211
3. Сабақ рефлексиясы: «Сізге ашық айтсам».
4. Сабақты талдау.
Сөйлеу: Кез келген оқытушының сөйлеу өнерінің болу
керектігі ешқандай к‰мән тудырмайды.
Оқытушының бұқара
алдында жақсы сөйлеуі өнер шығармасы деп сеніммен
қарастыруға болады, өйткені ол тыңдаушы аудиторияның сезімі
мен санасына әсер етеді. Шешендік сөйлеуді жетілдірудің
бірнеше жолы, тәсілі бар. Олардың кейбіреуімен біз танысамыз.
Тренингтік сабақ: Аудитория алдында сөйлейміз.
Негізгі әдістемелік келіс: рөлдік ойын.
Ойын мақсаты: бұқара алдында сөйлеу дағдысын қалып-
тастыру, өз позицияңызды дәйектеуші дәріс тезистерін дайындау.
Ойын пакеті: ойнаушы санына сай баяндама тезистерін
бағалау парақтары.
Ойын мерзімі: 1 сағ. 20 минут.
Ойын ж‰ргізу технологиясы:
Дайындық кезеңі:
1. Төмендегі талаптарға сай баяндама тезистерін құрастыру:
• баяндама мазмұнын қамтитын жоспардың болуы;
• жоспардың әрбір тобын қысқаша мазмұндау;
• қорытынды т‰рінде тұжырымдау;
• тезистерді тірек-сызба т‰рінде т‰сті бөле отырып, негізгі
ақпаратты белгілер қойып дайындауға да болады (кез
келген
вариант);
• баяндама көлемі бір интервалда жазылып бір парақтан
аспауы қажет.
Ескерту: ойында өздігінше орындалатын тап
сырма мате-
риалдарын қолдануға да болады.
2. Бағалау парағын рәсімдеу. Талдау келесі критерийлер
бойынша тезистерге баға беріледі:
• тақырып өзекті, өзекті емес;
• тірек-сызба т‰сінікті, т‰сінікті емес;
• тақырып мазмұнын толық көлемде қамтиды, қамтымайды;
• автор тақырыпты толығымен бұқаралық сөйлеуде баян-
дауы қажет, қажет емес.
Бірінші кезең
212
1. Ж‰ргізушінің ойынға қатысушыларға ‰ндеуі: оқытушы-
ның қызметі ‰немі бұқаралық сөйлеумен байланысты.
Педагог
шеберлігінің бір көрсеткіші өз ойын қысқаша, нақты, тезистік
т‰рде, сонымен бірге көркем және образды, т‰сінікті сендірімді
болуында. Б‰гін біз тезистер жазып құрастыру және оларды
бұқаралық қорғау бойынша жаттығулар жасаймыз.
Жағдайды елестетіп көрейік: сіз аудиторияға дәріспен келдіңіз.
‡йде барлығын егжей-тегжейіне дейін дайындағандай болдыңыз:
тақырып, жоспар, кілт ұғымдар, ақпараттың орналастыру сызбасы,
негізгі ұғымдар және т.б. Алдыңызда баяндама тезистері. Сіз
баяндаманы бастауыңыз, бірақ сізді ‰немі
біреулер бөліп көмек-
тескісі келгендер сіздің идеяңыздың маңызды, дұрыс екенін,
мәселенің іс ж‰зінде маңызды екенін айтушылар бар. Сізді сынауға
келушілер сіздің кемшіліктеріңізді тапқысы келіп отырады. Енді
сіздің баяндамаңызды тыңдауды ойлап көрейік.
2. Ойын топтарын құру (5-7 адам) әрбір ойыншыға нөмір
беріледі, мысалы 1.1, бірінші топтың бірінші ойыншысы және
т.б. Бұл нөмір тезистерде және бағалау парағында жазылады.
Екінші кезең
Барлық қатысушылар тезистері зерттеледі.
Бағалау парағы
толтырылады. Бұқаралық баяндама ‰шін тезистер таңдалып
алынады.
‡шінші кезең
Қатысушылар тезистерімен алмасып, олардың мазмұндары-
мен танысады.
Төртінші кезең
Әрбір топтан бір тезис ж‰ргізуші қатысуымен бұқаралық
баяндауға бір тезис бір баяндамашы таңдалып алынады.
Бесінші кезең
1. Топтарда рөлдер бөлінеді. Баяндамашыны жақтаушылар
және сынаушылар, конформистер (өз
позициясы тұрақты
болмайтын) кейде баяндаушыны, кейде сынаушыны жақтаушы.
Баяндамашы өз көзқарасын қорғай отырып тезисін баяндап,
сұрақтарға жауап береді.
2. Баяндау регламентін анықтайды. Баяндамашы – 10 мин.,
жақтаушы және одақтасы – 5 мин. Сынаушы және конформист
– 3 мин.
213
3. Сөйлеу реті: баяндамашы – конформист – сынаушы
– одақтас – баяндамашы.
4. Сөйлеу кезіндегі ереже: ойыншылар топтарында қай
рөлдерді ойнайтынын ашып айтпайды.
5. «Сараптаушы кеңес» сайланады. Онда баяндамаларды
ұжымдық жалпы жұмысты бағалау міндетті болады. «Кеңес»
м‰шелері бағалау критерийлерін өз бетінше жасайды.
Алтыншы кезең
Баяндама жасау алдында әрбір қатысушының өз рөлін
қайталауы.
Жетінші кезең
Баяндамашының сөйлеуі,
оны жақтаушылар мен оппо-
ненттерінің сөйлеуі.
Сегізінші кезең
Сараптаушы кеңестің ойынның қорытындысын жасауы.
Өз бетімен орындалатын жұмысқа тапсырма:
Достарыңызбен бөлісу: