Серия философия серия культурология



Pdf көрінісі
бет18/31
Дата04.02.2017
өлшемі2,63 Mb.
#3364
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31

 
______________ 
 
1.  Пятигорский  А.,  Мамардашвили  М.  Символ  и 
сознание:  метафизические  рассуждения  о  сознании, 

Вестник КазНУ. Серия философия. Серия культурология. Серия политология. № 1 (36). 2011                                                
109 
символике  и  языке. – М.:  Школа  "Языки  русской 
культуры", 1997. – 213с. 
2.  Кант И. Критика чистого разума. – Cобр. соч. – 
Т.3. – М.: Мысль, 1964. – 799 с. 
3.  Пенроуз  Р.  Тени  разума:  в  поисках  науки  о 
сознании. – М.-Ижевск:  Институт  компьютерных 
исследований, 2005. – 688 с. 
4.  Мамардашвили  М.  Эстетика  мышления / 
Философские  чтения. – Спб.:  Азбука-классика, 2002. – 
832 с. 
5.  John R. Searle, A Re-Discovery Of The Mind. – A 
Bradford Book, 1992 The MIT Press, Camb., Mass, 
London, England 
6.  Психоаналитические  термины  и  понятия: 
Словарь / Под  ред.  Борнесса  Э.  Мура  и  Бернарда  Д. 
Фаина. – М.: Независимая фирма "Класс", 2000. – 304 с. 
 
* * * 
Бұл  мақалада  сана  мəселесі  заманауи  философия 
мен  жаратылыстану  ғылымындағы  күрделі  жəне 
тартымды  тақырып  ретінде  ашып  қарастырылған. 
Сондай-ақ  онда  болашақтағы  жүйелі  зерттеуге  қажетті 
методологиялық аспектілер көрсетілген. 
 
* * * 
This article puts forward the problem of consciousness 
as one of the most fascinating and complicated issues of 
both contemporary science and philosophy. It considers 
some methodological respects, necessary for the further 
study of consciousness.  
 
 
 
 
 
М.А. Сагидолдина 
 
ЭРИХ ФРОММНЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ: САУ ҚОҒАМ ҚҰРУ  
ЖƏНЕ ЖАҢА АДАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 
 
Қоғамдық жүйенің эволюциясын, адам таби-
ғатының ерекшелігі жағынан қарастырған Эрих 
Фромм,  индустриалды  дəуірдің  басында  адам-
дардың  көпшілігі  табиғат  алдындағы  үстемді-
гінің  артуы, материалды  молшылықтың,  көпші-
лік  адамдардың  бақытты  болуынын  артуын 
жəне  жеке  тұлғаның  шексіз  еркіндікке  артуын 
түсіне  бастады.
 
Ғылым  адамдардың  бəрін 
білетіндей  жасаған  секілді.  Ал  жануар  мен 
адамның  энергиясын  механикалық  энергияға, 
одан ядролық энергияға алмастырған
 
түрлі жəне 
нəтижелі  машинаға  айналған  техника  басшы-
лыққа  шығады.  Ал  адамның  ақыл  ойын  элек-
тронды  машинаның  операциясында  адамды 
үстемдікке  шығарды.  Құдай  жəне  адамзаттың 
даму  процессі  кезінде  пайда  болған  түрлі 
байлық  пен  жайлылық  барлықтарға  тек  шексіз 
бақыт  əкеледі  деп  болжамдалған.  Бірақ  уақыт 
өте  келе  бұл  үлкен  үміттердің  күйреуі  айқын 
көріне  бастайды.  Барлық  тілектердің  шексіз 
қанағаттандырылуының  талпынысы,  бақытты 
болуға  жол  бермейтіні  түсінікті  болды.  Бюро-
кратиялық  машинаның  винтиктеріне  айналға-
нын  сезінген  адамдар  өздерінің  жеке  өмірле-
рінде  ешкімге  тəуелсіз
 
болу  армандарынын  со-
ңы екенін сол кезе түсінді. Ал олардың ойлары-
мен,  сезімдерімен,  талғамдарымен  өкімет,  ірі 
өндіріс  жəне  есеп  корпорацияларының  жəне 
солардың  қарамағына  қарайтын  бұқаралық 
ақпарат құралдары үлкен ықпал жасайды. Үлкен 
үміттердің  қоғамы  орнына  бақытсыз  адамдар-
дың  қоғамы: «... жалғыздық,  үрей  мен  қор-
қынышта  өмір  сүретін,  тек  жоюға  жəне  үнемі 
тəуелді болуға қалыптасқан адамдардың қоғамы 
келеді».  Осы  қоғамда  «экономикалық  мінез-
құлық  этика  мен  адамның  құндылықтарынан 
айырылды».
 
Адамдардың  арасындағы  қатынас-
тарда «өзімшілдік жəне өз-өзін сүю» қасиеттері 
алдынғы  орынға  шықты [7, 214-216]. Осының 
бəрі, қоғамда осындай əлеуметтік-экономикалық 
жүйенің
 
жəне  осындай  адамдардың  өмір  сүру 
қалпының 
қалыптасуы, 
соңында 
«ауру» 
тұлғаның  жəне  «ауру  қоғамның»  қалыптасуына 
əкеліп соғады [7, 217]. 
Фромм  қазіргі  заманғы  кең  таралған  «ауру» 
қоғамның  пайда  болуын  «идолға  табынушы-
лықта»  көреді.  Ол  идолға  табынушылықты 
адамның  өзінің  энергиясын,  өндірушілік,  шы-
ғармашылық  жəне  тағы  басқа
 
қабілеттерін 
идолды  жасауға  жұмсайды.  Одан  кейін  сол 
идолға  табынады,
 
алайда  сол  идол  өзінің  іс-
əрекетінің  жемісі  болып  табылады.  Адамның 
өмірлік күштері өзінің қолынан жасаған затында 
іске  асады.  Бірақ  ол  зат  идолға  айналған  кезде 
өзінің  əрекетінің  қорытындысы  ретінде  емес, 
өзінен  бөлек  бір  зат  ретінде  қабылданады.  Ол 
зат өзінің үстінен үстемдікке айналып сол затқа 
табынушылықтың үстемдігі артады. Фроммның 
айтуынша,  индустриалды  қоғамда  өмір  сүретін 
қазіргі заманғы адамның идолға табыну деңгейі 
мен  формасы  өзгерді.  Ол  оның  өмірімен 
басшылық  ететін  экономикалық  күштердің 
объектісіне  айналды.  Ол  өзінің  қолының  ісіне 
табынады  жəне  өзін  затқа  айналдырады. 
Осындай драмалық, кейде трагедиялық əлеумет-
тік  жəне  этикалық-психологиялық  жағдайды 
«машинизация», «роботизация», «компьютери-
зация»  ықпалымен  түсіндіреді.  Осындай  жағ-
дайда  адамның  өзінің  еңбек  өнімінен  жат 
болуымен  қатар  басқа  адамдардан,  кейде  өз-

110
                          
ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. № 1 (36). 2011
 
өзінен
 
жат болуына əкеледі. Сондықтан Фромм, 
«жат  болу  қазіргі  заман  адамының  психопо-
толиясының  негізі  болып  саналатын  жеке 
тұлғаның ауруы деп түсіндіреді» [10,320 б.б.]. 
«Ауру»  қоғамда  өмір  сүретін  адамның 
кесапаты  идолға  табынуда  ғана  көрінбейді. 
Сонымен қатар индустриалды қоғамның құрған 
əлеуметтік 
институттарға 
да 
байланысты 
болады.  Ол  институттар
 
–  пресса,  кино,  өкімет 
жəне т.б. болып табылады. Осы əлеуметтік инс-
титуттардың  өзара  байланыста  болып,  бір  бірін 
күшейтіп адамның психикасына кері əсер ететін 
жəне  дүниетанымына  əсер  ететін  эффектке 
айналады.  Осыған  байланысты  Фромм: «Көбі-
несе  адамға  оның  ойы – өзінің  ойының  шығар-
машылығының нəтижесі деп
 
елестейді. Алайда, 
ол  өзінінің  ақылын,  қоғамдық  пікір,  газет, 
өкімет  жəне  үкіметтің  лидері  секілді  идолдарға
 
бөлуінен болып табылады. Адам олардың оның 
ойын білдіретіне сенеді. Бірақ шындығында, ол 
оның  ойларын  өзінің  ойы  ретніде  қабылдайды. 
Өйткені  ол  оларды  өзінің  идолы  ретніде  сай-
лады. Осы себептен ол өзінің идолдарына тəуел-
ді  болып  оларға  табынудан  бас  тартпайды.  Ол 
олардың құлы, өйткені ол өзінің ақылын соларға 
табыстады»[11,320 б.б]. 
Фроммның  айтуынша,  адамның  арын  түсі-
ретін  қазіргі  заманғы  идолға  табынушылық 
мемлекеттке  табыну  болып  табылады.  Ол 
табыну  ұлт  пен  нəсілдің  үстемдігіне  байла-
нысты болады [3,57 б.б ]. 
Əрине,  Фромм,  фашизм  мен  басқа  тота-
литарлық  əлеуметтік-саяси  жүйелердің  идолға 
табынумен  байланыстырмады.  Фромм  аталған 
факторлардың  əрқайсысының  маңыздылығын 
түсіне  отырып,  психоаналитик  ретінде  олардың 
психологиялық  себептеріне  байланысты  бола-
тынын анализ жасады. Терең зерттеулердің негі-
зінде  осы  себептердің  əлеуметтік-саяси  жəне 
экономикалық түп-тамырын көрді. Осы фактор-
лардың  əсерінен  жəне  олардың  əлеуметтік-
экономикалық  жəне  саяси  себептеріне  байла-
нысты  болатынын  айғарды.  Осындай  жағдай 
адам  табиғатының  қарама-қайшылықтармен
 
анықталады.  Адамның  бостандыққа  ұмтылу 
туғаннан
 
қалыптасқан 
қабілетінен 
басқа, 
адамның  «біреудің  басшылығымен  қол
 
астында 
жүрудің  инстинкт  түрінде  болады»  да  көруге 
болады.  Сондықтан  Фромм  осындай  жағдайда 
психологиялық,  экономикалық  жəне  идеология-
лық  факторлардың  байланысын  зерттеуді  жөн 
көрді. «Бүкіл  ұлттар  үшін  фашизмнің  тарты-
лымдығын  түсіну»  бізді  «психологиялық  фак-
торлардың рөлін» қабылдауымызды талап етеді. 
Осы  жерде  біз  саяси  жүйені  көреміз.  Ал  ол 
жүйе,  шындығында,  адамның  рационалды  жеке 
қызығушылығына байланысты емес. Олар адам-
да  жын-шайтандардың  күшін  тудыруы  мүмкін. 
Бірақ,  біз  ол  күштердің  бар  екеніне
 
немесе 
ұмытылғанын білмедік» [1, 16 б.б.]. 
Сондықтан  өмірдің  кейбір  жағдайларында
 
жəне  белгілі  əлеуметтік-саяси  жəне  экономи-
калық  жағдайларда  адам  баласы  адал  да,
 
қатал 
да,  дені  сау  да,  дені  сау  емес  те,  еркін  де  жəне 
сол бостандықтан  қашуы  да  болуы  мүмкін. Ал, 
осы 
«адамның 
табиғаты 
биологиясымен 
айқындалған 
қабілеттері 
жеке 
тұлғаның 
əлеуметтік  процесс  кезінде  қалыптасқанын 
көреміз» [1,21б.б.]. 
Осы 
қарама-қайшылыққа 
бағытталған 
қызметтердің негізінде, Фромм қоғамның негізгі 
екі  түрін  белгілейді. «Сау  қоғам» – адам 
табиғатының  дамуына  жасалған  жақсы  жағ-
дайлар қалыптасқан қоғам. «Ауру қоғам» – бұл 
қоғамда  адам  баласы  өзінің  еңбегінің  нəтиже-
лерінен,  басқа  адамдардан  жəне  өз-өзінен  жат 
болады.  Екінші  қоғамның  түрінде
 
адам  өзінің 
мəнін  жоғалтып,  затқа  айналады.  Ол  зат  бюро-
кратиялық  немесе  технологиялық  машинаның 
бөлшегі  жəне  нарықтағы  тауарға  айналады.  Қа-
зіргі  заманың  қоғамында  қалыптасқан
 
əлеумет-
тік-экономикалық 
жəне 
əлеуметтік-мəдени 
жағдайға  байланысты  парадоксалды  мəселені 
көруге  болады.  Фроммның  айтуынша,  көптеген 
нарықтық
 
қатынаста  өмір  сүретін  адамдар 
өздерін  жақсы  қоғамда  өмір  сүретініне  сенеді. 
Ал
 
осы қоғамның аз орнын алатын психикалық 
ауру  адамдар  психиатритикалық  ауруханаларда 
емделіп  жатыр.
 
Алайда  көптеген  невротиктер 
өздерінің ойларының жəне осы жағдайға берген 
реакцияларын  сау  адамның  əсері  ретінде 
түсіндіреді.  Ал
 
осы  жағдайға  көнген  басқа 
адамдар сау деп айтуға болмас. Осы екі пікірдің 
қайсысы  дұрыс  екенін  түсіну  үшін  шынайы 
факторларға  сүйену  керек.  Адамзат  тарихын-
дағы  соңғы  жүз  жыл  ішінде  адамның  құрған 
қоғамның  ішінде  салыстырғанда  біз  құрған 
қоғамда  материалды  молшылықты  жеткілікті 
болып саналады.  
Осы  мəселенің  жауабын  іздеген  Эрих  
Фромм 
қалыпты 
патология 
мəселесін 
қарастырады. Ол мəселе тек жеке индивидтерге 
ғана  емес,  сонымен  қатар  бүкіл  қоғамға  да 
байланысты  деп  аңғарады.  Осыдан  адамзат 
табиғатының
 
жəне  қоғамның  сұранысы
 
бір-
бірімен конфликтіге əкеп соқты.  
Фромм  тек  көрнекті  психоаналитик  ретінде 
емес,  сонымен  қатар  психотерапевт  ретінде 
батыс  қоғамның  осы  жағдайын  нəтижелеп, 
«ауру»  ретінде  қарастырып,  оны  емдеуге  қоры-
тынды шешеді. Осы ауру қоғамның тереңдігінде 
болғандықтан, «емдеу»  мəселесі  тереңдіктен 
басталу  жөн.  Осы  «ауру»  қоғамның  «сау» 
қоғамға  айналдыру  процесінде  бірінші  мəселе 
«осы  мəселені  шешудің  бірінші  талпынысын 
сезіну жəне оған тиесілі қиын мəселелер болып 

Вестник КазНУ. Серия философия. Серия культурология. Серия политология. № 1 (36). 2011                                                
111 
табылады» [7,368 б.б.]. Осы қиыншылықтардың 
кейбіреулерін  атасақ,  индустриализация  жолын 
əрі  қарай  қалай  жалғасуға  болатынын  шешу. 
Яғни,  сол  жолда
 
толық  өндірістің  орталығына 
айналмау  болып  табылады.  Адамдардың  күнде-
лікті  жұмыстың  мотивациясы  тек  материалдық 
молшылыққа  байланысты  емес,  рухани  жəне 
психологиялық  қанағаттануға  айналдыруды 
қалыптастыру  болып  табылады.  Осы  деңгейде 
ұлттың  прогресін  жалғастыра  отырып,  ғылыми 
жетістіктердің  нəтижелерін  дұрыс  бағытта  қол-
дануын қадағалау керек. «Сау» қоғамды қалып-
тастыру  үшін  индивидтердің  қауіпсіздігін,  яғни 
олардың  қоғамның  бюрократиялық  аппартқа 
тəуелді болмауын жəне өздерінің тұтынушылық 
қанағаттануын  қамтамасыз  ету  қажет.
 
Адам-
дардың  өзінің  тұтынушылықтың  қанағатынан 
лəззат  алмай,  бақыт  пен  қуанушылықты  сезіну 
үшін  өндіруші,  əлеуметтік,  əлеуметтік-мəдени 
жағдайларды  жасау  керек.  Осы  қиыншы-
лықтарды  жеңу  шешу  үшін  адамдардың  бірігіп 
жəне  белсенді  бірыңғай  əрекетімен  бағытталу 
жөн.  Ал  осыған  жаңа  бағыттағы  «Адам  туралы 
Гуманистикалық Ғылымның» қажеттілігі болып 
табылды» [7,369-370 б.б.]. Адамның мəнін аша-
тын  қоғамның  əлеуметтік  реконструкциясында 
Фромм практикалық шығармашылықтың кейбір 
бағыттарын жүзеге асыруды ұсынады. Осындай 
бағыттардың  біріншісі  өндірістің  «сау  тұтыну-
шылыққа»  қайта  бағыттауы  болып  табылады. 
Алайда осы жерде қандай тұтынушылық екенін 
анықталмайды:  сау  əлде  патологиялық.  Сау 
тұтынушылық  адамдардың  ден  саулығына  зиян 
келтіретін  тұтынушылықтың  өзгеруін  қалайтын 
адамдардың  көбеюіне  байланысты  болады. 
Сондықтан  да  мемлекеттің  басты  қызметі  сау 
қоғамды  құру  болып  табылады. «Патологиялық 
жəне  индефференттік  тұтынушылықтан  сау 
тұтынушылыққа  ауысу»  нормаларын  енгізу 
жəне  қоғамдық  шеңбердегі  бұқаралық  ақпарат 
құралдары  жəне  мəдениеттің  «сау  тұтынушы-
лықты»  белсенді  түрде  ынталандыру  керек» 
[7,373-374 б.б.]. 
Екінші  маңызды  бағыт:  адамның  мəнін 
дамыту  жəне  күнделікті  өмір  сүруін  жақсарту 
«сау»  қоғамның  қалыптасуы  болып  табылады.
 
Бұл  жерде  Фроммның  пікірінше, «жалпы 
халықтың  саяси  өмірде  белсенді  қатынасуы» 
басқару  шығармашылықтың  децентрализация-
сына  əкелетінін  көрсетеді.  Ал  «бюрократиялық 
басқарудың  гуманистикалық  басқарумен  алмас-
тыратын
 
істерде  қоғамның  белсенді  жəне 
жауапкершілікті  қатынасуын  талап  етеді» [7, 
380 б.б.]. 
Постиндустриалды  қоғамның  ақпараттық 
қоғамның  орнына  алмасатын  процесс  кезінде, 
Фромм, «эффектілі  ақпараттың  белсенді  тарату 
жүйесін  құру» – қоғамдық  өмірдің  барлық 
беттерін  емдейді.  Адамдарды  ақпараттық 
манипуляциядан  құтқару – олардың  рухани 
жəне  өздірінің  азаматтық  борыштарын  орын-
дауға мүмкіндік беретін жол ашу керек.  
Бірақ  осы  жəне  басқа  да  қоғамды  емдеуге 
бағытталған  мүмкіндіктер  мен  бағыттар  өмір 
сүру  қалпына  жəне  шындыққа  айналу  үшін 
адамзаттың  қолындағы  барлық  мүмкіндіктерді 
дұрыс  қолдану  қажет.  Осы  мүмкіндіктердің 
бірін  ол  Рим  клубының  жаңа  этикасындағы 
докладтардың  ішінен  алады.  Яғни,  табиғатқа 
жаңа  қатынастарды,  адамдар  арасындағы  қаты-
настардың  мейірімді  болуы  жəне  адамгер-
шіліктің  болуы  керек.  Алайда  қоғамның  негізгі 
емделуін – ғылым,  білім,  дін,  мəдениет,  отбасы 
тəрбиесінен бастау керек.  
Фроммның  рухани  ізденістерінде  мінезде-
месін  тапқан  «сау  қоғамды»  құру  əлеуметтік 
жобада  баяндалған.  Əлеуметтік  адал  қоғамда 
жаңа  адамды  қалыптастыру  үшін  қажетті 
мəселелерді  шешу  жобасын  ХХ  ғасырдың 
көрнекті  философы  терең  бағытта  орын  алған. 
Ол  адамдардың  шығармашылық  мүмкіндік-
терінің  жақсы  болашақты  құруға  көмек-
тесетініне сенген. 
 
 
____________ 
 
1.  Фромм  Э.  Бегство  от  свободы. – М.,1990. – 
С.16. 
2.  Фромм  Э.Человеческая  ситуация. – М.,1995. – 
С.57. 
3.  Фромм Э. Иметь или быть?// Человек для себя. 
Исследования  Психологических  проблем  этики. – М., 
1997. – С.214-384. 
4.  Фромм  Э.  Концепция  человека  у  К.Маркса // 
Душа человека. – М., 1992. – С. 320. 
5.  Фромм Э. Анатомия человеческой деструктив-
ности. – М.,1998. – С. 320. 
 
* * * 
В  статье  рассматривается  философский  подход 
Эриха  Фромма  к  созиданию  здорового  общества  и 
формирования нового человека в социальном проекте. 
 
* * * 
The are matter consider philosophical approach of 
Erich Fromm to creation health society and forming new 
people in society project. 
 
 
 
 
 
 

112
                          
ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. № 1 (36). 2011
 
С.К. Турганбеков 
 
Ч.С.ПИРС ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КҮМƏН  
МЕН СЕНІМ – ОЙЛАУ ФОРМАСЫ 
 
Чарлз  Сандерс  Пирс (1839-1914) – амери-
калық  философ,  логик,  математик,  жаратылыс-
танушы. Семиотиканың негізін қалаушылардың 
бірі 
(таңбалар 
туралы 
ғылым). 
Қазіргі 
математикалық  логиканың  көптеген  идеялары 
мен  ұғымдарын  дамытты. «Пирс,  күмəнсіз  ұлы 
философ болды... – деп жазды Бертран Рассел. – 
Ол  тасып  жатқан  вулканды  еске  түсіреді,  ал 
зерттеуде алтынның негізгісі болды» [1, 470 б.]. 
Ч.С.  Пирс 1839 жылы 10 қыркүйекте 
туылды.  Ол  Гарвард  университетінің  профес-
соры, сол кездегі керемет математик Бенджамен 
Пирстың екінші ұлы. 
 
Ч.  Пирс  өзінің  бейімділігін  логикадан  тап-
ты. Он үш жасында Уэтлидің «Логика элемент-
терін»  оқиды.  Логика  тарихы  мен  сол  кездегі 
шығармаларды ол өте сүйіп оқитын болады.  
 
Пирстің 
логика 
мен 
философияға 
қатысты  алғашқы  мақалалары 1867-1868 жж. 
жариялана  бастайды.  Оның  логикалық  жұмыс-
тары  аз  ғана  ғалымдардың  назарын  аударып, 
философиялық  қырлары  мүлдем  аңғарылмай 
қалды.  
1870 жылдың басында Ч.Пирс жəне бірнеше 
академиялық  қызметкерлер  дискуссиялық  топ 
құрады,  Ч.Пирс  оны  өз  естелігінде  «Метафи-
зикалық  клуб»  деп  атайды.  Бұл  топқа  мате-
матик,  жаратылыстанушы  жəне  философ  Райт, 
юрист  Холмс  (АҚШ  Жоғарғы  сотының  мүшесі 
жəне  құқықтың  ірі  прагматикалық  теоретигі), 
физиолог  жəне  психолог  Уильям  Джемс, 
тарихшы  жəне  əлеуметтанушы  Фиске,  теолог 
жəне философ Эббот, тағы бір юрист Грин жəне 
т.б  кіреді. «Клубтың»  ұйымдастырушысы 
Ч.Пирс, ал идеялық негізі - Райт болды.  
«Клубтың»  бір  отырысында  Ч.Пирс  өзінің 
негізгі  идеялары  болып  табылатын  таным 
теориясы  бойынша  доклад  жасайды.  Ол  идея-
лық  негіздер  кейін  прагматизм  ілімінің  ядро-
сына айналды. Бұл доклад қайта түзетіліп, 1877-
1878  жж.  журналда  екі  мақала  болып 
жарияланады.  Олар: «Сенімнің  бекітілуі»  жəне 
«Идеямызды қалай анық етеміз». 
 
Кейбір  адамдар  болмаса,  көптеген  адамдар 
логика  ғылымымен  айналысқысы  келмейді. 
Əйтсек  те,  біздің  ғылыми  жұмысымыз  логи-
калық  жағынан  дəлелді  секілді.  Өйткені,  біздің 
ғылыми жұмысымыздағы сілтемелердің өзі анау 
айтарлықтай  дəлелді  қажет  етпейді.  Себебі, 
сілтеменің сипатын бір аты шулы, еңбегі сіңген, 
атақ-даңққа  ие  ғалым  жазып  кеткен.  Басқалар 
оның еңбектерін сілтеме немесе қосымша құрал 
ретінде  пайдаланады.  Ортағасырлық  схоласти-
кадан  айырмашылығымыз,  біз  ғылыми  тұрғыда 
жазып отырмыз деп күмəнімізді сейілтеміз. Бұл 
біздің  ғылыми  сенімдеріміздің  бірі  болып 
табылады. Осыдан біздің гуманитарлық ғылым-
дардың  ғылымилығы  осында  ма? – деген  сұрақ 
туындайды. Қазіргі біздің гуманитарлық ғылым-
ның практикалық  əдістері мен тəсілдері, метод-
тары қандай? Егер болса, қандай болуы тиіс? 
Кез  келген  гепотеза  теориялық  тұрғыда 
анықталып,  практикада  дəлелденсе  немесе 
керісінше,  онда  ол  ғылыми  болып  табылады. 
Ғылыми деп тұжырымдап жүргендеріміз белгілі 
уақыттарда өз күшінен айрылады. Яғни тұрақты 
бола  бермейді. «Кез  келген  ғылыми  жұмыс 
бірнеше  ұрпаққа  естелік  ретінде  қалдыруға 
сондай  мағыналы,  мəнді  жəне  сол  кезеңнің 
логикалық  пайымдаулары  жайлы  түрлі  ойлар 
береді, олардың əрбірі ғылымға деген бір тамшы 
болса  да  үлес  қосты  деп  танимыз» [2, 236 б.]. 
Яғни  кез  келген  ғылыми  жұмыс  өз  кезегінде 
фальсификацияға  ұшырап  тұруы  тиіс.  Сонда 
ғана  біз  ғылымның  дамуы  болады  деп  айта 
аламыз. Ғылыми жұмыс сөз бен қиялдың, қағаз 
бетінде мəңгі қалып кетпеуі тиіс.  
Пайымдауларымыздың  мақсаты  белгіліні 
айту ғана емес, сонымен қоса белгісізді де іздеу, 
оны  мəселе  ретінде  қоя  білу.  Нəтижесінде 
белгіліден  белгісізді  шығару.  Егер  А  сілтеме 
болса,  В  қорытынды  деп  есептейік,  олай  болса 
А-да  В-да  бар.  Егер  А  жалған  болса,  В-да 
сондай  болмақ.  Ғылыми  қорытынды  біздің 
белгісізге деген күмəнімізді сейілтеді. Ол ойдың 
анықтылығы  мен  білімділігін  береді.  Егер 
магнитке  үш  бұрышты  темір  жабысатын  болса, 
оған  төрт  бұрышты  темір  де  жабысады.  Яғни 
ұқсас  қорытындылар  ақиқаттың  ортақ  прин-
ципін  береді.  Дегенмен,  кез  келген  ғылыми 
қорытынды тəжірибемен анықталып тұруы тиіс. 
Сонда ғана объективтілікке жақындай түсеміз.  
Пайымдауымыздың  мəні  күмəннен  сенімге 
қарай  немесе  керісінше  болмақ.  Кейбір  логи-
калық пайымдаулардың санамызда сенім орнат-
қаны сондай, тұрмыс-тіршілігімізге еніп, оларды 
ақиқат  деп  санаймыз.  Айтпағымыз  олардың 
сапалық  жағының  уақыт  кеңістігіне  немесе 
уақыттан тыс болсын жағы ақиқат па, əлде жоқ 
па, оған мəн бермейміз. Олардың танымымызда 
орнап  алғаны  сондай,  олардан  айрылғымыз  да 
келмейді,  жаңаға  сын  көбен  қараймыз.  Ескінің 
жаңамен  толығуы,  прогрестің  көрінісі  екені 
анық.  Күмəнмен  қарау  немесе  анықталу 
дегеніміз бағыттың болмағандығынан емес, ол – 
ізденіс, еңбек. Не нəрсеге сеніп отырғанымызды 

Вестник КазНУ. Серия философия. Серия культурология. Серия политология. № 1 (36). 2011                                                
113 
білуіміз тиіс. Күмəнмен ғылыми тұрғыда дəлел-
деніп  келген  білім  белгілі  кезеңге  дейін  адам 
санасы  мен  ойына  жұбаныш  пен  тыныштық 
береді.  Белгілі  уақытқа  дейін  ақиқат  орнап,  кү-
мəн  сейіледі  де  сенім  орнайды.  Егер  адамдар-
дың  барлығы  жұмақтың  бар  екеніне  (оның 
ақиқат екеніне) көздері жетсе, олардың барлығы 
діндар болып кетер еді.  
Белгілі  бір  уақытта  күмəн  сенімге  қайта 
шабуыл  жасайды.  Ол  тікелей  «ғылыми  зерттеу-
мен»  байланысты  болуы  тиіс.  Өйткені,  оның 
«ғылыми  зерттеуден»  тыс  тұстары  болуы  да 
мүмкін.  Дегенмен,  сенім  мен  күмəн  күресі.  Тек 
ойлау  ғана  күмəн  сұрақтарына  жауап  беріп, 
сенім  жағына  шығып  кетсе,  екінші  жағынан 
ойлаудың өзі күмəнді туындатады. Сонда ойлау-
дың  табиғаты  қандай?  Күмəнмен  күрес  бастал-
са,  ойлаумен  ол  тоқталады.  Біздің  сеніміміз  ол 
ақиқат  деп  ойлағанда  ғана  нық  болады.  Ал 
басқалары  жалған  болмақ.  Жəне  де  өз  құқы-
ғымыз  өз  сенімімізді  теріске  шығаруға.  Мұн-
дағы  ақиқат  бізді  қаншалықты  дəрежеге  дейін 
қанағаттандыра  алуына  байланысты.  Зерттеудің 
негізгі  деңгейлерін  Ч.С.Пирс  былай  бөліп 
көрсетеді: 
1)  Түрлі  сұрақтар  қою  арқылы  əрбір 
нəрсеге күмəнмен қарау. 
2)   Талқылауды  қажет  етпейтін  жəне 
дəлелденіп қойылған нық бағыттардың болуы. 
3)  Егер  күмəн  тоқталса,  онда  зерттеу  де 
тоқталады. 
Күмəн 
тоқталмаса, 
зерттеу 
жалғасады [2, 245-247 бб.]. 
Сенімнің  адамға  жұбаныш  беретінін  айттық 
жəне  күмəн  сейілгенде  сенім  болады.  Біздің 
сеніміміз  барлық  жайттарға  тəн  емес.  Ол 
игілікке  негізделген.  Зерттеуде  Ч.Пирс  негізгісі 
ғылыми  метод  екенін  жəне  одан  бөлек  үш 
методтың  барлығын  айтады.  Біріншісі,  қажыр-
лылық  (немесе  табандылық)  методы.  Қолымыз-
бен отты ұстасақ қолымыз күймейді деп сенсек, 
ол  қателік.  Сондықтан  да  ондай  сенімнен 
аулақпыз.  Осыған  ұқсас  сенімдер  де  бар,  олар 
адамдарға өз деңгейінде жұбаныш бергендіктен, 
ол  оған  сенген  адамдардың  ісі.  Мысалы;  жұ-
мақтың  бар  екеніне  сеніп,  т.б.  себептерге 
қатысты діндар болып кеткен адамдар бар. Олар 
арғы  өмірді  ойлап,  діннің  шарттарын  орын-
дайды,  өздеріне  жұбаныш  табады.  Діни  білімі 
жоқтарға  діни  хабар  береді  т.б.  Мұндай  метод 
практикада өз бағытын жоғалтып алады.  
Екіншісі,  бедел  методы.  Бұл  метод  адам-
дардың  көп  қырлы  пікірлерінің  түйіні  ретінде 
жеке  беделді  адамның  қорытынды  түйін  сөзі. 
Көпшіліктің  сол  қорытындыға  тұруы,  бағынуы, 
сенуі. Кажырлылық методынан айырмашылығы 
ол  көбіне  саясатта  кездесіп,  əлеуметтік  сезім-
дерді  жұбатады.  Қоғамдық  нормалардың  өзі  де 
оған икемді болады.  
Келесі  методтың  бір  түрі,  априорлы  метод. 
Априорлы 
методты 
Ч.С.Пирс 
былайша 
түсіндіреді:  егер  Х  деген  болса,  ол  алдамайды 
дейік.  Біз  оның  алдамайтындығын  қайдан 
білеміз? – деген  сұрақ  туындайды.  Яғни  біздің 
ойлаған Х ақиқат па, əлде жоқ па? Ол не ақиқат, 
не  жалған.  Априорлы  методтың  негізгі 
формуласы осындай.  
Төртіншісі,  ғылыми  метод.  Ол  интел-
лектуалға,  ақыл-парасатқа  негізделген  метод. 
Ғылыми методтың негізгі шарттары:  
 
1)  Метод  пен  концепция  гармонияда  болуы 
тиіс.  Егер  Х  болса,  ол  тəжірибеде  анықталады. 
Яғни  гепотезаны  айғақпен  дəлелдейді.  Сон-
дықтан да, ол практикалық жағынан дəлелденіп, 
күмəнді сейілтеді.  
 
2) 
Əрбір 
методтың 
негізі 
сенімді 
тұрақтандыру  болса,  оның  бір  көрінісі  кемінде 
екі  болжамның  орын  алуына  байланысты. 
Көптеген  болжамдардың  біреуі  ғана  көрініс 
табады.  Егер  оған  кімде-кім  күмəнданса,  ол 
қанағаттанбаушылықтан  емес,  ол  жай  ғана 
күмəн.  Жəне  əлеуметтік  импульс  күмəнмен 
қабылдағанымен оны қабылдайды. 
 
3)  Ғылыми  методты  көптеген  жайттарда 
пайдаланады  жəне  ол  қажетсіз  болғанда  пайда-
лануды доғарады.  
4)  Методты  пайдалану  тəсіліне  мен 
күмəнмен  қарамасам  да,  өзгенің  жекелей  тұр-
ғыда күмəнмен қарап, қажет болса (солай ақиқат 
болса)  өзінше  дəлелдеуіне  де  құқығы  бар. 
Себебі,  ол  тəсілдердің  жаңа  қырларының  ашы-
луына алып келеді.  
Дегенмен, 
алдыңғы 
үш 
методтардың 
ғылыми 
методпен 
салыстырғанда 
түкке 
тұрғысыз  деп  айтуға  болмайды.  Олардың  да 
өздеріне  тəн  мəртебелері  мен  тиімділігі  жет-
кілікті.  Логика  өзгелерді  сынамайды,  керісінше 
оларға  құрметпен  қарайды.  Ол  тарихтың, 
тағдырдың,  өзгелердің  соққысына  жығылса  да 
кешірімді.  Ол  тек  адамдардың  игі  бастама-
ларына  ғана  қызмет  етеді.  Əрқашан  бейтарап 
маятник. 
Осындай методтардың (өзге де методтардың 
бар  екенін  жоққа  шығармаймыз)  арқасында 
бізге  белгілі  бір  уақытқа  дейін  сенім  ұялайды. 
Методтардың ең негізгісі жəне ақиқатқа жақыны 
ғылыми  метод  екенін  жоғарыда  айттық.  Ол 
біздің  іс-əрекетіміздің  дұрыс  немесе  бұрыс 
екенін көрсетеді. 
Анық  жəне  оған  қарсы  қараңғы  немесе 
бұлыңғыр ұғымдар бар. Анықтық деп біз дəлел-
демесі  бар  жəне  əрдайым  дəлелді  идеяларды 
айтамыз.  Егер  дəлелдемесі  жоқ  болса,  ол 
қараңғы немесе бұлыңғыр идея. Логиканың мəні 
де  осы  анық  идея  мазмұнымен  сəйкес  келуі. 
Бірақ,  логика  анық  идеяға  алып  баратын  жол 
болуы  тиіс.  Логика  біздің  идеямыздың  анық 

114
                          
ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. № 1 (36). 2011
 
болуына əсер етеді, ол бізге мəн-мағынаға толы 
білім  береді.  Мағыналы,  салмақты  ойлаудың 
негізі. Қараңғылық пен бұлыңғыр орта ғасырлар 
заманы кетті. Ескінің жаңа қырлары, ХХІ ғасыр 
есігіміздің алдынды. Əрбір минут, секунд сайын 
онымен  ұшырасамыз,  тілдесеміз,  тіптен  өмір 
сүреміз. Тек анық ойлау ғана қалды.  
Сенімнің  орнығуы  ойлау  функциясына 
қатысты.  Сенімді  қалыптастырушы  да  ойлау 
екенін  жоғарыда  айтқанбыз.  Шешім  алдында 
күмəн  туындайды.  Күмəн  сəтінде  не  істеу 
қажет?  Күмəнданғанда  сенімсіздік  қалыпта-
сады.  Сенбесек,  ол  ойға  жатпайды.  Ч.Пирс 
бойынша  сенім  дегеніміз:  біріншіден,  біз 
мойындаған  əлдене  бір  нəрселер,  екіншіден, 
күмəнімізді 
сейілткіш, 
үшіншіден, 
біздің 
табиғатымыздың 
іс-əрекеттер 
ережелерін 
нұсқаушы немесе əдет деп айтамыз [2, 274 б.]. 
Сенім – ойлау  мотивін  туындататын  күмəн 
серпілісін  басады.  Сенім  болғанда  ойлау  ты-
ныштыққа  кетеді.  Сенімнің  іс-əрекет  ережесі: 
болашақтағы  іс-əрекет  пен  ойлауды  алып 
жүреді,  ал  бастама  нүктесі  ойлау  болып 
табылады.  Сенім  ойлаудың  танымдық  күйі, 
ойлау – іс-əрекет.  Ойлаудың  қорытындысы – 
ойлаудың өзі қатыспайтын ырық актісі, ал сенім 
тұйық іс-əрекет, ол біздің табиғатымызға оймен 
ықпал  ететін  жəне  болашақтағы  ойлауға  ырық 
беретін  əлдебір  эффект.  Сенімнің  мəні  əдетті 
қалыптастырумен  байланысты  жəне  түрлі 
сенімдердің  бір-бірінен  айырмашылығы  іс-
əрекет  тəсілдерінің  əртүрлі  болуында.  Бұғау-
ланған  адам  тұтастығынан  айрылатыны  секілді 
біздің  ойлауымыз  да  түрлі  жалған  сенімдермен 
бұғауланады. 
Прагматизм  теориясының  аясында,  Ч.Пирс 
өзінің  шынайылық  концепциясын  анықтап 
көрсетті.  Оның  ойынша  шындық - ол  біздің 
сенім. «Егер  біздің  «ақиқат»  жəне  «жалған» 
терминдеріміз  күдік  жəне  сенім  терминдерімен 
анықталатын  болса,  онда  бəрі  жақсы,  бірақ  бұл 
жағдайда  сіздер  тек  күдік  пен  сенім  туралы 
айтып  отырсыздар... «Ақиқатты»  танып  білемін 
деп  айтудың  орнына,  сіздер жай ғана  ешқандай 
күдіксіз  сенімге  ие  болғым  келеді  десеңіз,  онда 
сіздің проблемаңыз əлде қайда жеңіл болар еді» 
деп, жазды Ч.Пирс [3, 262 б.]. Демек, кез келген 
адам  үшін  шындық - бұл  қандай  нарсеге 
сеніммен қараса, сол шындық болып есептеледі. 
Сонымен қоса, Ч.Пирс  шындық ғылымда  біреу, 
ол  бір  адамнан  екінші  адамға  өзгеріп  отыр-
майтындығын  айтады.  Ғылымда  шындық  біреу 
болғанымен  қателесулер  де  болып  тұрады. 
Белгілі бір уақытқа дейін шындық деп саналып 
келген нарселер, соңында шындыққа жанаспауы 
мүмкін.  Ч.Пирстің  ойынша,  біздің  сенімдері-
міздің  жалған  болып  шығу  мүмкіндігіне  қара-
мастан,  оларға  сенсек,  онда  олар  өзіміз  үшін 
абсолютті  шындық  болып  қала  береді.  Ч.Пирс 
үшін шындық - бұл ақыр аяғында ғалымдардың 
басым бөлігі мойындайтын сенім. 
Сонымен  қоса,  Ч.Пирс – семиотиканың 
негізін  қалаушылардың  бірі,  ол  таңбалардың 
типологиясы 
мен 
атқаратын 
қызметтерін 
зерттеді  жəне  «фаллибилизмді» – (барлық 
ғылымның  кемшіліктерін  оқыту)  қарастырды. 
Оның  логикалық  еңбектері  математикалық 
логиканы қалыптастыру кезінде орасан зор үлес 
қосты.
 
 
 
 
_____________ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет