Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет83/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   125
Байланысты:
1514000-Геоморфология-каз

Сабақ №32 
Тақырып: Планетарлық бедер пішіндері, материктік дӛңестер мен мҧхиттық ойыстар, мегабедер. 
Жоспар 
1. Планеталық бедер пішіндері. 
2. Материктердің ірі бедер пішіндері (мегапішіндер). 

Жас платформалар аумағындағы бедер пішіндері. 

Материктік қозғалмалы белдеулердің ірі бедер пішіндері. 

Жер қыртысының горизонталь бағыттағы сығылмалы жағдайда қалыптасқан орогендік бедер. Орогендердің 
типтері. 

Жер қыртысының кҥмбез тәрізді кӛтеріліп созылмалы жағдайда қалыптасқан орогендік бедер. 


94 
1. Планеталық бедер пішіндері. 
Планетамыздыағы ең ірі – планеталық бедер пішіндері ӛздерінің жаралуы бойынша эндогендік 
процесстермен байланысты. Геофизикалық және асты терең бҧрғылау жҧмыстары берген деректер жер 
қыртысының қҧрылысы материктер мен мҧхит ойпаттары жер қыртысы қҧрылстық ерекшіліктеріне қарай, 
материктік және мҧхиттық типтерге бӛлінеді. 
Жер қабығы материктердің мҧхитармен жапсарлас аймақтарындағы (ӛтпелі жерлерінде) қозғалмалы, яғни 
қазіргі геосинклин белдеулерінде кҥрделі қҧрылымдар дамуымен ерекшеленеді. Мысалы, тынық мҧхиттың 
батыс жиегіндегі геосинклин алқап (тектоникалық жік – субдукция. СУБДУКЦИЯ (лат. sub-под және ductio-
жҥргізу, ӛткізу * А. subduction; Н. Subduktion; ф.subduction; и. sybduccion) — мҧхиттық қабықтың литосфералық 
плиталарын және басқа тақталардың шетіне мантия жыныстарын жылжыту (плиталар тектоникасының 
ҧсынысына сәйкес).) негізгі ҥш элементтен: терең сулы теңіз қазан шҧнқырлары, аралдар доғасынан және терең 
сулық науалардан тҧрады. Бҧл аймақтарда теңіз қазан шҧңқырлары (Кариб, Жапон т.б.) орналасқан 
кеңістіктердің жер қабығы мҧхиттық типке сәйкес келсе, ал осы теңіздермен шектескен қҧрлық массивтерінің 
(мысалы, Жапон аралдары) жер қыртысы қҧрылысы жағынан материктік типтерге келеді. Мҧндай ӛтпелі 
тектоникалық аймақта жер сілкіну мен вулканизм дамыған. 
Жер қабығы орталық-мҧхиттық жоталар астында да ӛзіне тәне ерекшіліктерге ие – оны жер қабығының 
рифтогендік типтері дейді.
Соынмен, планеталық бедер пішіндеріне материктер, мҧхит ойпаттары, литосфера тақталары аралығындағы 
тектоникалық жіктер (су асты және қҧрлықтық) мен орталық-мҧхиттық жоталар жатады. 
Сурет-48. 
2. Материктердің ірі бедер пішіндері (мегапішіндер). 
Жер планетасының қойнауында ерекше геологиялық қҧрылыстарымен сипатталатын ӛте ірі қҧрылымдық 
элементті материк (континент) деп атайды. Жердің геологиялық даму барысында оның сыртқы қабаттарының 
физикалық-химиялық және гравитациялық бӛлшектенуінің нәтижесінде қалыптасқан материктер кҥрделі 
қҧрамды гетеротекті денелер жиынтығы іспетті. Материктер ӛңірінен кӛрініс беретін ірі-ірі геологиялық 
қҧрылымдар болмысы басты-басты екі тҥрге, яғни платформаларға және қозғалмалы белдеулерге бӛлінеді. 
Қҧрылысы әр тҥрлі платформалар мен қозғалмалы белдеулердің дамуы, жер бедерінің тҥпкілікті 
айырмашылығын анықтайды және материктер (континенттер) аумағындағы морфоқҧрылымдардың екі негізгі 
типін, яғни платформалық және қозғалмалы типтерін даралауға мҥмкіндік береді. Платформалық және 
қозғалмалы аймақтар геологиялық қҧрылысы, дамуы, жасы және тектоникалық белсенділігі жағынан әр тҥрлі 
болады. Мҧндай айырмашылықтар олардың әр реттегі морфоқҧрылымдарының типтерінде ӛз кӛріністерін 
табады. Материктік платформалардың ірі бедер пішіндері (мегапішіндері) Платформалар – біршама салғырт 
тектоникалық режимімен сипатталатын материктік ӛңірдің басты қҧрылымдық элементтерінің бірі. Мҧнда 
вулканизм қҧбылыстары жоқ, сондықтан оларды шамалы сейсмикалық әрекеттілігімен ерекшеленетін аймақтар, 
ҥстірттер, қырқалар, денудациялық жазықтар, қыраттар мен Балтық және Сары Теңіз типтес қайраңды теңіздер 
алып жатыр. Жоғарыда айтылғандай, материктік платформалардың жасы әр тҥрлі болады. Мәселен, кембрийге 
дейінгі Сібір платформасының солтҥстік-шығыс бӛлігін жиектеген таулы белдем мезозой кезінде ғана 
платформа болып қалыптасқан. Бҧдан бҧрын бҧл платформалы ӛлкелер қарқынды эндогендік процестер орын 
тепкен, яғни белсенді тау тҥзілу процестерінің аймақтары болатын. Кейбір материктік платформалар 
аумағындағы қалқандар (щиты) дамыған ӛлкелерде ежелгі қатпарланған қҧрылыстардың қалдығы ретінде 
―қалдық таулар‖ сақталған. Сонымен қатар ҧзақ уақыт тектоникалық тыныштықта болған ежелгі 
платформалардың кейбір бӛліктері неотектоникалық кезеңде неодеформацияларға ҧшырап, олардың орнында 
жаңарған таулар, яғни эпиплатформалық таулар пайда болған. Ежелгі платформалар аумағындағы бедер 
пішіндері. Кембрийге дейінгі ежелгі платформаларға Оңтҥстік Америка, Африка – Арабия, Ҥндістан, 
Австралия, Солтҥстік Америка, Шығыс Еуропа, Сібір, Солтҥстік Қытай, Оңтҥстік Қытай платформалары 
жатады. Егер бҧл айтылған платформаларды планда тектоникалық және гипсометрлік карталармен 
салыстырсақ, онда материктердің біршама бірдей тегіс келген, тӛмен тҥскен немесе сәл кӛтеріңкі келген 
аймақтары осы платформаларға сәйкес келеді. Алайда бедердің сипаты бҧл кеңістіктерде бірдей болып 


95 
келмейді. Платформа ӛңірінде жер бетіне қатпарланған және метаморфталынған тҥрінде кӛрініс беретін 
іргетастық бӛлігін қалқандар деп атайды. Олар платформаның едәуір бӛлігін алып жатады да, бедердің 
қалыптасуында маңызды рӛл атқарады. Ал олардың платформалық тыспен кӛмкерілген тҧстарын тақталар 
(плиталар) деп атайды. Бҧлар қалқандарға қарсы мағынада қолданылады. Қалқандар мен тақталардан басқа 
ежелгі плаформалардың маңызды қҧрылымды элементтерінің біріне антеклиздер мен синеклиздерді жатқызуға 
болады. Бҧл қҧрылымдар платформа ӛңірінде кең аумақты кӛтерілімдер мен ойпаттар тҥрінде кӛрініс береді 
және кӛбінде іргетастық блоктардың тектоникалық жарылымдары бойымен қозғалысқа ҧшырап отырады. 
Антеклиздер мен синеклиздер жер бетінің ағынды суларының таралуына және ӛзен жҥйелерінің қалыптасуына 
әсер етеді. Ӛзен жҥйелері планда синеклиз қҧрылымдарына бейімдеу болса, антеклиз негізінде суайрық 
ӛңірлерінде орын тепкен. Осылайша, Шығыс Еуропа платформа аумағындағы Орталық Днепр, Жоғары Еділ, 
Печора алаптары планда Украина, Мәскеу және Печора синеклиздерінің контурларына сәйкес келеді. Баяу және 
ҧзақ уақыт неотектоникалық кӛтеріліске ҧшыраған қалқандар мен антеклиздер денудациялық жазықтардың 
қалыптасуына жағдай жасайды. Ҧзақ уақыт бойы тӛмендеуге ҧшыраған және қазіргі заманда тӛмен тҥсу 
процесін жалғастырып келе жатқан синеклиза қҧрылымдарының планында, кӛп жағдайда аккумуляциялық 
жазықтар ҧшырасады. Мәселен, Амазонка бойындағы аккумуляциялық жазық Оңтҥстік Америка 
платформасының синеклизіне ҧштасқан. Негізінен бҧның қҧрылу процесі протерозой дәуірінен басталған. 
Сондай-ақ Каспий маңының аккумуляциялық жазығының іргетасы палеозой дәуірінің пермь қабаттарында 
жатыр. Аккумуляциялық жазықтар аумағында денудациялық процестер мардымсыз болады. Ҥгілген материал 
олардың қалыптасу орнынан шайылып кете алмайтындықтан жер бетінде жинақталады. Бҧған сырттан келген 
борпылдақ материал (ӛзендік, мҧздық, эолдық) қосылады. Сӛйтіп, аккумуляциялық жазықтардың 
морфологиялық кӛрінісі сол жерде пайда болған және айналадағы территориядан әкелінген беткі борпылдақ 
тҥзілімдерімен анықталады. Кейбір аймақтарда неоген-тӛрттік кезінде сәл тектоникалық тӛмендеуге ҧшыраған 
немесе тӛмендеуді тоқтатқан, бірақ біршама кӛтеріліске ҧшыраған аккумуляциялық жазықтар кездеседі. 
Мҧндай жазықтарда жас борпылдақ тҥзілімдердің жамылғысы ӛзінің шамалы қалыңдығымен сипатталады. Осы 
тҥзілімдердің астында жатқан тҥпкі тау жыныстарының қҧрылымы айқын кӛрініп тҧрады. Осындай жазықтар 
Шығыс Еуропа мен Солтҥстік Америка платформаларының негізгі ауданын, Тҧран тақтасының Шу-Сарысу 
синеклизінің солтҥстік бӛлігін алып жатыр. Тау жыныстарының жер бетіне жақын жатуы аталған аумақтың 
эрозиялық торының пландық конфигурациясына және эрозиялық пішіндерінің морфологиялық келбетіне әсер 
етеді. Мҧндай жазықтардың бет бедері олардың астында жатқан тҥпкі қҧрылымдарының біркелкі еместігін сәл 
тегістелген тҥрінде бейнелеп, бел-белесті немесе жон тәрізді болып келеді. Бедердің кейбір кішігірім пішіндері 
сырттан алынып келген тҥзілімдерден тҧрады. Солтҥстік Америка мен Шығыс Еуропа жазықтарының тӛбелі 
бедерінің негізгі бӛлігі материктік мҧздықтардың қалдық шӛгінділерінен қалыптасқан. Ал Солтҥстік Африка 
мен Австралия шӛлдерінің тӛбелі бедер пішіндері эолдық аккумуляция есебінен тҥзелген. Платформалық 
бедердің басқа да кең таралған тҥрі – денудациялық жазықтар. Олар жер қыртысының оң бағыттағы 
қозғалыстары басымдау болған жағдайда қалыптасады. Денудациялық жазықтардың ӛздеріне тән бір белгісі – 
олардың бедері денудацияланған тау жыныстарының геологиялық қҧрылымдарына байланысты болуы. Бҧларға 
ең айқын мысалдар ретінде қалқандардағы денудациялық жазықтарды жатқызуға болады. Қалқандар аумағында 
платформалық іргетасының жер бетінде шығып жатуы бҧл ӛңірдің ҧзақ уақыттар бойы денудациялық процеске 
ҧшырағанын кӛрсетеді. Кӛтерілу қарқынының денудациялық қарқынға теңдес болуы және бҧл процестердің 
ҧзақ уақыт аралығында болуы ежелгі қҧрылымдардың тегістелуі мен шайылуына әкеп соғады. Бҧған кембрийге 
дейінгі платформалардың Балтық және Канада қалқандарын тҥзеген жазықтарды жатқызуға болады. Жазық 
бағытта жатқан тӛзімді және тӛзімсіз тау жыныстары қабаттарынан тҧратын платформа ӛңірлерінде 
денудациялық процестер ҥстірт немесе баспалдақ тәрізді жазықтарды қалыптастырады. Мҧндай кӛтеріңкі 
жазықтардың шеткі жақтарында айналасы тік немесе қҧламалы келген кертпештермен оқшауланған тегіс бетті 
тау жҧрнақтары тӛрткіл ӛлкелерінің қалыптасуына әкеп соғады. Теория жҥзінде идеалды денудациялық 
жазықтар пенеплен болып саналады. Ал, шынайлығында осыған жақын қалқандардың денудациялық 
жазықтары пенеплендермен салыстырғанда биіктіктер белгілерінің ауытқуымен және бедер пішіндерінің 
тҥйіндесу сипатымен ерекшеленеді. Бҧл жазықтардың геологиялық дамуының қҧбылмалығымен, 
физикалықгеографиялық жағдайларының әртҥрлігімен және бедер тҥзу жағдайларының ӛзгешелігімен 
тҥсіндіріледі. Осылайша, Балтық және Канада қалқандарындағы бедердің кӛтерілуі мен тілімдену жағдайы тек 
геологиялық қҧрылымның кҥрделілігіне ғана емес, сондай-ақ плейстоцендік мҧздық жамылғысының еруіне 
байланыс-ты әр келкі изостатикалық кӛтерілуі себепші болды. Изостатикалық кӛтерілім ежелгі тектоникалық 
жарылымдардың жандануына, тілімденуіне және ӛзен жҥйелерінің орын ауыстыруына әсер етті. Платформа 
бетінің ҧзақ уақыт дамуы онда полигенетикалық тегістелген беттердің пайда болуына әкеп соғады. Мҧнда 
денудациялық және аккумуляциялық жазықтар ӛзара алмасып отырады. Платформа аумағындағы тау етегінде 
айнала жиектелген, сәл еңісті келген денудациялық жазықтарды айта кеткен жӛн. Таулардың қҧлама 
беткейлерінде денудациялық процестер нәтижесінде беткейлердің бір-бірінен параллель шегінуі арқылы тау 
етегінде қалыптсқан жазықты педимент (pedimentum – етек деп атайды. Бҧған мысал, Аппалачи тауының 
оңтҥстік-шығыс беткейі. Бҧл жҧқа борпылдақ тҥзілімдермен кӛмкерілген сәл кӛлбеу (3-5°) келген тау етегіндегі 
жазық. Тау етегіндегі жазықтың мезо- және микробедер пішіндерінің бет-бейнесі қҧрылымдардың сипатына, 
тау жыныстарының қҧрамына, денудациялық процестердің типіне және ҧзақтығына, сонымен бірге физикалық- 


96 
географиялық жағдайларына байланысты болып келеді. Сӛйтіп, ежелгі платформа аумағында аккумуляциялық 
және денудациялық жазықтар морфогенетикалық тҧрғыдан айқын ажыратылады. Аккумуляциялық бедердің 
сырт бейнесі борпылдақ шӛгінділердің, яғни шӛгінді жыныстардың қалыңдығына және қҧрамына, ал 
денудациялық жазықтардың морфологиясы олардың геологиялық қҧрылымдарына байланысты. Жазықтар 
бедерінің мезо- және микропішіндері кӛбінесе экзогендік факторлар әсерінің сипатына байланысты болады да, 
табиғи зоналарға қатысты орналасады. Сондықтан кейде бірнеше климаттық зоналарда орналасқан 
платформалар жазықтарында экзогендік әсерінен тҥзілген бедердің зоналылығы айқын байқалады. Мысалы, 
Шығыс Еуропа жазығының солтҥстік бӛлігінде байырғы материктік мҧзбасу нәтижесінде қалыптасқан мҧздық 
бедер пішіндері кеңінен дамыған. Осы жазықтың қиыр солтҥстігінде, субарктикалық климат жағдайларында 
мәңгі тоңмен байланысты ерекше бедер пішіндері дамыған. Жазықтың орта бӛлігінде гумидті климат 
эрозиялық бедердің қалыптасуына, ал оңтҥстікшығысындағы аридты климат – эолдық бедер тҥзілуіне себепші 
болды. Жоғарыда айтып кеткендей, ежелгі платформалар аумағында жазықтармен қатар таулар да кездеседі. 
Бҧлар қалқандарда, яғни кембрийге дейінгі кристалды массивтерде дамыған. Мҧндай тауларда әдетте белгілі 
бағытта созылған бедер пішіндері болмайды, планда оларға ретсіз келген пішіндер тән. Таулардың 
морфологиясына және пайда болуына кӛп жағдайда айырылымды тектоника-ның (разрывная тектоника) әсері 
мол. Таулардың мезобедер пішіндері ӛздерінің литологиялық қҧрамынан, кристалдық іргетасының 
қҧрылымынан және нақты физикалық-географиялық жағдайларынан туындайтын сыртқы әсер етуші кҥштердің 
сипатына байланысты. Жалпы айтқанда, ежелгі платформалардағы таулар ӛздерінің кҥрделі морфологиясымен 
сипатталады: мҧнда оқшауланған жеке таулар таулы қыраттармен, жоғары кӛтерілген денудациялық 
жазықтармен, ҥстірттермен және таулы ҥстірттермен кезек-тесіп отырады. Оларға Оңтҥстік Америкадағы 
Гвиана және Бразилия таулы ҥстірттері, Африкадағы Ахаггар және т.б. таулы қыраттары жатады. Кейбір 
жағдайларда платформалық қалқандағы таулар кӛтерілген және мейлінше ―қашалынып‖ денудацияланған ірі 
магмалық алқаптардан тҧрады (Балтық қалқанындағы Хибин таулары).
Жас платформалар аумағындағы бедер пішіндері. 
Протерозойдан кейін каледон, герцин және мезозой қатпарлы кезеңдерінде тҥзілген ―жас платформалар‖ деп 
аталатын платформалар бедерінің ежелгі кембрийге дейінгі платформа бедерімен кӛп ҧқсастығы бар. Мҧнда да 
жазықтар, ҥстірттер және таулы ҥстірттер кең дамыған. Денудациялық жазықтардан басқа жас платформалар 
аумағында аккумуляциялық жазықтар кездеседі. Аккумуляциялық жазықтарға ҥлгі ретінде палеозой және 
мезозой платформалар орнында қалыптасқан Батыс Сібір, Тҧран және Колыма ойпаттары жатады. Жазық 
бағыттағы тау жыныстары қабаттарынан тҥзілген денудациялық жазық тегіс бетті Ҥстірт жазығын қҧрайды. 
Олар эпигерциндік платформа шегінде пайда болған. Жалпы алғанднда, қатпарлы палеозойлық платформа 
негізінде қалыптасқан Қазақтың ҧсақ шоқылары ежелгі қалқандар бедерінің пішіндерімен ҧқсас. Дегенмен, жас 
платформа бедерінің ежелгі платформа бедерінен біршама айырмашылығы да бар. Бҧл айырмашылық – таулы 
бедер пішіндерінің, әсіресе, мезозой платформаларында кеңінен етек алуы, сонымен қатар жас платформа 
аумағында таулардың сызықты бағытта созыла орналасуы (Орал және Аппалачи таулары, Австралиядағы 
Ҥлкен Суайрық жотасы және т.б.) және жас геологиялық қҧрылымдардың ежелгі қҧрылымдарына 
жалғасымдылығы (унаследованность). Орал тауларындағы, Аппалачи тауларының солтҥстік бӛлігіндегі ежелгі 
қҧрылымдар едәуір тереңдікке тілімденіп шайылса да, олар осы таулы аймақтың негізгі бедерін белгілейді, яғни 
кейінгі тектоникалық қозғалыстар ежелгі қҧрылымдарға сәйкес келеді. Сонымен бірге жас платформаларда 
кӛне қҧрылымдармен мҥлде сәйкес келмейтін айырылымды (ҥзілмелі) тектоникалық процестер нәтижесінде 
қалыптасқан таулар да бар: олар Скандинавия таулары, Орта Еуропа таулары (Гарц, Шварцвальд, Вогез және 
т.б.). Қорыта айтқанда, жас платформа тауларын тӛмендегідей бӛліктерге бӛлуге болады: а) кейінгі 
неотектоникалық қозғалыстарда жалғасын тапқан және қазіргі бедерде кӛрініс берген терең тілімделініп 
шайылған таулар; б) қазіргі бедер пішіндерінде анық кӛрінетін, сәл тілімделіп шайылған таулар; в) ежелгі 
тектоникалық қҧрылымдармен мҥлде сәйкес емес, жас айырылымды (ҥзілмелі) тектоникалық қозғалыстар 
нәтижесінде қалыптасқан таулар.
Материктік қозғалмалы белдеулердің ірі бедер пішіндері 
Материктік қозғалмалы белдеулер кӛбінесе таулы қҧрылыстармен, яғни орогендермен (гр.oros-тау+genesis-
жаралу тегі) ерекшеленеді. Олар пайда болу жағдайларына байланысты және мӛлшері мен морфологиясы 
бойынша алуан тҥрлі. Бҧларға мыңдаған км-ге созылған бҥкіл материктерді қиып ӛтетін 
таулы белдеулер және жеке, кішігірім жоталар жатады. Таулы қҧрылыстар пайда болу геодинамикалық 
жағдайына қарай және ӛздерінің қҧрылымымен морфологиясы бойынша екі негізгі типке бӛлінеді. Олардың 
бірі жер қыртысының жазықтық (горизонталь) бағытағы сығылмалы жағдайда пайда болса, екіншісі жер 
қыртысының кҥмбез тәрізді кӛтеріліп созылмалы жағдайда қалыптасты. 
Жер қыртысының горизонталь бағыттағы сығылмалы жағдайда қалыптасқан орогендік бедер. Орогендердің 
типтері 
Литосфера тақталар тектоникасы тҧрғысынан қарағанда (В.Е.Хаин, М.Г.Ломизе) орогендер арасынан 
коллизиялық және субдукциялық орогендер ажыратылады.


97 
Орогендердің коллизиялық типі континенттер тақталарының, яғни Евразиялық тақтасының Африка, Арабия 
және Ҥндістан тақталарымен жақындасып соқтығысуы барысында жер қыртысының деформация нәтижесінде 
пайда болды. Орогендердің екінші типі мҧхит тақталарының континенттердің немесе аралдық доғалардың 
астына сҧғынуы, яғни субдукция кезінде, мәселен, Наска тақтасы Оңтҥстік Америка немесе Тынық мҧхит 
тақтасы Курил-Камчатка доғасының астына ығысуы нәтижесінде қалыптасты. Олардың континентте орналасу 
жағдайына байланысты континентаралық (Альпі-Гималай таулы белдеу), континент ішіндегі (Орал және 
Орталық Азия таулы белдеу) және континент шетіндегі (Анды және аралдық доғалар) орогендерді ажыратуға 
болады. Орогендердің даму тарихы тҧрғысынан қарағанда алғашқы және екінші реттегі немесе 
эпиплатформалық (постплатформалық) орогендерге бӛлінеді. Олар іргетасының геологиялық қҧрылысымен 
және даму режимімен ерекшеленеді. Алғашқы орогенез литосфералық тақталардың қақтығысып соқтығысу, 
яғни коллизия барысында мҧхиттық және теңіздік алаптардың жабылуымен, оларды толықтырған шӛгінді және 
жанартаулық - шӛгінді қабаттарының сығылуына байланысты, деформацияға ҧшырап иіліп қатпарлануымен, 
соған ілесе ӛлкенің жаппай кӛтерілуімен және биік-биік тау жоталардың қалыптасуымен сипатталады (Альпі, 
Кавказ, Гималай, Анды және т.б.таулар). Екінші реттегі орогенез (екінші реттегі тау тҥзілуі) бҧрын ҧзақ 
геологиялық уақыт бойы іретасы қатпарлы және кристалды платфомалық режім жағдайларында болған, кейін 
геологиялық тарихтың жаңа кезеңінде, яғни олигоценнің соңғы кезеңінен бастап қарқынды тектоникалық 
әрекеттілікке ҧшыраған аймақты қамтиды. Нәтижесінде жер бетінің бҧрын тегістелген беттері таулы атыраптар 
сипатын алды (Тянь-Шань, Алтай, Саян, Орал, Скандинавия, Гат және т.б.таулар). Кейбір таулы белдеулердің 
ҧзындығы 8000км-ден аса созылады, ені 1000км шамасында. Орогендердің сығылым жағдайларында 
қалыптасқан жер қыртысының қалыңдығы 70км-ге жетеді, литосфераның қалыңдығы 100-250км шамасында. 
Морфологиялық тҧрғыдан қарағанда континент ішіндегі биіктігі 1500-2000 метрге жетпейтін ежелгі қалдықты 
таулармен қатар, жоғарғы тектоникалық белсенділігімен 5-7км-ге дейін, сонымен бірге сейсмикалық және 
жанартаулық қҧбылыстармен сипатталатын биік-биік таулар тҥрінде кӛрініс береді. Мҧндай таулардың 
геологиялық қҧрылымының саралауы кӛрсеткендей олардың қазіргі кеңістіктегі созылу бағыты, ежелгі 
қҧрылымдардың бағытына кӛп жағдайда сәйкес келе бермейді және олар кембрийге дейінгі, каледон, герцин 
немесе ерте мезозой орогенезі кезеңдеріндегі қатпарлы процестерге ҧшыраған, ежелгі кристалды тау 
жыныстарынан тҧрады. Бҧларға платформалық қҧрылымдар тән. Алайда олар тектоникалық белсенділігі 
жағынан салыстырғанда алғашқы орогендік, яғни альпілік қозғалмалы қҧрылыстардан кем тҥспейді. 
Платформалар негізінде қалыптасқан мҧндай тауларға герциндік қҧрылым ӛңірнде пайда болған Орталық 
Азияның Тянь-Шань және Куньлунь заңғар таулары, кембрийге дейінгі және каледондық қҧрылымдарда 
қалыптсқан Шығыс Сібірдің Саян таулы ӛлкелері, мезозойлық қҧрылымда қалыптасқан Ресей елінің Солтҥстік-
шығыс таулары мен Американың Кордильер таулары және т.б. жатады. Осы типтес тауларда тектоникалық 
деформацияның амплитудасы альпілік орогенез кезінде 5-15 к-ге дейін жеткен. Мҧндай таулы жҥйелерді 
В.Е.Хаин «жаңарған таулар», В.В.Белоусов «белсенді платформалар», М.В.Муратов «эпиплатформалық 
орогенездік аймақтар» деп атаған. Осы тауларды біріктіретін жалпы бір белгі – олардың кӛбінесе кҥмбезді-
жақпарлы тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде қалыптасуы. Континенттердің әр тҧстарына орналасқанына 
және геологиялық даму тарихының айырмашылығына карамастан, осы екі орогендік белдеулеріне ортақ бедер 
пішіндері байқалды. Гибралтардан Азияның оңтҥстік-шығысына дейін созылып жатқан Альпілік-Гималай 
таулы белдеу Пиреней, Альпі, Карпат, Қырым, Копетдаг, Памир, Кавказ, Гиндукуш және Гималай тауларын 
қамтыды. Таулы атыраптар бір-біріне параллель келген таулы жҥйелердің қатарларынан тҧрады, олардың 
әрқайсысы ойпаңдармен бӛлінген тау жоталар тізбектерінен қҧралған. Мысалы, Ҥлкен және Кіші Кавказ таулы 
жҥйелер Рион-Кура тауаралық ойпаңдар жҥйесімен бӛлінген. 
Жер қыртысының кҥмбез тәрізді кӛтеріліп созылмалы жағдайда қалыптасқан орогендік бедер 
(рифтогендік бедер) 
Жоғары енген және босансыған мантия линзаларының ҥстінен жер қыртысының кҥмбез тәрізді кӛтеріліп, 
созылмалы және ажырама жағдайда қалыптасқан таулы қҧрылыстар континентаралық (Қызыл теңіз рифтогені) 
және континент ішіндегі (Байкал, Шығыс Африка, Солтҥстік Американың батысындағы Алаптар мен Сеңгір 
таулар провинциясының рифтогендеріне) бӛлінеді. Сонымен қатар, континет ішіндегі жер қыртысының 
созылмалы және ажырама жағдайларда кәдімгі рифтің қалыптасу сатысына жетпеседе, соларға ҧқсас кӛптеген 
қҧрылымдық-морфологиялық белгілеріне ие тау қҧрылыстарын жатқызуға болады. Мҧндайларға мысалы 
ретінде, рифт сатысының алдындағы қҧрылымдарға жататын Хангай және Хэнтай таулы қҧрылыстарды айтуға 
болады (А.Ф.Грачев). Бҧл типке жататын орогендер астындағы литосфера қоршаған территориямен 
салыстырғанда 40-75 км-ге дейін жҧқаланған, сондай-ақ жер қыртысының қалындығы 30-40 км-ге , тіпті 20-22 
км-ге дейін кеміген. Рифтогендік зоналарына жоғары жылулық тасқыны, сейсмикалық қҧбылыстар, сонымен 
қатар вулканизмнің жарықшақты типі (Байқал рифтогені) және орталық типі (Шығыс Африка рифтогені) тән. 
Кейбір рифтогендік зоналарында жер қыртысының ажырама жылдамдығы жылына 5-6 см шамасында 
(Солтҥстік Америка батысындағы Алаптар мен Сенгір тау провинциясы). Континенттің осы типтес таулы 
қҧрылыстарының кӛбі эпиплатформалық тауларға жатады. Олар бҧрын ҧзақ геологиялық уақыт бойы 
платформалық режім жағдайларында геологиялық тарихтың жаңа кезеңінде жер бетнің бҧрын тегістелген 
беттері, тектоникалық қозғалыстар әрекетінен таулы атыраптар сипатын алды. Жер бетінде осы орогендік бедер


98 
пішіндерінің амплитудасы 2-3 км шамасында, ал тектоникалық қозғалыстардың жалпы қарқындылығы 6-8 км. 
Сонымен, рифтік қҧрылымдардың бедері ӛздеріне тән қҧрылысымен сипатталады, яғни ҧзыннан-ҧзақа 
жҥздеген, тіпті мыңдаған кмге дейін (Шығыс-Африка рифтогенді зонасы) созылған таулы жоталар мен 
ойпандардың алмасуымен ерекшеленеді. Таулардың кҥмбез тәрізді кӛтерілуі терең тектониикалық 
жарылымдармен және вулканизм қҧбылыстармен қосарласа жҥреді. Таулар жер қыртысының кҥмбез тәрізді 
кӛтерілуі аясында, созылмалы және ажырама жағдайларда қалыптасқан. Бҧлар лықсыма және лықсыма – 
ығыспа дислокациялар жҥйесімен бӛлінген тҧғыр қатпарларының (складок основания) әр биіктікке кӛтерілген 
және тӛмен тҥскен ассиметриялық блоктардан тҧрады. Тау жоталарының беткейлері тектоникалық 
лықсымалармен шектелген тік – қҧламалы немесе сатылы болып келеді. Мҧндай беткейлер эрозиялық 
процестеріне ҧшырап фассеталар деп аталатын ҧшбырышты жән трапеция тәріздіі беткейлер тҥрінде кӛрініс 
береді. Рифтогендік бедерінің ойпаңдары да жер қыртысының созылмалы және ажырама жағдайларда 
қалыптасқан. Олардың ені әртҥрлі - ӛте жіңішке саңылау тәрізді жарықшақтардан 15 – 30 – 50 км-ге дейін 
жеткен кең ойпаңдарды кездестіруге болады. Ойпаңдардың морфологиясы рифтердің ажырама сипатына және 
ҧзындығына байланысты: неғҧрлым бҧл ҥрдіс ҧзақ болса, соғҧрлым кең және терең болады. Мәселен, Байкал 
ойпаңының ені 70 км, ҧзындығы 670 км. Ойпаңның кӛлденең қимасы асиметриялы болып келеді, оның 
солтҥстік–батыс жағалаулары тік, қҧламалы тектоникалық лықсулармен шектеледі, ал қарама-қарсы беттегі 
жағалар сәл жайпақтылығымен сипатталады. Ӛте терең және тік тектоникалық лықсымалар жҥйесі Оңтҥстік 
Байкал ойпаңдарын солтҥстік–батыс жағынан шектейді. Мҧнда блоктардың тік бағытта ауысуының жалпы 
аплитудасы 4-4,5 км-ге дейін жетеді. Ойпаңдардың оңтҥстік-шығыс біркелкі иіліп, сатылы лықсулар жҥйесімен 
кҥрделенген. Байкал кӛлі ең ірі және терең шҧңғымаларына, яғни Оңтҥстік Байкал ойпаңына жатады. Кӛлдің 
тереңдігі - 1600 м. Дҥниежҥзіндегі ең терең кӛлдің бірі. Байкал ойпаңының тҥбі неоген-тӛрттік кезеңіндегі 
шӛгінділермен кӛмкерілген, олардың қалындығы – 4,5 -5км. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет