Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің


Mұxит түбі немесе мүхит төсеніші (ложе океана)



Pdf көрінісі
бет82/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   125
Mұxит түбі немесе мүхит төсеніші (ложе океана) дҥние жүзі мұхитының негізгі бӛлігі, олардың тереңдігі 
3 километрден тӛмен және жер қыртысының мҧхиттық тҥрімен сипатталған. Mҧxит тҥбінің аса маңызды 
элементтері - мұхит тҥбінің кең кӛлемді қазан-шҥңқырлары мен оларды бӛліп тҧратын жоталар. 
Қазіргі геосинклинальды белдеулер, кӛбінесе материктер мен мҧхиттар арасындағы шекарада және қҧрлық 
шегінде орналасады. 
Ортамұхитгық
жоталар өздерінің ҧзындығымен дҥние жҥзінде ең кең таралған таулар жҥйесі болып 
саналады. 
Мегапішіндер жҥздеген және ондаған мың шаршы километр аукымды қамтиды. Мысалы, Гималай, Альпі 
немесе Кавказ тау жҥйелері, Батыс-Сібір жазығы, Орта Сібір қыраты, Тянь-Шань тау жҥйесі, Тибет тау қыраты 
т.с.с. 
Макропішіндер - мегапішіндердің қҧрамдас бӛлігі. Олардың аумағы жҥздеген, мыңдаған кейде он мыңдаған 
шаршы километрге дейін жетеді. Макропішіндерге таулы аймақтардың жеке қыраттары немесе ойыс жерлері 
жатады. (Іле Алатауы, Куңгей және Теріскей Алатау, Ыстықкӛл ойысы т.б.). 
Мезопішіндердің аумағы әдетте бірнеше шаршы километр немесе ондаған шаршы километр, бҧларға 
жотаның тарамдары, жыралар, сайлар, жеке аңғарлар, ірі аккумулятивтік пішіндер (шағыл тізбектері) жатады. 
Микропішіндер - ірі пішіндердің бӛлшегі болып саналатын, кішігірім кедір-бҧдыр тҥрлері, мысалы, карст 
шҧңқырлар, эрозиялык казбалар, ҧсақ қҧм тӛбелер, кӛлдеулер (степные блюдца) және т.б. 
Нанопішіндер макро - мезо және микропішіндердің ҥстін
 
шиелендіріп бӛлшектейтін ӛте ҧсақ кедір-
бҧдырлар. Бҧларға шалғындық тӛбешіктер, ҧсақ жемірілген қазындылар, кеміргіштердің іңдері, шағылдардың 
бетінде дамыған қҧм иректері (эоловая рябь) т.б. жатады (О.Леонтьев, Г.Рычагов, 1988). 
И.П.Герасимов пен Ю.А.Мещеряков рельефтің тектік топтасуында планеталық пішіндер мен мегапішіндерді 
геотектура деп, макропішіндерді морфоструктура деп атаған. Олар кӛбінесе эндогендік процесс әрекетінен 
пайда болған. Ал экзогендік процестердің әрекетінен қалыптасқан мезо-және микропішіндерді олар 
морфоскульптура (морфомҥсіндер) деп атаған. 
2. Бедер дамуы мен континенттік тҥзілімдер қалыптасуының негізгі заңдылықтары. 
Бедер жаралу немесе морфогенез ӛте кҥрделі жҥрген процесс, ол бірқатар бедертҥзҥші факторлар – қозғалушы 
кҥштер мен бедер пайда болатын себептер әсерінен дамиды. Олардың арасында басты орынды эндогендік 
(ішкі) және экзогендік (сыртқы) бедер жасаушы процесстер, яғни тікелей бедер пішіндерін жарататын 
факторлар алады. Сонымен қатар, басқа факторлардың, мысалы – жер қыртысының геологиялық қҧрылысы мен 
климаттың да маңызы зор. 
А) Бедер жасаушы процесстер. 
Жер бедері ҧдайы біріне бірі кереғар әсер ететін эндогендік және экзогендік процесстердің нәтижесі. Осының 
салдарынан бедер ҥздіксіз ӛзгеріп отырады. Бҧл жерде эндогендік процесстер, яғни жер қыртысының 
тектоникалық қозғалыстары мен вулканизм жетекші орын алады. олар жер бетінің әркелкілігін туындатып, 
экзогендік процесстердің дамуына жағдай жасайды. Бедер тҥзілуде экзогендік процесстер де ҥлкен рӛл 
атқарады. Олар жер бетін бҥлдіруімен қатар, континеттік тҥзілімдердің қалыптасуына және жаңа бедер 
пішіндерінің жаралуына әкеледі. 
Эндогендік процесстер
Бедер қалыптасуына және жаңа қыртысының жаралу процесстері мен тектоникалық қозғалыстардың тигізетін 
әсері мол. Бҧл процесстермен жер бетінің ең ҥлкен пішіндері байланысты. Бедер тҥзілуде жер қыртысының 
тербелмелі қозғалыстарының, яғни кӛтерілуі мен тӛмендеудің де маңызы ҥлкен. Кӛтерілген тектоникалық 
белсенді белдемдерде таулар пайда болса, тектоникалық тҧрақты аумақтарда ірі платформалық жазықтықтар 
қалыптасады.


93 
Жанартаулық процесстер барлық жерде бірдей кӛрініс таппаса да, кей жерлерде олардың бедер тҥзҥдегі орны 
ерекше. Жанартаудың тектникамен де тығыз байланысты екенін ескерген жӛн. 
Экзогендік процесстер
Осы процесстер әдетте шағын пішіндер жасап, эндогендік пішіндердің қҧрылысын кҥрделендіреді. Экзогендік 
процесстер ҥш геологиялық тобына бӛлінеді: 

Ҥгілу (мору); 

Денудация;

Аккумуляция. 
Ҥгілу процессінің ӛнімдері денудация агенттерінің ықпал етуімен ысырылып, қозғалысқа келеді. Нәтижесінде 
жер бетінде қҧрылымсызданған немесе қазылған денудациялық бедер пішіндері пайда болады. Ал қозғалысқа 
келіп, тасмалданған ҥгілу материалдарынан шӛгінді таужынытсар тҥзіліп, жиналған немесе аккумуляциялық 
бедер пішіндері ӛқалыптасады. Сонымен, денудация мен аккумуляция біртҧтас экзогендік процесстердің екі 
жағы болып табылады. 
Денудациялық-аккумуляциялық процестсар минералдық массаларды қозғалысқа келтіріп, тасымалдайтын 
агенттердің сипаты. Осы агенттердің әсер етуі бойынша тӛмеңдегідей процесс топтары бӛлінеді: 
1) Гравитациялық – минералдық массалар беткейлерден ӛз салмақ кҥші бойынша сырғып, қозғалысқа келеді; 
2) Делювийлік – беттердің арнасыз тҧтас сорғалама су массасымен шайылуы; 
3) Флювийлік – арна су ағындарының әрекеттілігі; 
4) Мҧздықтық (гляциялық) – қозғалыстағы мҧздықтар әрекеттілігі; 
5) Флювий-гляциялық – мҧздықтардан еріп шыққан ағын су әрекеттілігі; 
6) Карст – жерасты суларының химиялық жолмен заттарды ерітіп шығаруы
7) Суффозиялық – жерасты суларының ҧсақ лайлама бӛлшектерді механикалық жолымен шайып шығаруы; 
8) Соқпа толқындық – теңіз бен кӛл жағасындағы соқпа толқындар әрекеттілігі;
9) Жел (эолдық) – желдің әрекеттілігі; 
10) Антропогендік немесе техногендік – минералдық массалардың техникалық жарақтармен немесе алам 
кҥшімен тасмалдануы. 
Экзогендік процесстердің жан-жақты әсерінен жерде бедердің сан қилы пішіндері қалыптасады. Экзогендік 
процесстер нәтижесінде бірқатар геологиялық, географиялық, т.б. факторлармен де байланысты. 
3. Бедер жаралудағы геологиялық және географиялық факторлары. 
Бҧл факторлар ӛз бетінше бедер жасамағанымен, олардың жаралуына едәуір әсер етеді. Олар экзогендік 
процесстер кешенінің біліну қарқындылығын және пайда болу жағдайларын анықтайды. Бҧл факторларға 
тектоникалық қозғалыстар, жергілікті геологиялық қҧрылыс, климаттық жағдайлар, ӛсімдіктер, таулы және 
жазық жағдайлар жатады. Негізгі рӛлді уақыт, яғни процесстер ҧзақтығы мен кезеңділігі, жағдайлардың уақыт 
ағымында ӛзгеруі атқарады. Халық шаруашылығындағы адам әрекетінің артуы да басты рӛл атқарады. 
4. Бедер пішіндері және олардың генетикалық жіктемесі. 
Бедер пішіндері – белгілі бір физикалық-геологиялық процесстер нәтижесінде, ал кей жағдайларда 
геологиялық қҧрлымдар ықпалынан туындайтын Жер бетінің морфологиясы еркешеленген бӛліктері. Олар 
таужыныстардан қҧралған немесе солардың ішінде орналасқан қҧысденелер. Бҧл денелер қарапайым 
пішіндерге (моногендік) – жыралар, бархандар және кҥрделі пішіндерге бӛлінеді. Экзогендік бедер пішіндерінің 
барлығы, сонымен қатар экзогендік бедер пішіндердің кӛпшілігі кҥрделі топқа жатады. Қарапайм және кҥрделі 
пішіндер пішін комплекстеріне – геоморфологиялық ланшафт қҧрайтын, белгілі бір кеңістікте паргенетикалық 
байланыстағы бедер пішіндеріне бірігуі мҥмкін. Сонымен қатар, генезисі бір және морфологиясы ҧқсас 
пішіндерді біріктіретін бедердің морфогенетикалық типтеріне бӛлінеді. 
Бедер жасы – бедер жаралған салыстырмалы геологиялық уақыт. Қазіргі заман пішіндері тарихи шкала 
бойынша даталанды. Радиогеологиялық немесе палеомагнтиттік әдістер кӛмегімен бедердің абсолют жасы 
анықталады. Бедер жасын анықтаудын ең басты тәсілдеріне, жас шекаралары мен корреляттық тҥзілімдер 
әдістері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет