Семинар материалдары №1 45minut kz Республикалық ұстаздарға



жүктеу 5.03 Kb.

бет11/25
Дата22.12.2016
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25

Абибуллаева Жазира
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы
№3 мектеп-интернаттың ағылшын тілі пәні мұғалім
                                    
Филиологиялық пәндерді оқытудың сапасын арттыру мәселелері 
Қоғам   дамуындағы   қолға   алынған   жұмыстар   халықтың   әл-ауқаты   мен   тұрмысын   жақсартуға
бағытталатыны заңды құбылыс.  Әлемдік қоғамдастық қаржы дағдарысын басынан өткізіп жатқан
бүгінгі   күні   де   Қазақстан   өзінің   әлеуметтік   басымдықтарға   адалдығын   таныта   білді.   Мемлекет
басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қабылданған әлеуметтік бағдарламалардың орындалатынына кепілдік
беріп   қана   қоймай,   дағдарысты   еңсеретінімізді,   тіпті   одан     әлдеқайда   күшті   мемлекет   болып
шығатынымызды айтуы ертеңгі күнімізге деген сенімді нығайта түсті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан
халқына   Жолдауы   еліміз   үшін   күрделі   кезеңде   жарияланған   маңызды   құжат   болып   табылады.
Сондықтан да болар жұртшылық оны жылы қабылдап, ондағы бағдарлы бастамаларды бір кісідей
106

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
қолдап іске асыруға   жұмылып жатыр. Қоғам дамуының барлық саласы қамтылған бұл Жолдауда
Білім беру саласына да мән берілген.
Қазақстан   Республикасының   Президенті   Н.Ә.Назарбаевтың   «Дағдарыс   арқылы   жаңару   мен
дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауы білім беру жүйесінің алдына оқу процесіндегі сан салалы
мәселерді шешу ісіне әр педагогтың тікелей қатынасуы және олардың жан-жақты дамыған, бәсекеге
қабілетті, шығармашыл тұлғаларды қалыптастыруға дайын болу міндеттерін қойып отыр. Қазақстан
Республикасының дамуы және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мен жаһандануының кепілі –
білім сапасын арттыру болып табылады. Соның ішінде, филологиялық пәндерді оқытудың сапасын
арттыру мәселелері жайлы айтсақ.
Әр   бала   өзіндік   табиғи   қабілеттерімен   дүниеге   келеді.   Келе-келе   оның   ойлау,   сөйлеу   қабілеті
қалыптаса бастайды. Филологиялық пәндер – мектеп қабырғасында жүрген баланың ойлау, сөйлеу
қабілеттерін   дамыған   үстіне   дамытады   және   ойды   сыртқа   айшықтауда   ерекше   роль   атқарады.
Филология пән ретінде оқушыны адамды тануға, ел тануға, қоғамды тануға, әлемді тануға жетелеп,
сонымен қатар, ол адамзаттылық қасиеттер мен ұлттық болмысты бойына сіңіруге зор әсерін тигізеді.
Ерекше   пән   деп   қарастыруымыздағы   басты   негіз   –   ол   барлық   пәндердің   яғни,   химия,   биология,
физика,география, тарих, математика,информатика т.б діңгегі. Себебі, аталмыш пәндердің барлығы
ойлау,  сөйлеу  арқылы  іске  асып жататыны белгілі.  Сондықтан,  филологиялық  пәндерді  оқытудың
сапасын арттыру мәселелері деп бөліп қарамай, жалпы білім беру сапасын арттыру жолдарын іздеп
көрелік. 
Оқыту сапасын арттыру деген не? Ол үшін не істеу керек? Жалпы алғанда, білім беру сапасын
арттыру – бір тұтас жүйе.
Біріншіден, Осы жүйенің әрбір кезеңінде арнайы мақсаты бар нақты істер атқарылуы тиіс;
Екіншіден, алға қойған мақсат пен міндеттерді орындауда кездесетін қиындықтардың алдын-
алу үшін арнайы курстардан уақытымен өтіп, мұғалім өзін-өзі дамытып отыруы керек
Үшіншіден, педагог мамандардың кәсіби шеберлігін ұштау мақсатында мектеп ұжымындаға
мұғалімнің әрқайсысына дербестік беріліп, жеке бастамаларының дамуына жағдай жасалғаны жөн;
Төртіншіден,   сыртқы   бақылау   (мектеп   әкімшілігі,   аудандық,   облыстық,   республикалық
әкімшілік тарапынан) және  ішкі бақылау (мұғалімдердің, оқушылардың өздеріне сын көзбен қарауы,
өзін-өзі бағалауы,өзін-өзі бақылауы) үрдісінің жүйелілігін, бірізділігін  жүзеге асырған абзал. 
Бесіншіден,   сабақтан   тыс   уақытта   өтетін   үйірме,   айлықтар   мен   апталықтардың   жұмыс
жосапрларының сапалы құрылғаны дұрыс;
Алтыншыдан, ғылыми-әдістемелік тәжірибе алмастыру, озық іс-тәжірибенің таратылуы керек. 
Осындай бағытта жұмыс жасағанда ғана білім беру сапасын арттыруға болады. Неге десеңіз,  білім
беру сапасының артуы  - мұғалімнің және педагогикалық ұжымның идеяларының, оның жұмыс тәсілі
мен   әдісінің   сапалы   нәтиже   беретін   тиімді   тәжірибе   іспеттес   оқу-тәрбие   үрдісінде   өтетін
шығармашылық жұмысының жемісі.
Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен
оқып білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан  парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады.
Еліміз егемендік алғалы қоғамдық өмірдің барлық салаларында соның ішінде, білім беру саласында
жүріп жатқан демократияландыру, жаңа технологияларды енгізу, компьютерлендіру бәсекеге қабілетті
тұлғаны қалыптастыруға жол ашты. Білім беру жүйесіндегі қайта  құрулардың негізгі субьектісі –
мұғалім. Сапаны көтерудегі ең өзекті мәселелердің бірі – мұғалімдерді даярлау және кәсіби шыңдау
мәселесі болып отыр. Жаңа заман мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық
іс-әрекетінің   ұйымдастырушысы   және   үйлестірушісі   бола   білуі,   білімнің   құндылық   ретіндегі
сипатына   терең   мән   беруі,   нәтижеге   бағытталған   білім   беруде   жаңа   жолдар   мен   әдістер   табуға
дағдыланған маман болуы қажет. Білім сапасын арттыруда жаңа технологиялар – тек   педагогтың
мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Білімнің сапалы болуы тікелей
мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Қазіргі мектепке шығармашылық
ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі
қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог-психолог және оқу үрдісін ұйымдастырушы
технолог бола білуі керек.
Барлық білім беру қызметкерлері сияқты, менің де мақсатым өз пәнімді оқыту сапасын арттыру.
Осыған байланысты,  Мағжан Жұмабаевтың:  «Бала  еш  уақытта   іссіз  отыра   алмайды,   балаға   ылғи
пайдалы іс беріп отыру керек. Сол уақытта бала өмір бойы пайдалы іске әдеттеніп кетеді » деген сөзін
107

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
басты қағида санаймын. Сол себепті әрдайым оқушының ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін
дамыту арқылы білім сапасын арттыруға тырысамын. Оқушының ізденімпаздық қабілетін дамыта
отырып, шығармашылық ізденісі артады. Оқушы шығармашылық ізденісін ұйымдастыруды 4-кезеңге
бөліп қарауға болады.
Бірінші   кезең:   Негізгі   мақсатын  айқындап,   ажырата   білуі   тиіс.   Мақсаты:   сабақта   алған   білімін
тереңдету; қөзқарасын қалыптастыру
Екінші кезең: Таңдаған тақырыбы, мақсатына сай әдебиеттер жинайды, олардан сұрыптап алуды
үйренеді.
Үшінші кезең: Бұл кезеңде оқушылар өз қалауы бойынша реферат, баяндама, буклет т.б жасауды
үйренеді. Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады.
Төртінші кезең: Оқушы өзінің шығармашылық жұмысын қорғауға дайындалады.
Оқушыға білімді меңгерту танымдық, ізденімпаздық, шығармашылық әрекетке құрылғанда ғана
талай-талай жетістікке қол жеткізуге болады деп ойлаймын. 
Мұғалім оқу мен тәрбие егіз екенін еш уақытта естен шығармағаны жөн, тәрбиенің нәтижесінде
ғана сапалы білімге қол жеткізуге болады. «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі
керек,   тәрбиесіз   берілген   білім   –   адамзаттың   қас   жауы,   ол   келешекте   оның   барлық   өміріне   апат
әкеледі»,   -   дейді   ұлы   ғұлама   Әл-Фараби.   Оқу   мен   тәрбиені   қатар   алып   жүретін   әр   мұғалімнің
құзіреттілігі біліміне, практикалық іс-тәжірибесіне, жеке басының қасиетіне, оқу-тәрбие үрдісі мен
шығармашылықтағы   ізгі   іс-әрекеттеріне   байланысты.     Ал,   оқушының   құзіреттілігін   жеткізетін   –
мұғалім. Сол себепті, мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі бірінші орында болуы керек. Кәсіби құзіреттілігі
жоғары мұғалім:
-
педагогика –психологиялық білімі терең болуы;
-
әр түрлі педагогикалық ситуацияларды шеше алуы;
-
Мемлекет тарапынан келетін нормативтік құжаттарды білуі шарт.
Ойымды қорыта  келе, білім беру сапасын арттыру үшін әр мұғалім өзінің кәсіби құзіреттілігін
арттыруы керек деген ұсынысым бар.
------------------------------------------------------------------------------------------
                                                                         Илиясова Асель Жалмурзаевна
Ақтөбе қаласы, №53 орта мектебінің
физика пәні мұғалімі
Дарынды оқушының қабілеті мен талантын дамыту
Психикалық   қасиеттер   –   бір  адамды   екінші   адамнан  ажыратуға   негіз   болатын   ең  маңызды,   ең
тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүниетанымы,
сенімі мен талғамы, қызығуы жатады.
Біз балаға «қабілетті» деген мінездеме береміз. Қабілеттілік әр алуан. Мектепте оқушыларға түрлі
жұмыстар   жүктелгенде   де   олардың   кейбіреулерінің   ұйымдастырғыштық,   екіншісінің   музыкалық,
үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырады. Бұл мысалда әр
адамның   әрекеттің   бір   түріне   жарамдылығын   көрсететін   дара   ерекшелігі   болатынын   байқатады.
Ерекшеліктер іс-әрекетті орындау үстінде, әсіресе оның нәтижесінен жақсы көрінеді. Мәселен, біреу
қолына алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші
біреу өте баяу қимылдап, сапасыз орындайды. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі
екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екені көрініп тұр.
Қандай да болсын бір нәрсеге қажеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып
келуі   мүмкін.   Тәжірибе   мен   парасат   адамдардың   тең   емес   екенін   дәлелдейді.   Теңдік   деген
адамдардың   қабілеттерінің   теңдігі   немесе   дене   күштері   мен   рухани   қабілеттерінің   бірдейлігі   деп
түсінеміз.
Адамның өзгеше қасиеттері ана құрсағында пайда болады. Анатомиялық нышан – баланың ата-
анасына   ұқсап   тууы.   Физиологиялық   нышан   –   жүйке   жүйесінің   кейбір   анализаторларының
ерекшелігі. Анализатордың ерекшелігі қабілеттің көрінуіне себін тигізеді. Егер адамның туысында
нышан   болып,   ол   тәрбиеленбесе,   оның   қабілеті   дамымайды.   Қолайлырақ   жағдай   туса,   қиыннан
қиыстырып мәселе шеуде ізденімпаз болып шыға келеді.
Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттіліктің түрін дарындылық деп атайды. Дарынды 
108

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
балалар мектеп бағдарламасын жылдам меңгереді. Зеректік, байқағыштық қасиеттері жоғары болады.
Олардың көпшілігі өз уақыттарыншығармашылық жұмысқа арнайды. Сурет салады, өлең жазады. 
Мысалы, Ч.Дарвин көп уақытын көбелек қуып, коллекция жинауға бөледі екен.
Дарын өкілдерінің қуат-қабілетінің шарықтайтын шегі болады. Ондайда олардың санасы барынша 
өткірленіп, мейлінше айқындалады, бақылампаздығы онан сайын арта түседі.
Ж.Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал 
баланың бойындағы туа біткен қасиеттерлі дамытатын – оқыту мен тәрбие.
«Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық 
ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс, 
жеткілікті бағаламаса, оның өзгелер сияқты болып қоюы мүмкін» дейді америкалық ғалымдар.
Дарындылық төмендегідей топтарға жіктеледі:
1. Ой-өрістің жоғарылығы
2. Академиялық табыс
3. Шығармашылық және тиімді ойлау, пікір айту
4. Көркемдік әрекет
5. Қатынас және белсенділік
6. Қозғалғыштық
Адам жан-жақты даму мен өздігінен жетілу (өзінің жақсы қасиеттерін,
қабілеттерін саналы түрде тәрбиелеп жетілдіру) үшін басқа адамдармен араласу керек. Дарынды 
балаларды анықтағанда және олармен жұмыс істегенде сол бала жанындағы ортаның педагогикалық, 
психологиялық, әлеуметтік жағдайына баса назар аударуымыз керек.
Балаға әсер ететін орталар:
* ата-ана, мұғалім, мектеп, жұртшылық, БАҚ, жолдастары
Жұмыс істеу барысында баланың осы орталармен байланысын
жете бақылап отыру керек. Ол үшін арнайы тесттер жасалады. Дарынды балалармен жұмыс 
істеудің соңғы нәтижесі білімді өз еркімен, өзі игере алатын дәрежеге жеткізумен аяқталады.
Дарынды балалармен жұмыс барысында мұғалім әр қырынан көрінуі
шарт. Алдымен кәсіптік қабілетіне талап қойылады.
1. Бақылау жүргізу қабілеті. Анықтауда тест, бағдарлама құра білуі
2. Диагностикалық тексерулерден алған қорытындылар бойынша баламен жұмыс істеу 
бағдарламасын құра білуі
3. Оқу бағдарламаларын қажетіне қарай өзгерте білу
4. Оқушының икем бағытын нақты ажырату, оған ықпал ету жолдарын сәтті талдаудағы ептілік
5. Арнайы оқу жоспарымен жұмыс жасауы
6. Сөйлеу шеберлігі, ой қорыту жоғарылығы
7. ата-аналармен байланыс жасауы және кеңес бере білуі
Мұғалім оқыту барысында кездесетін терминдермен, ұғымдармен таныс болуы керек. Өз 
мүмкіндіктеріне үнемі баға бере білсе, өзінің әлсіз, күшті жақтарын үнемі ескеріп отырса, дұрыс 
болмақ.
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық - 
белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».
В. Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер 
қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық
қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының 
бірлігі деуге болады»,-деп тұжырымдады.Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, 
данышпандық ұғымдары да бар.
Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік 
жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы. Талант-
қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі. Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, 
шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйелі дайындалып берген білімді, дағдылары меңгеретін 
шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар алатын, бір тума ойлау қабілетімен 
ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру бұл әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін 
дамытудың маңызы мәселе екендігін дәлелдейді. В.В. Давидо «Жеке тұлға негізінде шығармашылық 
109

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
бастау жады: жеке тұлғаның маңызы жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттігіне байланысты» 
деп есептеген. Б,Элькони шығармашылыққа мынадай анықтама береді: «Шығармашылық-бұл ерекше
тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалынған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы 
емес, өзінің сопылығымен, бір тумалығымен ерекшеленетін болса, онда бұл нәрсені туғызатын 
шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады»
Дарынды   балаларды   анықтау   -   баланың   дамуын   таңдаумен   байланысты   ұзақ   процесс.   Осы
айтылғандарды   ескере   отырып,   дарынды   балаларды   анықтаудың   мынадай   ұстанымдары
тұжырымдалды:
1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-
әрекетіне талдау жүргізу.
2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік 
беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-
ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.
4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық 
бағалары.
5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік 
беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру 
жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке 
тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ақтөбе қаласы №5 жалпы білім беретін орта мектебінің 
тарих пәні мұғалімі  Кемалова Гаухар Құлмырзақызы
Сабақтың тақырыбы: Ғұндар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:  Оқушыларға   Қазақстан   жерінде   мекендеген   ғұн   мемлекетінің   қоныстану   тарихы,
мемлекет болып қалыптасуы туралы білім беру; 
Дамытушылық:  сабақта   оқушылармен   шығармашылық   жұмыстар   жүргізе   отырып,   қорытынды
жасай білуге үйрету және ойларын дамыту. 
Тәрбиелік:  білімділікке, достыққа, татулыққа, Отанын, елін, жеріне деген сүйіспеншілікке, туған
елінің тарихын білуге, азаматтық- патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың   әдісі:  Ауызша   баяндау,   сұрақ   -   жауап,   СТО   (сын   тұрғысынан   ойлау),   танымдық
ойындар, ойшақыру.
Пәнаралық байланыс: география, көркем сурет, өнер
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, кестелер, тірек – сызбалар
Сабақтың программалық қамсыздануы: ДК, интерактивті тақта, слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Оқушыларды түгелдеу;
- Оқушылардың сабаққа дайындығын, оқу құралдарын тексеру
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 
«Сандар   сыр   шертеді»   ойыны  (тақтада   берілген   сандарға   қаңлы   тайпасына   қатысты   деректер
келтіреді)

Цифрлар
Фактілер
1
Б.з.б 46-36 
жылдары
Қаңлылар Қытайға қарсы тұрған ғұндарға көмектескен
2
600 000
Қаңлы тайпалар одағының адамы
3
Б.з.б 3-2ғ. – б.з. 5ғ.
Қаңлылар өмір сүрген аралық
4
5
Қаңлы елі 5 иелікке бөлінген
110

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
5
1300
Б.з. 3-4 ғасырларында соғылған Сырдария аймағынан табылған 
теңгелер саны
6
120 000
Жауынгерлер саны
«Оралма сұрақ»  сұрақ-жауап әдісі арқылы үй тапсырмасын бекіту.
1. Қаңлы мемлекеті қай ғасырда құрылды? (б. з. б. III ғасыр)
2. Қаңлы тайпаларында билік қандай жолдармен қалдырылды? (Әкеден балаға мұра ретінде)
3. Қаңлылардың астанасы қалай аталды? (Битянь)
4. Қаңлы тайпаларының негізгі атамекені (Сырдария өзенінің орта ағысы)
5. Қаңлы елінің билеушісі (хан)
6. Қаңлы елінің қалаларын ата (Алтын-асар, Көк-мардан, Пұшық-мардан)
7. Қаңлылар қандай елдермен сауда байланысын  жасады? ( Қара теңіз жағалауымен Сириямен, 
Индиямен,       Балтық бойымен, Египетпен, Қытаймен, Иранмен)
8. Қаңлылар қандай күштерге сиынды? (Табиғат күштеріне және ата - баба рухына)
9. Қаңлылардың 16 гектар жерді алып жатқан қала жұртын ата (Алтын - асар қала жұрты)
10. Қауыншы мәдениеті қай аймақта  орналасқан? (Ташкент төңірегіндегі көгалды аймақта)
11. Қаңлы тайпасы негізінен қандай шаруашылықпен айналысқан?
12. Қаңлы тайпасының жерлеу мәдениеті
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың мақсатымен жоспары мен таныстырып өту (слайд арқылы)
Жоспары: 
1.      Ғұндар тарихының ерте кезеңі
2.      Мемлекеттік құрылымы
3.      Ғұн тайпасының бірлестігі
(Ғұндар туралы бейнебаян көрсету)
  Б.з.б.   1   мыңжылдықта   қазіргі   Моңғолияның   оңтүстігінде   Каспий   өңіріне   дейінгі   Орталық
Азияның кең-байтақ кеңістігін әр түрлі тайпалар мекендеген. Солардың бірі ғұн тайпасы. Қытай 
деректерінде ғұндар туралы б.з.б. 3 ғасырдың аяғынан бастап айтылады. «Ғұн» сөзі «гун руң, хун ю»
т.б. атаулармен берілген.
Ғұндар кезеңі:  б.з.б 3 ғасыр б.з-дың 4 ғасыры аралығын қамтиды
Орналасқан жерлері, территорияларын картадан көрсету
Сол қанат
Оң  қанат
Орталық қанат
Ғұн мемлекетінің әскери жүйесі
Мемлекеттің   ең   жоғарғы   басшысы  –шаньюй  деп   аталды.   Одан   кейінгі   орында   түменбасылар
шаньюйдің жақын- туыстары тұрды.   Ғұндар 24   рудан тұрған. 24 түменбасы , олардың әрбіреуінде
10 000 атты әскері болған.
Шаньюй
24 түмен басы
Әрбіреуінде  (10 000 атты әскер)
мыңбасы
жүзбасы
онбасы
Империяның басқару тобы ру-тайпа ақсүйектерінен құралды. Барлық бекзадалар «Аспанға, Жерге,
ата-баба аруағына және көктегі тәңірге арнап құрбандық шалу үшін» жылына үш рет шаньюйдің
алдына аксакалдар кеңесіне жиналды.  Б.з.б. 3 ғасырда Цинь патшалығы солтүстіктегі көршілерінен
қорғану мақсатында Ұлы Қытай қорғанын салды. 
Ғұн   тайпасының   бір   мемлекетке   бірігіп,   күшейген   кезі   б.з.б.   2-ғасырмен   1   ғасыр   аралығында
Мөденің   билік   тұсында   болды.   Оның   жасаған   әскери   реформалары   арқасында   Ғұн   мемлекеті
қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю-банды да жеңіп  Байкал көлінен Тибет тауына дейін,
Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзені орта ағысына дейінгі аралықты иемденді.үйсін,   қаңлы,алан.т.б.
тайпаларды басқарды
111

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
б.з.б. 1-ғасырдың ортасында, яғни б.з.б 55 жылы
Оңтүстік
Хань әулеті қол астында 
Солтүстік Чжи-чжи шаньюйдің басқаруымен батысқа қарай жылжыды. 1ғ аяғында 
Ғұндар қаңлылармен бейбіт келісімде болды, бірақ тұрақтап тұрмай б.з.б   2 ғасырдан бастап б.з. 4-
ғасыры аралығында Батыс Европаға дейін қоныс аудара бастады.
ІV. Бекіту кезеңі:
-
«Кілттік сөздер» (сурет бойынша) әдісі 
Мұғалім   тақтаға   кілттік   сөздер   мен   суреттерді   ұсынады.   Оқушылар   тақтада   ұсынылғандарды
пайдалана отырып, ғұндар тақырыбына мәтін құрастырады.
-
Ассоциация құру «Ғұндар»
-
«Синкуейн» әдісі. (бес жолды өлең шығару) 
V. Сабақты қортыныдылау, бағалау 
VI. Үйге тапсырма: §25 оқу,  ғұндардың қыш ыдыстарының суретін салып келу.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қосалиева Бибіт Бисенбайқызы
БҚО, Казталов ауданы, Мереке ауылы,
Мереке бастауыш жалпы білім беретін
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Өзін-өзі тану пәнінен кіріктірілген сабақ. 3-4 сынып.
«Жаным толған жақсылық» « Жақсылықтан жақсылыққа» 3 сынып 4 сынып
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың «жақсылық, махаббат» Оқушылардың жақсылық құндылығы
құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту туралы ұғымдарын кеңейту
Сабақтың міндеттері:
1.Жақсылық пен махаббаттың адам өміріндегі 1. Жақсылық жасаудың адам өміріндегі 
маңыздылығын түсіндіру өміріндегі маңыздылығын түсіндіру
2.Жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту 2. Жақсылық жасай білу іскерліктерін
дамыту
3.Қайырымдылыққа , игілікке тәрбиелеу 3.Имандылыққа ізгілікке тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Топшама үлгісінде қиылған көгілдер қағаз, нақыл сөздер
І.Шаттық шеңбері:
1 оқушы:
Сурет салсам - гүл саламын
Гүлге толып тұрса алаңым, - деймін мен
2 оқушы:
Сурет салсам - күн саламын
Күндей күліп тұрса маңым, - деймін мен
3 оқушы:
Сурет салсам - қала салам
Болсын барлық баласы аман, - деймін мен
4 оқушы:
Сурет салсам - адам салам
Қорған балсын маған саған, - деймін мен
5 оқушы:
Сурет салсам - көгершін салам
Бейбітшілік, тыныштық болсын мағын, саған, - деймін мен
ІІ. Қызығушылығын ояту:
Жақсылықты риясыз жасау дегенді Жақсылық деген сөздің мағынасын
қалай түсінесіңдер ? қалай түсінесіңдер ?
Өздеріңнің жақсылық істерің туралы Жақсылық жасау деген не ?
Естеріңе түсіріп айтып беріңдер Жақсылық жасау адамның
парызыма ?
112

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ІІІ. Мағынаны тану:
Мәтінмен жұмыс:
Жан ана Шалдың әрекеті
Ауылдағылардың жасаған әрекеттеріне туралы не айтасыңдар ?
көзқарастырың қандай ? Сендер солай жасай аласыңдар ма?
Осы әңгімеден қандай ой қорытуға болады Шалдың жасаған жақсылығы
қандай жақсылық болып оралды?
ІV. Тыныштық сәті:
Оқушылар, бір сәт тыныштық сақтап, ыңғайланып отырып алыңдар.Тұла бойларыжақсылыққа 
толғанын сезінуге ұмтылыңдар. Өздеріңді жақсылық жасауға асығып барамыз деелестетіңдер. 
Бойларына күш біткендей, жақсылықжасаудың қолыңнан келгені қандай ғанибет !
V.Дәйексөз.
Ы.Алтынсариннің “Біреуге жақсылық етсең, Ешқандай жақсылық зая кетпейді
Ол жақсылығыңды міндет етпе"
Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен жасау керек. 
Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс.Оған ақы сұраудың, 
жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.
VI.Топтастыру:
Жақсы адам Адамның бойындағы жақсы қасиеттер
VII. Жаңа ақпарат.
Жақсылық жасау адам бойындағы Жақсылық жасау әр адамның қолынан
асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам келеді. Жылы жүрек ақ ниет, нәзік
қол ұшын беруге, жәрдем етуге, сезім адамды жақсылыққа бастайды.
Жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге Жақсылықтан жақсылыққа ұмтылу
Қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. адамды бақытқа игілікке жеткізеді.
Риясыз жақсылық жасау биік адамгершілік
тің белгісі.
VIII.Ойын:
5 - 6 метрге жететін жіп дайындалады. Оның екі ұшына да жіңішке таяқ байланады. Жіптің қақ 
ортасы белгіленеді. Сол жерге басқа түсті жіп байлап қоюға болады. “Бастаңдар “ деген белгі береді. 
Жіпті тез - тез орап, әр адым аттаған сайын досының өзіне жасаған жақсылығы туралы
айта отырып, алға жылжи береді.
ІХ. Дәптермен жұмыс:
Топпен жұмыс:
І топ: ІІ топ:
“Жақсылық тамшысы“ Мақал - мәтелді аяқта
Тпмшыны іліп жатқанда әр бала өзгелерге
Айналасына өзі жасаған жақсылықтарын
жазады немесе сурет салу
Эссе жазу. “Бақытты мекен“ сурет салу..
ХІ.Сахналау.
“Дүние неліктен жақсы“
ХІІ.Ой толғаныс. Қорытынды:
қамқорлық бауырмалдық қайырымдылық
Жақсылық
жанашырлық жақсы қасиет
мейірімділік қол ұшын береді
көмек көрсетуге әрдайым дайын тұрады
ХІІІ. Жүректен жүрекке
Мен тілеймін , жарқыным, сенде тіле.
Орнасын де жақсылық жер бетінде,
Мен сағынсам сен дағы сағын, жаным,
Тек жақсылық адамнан табылғанын
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------
113

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Ф.И.О
Кыдыргалиева Сания Сулейменовна
Год рождения:  01.01.1965г
Образование: высшее
Место получения образования: Педагогический  институт им.А.С.Пушкина.
Спецальность: Руский язык и литература в казахских классах.
Категория: ІІ 
Педагогический стаж: 32 год
Место работы: ЗКО, Казталовский район,поселок  Талдыапан , Талдыапанская  
общеобразовательная школа.
 Курс: 2013 год, 2013год (СТО)
                                Проблемная работа: «Нестандартные уроки».
 20.12.2013Г 


1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал