды). Жоқ, міне былай (қайта көрсетеді)