БАТЫР: Аа солай ма. Ит неге үрмей қалды?
ҚАНАТ: Тас тұмсығынан тиген болар.
БАТЫР: Тағы тас лақтырайын.
ҚАНАТ: Тас сол лақтырмаяқ қоясыз ау.
ҚАЙЫРЖАН: Қаңқ-қаңқ.. Қаңқ-қаңқ...
БАТЫР: Ауылдарыңның иттері де біртүрлі екен. Қандай ит өзі? Жақындап көрейінші.
(Батыр жақындай бергенде ауладағы шуды естіп Гүлзат шығады.) ГҮЛЗАТ: Батыр!
БАТЫР: Гүлзат!
Гүлзат: Батыр қашан келдің?
БАТЫР: Гүлзат, жаным менің.
ГҮЛЗАТ: Батыр сенің келіп тұрғаныңды жүрегім сезді. Сағындым сені. (құшақтайды) БАТЫР: Мен де сені сағындым.
ГҮЛЗАТ: Батыр, қасыңда біреу бар ма? Ол кім?
БАТЫР: Бауырым.
ГҮЛЗАТ: Нау өзіміздің Қанат қой.
ҚАНАТ: (ақырын) Иә өзіңнің Қанатың.
ГҮЛЗАТ: Бауырың екенін неге ертерек айтпадың?
БАТЫР: Е, оны кім ойлапты. Бұл ауылға келмегелі қай заман.
ГҮЛЗАТ: Батыр, оқушымнан ұят болады, жүр үйге кірейік. Ағам үйде жоқ, жеңгем ғана бар. Қысылма, жеңгеммен бауырларыммен таныстырамын. Оларға сен келеді деп айтып қойғанмын.
ҚАНАТ: Шіркінімай–ә, . Туысқан іздеп келді екен десем.
БАТЫР: Гүлзат, менің саған бірдеңе айтуым керек, сөйлесуіміз керек
ГҮЛЗАТ: Уақыт бар ғой, асықпай сөйлесеміз. Үйдегілер күтіп қалар. Жүр, жүр.(кетеді) ҚАЙЫРЖАН: (үйшіктің ішінен басын шығарып) Мойнақты атам жайлауға ертіп кетіпті.
ҚАНАТ: Өй атаңды Мойнағыңмен қосып. Қылқимай кір ұяңа.
ҚАЙЫРЖАН: Ренжіп қалдың ба?
ҚАНАТ: Кет дедім ғой саған. Ешкімді көргім келмейді.
ҚАЙЫРЖАН: Жарайды ашуланба. Мен үсті-басымды тазалап келейін.
ҚАНАТ: Әй Мойнақ, Мойнақ. Дос емес ит екенсің. Әкетті әне Катяны, әкетті! Айырылып қалдым. Бітті енді бәрін не істеймін? Айырылдым Катядан. Әттең, қолымда аттестат болғанда бұлай болмас еді.
Катя, Катя
Қош бол, Қош бол менің арманым,
Қош бол менің болашақ жан-жарым.
Сезбедің бе бір жанның жараланып қалғанын,
Қош бол., қош.! Катя..
(Сахнаға гүл ұстап келеді, ән айта бастайды) (бар дауысымен) КА-А‑ТЯ‑Я!!! Бұл қалай болғаны. Мен сені жақсы көрдім ғой, Катя! (Гүлді жерге лақтырады.) Катя мен сені жақсы көрдім. Саған өлең арнадым. Бірақ ақындардық махаббаты осындай екен. Катя! Қош бол!
(Есік ашылып далаға бір қыз шығады.)