«БОРАН» РОМАНЫНДАҒЫ КӨПҮНДІЛІК
В статье описывается прием полифонии в жанре романа. Автор доказывает, что с помощью
данного приема раскрываются характеры образов произведения, и прием полифонии применя-
ется для передачи взаимосвязи между человеком и обществом, человеком и природой.
This article devotes method of poilfonie in the novel. This is method opens the character of heroes in
novel. This method of polifonie be used by author to show contacts between person and society, per-
son and nature.
«Боран» романы — Тахауи Ахтановтың жазушылық мəдениетінің толысқанын танытатын туын-
дыларының бірі. Сондықтан шығарманың тақырып мəнділігі мен уақыт шындығының кейіпкерлер
тағдыры арқылы терең ашылып жатуы, образдарды сомдаудағы психологиялық талдау шеберлігі мен
композициясы автордың əлем əдебиеті мен ұлттық əдебиетіміздің нəрінен сусындаған ізденісін таны-
тады. Жазушылық жолында əккі саясаттың ықпалынан бойын аулақ салуға ұмтылған қаламгердің
уақыт тынысын бейнелеудегі батылдығы да — шығарманың құнды сипаты. Бұл туралы Т.Ахтанов:
«Тарихымызға, іс-тұрмысымызға еніп алған сталиндік түнекті серпілтіп, аз ғана саңылау ашқан
Н.С.Хрущев болды. Сол аз саңылаудың өзі əдебиетке, мəдениетке қыруар əсер жасады деп ойлаймын.
Сол тұста Айтматов, Быков, Астафьев сияқты жазушылар біраз батыл дүниелерге қалам тартты. Мен
де «Боранды» сол кезде жаздым»
1
, — десе, романның ұлттық əдебиеттегі орны туралы Ə.Нұрпейісов
ойын былайша сабақтайды: «... көктегі құдайға емес, жердегі адамға табындырып қойған əне бір за-
манда қайсар, өжет жазушының қаламы рақымсыз заманның ырқына онша көне қоймай, ағысқа қар-
сы жүзген мұзжарғыш кемеше сол кездегі күллі совет қаламгерлері ішінде бірінші боп қырдағы қо-
ңын күн тескен қойшы өмірінің басындағы адам төзбестей ащы шындықты жазды. Бұл Ахтановтың
қан майдандағы жанын оққа байлап, жауға шапқан ерлігінен бір де кем түспейтін əдебиет майданын-
дағы азаматтық ерлігі еді»
2
.
«Боранның» өзіндік сипаттарының бірі — көпүнділік (полифонизм). Көпүнділік көрінісін шы-
ғарманың жазылу табиғатына сай түрліше таратып айта беруге болар. Туындыда негізгі арқауға ай-
налған бас кейіпкер басындағы өмір талқысына авторлық бір көзқараспен ғана келіп, байлаулы ше-
шім айтпай, өзге кейіпкерлердің қатысуымен де көзқарас кереғарлығының танылуы немесе басқаша
таным-түсінікпен бағаланып жатуы шығарма тынысын жəне реализмін кеңейте түсетін мүмкіндік.
Сол сияқты шығармада бір адамның өзі іштей екіге жарылып, бітімге келе алмай, тартысты күй кешуі
де — жиі қолданылатын тəсілдердің бірі. Өмір-тіршілік қандай күрделі, сан бояулы жайға толы бол-
са, шығарманың да сондай қат-қабат болуы жазушы дарынына, өмірді терең білуі мен соған бойлай
алуына байланысты.
Полифониялық шығарманың ерекшелігі жөнінде ғалым Р.Нұрғали орыс əдебиетіндегі Ф.Достое-
вскийдің жазушылық тəрбиесімен байланыстыра отырып ой өрбітеді: «Орыс оқымыстылары роман-
ның полифониялық түрін тұңғыш дүниеге əкелуші деп Федор Достоевскийді атайды. Бұрынғы ро-
мандарда қаһармандар диалог арқылы қарым-қатынасқа түсетін, олардың бар болмысын жазушы өз
тарапынан бағалап отыратын. Əрбір образ бұлжымайтын орбитасы бар жеке əлем еді. Ал Ф.Достое-
вский романдарында кейіпкерлер əрекетіне, олардың психологиялық күйлеріне жазушы араласпайды,
жасырын қалады. Мұның есесіне бір кейіпкердің іс-əрекетін, ой-сезімін екінші кейіпкер өз көкейінде
бағалайды. Бірінің ойындағы, сезіміндегі түрлі сəттерді екіншісі өз санасына көшіреді, Достоевский
романдарындағы адамдардың сезім дауылдарында, ой толғаныстарына бөлек-бөлек шеңбер жоқ, олар
бір-бірімен психологиялық жағынан қоян-қолтық араласқан» (Бахтин М. Проблемы поэтики Достое-
вского. — М., 1963. — С. 320.). «Қылмыс пен жаза» романын еске түсірейік. Раскольниковтың қыл-
мысы, содан кейінгі ар жазасы, заң жазасы, қат-қабат шытырман толғаныстар оның ғана жанын жеп,
жүрегін тітіркендіріп қоймайды, басқалардың да өзегін өртейді.
Полифониялық роман — жанрлық мүмкіндіктері орасан мол, адам мен адам, адам мен қоғам
арасындағы өте күрделі қарым-қатынастарды бейнелеуде жазушы үшін ең құдіретті форманың бірі»
3
.
«Боран» романынан да осы ерекшеліктерді байқауға болады. Қоспан басындағы əділетсіздік, содан
тамырлайтын қиын жағдай тек бас кейіпкерді ғана ой сонарына жетелеп, дара күй кештірмейді. Бір
қарағанда томаға тұйық, өзді-өзімен көрінетін Қоспан басындағы күйзелісті отбасындағы өмірлік се-
рігі Жаңыл іштей бөліседі. Бірге қиналып, қабырғасы қайысқан Қоспанға сүйеу болуға ұмтылады.
50
Осы бір сын кездері Жаңыл басындағы қазақ əйеліне тəн көнбістік, тереңде жатқан сабырлылық пен
ұлттық психология да ашыла түседі. Тулай ашуланған, тұрмыстың ауыртпалығына налыған Жаңыл
жоқ, күйеуінің жан дүниесіндегі болып жатқан əр алуан жайларды қас-қабағынан ұғынуға тырысқан
байыпты Жаңыл бар. Былайғы кездері оншалықты мəн бере қоймайтын осы мінезге автор да ұсақ-
түйек деп қарамай баса назар аударған тəрізді. Сол Жаңыл болған жайлардың жай куəгері ғана емес.
Қоспан басындағы қиын жағдайдың бағалаушысы да. Өз тарапынан өткен күндерді еске түсіріп, ой
елегінен өткізіп, замана əділетсіздігі мен қара ниетті адам қолымен жасалған қатыгездіктің түп-төркі-
нін іздейді. Бірақ Жаңылдың танымы мен бағалауы Қоспанның ой əлемімен сабақтасып жатқанымен
қайталамайды. Қайта толықтыра, тереңдете түседі. Романдағы көпүнділік шығарма табиғатынан осы-
лайша туындап, негізгі сипаттарының біріне айналады.
Жаңыл — шығармадағы өзге образдардың терең ашылуына ұйытқы кейіпкер. Мəселен, Жаппас-
байдың Қоспанға жасаған қиянатын оқырман бас кейіпкер арқылы тікелей сезінсе, ал оның халыққа
ылаң боп тиген жауыздығы мен адамдықтан асқан пасықтығын Жаңыл басындағы оқиға арқылы та-
ниды. Жазушы осылайша бір кейіпкер басындағы күрделі ахуалды екінші кейіпкерге əсері, қатысы
арқылы тереңдетіп жібереді. Басты образдар басындағы психологиялық жағдайда қатаң шекара жоқ.
Бірінен-біріне ауысып, түрленіп, байытылып отырылуы да өмір-тіршіліктің шындығынан туындаған.
Себебі жастайынан жетімдіктің зардабын көрген Жаңылдың бар қуанышы мен реніші Қоспанмен қо-
сақталған. Жаңыл өмірге Қоспанның қас-қабағымен қарайды. Қоспанның жүзі жарқын болса, Жаңыл-
ға одан артық қуаныштың қажеті жоқ. Қоспанның қабағын мұң шалса, Жаңыл үшін де кең дүние та-
рылып сала береді. Осы ретте: Жаңыл бейнесінде біржақтылықтың көрінісі жоқ па? деген сұрақтың
қылаң беруі мүмкін. Автордың өзі көптеген туындыларында кейіпкерлерін ішкі кереғарлығымен
алуы, кейіпкерін өрден ылдиға, ылдидан өрге сүйреуі жиі кездеспейтін бе еді? деп қарауымыз мүм-
кін. Біздіңше, жоқ. Өмірде осындай ізгі, біртоға жандар болады. Оның шын сипаты тереңде. Сырттай
қарапайым, қақ-соқпен ісі жоқ боп көрінгенмен, қажыр-қайраты мен төзімі мықты жан.
Романдағы Қасболат образы да — барынша күрделі тұлға. Бір кездердегі жігерлі командир ста-
линдік уақыттың қысымына шыдамай, майдангер досының адалдығын сезіне тұра, араша түсуге жіге-
рі жетпей, ар алдындағы сатқындыққа дейін барады. Əрине, оның басындағы тұрақсыздыққа сол кез-
дегі қитұрқы саясаттың ықпалы күшті. Қара дауылдай екпіндеген Жаппасбайға тоқтау айтуға, арын
басуға Қасболатта дəрмен жоқ. Қайта одан іштей сескеніп, ығына жығылуға даяр. Сол бір сатқын-
дықпен көрінген Қасболат кейін қызмет орнын қызғыштай қорыған, шындықты айтқан адамды жау
көрген мансапқорға айналады. Дегенмен, болмысында адамдығы бар, өзіне бір сəт шынайы көзбен де
қарай білетін Қасболат жан дүниесіндегі үлкен олқылықты іштей сезінеді. Жазушы Т.Ахтановтың су-
реткерлік даралығы кейіпкерлерін барынша күрделі қалпында бейнелеуі болса, соның сəтті көрінісі-
нің бірі, біздіңше, Қасболат образы. Шығармадағы көпүнділік сырттан əкелініп таңылмайды, тағы да
осылайша туынды табиғатынан бастау алады. Қасболат басындағы олқылық тек Қоспанға ғана қатыс-
ты емес екен, бір кездері шын ұнаттым деген Шəрипа алдында да тайқып кетіпті. Осы жайлардың
барлығы уақыт өте келе, кешегі кездің екпіні басылған сəтте қайта ойланып қараса, ар алдындағы ұм-
тылысы басым қадамдар екен. Автордың сол күрделі көңіл-күйді барынша шынайы, терең де көркем
жеткізуде қаламы қарымды. Психологиялық талдауға шебер. Нəтижесінде, бір-біріне мүлдем ұқса-
майтын, жан дүниесі əр алуан, өмір мүдделері басқа-басқа образдар тайға таңба басқандай айқын бол-
мысымен мен мұндалап танылады. Академик З.Қабдолов айтқандай, «... адам образын сырттан соғып,
не жапсырып жасамайды, іштен қопарып қазып, құйып жасау»
4
— Ахтанов прозасының ерекшелігі.
Соғыстан кейінгі уақыттың ызғары мен оның қарапайым жанға тигізер ауыр зардабы романда
Қоспан басындағы оқиға арқылы көрінеді. Көп қиындықтардан соң елге аман-есен оралған Қоспан
соғыста тұтқында болдың деген айыппен «сүтке тиген күшіктей» сенімсіздікке ұшырайды. Оны Жап-
пасбай секілді шолақ белсенділердің өз мақсатына пайдаланып, соңынан шырақ ала түсуі жағдайды
тіптен ушықтырып жібереді. Қоспан басындағы осы психологиялық қиын ахуал бірнеше кейіпкердің
көзімен берілген. Оған романның шегініске, кейіпкерлерінің еркін ой ағымына құрылған композиция-
сы толық мүмкіндік жасаған. Сондықтан да Қоспан басындағы ішкі рухани күйзеліс себебі Жаңыл қа-
тысуымен ашыла түссе, Қасболатпен кездесуде тереңдетіледі.
«Босағадан-ақ ыржиып мəз болып кірген Қоспанды бойын тежеп, байсалды кескінмен салқын
қарсы алды. Қоспан сағынып қауышқан майдандас достың ыстық ықыласымен Қасболатқа қайта-қай-
та таңырқай қарап, «апырай» деп өткен-кеткенді еске ала бастап еді, уақыттың тығыздығын ескертіп
іркіп тастады, содан-ақ байғұстың аңқылдаған көңілі су сепкендей басылып, қипақтап төмен қарап
ауыр салмағымен ескі орындықты сықырлата берді. Жүзіндегі жаңа ғана жайнап тұрған нұры сөніп,
лезде жан біткеннің бəрі жат боп кеткендей, бөлектеніп алды. «Мұнысы тегін емес», — деп ойлайды
51
Қасболат. Кенет Қоспанның бойынан сенімсіздік нышанан тапқанына кəдімгідей бойы жеңілдеп, кө-
ңілі нығайып қалғанын сезді.
— Келгелі екі айдан асып барады, бос жүрмін. Не пəлемнің бар екенін білмеймін. Жұрт маған
жолағысы келмейді, — деді Қоспан төмен қарап. Бəрінен де сұқтана қараған қорлығы өтіп барады.
Кісіге тіке қарамай көзімен жер шұқып отырғанда да бір гəп бар сияқты.
— Сіздерді тиісті жер тексеріп анықтауы керек. Онсыз ешкім кесіп жауап бере алмайды, — деді
Қасболат салқын ғана. Осымен əңгімені доғарайық дегені еді бұл.
Қоспан басын көтеріп алып, «шын айтып тұрсыз ба?» дегендей Қасболатқа бажырая қарады.
— Ау, басқалар болса бір сəрі... Ал, сіз... сіз мені жақсы білуші едіңіз ғой... Өзіңіз мені... — Қос-
пан сөзін жұтып, баладай аузын ашып Қасболатқа «мұның қалай?» дегендей таңырқап қарап қалды.
Кəдімгі ар жағында қалтқысы жоқ адал, аңқау кескін. Қасболат көңілінің толқып бара жатқанын сезіп
өзіне де, Қоспанға да ыза болды.
— Менің сізді қырық екінші жылға дейін білгенім рас. Ал оның бер жағында... Не істегеніңізді
білмеймін.
Осы сөз Қоспанның басына тура таяқпен салып қалғандай болды. Бір сұмдықты көргендей том-
пақ көзі адырайып шарасынан шығып бара жатты. Қасболаттың төбе құйқасы шымырлап қоя берді.
Сəлден кейін көзінің нұры сөніп, дүниеден түңілгендей еңсесі түсіп кетті. Орындықтан əзер көтеріліп
есікке қарай сүйретіліп барады»
5
.
Үзіндіде авторлық суреттеу мен кейіпкер қабылдауы жымдасып бірігіп кеткен. Дүниеден түңіл-
гендей еңсесі түсіп кеткен Қоспанның осы бейнесі кейін Қасболаттың оңашадағы өз-өзінен есеп ал-
ған ойымен былайша өрістеледі.
«Адырайып шарасынан шығып бара жатқан Қоспанның сол көзқарасы. Қасболаттың бүкіл дене-
сі дір ете қалды. Со жолы айтпай кеткен сөзі бар екен ғой. «Мені өлімге байлап кеткенде сеніп едің
ғой...» Иə, иə... Қасболат ұзақ уақытқа дейін артындағы түн қараңғысын сілкіген атыстың тарсылын
естіп, жауды тапжылдырмай ұстап қалған Қоспанға риза болып бара жатқан жоқ па еді?! Үлкен қара
Қасболатты аяп, алқымына тірелген осы сөзді тұншықтырып, шөгіп қалған ауыр денесін əзер сүйреп
кете берді...»
5
.
Романның орта тұсында Жаңыл ойымен берілген Қоспан басындағы қиналыс жайы Қасболат
көзқарасынан əлдеқайда бұрын баяндалады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, бір ситуацияның шығар-
маның өң бойында əлденеше қайталанып, басқа кейіпкерлер қабылдауымен берілуіне туындының өз-
геше композициясы — еркін ой ағымына құрылуы мүмкіндік жасаған. Бірақ бұл қайталаулар кемші-
лік болып көрінбейді, қайта уақыт шындығының терең ашылуына, кейіпкерлердің психологиялық
жағынан кеңірек суреттеліп, ой-таным, көзқарас тұрғысынан даралана түсуіне жол ашады. Қоспан ба-
сындағы жай тек бас кейіпкердің өз толғанысымен, ішкі күйзелісімен шектелсе, уақыт, орта шынды-
ғы жеткілікті дəрежеде көрінбей, біржақты қалуы мүмкін болатын. Сондықтан да автор бір ситуация-
ға бірнеше көзбен қарауды шығармашылық мақсат еткен. Сол бір қиын сəттегі Қоспан басындағы
жайды Жаңылдың сезінуі шығармада былай беріледі:
«... Со жолы Қасболатқа жолығып қайтқан Қоспанның түрін көріп, Жаңыл қатты шошыды. Есік-
тен үн-түнсіз кіріп, соққыға жығылып тұралап қалғандай сүйретіліп келіп сəкінің шетіне отыра кетті.
Үлкен денесі шөгіп, еңсесі түсіп, сол құнжиып отырған күйінен тапжылмады.
Қоспан жуас, мінезі жұмсақ болғанмен қайратты, қажырлы еді. Осы жолы соншалықты сынып
қалғанына Жаңыл қайран қалды. Неше жыл жау тепкісінде, ажалдың аузында жүріп, соған шыдап бе-
лін бермей келген адамның мұнысы несі? Соншалықты неден түңілді?
Жаңыл оның жарасына ем таба алмай отқа түсті. Қоспан кейін əр жерде ұсақ-түйек қызмет атқа-
рып, біреуден ілгері, біреуден кейін тұрмыс құрып кеткенде де баяғы жайма шуақ, нұрлы мінезін таба
алмады. Ең аяғы жымиып езу тартса да күлімсіреген жанардың ар жағынан жанын жеген қасіреттің
ызғары теуіп тұратын»
5
.
Автор осы тəсілден не ұтты? деген сұрақ туындауы заңды. Біріншіден, адам мен қоғам арасында-
ғы күрделі қатынас кеңінен суреттелуіне мүмкіндік жасалды. Қоспан осынша сенімсіздіктің қалайша
етек алып жайылып кеткенін, оның қайдан туындап, қалайша асқынып кеткенін білмей, санасы сан
саққа барып дағдарса, Қасболат сол көзге көрінбейтін күштің ығында кетеді. Ал Жаңыл сол бір əді-
летсіздіктің адал жанға қандай соққы болып тигенін сезеді. Екіншіден, ситуация үстінде, жоғарыда
айтып өткеніміздей, кейіпкерлер дараланып, көзқарас қайшылығы ашыла түседі. Олардың ішкі əлемі-
не түсіп жатқан із де, одан алар сабақ та əртүрлі.
Тұтастай алғанда, «Боран» романындағы психологизмнің өрісті қадамына жазушы көпүнділік
тəсілін тиімді пайдаланған. Ол шығарманың тұтас тініне айналып, кейіпкерлер басындағы əр алуан
52
жағдайды молынан ашуға қызмет еткен. Кейіпкер шындығын ашудағы романның өзгеше сипаты ту-
ралы жазушы Ə.Кекілбаев былай дейді: «Бұрын қазақ прозасында Мұқтар Əуезовтың «Абай жолын-
дағы» ақынның шабытты сəттері мен махаббат күйзелістеріне ұшырайтын сергелдең хəлін (мəселен,
аңға шыққан Абайлардың боранда адасып Тоғжанның ауылынан шығуы) суреттейтін жекелеген эпи-
зодтар мен Ғабит Мүсіреповтың «Қазақ солдаты», «Оянған өлке» романдарының кейбір тарауларын-
да қылың берген «сана ағымы», «ішкі монолог» техникасын бірден-бір суреткерлік принцип еткен ал-
ғашқы қомақты шығарма — Ахтановтың «Бораны» екеніне дау болмаса керек. Шығарма концепция-
сын оқиға өрбуінің хронологиялық жүйесіне құрмай, кейіпкер санасының ассоциативті логикасына
құратын монтаждық тəсілді алғаш рет молынан пайдаланған қаламгеріміз де Тахауи Ахтанов»
6
.
«Боран» романы қазіргі заманның өзекті мəселесін көтеріп, ұлы жазушы М.Əуезовтың «Өскен
өркен» романының тағлымын, дəстүрін одан əрі тереңдеткен бірегей шығарма ғана емес, тақырып-
тық-идеялық ерекшелігімен, авторлық ұстанымымен, көркемдігімен ХХ ғасырдың 60-жылдарындағы
ұлттық прозаның табысы болды.
Əдебиеттер тізімі
1. Нұрмағанбетов Т. Бүгіннен гөрі ертеңнен дəмеліміз // Қазақ əдебиеті. — 1988. — 22 шілде.
2. Нүрпейісов Ə. Əдеби əлемдегі шырағы сөнбейді // Егемен Қазақстан. — 1994. — 29 қырк.
3. Нұрғали Р. Телағыс. — Алматы: Жазушы, 1986. — 440-б.
4. Қабдолов З. Тарлан талант // Қазақ əдебиеті. — 1983. — 18 қараша.
5. Ахтанов Т. Бес томдық шығармалар жинағы. — 2-т. — Алматы: Жазушы, 1983. — 175–176-б.
6. Кекілбаев Ə. Өмірмен өзектес өнер // Ахтанов Т. Бес томдық шығармалар жинағы. 1-т. — Алматы: Жазушы, 1983. —
9-б.
ƏОЖ 398 (574)
С.Ж.Шахина
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
В статье всесторонне рассматривается вопрос возникновения небылиц в народной поэзии.
Автор, анализируя различные взгляды, обосновывает свою научную позицию в разрешении
проблемы.
Problem is considered in this article about arising the false songs in public poetry. The author, ana-
lysing different glances about false songs, motivates its scientific position in permit of this problem.
Қазақ өтірік өлеңдерінің пайда болуына қатысты мəселе ғалымдардың назарынан тыс қалмаған.
Бұл тұрғыда А.Байтұрсынов оның негізі ертегіде жатқандығын айтады
1
. Халық арасында бұл мұраны
«өтірік əңгіме» деп атайды. Бұл мəселеге кезінде академик М.О.Əуезов те назар аударған. Ол өзінің
«Қырық өтіріктің» мағынасы» атты мақаласында өтірік əңгімелердің ерекшелігі мен құндылығын бы-
лайша түсіндірген: «Қырық өтірік» — қазақтың халық əңгімелерінің ішіндегі ең бір көпке мəлім түрі.
Бұл əңгімені ерте күндерден бері қарай, халықтың кəрі-жасы түгел біледі деуге болады»
2
, — дей оты-
рып, ғалым өтірік əңгімелердің өзгешелігіне төмендегідей анықтама береді: «Өзгешелігі, халықтың
тапқырлық, жүйріктік сияқты өнерді сүйгендігін білдіреді. Қиыннан қиыстырғыш өткір қиялды баға-
лағандығын көрсетеді. Халық фантазиясының тереңдік, жүйріктігіне айғақ болады. Ол фантазия
өмірде барды ғана сөз қылмайды. Өмірде болса дегенді де сөз қылады. Кейде тіпті өмірде болуы мүм-
кін емес нəрсені де қиялмен қиыстырып, шын етіп көрсетеді. Мынау өтіріктердің көбі сондай еркін
ұшқыр, өткір фантазияның тудырған əңгімелері»
2
, — дейді. Шындығына жүгінсек, халық шығарма-
шылығында қиял-арман араласпайтын туындылар кемде-кем. Қиялдың айрықша үстемдік етуінің ер-
тегі, миф, əпсана-хикаяттарда жатқанын білеміз. Алайда, тапқырлық, сыншылдық, өткір əжуа мен
мысқыл-кекесіннің ерекшелене түсуі өтірік өлеңге тəн қасиет екендігі алдымен аңғарылады. Деген-
53
мен бұл пікірлердің түйіні ел өтірігінің пайда болуының нақ бастауын анықтай алмайды. Біздіңше,
аталған мəселеге неғұрлым тереңдеп барған ақын І.Жансүгіров деудің қисыны бар. Ол өзінің «Өті-
рік» атты жинағында былай дейді: «Шынында біздің ел əдебиетінде өтірік араласпаса ажары кірген
сөз бар ма? Ел əдебиетінің бəрі де өтірікке, желдіртпеге, желөкпелікке шырмауықтай шырмалған», —
деп, оған дəлел ретінде батырлық жырларды атай келе, өтіріктің қандай заманда шыққандығына бы-
лайша жауап береді: «Өтірік те күнінде күпті, заманында болады. Бұрын өтірікті айту үлкен мақтан
да, мақсат та болған. Өтірікшілер бəсекелесіп бəйгеге түскен, айтысқан, ұлы жиында ел енжарласып
бұларды ақындардай жарысқа салған. Əдейі ел қыдырып, өтірікті таратқан өтірікшілер болған. Əри-
не, мұны туғызған ел өмірінің, қоғам құрылысының жағдайы. Өмір күйі, шаруа шарты, қолы бостық,
жұмысы жоқтық. Айдаладағы аңдай, аспандағы құстай табиғат құшағына бөленіп өскен еркін ерке-
лік. Бұл жағдайлар өз дəуірінде күшті күй, əсем əн, өзгеше өтіріктерді туғызып кетті», — дейді. Айту-
лы ақынның меңзеп отырғаны ертедегі қазақтың көшпелі өмірі, салт-дəстүрі, ойын-сауығы екендігін
аңғару қиын емес. Сол заманның жасаған ғажап өнерінің бірі — сөз өнері. Жан азығын жасау жолын-
да өнердің сандаған саңылақтары тарих сахнасына шығып, халқының қажетіне жарарлық туындылар
тудырды. Қоғамдағы түрлі өзгерістер өткен заман өнерпаздарына да өз өктемдігін туғызды. Оны
аталған еңбегінде өтірікке қатысты І. Жансүгіров те айтқан. «Міне, сөйтіп бұрынғы күнде ел аузынан
үздіксіз айтыла беретұғын өтірік те, шығарушы да құжырап таусылуға айналды. Баяғыдай көңіл алда-
ныш, жан ермегі үшін өтірік айтатын ауылда бұл күнде ешкім жоқ. Өтірікші енді күлкіге айналып ба-
рады. Бұл өмірдің ұлы заңы. Енді елде сақталып қалған өтірік тамтығын жинап қалу білген қазақтың
міндеті болды»
3
.
Қазақ ауыз əдебиетінде бұған дəлел болатын əңгімелер де баршылық. Мүмкін оның негізі «Ал-
дар көсе», «Қожанасыр» т.б. əңгімелерде жатқан шығар дейтін жорамалдар да айтылар. Біз оған мүл-
де келісе алмаймыз. Себебі олар күлдіргі əңгімелер қатарына жатады. Онда керек десеңіз өтірік жоқ.
Алдар көсе, Қожанасыр əңгімелерінің негізгі арқауы ақымақтық пен ақылдың тайталасына құрылған.
Ал, өтірік əңгімеде шындықтың өңі айналдырылып, өзгеше қисынын келістіре отырып жұртты қы-
ран-топан күлкіге кенелтіп, сол шылғи өтірік арқылы өткір сын айту басты орынға шығады. Көпшілік
өткір сынның қалай айтылғанын артынан сезіп, кеш түсінеді.
Сонымен, жоғарыдағы А.Байтұрсынов, М.О.Əуезов пікірлері өтірік өлеңнің пайда болғандығын
түсіндіретін өтірік əңгімелер екендігін тұжырымдаған. Ал өтірікке қатысты халық прозасы ертегілер-
ден басталады екен. Сонда өтірік əңгіменің өзі қалай қалыптасқан? — деген заңды сауал туындайды.
Зерттеуші-ғалымдар пікірлеріне сүйенсек, бұған да жауап табылатындығын аңғарамыз. Айталық,
ақын І.Жансүгіров өтірікшілердің өнерлері көбіне ойын-сауық, ұлы жиында байқалғанын аңғартқан
3
.
Осы пікірдің қисынсыз емес екендігін белгілі ғалым, фольклортанушы М.Ғабдуллин де айтқан. Ол
өзінің «Қазақ халық ауыз əдебиеті» кітабында: «Қазақтың ертедегі салты бойынша ойын-сауық кезде-
рінде айтылатын өлеңнің бір түрі — өтірік өлең»
4
, — дейді. Анығын айтсақ, өтірік шығармашылық-
тың өркендеуіне басты себеп болған жайлардың төркіні халықтың ойын-сауықтарында жатқаны та-
лас тудырмайды. Осыдан да болар К.Чуковскийдің өтірік өлеңдерді «смысловая игра» деп атағаны
5
.
Қазақ халқының өтірік əңгімелерінің ойын-сауық кезінде туғандығын нақты дəлелдеп, тап басып
көрсететіндігі төмендегі шығармалардан байқалады. Халық аузынан жазылып алынған «Ығай мен
Сығайдың өтірік салыстырғаны», «Өтірікті айтқан жақсы, қоштаушысы табылса», «Өтірікте əкесінен
асқан бала», «Бұқабай мергеннің өтірігі», «Балапанды Барқын таз» атты т.б. қарасөзбен баяндалатын
өтірік əңгімелер. Мұндағы «Ығай мен Сығайдың өтірік салыстырғаны» кəдімгі айтысты елестетеді.
Сөзіміздің қисынды екені əңгіменің бастауынан-ақ көрінеді. Мысалы: «Ығай мен Сығай екі ағайынды
туысқан суайт өтірікші болыпты. Осы екеуі ел екі енжар болып жиында өтірік бəсекесіне түсіп-
ті»
3
, — деп басталып, өтірікшілер жарысын жұрт одан əрі тамашалауға кірісіп кетеді. Ал, екі өтірік-
шінің ел аралап, бірі бастап, бірі қоштаған өтірігі «Өтірікті айтқан жақсы, қоштаушысы табылса» ат-
ты əңгімеде баяндалады. Алғашқы өтірікші бір ауылға келіп қонса, ауыл адамдары жиылып қонақты
құрметтейді. Амандық-саулық сұрасады. Сөйтсе, əлгі өтірікші былай жауап береді: «Ел аман, жұрт
тыныш, жалғыз-ақ көкті көбелей, аспанды аралай көшіп бара жатқан елді көрдім»
3
, — дейді. Бұған
жұрт нанбайды. Келесі күні сол ауылға екінші өтірікші келеді. Жұрт тағы жөн сұрайды: «Жарқыным,
жақсы-жаманнан не тіл бар, кеше бір қонақ көкті көбелей, аспанды аралай ел көшіп бара жатыр
екен деді. Онан не білесің?» — десе, өтірікті-қоштаушы: «Болса болар, өйткені анда-санда керегенің
сағанағы түсіп бара жатқанын көрдім»
3
, — депті. Міне, өтірік осылайша өрбіп кете береді. Жоғары-
дағы Бұқабай мергенді де ел жиналып, оның өтірігін тыңдауға асығады. Аңшы өтірікті көбіне өзінің
кəсібіне қатысты айтады.
54
Айталық: «Салып тастаған қақпаныма күнде отыз арлан, тоқсан түлкі түсетін болды. Күнде
бір қақпаннан бір ауыр көген аң аламын. Біреуінің кірпігінен, біреуінің мұртынан, біреуінің мүйізінен,
біреуінің құлағынан, көбі аяғынан, азы тұяғынан түседі де жатады, түседі де жатады»
3
, — дейді
Бұқабай мерген əңгімесінде. «Балапанды Барқын таз» əңгімесінде: Барқынға сарт досы тауықтың
алты жұмыртқасын береді. Ол жұмыртқаны жалаңаш қойнына салып, алты күн арада, он күн ор-
тада жүріп үйіне келсе, қойнының бəрі толған балапан болыпты. Содан Барқын отағасы «Балапан-
ды Барқын таз»
3
атанып кетеді. Бұдан біреуді əзілдеп, қалжың түрінде шығарылған шығарма екенін
таныдық. Ел ішіндегі əңгімелерден бұған мысалды көптеп табуға болады. Анықтай түссек, өтірік əң-
гімелердегі бұндай өнер бəсекесі ойын-сауық арқылы тарап, қиыннан қиыстырып айтатын əзіл-сықақ
отауының керегесін кеңейте түскен. Содан барып өтіріктің өресін биікке көтерген өтірік өлеңдер туа
бастаған. Фольклортанушы-ғалымдарымыз А.Байтұрсынов, М.Əуезов, М.Ғабдуллиндердің өтірік
өлеңдердің қалай туғанын ертегілер мен əңгімелерден білуге болады деуі сондықтан. Өтірік əңгімені
қалыптастырған тұрмыс-салт, əдет-ғұрып болса, өтірік өлең, жыр да сол сауықтың жемісі екендігі
даусыз. Бұған өтірік өлең, жырлар жауап береді. Халық арасына кеңінен тараған өтірік өлеңдердегі
«Айттым да өтірік өлең жұртқа жақтым», «Нанбасаңыз айтқаныма, болса жалған, Саудалы сө-
зім емес сатуға алған», «Ақ жардың ауылым қонған өзегіне, Сөзімнің қараңдаршы кезегіне» жəне т.б.
өлең жолдары өлеңді айтушының тыңдаушыларға қарата айтатынын түсінер еді. «Қырық өтірік» атты
өтіріктің классикалық үлгісіндегі Тазшаның нағыз талант екеніне шүбə келтірмейсің. Өйткені ол да
өнердің жасампаздығын дүйім жұрт алдында түсіндіріп берген. М.О. Əуезов атындағы Əдебиет жəне
өнер институты қолжазбасынан алынған төмендегі өтірік өлең де өтіріктің сауыққа негізделгенін
айғақтайды. Мысалы: «Ертеде осы Жəркент жерінде Уəлибай деген бірнеше ақындарды шақырып
алып: «Тамаша болсын, қиыстырып өлең айтыңдар, шын өлеңді əркім де айта береді», — деп жи-
налған бір топ ақындарға тапсырма береді. Сонда Бақтыбай деген атышулы аңшы кедей ақын «бұл
өлеңді мен айтамын», — деп, өтірік өлең айтқан екен»
6
. Бақтыбай ақынның айтқан өлеңі «Шыбын»
атты өтірік өлең. Анығында, «Шыбын» туралы бірнеше өтірік өлеңдер бар. Ауыз əдебиеті заңдылы-
ғына сай, өтірік өлеңдер де бірнеше вариантты болатындығына көз жеткіземіз. Сонымен ел өтірігі бо-
лып табылатын өтірік ертегі, өтірік əңгіме-жырлар халықтың ойын-сауығы арқылы қалыптасып, да-
мығандығына күдікпен қарауға негіз жоқтығын білдік.
Фольклордың бір түрі деп танылған өтірік өлеңдер болса, оны жалпы кімдер қалыптастырып, ұр-
пақтан-ұрпаққа жеткізіп дамытқан? деген сұрақтың туындауы заңды. Қазақ ауыз əдебиетінің байыр-
ғы өкілдері туралы монографиялық еңбектер бар екендігі белгілі
7
. Алайда өтірікті көркемдей баян-
дайтын өлең, жырларды немесе əңгімелерді айтушылардың кім болғанына бір Тазшадан басқаны атай
алмай келе жатқанымыз шындық. Біздіңше, өтірік өлеңнің кейбір белгілері кəдімгі бақсылар мен бал-
герлердің шығармашылығынан байқалған. Бірақ мұндағы мақсат ауруды емдеу, індетті елге жолатпау
мақсатындағы күрес екендігі айтылып келеді. Солай дегенімізбен, бəдік, арбау, жалбарыну өлеңде-
ріндегі бақа-шаянды, айдаһар жыландарды тілге тиек етіп, жұртты иландыру, көңіл аулау ісіндегі
əрекеттер сөзсіз өтірік өлеңдердің кейбір белгілерін еске салады. Ал өтірік өлең, жырларды дамытуға
дəнекер болғандар саятшы, аңшылар екендігін ерекшелей айтқанымыз жөн секілді. Өйткені бізге
жеткен ел өтірігінің негізгі жүгін көтерген солар болғаны талас тудырмайды. Айталық, «Тазшаның
өтірігі», «Мейірманның өтірігі», «Бұқабай мергеннің өтірігі», «Байсарының өтірігі» т.б. бұны сөзсіз
дəлелдейді. Саят өнерімен айналысқандардың көпшілігі сал-серілер болғандығы əмседен аян. Күні
бүгінге дейін аңшылықпен айналысатындардың əңгімелерінің өтірік қоспаса дəмі кірмейтіндігі тағы
бар. Мəселен, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті студенттерінің фольклор-
лық практика кезеңіндегі жинақтаған материалдары ішінен мынадай бір қызықты факті кездесті. Қор-
ғалжын жеріндегі бір аңшыдан студент: «Күніне қанша құс аласыз?» — деп сұраса, аңшы: «Мен
құстардың көлге қонғанын аңдып отырамын да, жүзе бастағанының бір-екеуін атсам, құстың бəрі
қайта аспанға көтеріледі. Міне, сол кезде бір оқпен он шақтысын бір-ақ түсіремін», — депті. Сту-
дент: «Сонда қалай болғаны?» — дейді таңданып. Сонда əлгі аңшы былай жауап береді: «Мен он
шақтысының жоғары-төмен тізбектелгенін көздеймін. Сонда бір оғым олардың бəрін қағып сала-
ды»
8
, — деген екен. Ел ішінен бұндай əңгімелерді көп кездестіреміз. Алайда сол саятшылардың көп-
шілігі əнші, ақындар болып келетіндігі бізге Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай жə-
не т.б. шығармашылықтарынан таныс. Ақындар шығармашылығын терең зерделеген Е.Ысмайловтың
еңбегінде бұл мəселе қалыс қалмаған. Ғалым былай дейді: «Салдардың... өлеңдері де өз мінездеріне
сай өтірік, қыңыр мағыналы, қисынсыз құралған күлдіргі болып келеді. Жантұрған сал өзінің бір құр-
бысына кездескенде:
55
Алабас ит көрдің бе шідерлеулі,
Əр ауылдың көлінде оттап тұрған, —
деп бастайды өлеңді. Тағы бір тентек салдың өлеңінде:
Көк сиырдан туады жирен айғыр,
Шоқаң-шоқаң қойға қасқыр шабады.
Боталы інген, тайлақтар көкте ұшып жүр,
Буынғаным беліме сексен арқан
9
, —
деген үзіндіні келтірген. Əрине, сал-серілер тек қана əңгіме айтып, əн салуды місе тұтпаған. Сол əңгі-
ме мен əн-жырдың арқауын өмірден алған. Астына арғымақ ат мініп, ит жүгіртіп, құс салған. Осыдан
алған керемет лəззатты сандаған шығармаларына арқау еткен.
Ел өтірігін айтушылардың енді бір маңызды типін əзілқой, қу тілді, айлалы адамдар құраған.
Олардың кəсібі елге тізесі батқан, өзінен басқаны көре алмайтын қызғаншақ, дөрекілерді сан соқты-
рып, жұрт алдында олардың кім екендігін масқара ету болған. Бұған жататындар: Алдар көсе, Тазша
бала, Ығай мен Сығай, Судырахмет, Сұраубай т.б. Сондай-ақ өтірікті келістіріп айтатындар қатарын-
да ұрлықшылар да аталады. Бұлардың өтірігі көбіне өзін-өзі мақтап, дəріптеуге құрылады. Елен-
бейтін өтіріктер осылардікі екендігіне халықтың өзі «Өзін-өзі мақтаған, өлімнің аз-ақ алды», — деген
қорытынды жасаған. Олардың орынсыз мақтаны «Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі», — дейтінді
анықтап берген. Өтіріктің ендігі бір шеберлері — балалар. Үлкендердің өтірігі секілді балалардың
өтірігінің өресі ойын-сауық, бірін-бірі мазақтау, алдау кезеңінде кеңейген. Ойын балаларының өтірігі
көбіне көлемі шағын ғана болып келеді. Мысалы:
Аяқтағы суға ағып өлейін,
Көнектегі суға кеуіп өлейін.
Екі елі жардан ұшайын,
Иманым жанымды ұрсын.
Екі қолым санымды ұрсын.
Желкем шұңқырын көрмейін
3
.
Бұл — балалардың анты. І. Жансүгіров былай дейді: «Бұл антты балалар бірін-бірі алдағанда
айтысады. Əсіресе осындай антпен нандырып аңқау баланы алдаған бала «қулығына» мақтанып қала-
ды екен»
3
.
Баланың қиялы шексіз. Ол күн сайын тамашаға тап болып, көз алдындағы табиғат құбылыста-
рын, аспан денелерін білгісі келеді. Осы арман өлеңге айналып жатады. Тегінде өтірік пен шындықты
жедел түсініп, тез меңгеруге септігі тиетін ойындар балалар арасында тегін тумаса керек. Балалардың
сүйікті ойыны «Ұшты-ұшты», «Саусақ санау», «Жаңылма» т.б. ойындарында өтірік пен шындық
тайталасқа түсіп жатады. Жалпы балалар ойыны деп атап жүрсек те, қазақ ойындары сəбилер ойыны,
бозбалалар ойыны, жігіттер ойыны болып бөлінетіндігі Ə.Диваев еңбегінде айтылған
10
. Үлкендердің
өтіріктегі өнер жарысының ойын-сауықта сыналғанын жоғарыда түрлі дəлелдер айтып нақтыласақ,
ендігі сөз болып отырған балалар өтірігінің де ойын кезінде туатындығы тамаша ұқсастық, бір-біріне
жақын тұрған сабақтастық екендігін байқаймыз. Балалар фольклорына қатысты зерттеулер жүргізген
ғалымдардың көпшілігі осы бір сабақтастықты ескермей, тек біржақты ғана пікірлер қозғалғандығын
сөз арасында айта кетейік. Ең бастысы бүкіл өтірік өлең туындысы балалар шығармашылығы деген
тұжырым қалыптасқан. Бұл мəселеге тікелей болмаса да, сөз арасында пікірлер қозғаған ғалымдар-
дың айтқанына құлақ асқан жөн. Мəселен, балалар əдебиетінің бастаулары ауыз əдебиетінде жатқан-
дығын түсіндіруге тырысқан Ш.Ыбыраев былай дейді: «Ауыз əдебиетінің кез келген жанрларынан
балаларға үлгі боларлықтай, тəрбиелік маңызы зор шығармаларды көптеп кездестіреміз. Бірақ олар
баланың өзіне ғана арналған, болмаса баланың өз творчествосының нəтижесінде пайда болған ауыз-
ша сөз өнерінің белгілерін сипаттай алмайды. Ал, ертегі, аңыз, əңгімелер, төрт түлік жырлардың,
жұмбақтардың, өтірік өлеңдердің үлкендерге де, балаларға да қатысы бар. Өтірік өлең мен əңгімелер-
дің алғашқы шығарушылары балалармен қатар ересек адамдар болуы əбден ықтимал. Балалар
фольклорын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, балғындарға үйретіп отыратын да негізінен үлкендер болса
керек. Демек, үлкендер мен балалар творчествосының тығыз қарым-қатынаста болуы, ауыс-түйіс ор-
тақ шығармалардың екеуінде де ұшырасуы заңды
11
. Ел өтірігінің жалпы халық сипатына қатысты
бұндай пікірлердің айтыла бастауының өзі өтірік өлеңдердің кештеу қолға алынып, ғалымдардың на-
зарын енді аудара бастағандығын көрсетеді. Фольклортану ғылымында балалар шығармашылығына
56
терең үңілген К. Іслəмжанұлы еңбегінде де ел өтірігінің ересектер арасында да айтылатындығы қалыс
қалмаған. Ол былай дейді: «Өтірік өлең — қазақ халық поэзиясындағы ерекше қызғылықты, балалар
құмарта тыңдап, қызыға жаттап алатын фольклорлық жанр. Өтірік өлеңді бүлдіршіндер ғана емес, үл-
кендер де сүйсіне тыңдайды, тіпті бүгінгі айтыста да бұл жанр тіріле, жаңа қырынан танылып жүр, —
дей келе. — Ел арасында өтіріктің қарасөзбен айтылатын түрлері де мол ұшырасады. Тіпті, əр ауыл-
дың өзінің қиыннан қиыстырып: «өтірікті шындай, ақсақты тыңдай» қылып əңгімелеу арқылы халық
«құрметіне» бөленген адамдары болған»
12
, — деген екен. Біздіңше, осы айтылған пікірлердің өзінен-
ақ жалпы өтірікке қатысты құрылған шығармалардың қалыптасуы мен өзіндік даму заңдылығы бол-
ғандығына толық көз жеткізуге болады. Дəстүр жағынан қарағанда өтірік өлең мен өтірік əңгімелер-
дің бастауы көбінесе тұрмыс-тіршілікке байланысты айтылып, халқымыздың өмір-тіршілігін күнбе-
күн жақсартсам деген тілегінен туғандығы аян. Сөйтіп, келешек ұрпақтың керегіне жарап, бүлдіршін-
дердің де шығармашылығынан қалыпты орын алған.
Əдебиеттер тізімі
1. Байтұрсынов А. Шығармалар, өлең, зерттеу / Құраст. Ə.Шəріпов, С.Дəуітов. — Алматы: Жазушы, 1987. — 234-б.
2. Əуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. — Алматы: Жазушы, 1985. — 17-т. Мақалалар, зерттеулер. — 99–
100-б.
3. Жансүгірұлы І. Өтірік (Ел əдебиетінен жинақ) / Төте жазудан ауд. баспаға əзірл. Т.Əлібек, С.Шахина. Түсіндірмелерін
жазып, жалпы ред. басқ. Б.С.Рақымов. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2001. — 5–6-б.
4. Ғабдуллин М. Қазақ халық ауыз əдебиеті. — Алматы: Қазақ мем. көр. əдеб. басп., 1958. — 57-б.
5. Чуковский К.И. От двух до пяти. Живой как жизнь. — М., 1968. — С. 131.
6. ОҒК. — № 1096-п., № 7440, 1-п., — 10, — № 7417, 1-п.
7. Тұрсынов Е.Д. Қазақ ауыз əдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. — Алматы: Ғылым, 1976. — 200 б.
8. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттері практикасы. — Қарағанды, 1989.
9. Ысмайлов Е. Ақындар. — Алматы: Қазақ мем. көр. əдеб. басп., 1956. — 54–55-б.
10. Диваев А. Игры киргизских детей // Туркестанская ведомость. — 1905. — № 48. — 14.
11. Ақ сандық, көк сандық / Құраст. Ш.Ыбыраев. — Алматы: Жазушы, 1988. — 10-б.
12. Іслəмжанұлы К. Рухани уыз. — Алматы: Ана тілі, 1995. — 81-б.
|