Шілде–тамыз–қыркүйек 1996 жылдан бастап шығады Жылына 4 рет шығады



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата03.03.2017
өлшемі1,46 Mb.
#6729
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

СЫН  ЕСІМНІҢ  СТИЛЬДІК  ҚЫЗМЕТІ 

В статье рассматриваются стилистические вопросы имен прилагательных. Показаны фор-

мы имен прилагательных, имеющих определенное тяготение к той или иной сфере стиля. 

The use adjective function is discussed in the scientific and official style. The emotional and expres-

sive function of adjective is noted in publicist's and fiction literature. The nominative parts of speech 

function is analyzed in this article. 

 

Сөз  таптарының  стилистикалық  қызметi — стилистикалық  белгi  мен  стилистикалық  мəнердiң 



арасын  жалғастыруда  маңызды  орын  алады.  Атап  айтқанда,  деректi  зат  есiмдер  ресми  стильде  көп 

қолданылса,  ал  дерексiз  зат  есiмдер  көркем  əдебиет  стилiнде,  ғылыми  стильге  тəн  болып  келедi. 

Функционалды стильдерде сөз топтарының əрқайсысы семантикалық-стилистикалық мағынасы мен 

көркемдiк-бейнелiк қасиеттерiнiң əулеттiгiмен көзге түседi. Сөз таптарының стилистикалық қызметi 

туралы «Қазақ тiлi стилистикасы» оқулығында былай дейдi: «Морфологиялық құрылыс стильдiк қол-

даныс тұрғысынан бiршама бейтарап екенi айқын. Өйткенi морфологиялық құрылыс стильдiк топтар-

дың қай саласына да бiрдей, барлығына да тəн. Сондықтан сөз таптарының немесе сөз тудырушы аф-

фикстер  мен  сөз  өзгерту  тəсiлдерiнiң  бiр-бiрiнен  оқшау  қолдану  сырлары  айқын  байқала  бермейдi. 

Солай бола тұрса да, тiлдiң морфологиялық тұлғаларының стильдiк қолдану жүйесi мен заңдылықта-

ры бар. Оны мына өзгешелiктерден де байқауға болады. Алдымен стилистика тiлдегi синонимдiк құ-

былыстармен байланысып жатады. Сөз өзгертушi, сөз жасаушы қосымшалармен салыстырғанда ай-

қындау, жiктеу тiлдiң лексикалық қорымен салыстырғанда əлдеқайда қиын жұмыс»

1



Қазақ тiлiнiң морфологиялық ресурстарын сөз еткенде сын есiм зат есiмнiң сапалық көрсеткiшi-



нiң мағыналық сипатын атқарады. Сын есiмдер заттың əр алуан сыр-сипаттары мен белгiлерiн де тi-

келей де басқа заттардың қатынастары арқылы да бiлдiредi

2



Сын есiмдер əлем тiршiлiк, дүниетанымның iшкi-сыртқы бояуларын, оның сыр-сипатын, түр-тү-



сiн, қадір-қасиетiн таныту мақсатында көркемдiктiң нақты сапалық белгiсiн көрсету үшiн жұмсалады. 

Сын есiмдер функционалды стильдерде мынандай қызмет атқарады: 

1) түсiнiктi пайымдап ойлау мақсатын көрсетедi; 

2) сын есiмнiң анықтамалық қызметiн сапалық мазмұнын ашу үшiн; 

3) бейнелiк қасиетiн таныту мақсатында; сын есiм ауыз əдебиетi үлгiлерiнде, ауызекi əдеби тiл, 

ауызекi сөйлеу тiлiнiң ең айшықты моделi ретiнде қолдануға бейiм сала екендiгi белгiлi: 



64 

Ақ ала таудың алдында 

Ақ ала жылқы жусайды (Шалкиiз) 

немесе  


Қызыл алмас жан қияр, 

Қызыл талға қынаса (Ақтамбердi) 

осы ауыз əдеби тiл үлгiлерiндегi сын есiмнiң осындай қасиеттерi функционалды стильдердiң сапалық 

категориясының стильдiк жағынан толығуына үлкен ықпал еттi. 

Ендi мiне, көңiлсiз күзде жуық. Айнала ажарсыз. Жер де өңсiз. Көңiл де жүдеу, қыз да мұңды. 

Өмiр де күдiктi. Сын есiмнiң сапалық қатыстық түрлерi ойды əсерлi бейнелеуде эстетикалық функ-

цияның  өзгерiсiн  кеңейтуде жан-жақты  қызмет  ете  алады.  Қолданыс  тiлi стилистикасында  бұларды 

санамалап көрсеткенде 1, 2-тармақтары бiр-бiрiмен  байланысты  болса, 3-тармағы  эстетикалық фук-

цияның кең өрiсiн ашуға негiзделедi. Кез келген стильде негiзгi тiлдiң орталық категориясы белгiлi 

прагматикалық теорияның басты мақсатын көздейдi, ол əрбір айтылған ой немесе түзiлген мəтiн ай-

тушының белгi алдына қойған мақсатының əлеуметтiк iс-əрекетiне негiзделедi. Адресант өзiнiң ком-

муникативтiк тiлегiн адресатқа арнауда белгiлi эстетикалық та қызмет көрсетудi мақсат етедi. Осыған 

байланысты прагмастилистика субъектiнiң категориясын, тiлдiк құралдарды қолдану тiлегiнде көпте-

ген тiлдiк бiрлiктердiң мүмкiндiктерiн жұмсайды. 

Қазiргi  уақытта  зерттеудiң  прагматикалық  аспектiлерiн  жан-жақты  көрсету  мақсатқа  алынған. 

Соның  бiрi — сөз  таптарының  семантикалық-стилистикалық  құралдары,  ол  сын  есiмдердi  қолдану 

жиiлiгi арқылы көрiне алады. Сөз таптарының iшiнде зат есiм стильдердiң əрқайсысында атауыштық 

қызметте көрiнсе, сын есiмдер сапалық, бағалауыштық, эстетикалық, көркемдiк, образдылық «стиль-

дiк-көркемдiк» тəсiл бола алады. 

Функционалды  стильдердiң  мəтiндерiнде  сын  есiмнiң  жиiлiгi  өте  жоғары.  Сан  есiмдi  анықтау, 

заттың сапасын көрсету əрi өлшемi ретiнде жұмсалынады. Зат есiмдер сияқты, сын есiмнiң де стиль-

дiк мақсатының арақатынасы бiр-бiрiнен өте алшақ тұра алмайды. Мысалы, бiр ғана құжат сөзi зат 

есiм болса, оның анықтамалық сипатын танытатын мемлекеттiк құжат, ақпараттық құжат, əкiм-



шiлiк құжат, басқару құжаты т.б. болып сын есiмнiң орнына жұмсалатын қатысты сын есiмдердi, 

есiмнен сын есiм тудыратын жұрнақтар арқылы жасалғандары сөздiң нақтылы мағынасына қатысты 

қасиеттердi бiлдiру үшiн пайдаланады. 

Ресми  стильде  де  нақты  нысанаға  алынған  зат  пен  құбылыстың  бiр-бiрiне  қатысты  сипатын 

анықтау мақсатында жұмсалынады. Қатыстық сын есiмдер сөзжасам қосымшалары арқылы жасала-

ды.  Сапалық  сын  есiмдер  стильдiк  мəнi  жағынан  бейтарап  болғанмен,  ресми  стильде  қатысты  сын 

есiмдер стильдiк мəнi жағынан ерекше көзге түседi. Мысалы: қаржылық сөзi экономикалық терминi 

ретiнде қолданылады, солай бола тұра басқа сөздермен тiркеседi, күрделi сөз терминiн құрай отырып, 

сын есiмнiң қызметiн атқарады: 

 

корпорация 



саясат 

термин 

реформа 

сектор 

агент 

қаржылық  

статистика 

алпауыт 

бақылау 

дағдарыс 

жетiмсiздiк 

заңгерлер 

есеп. 

 

Сын есiмнiң көркемдiк бейнелiк қызметiне қызыл тiл, асыл сөз сияқты əсерлi ойға құралған тiр-



кестерден қазiргi стильдердiң барлық түрiнде, соның iшiнде ресми стильде, «сөз сапасы» ретiнде кө-

рiнуi жиi байқалады, айқындалатын сын есiмдер белгiлi стильдiк жүк арқалап оның сөздiк қорының 

икемдiлiк жəне стильдiк белсендiлiгiн арттыруға қызмет етедi. 


65 

Ресми жəне ғылыми стильдерде сын есiмдерге өнiмдi жұрнақтар арқылы жасалынған сын есiм-

дер  көп  кездеседi əр  сөздiң  нақты  мағынасына  қатысты  қасиеттердi бiлдiретiн  туынды сын есiмдер 

жасалынады. Қазiргi уақытта экономика саласында немесе ресми стильде (экономикалық-статистика-

лық құжаттар тiлiнде) жоғарыдағыдай қазақ тiлiнiң төл сөздерiнен немесе орыс тiлiнен енген сөздер-

ге қосымша жалғану арқылы жасалған сын есiмдер ғылыми жəне ресми стильдiк сапалық категория-

сын танытатын стильдiк мəн арқалайтын сөздер бiрлiгi болып табылады. 

Акционерлiк қоғам — акцияларды сату жолымен ақша қаражатын орталықтандыру негiзiнде өн-

дiрiстi ұйымдастыру нысаны. 



Ақшалай кiрiстi индексациялау — халықты əлеуметтiк тұрғыдан қорғаудың мемлекеттiк жүйесi-

нiң  бiр  бөлiгi,  бұл  олардың  ақшалай  кiрiсiнiң  сатып  алу  қабiлетiн  қолдауға  бағытталған,  тұтыну 

тауарлары мен қызмет көрсету бағаларының өсуiне байланысты шығындарды толық немесе iшiнара 

өтеудi көздейдi. Сондай-ақ бағалы қағаздар, бухгалтерлiк есеп, бюджеттiк қаржыландыру, валюталық 

ескертпе, вексельдiк несие, тəуекелдiк мəмiлелер, дилерлiк жеңiлдiк, импорттық инфляция, кəсiпкер-

лiк қызмет, коммерциялық несие, лицензиялық келiсiм, монополиялық шарт, өтiмдiк мəмiле, сауда-

сыз төлемдер.  

Жоғарыда келтiрiлген мысалдардан байқағанымыздай, сын есiмдер ресми стильде терминдiк си-

пат алуға бейiмдiлiк танытады. 

Сын есiмдердiң тағы бiр ерекшелiгi ресми стильде модальдық мағынаға да ие болады. Əр аза-



мат  мiндеттi.  Əр  азамат  өз  құқын  қорғауға  мiндеттi.  Дипломатиялық  құжаттарда  қалыптасқан, 

жиi қолданыстағы сын есiмдер мен оралымдары көптеп кездеседi. Белгiлi оқиғаға баға беру тұрғысы-

нан сипаттама беру үшiн, қатыстық сын есiмдер жемiстiтыңғылықты, байсалды, салмақты, пай-

далы сөздерi жиi қолданылсакелiссөз барысын сипаттауда өзара түсiнiстiк, сенiмдiлiк, ынтымақ-

тастық, жолдастық, достық жағдайда тəрiздi сөздер тобы ұшырасады. 

Ғылыми стильде, оның iшiнде жаратылыстану ғылымдарында, оның қолдану ерекшелiгiнiң мүм-

кiншiлiктерi өте кең, яғни анықтамалық, көлемдiк, өлшемдiк сапасын көрсету сипатында стильдiк мə-

нi жоғары сөздер ретiнде жиi қолданылады. Мысалы: айырымдық схема, өткiзгiштiк теңдеу, айқын-



далмаған сызықтар, шекаралық есеп т.б. Бұл стильде бiр сөз бiрнеше сын есiмдер тiркесiп зерттелiп 

отырған заттың жан-жақты логикалық, қисындылық процесiн ашуға көмектеседi: 

 

айырымдық 

реттеушi 

даралау 

толық 

жинақты  

əдiс. 

есептеу 

қуалау 

сандық 

дəл 

 

Ғылыми стильде əдiс сөзiнiң негiзгi ұғымды анықтау, яғни əдiстiң əртүрлiлiк қасиетiн көрсету 



үшiн алынып тұр. 

Заң саласында да сын есiм мемлекет пен жеке тұлға немесе жеке тұлға мен заттардың айрықша 

белгiлерiн анықтау үшiн жұмсалынады: «Ақпарат инвесторлардың мүдделерiн қарастыратын жал-

ған, дəйексiз, толық емес мəлiметтерден құралатын болса, онда эмитент Қазақстан Республикасы-

ның Заңы  бойынша  құнды  қағаздар  иегерлерiне  келтiрiлген залалы  үшiн мүлiктiк  жауапкершiлiкке 

тартылады» (Тураби Б. Қоғамдағы құқық саяси əсерi. 2004). Ғылыми стильде сын есiмнiң қызметi 

терминдiк сипатта келедi. Мысалы: қылмыс iстеу уақытының ұзақтылығына қарай жалғаспалы жə-



не созылмалы қылмыс болып бөлiнедi. Жалғаспалы қылмыс үшiн заң бойынша жауаптылық оны iс-

теудiң алғашқы кезеңiн жүзеге асырған уақыттан, ал созылмалы қылмыс үшiн жауаптылық кiнəлi-

нiң əрекетiне тыйым салынған немесе қылмысты соңғысы iстеп үлгерген уақыттан бастап баста-

лады. (Ағыбаев А.И. Қылмыстық құқық. — Алматы: Жетi жарғы, 1998. — 28-б.) Осындағы жалғас-

палы, жылжымалы қатыстық сын есiмдер терминдiк сипаттағы, яғни қылмыстың сипатын анықтай-

тын, сындық терминдер ретiнде ғылыми стильдiң сапалық терминдiк стилiн құрып тұр. 

Публицистикалық стильде де сын есiмдердiң семантикалық тобына жататын түрлерi еркiн қолда-

нысқа  түседi,  экспрессивтiлiк  арқалайтын  бағалаушы  лексиканың  ең  жанды  бөлiгi  болып  табылады, 

мысалы:  Жалпы  қазақтың  ұлттық  патриоттық  қозғалыстары  мен  ұйымдарын  тұншықтырған 


66 

осылар  ғой.  Ол  талантты  ақын,  журналист  едi.  Оның  шығармашылығына  Ш.Айтматов,  Олжас 

Сүлейменов сынды көрнектi қаламгерлер жоғары баға бергенiн айтсақ та жеткiлiктi шығар. (Қа-

зақ əдебиетi. — 4.02.2005 ж. — 3-б.) 

Публицистикалық стильде ұлттық, патриоттық, талантты, белгiлi, көрнектi, танымал сияқ-

ты сапалық, сандық қасиеттердi анықтайтын сын есiмдер жиi қолданылады, бiрақ оған қарама-қарсы 

мағынаға ие болатын сын есiмдер де көп ұшырасады. 

Қауiптi  аймақ,  кеңестiк  дəуiр,  арандатушылық  əрекет,  тоталитарлық  орта,  осындай  қоғам 

əлеуметтiк ортаның сапалық көрсеткiшiнiң келеңсiз, терiскей жақтарын көрсетуге арналған сын есiм-

дер публицистикалық стильде бiр шоғыр тобын құрай алады. Публицистиканың негiзгi қызметi — ха-

бар беру функциясы. Осы функциясын атқару мақсатында сын есiмдер тағы бiр шоғыр стильдiк топ 

құра алады. Халықаралық термин, жаңа өмiр, деректi хабар, демократиялық қоғам, жаңа форма-

ция, ерiктi халық, салауатты өмiр деген мысалдардағы сын есiмдер публицистикалық стильдiң баға-

лауыштық категория сын құра алады. Публика тiлiнде жиi кездесетiн сын есiмдер стильдiк бағалау-

шы категориясын қамтамасыз етедi. Сын есiмдер публицистикалық стильде сапалық сөздер əрi баға-

лаушы категорияның жоғарғы дəрежесiн көрсетедi. 

Стилистикалық мағына дегенiмiз — тiлдiк тұлғалардың эмоциональды-экспрессивтi қызметiнен 

туындайтыны белгiлi. Басқа да сөз таптары сияқты сын есiмдердiң де функциональды-стилистикалық 

ерекшелiктерi троптық түрлерден ғана емес, стилистикалық мағына алуға ыңғайлы. Кез келген эмо-

ционалды-экспрессивтiлiк реңк тудыра алатын көркемдiк тəсiлдер сөз таптарынан жасалынады. Сұлу 

сөзi — сын есiм. Ол өзi анықтайтын сөзбен тiркесiп сұлу қыз, сұлу жiгiт деп нақты адамның кескiн-

кейпiн анықтайтын сөз ретiнде алынады, бiр қарағанда сұлу қыз, сұлу жiгiт сын есiмдерi эмоционал-

дық қызметiмен жiгiт пен қыздың бейнесiн ажарландырып тұр. Ал осы сөз таза стильдiк айшыққа ай-

налып эстетикалық бейнелiкке көтерiле алады, онда сұлу сөзi өзiнiң мағыналық тiркестерiнен бөлiнiп, 

басқа мағыналық тiркеске енiп мағыналық стильдiк образға айналады. 

Сынтасым сыбырлайды, 

Сүйенiп ақылдасам. 

Сыңсиды сұлу қайғы. 

Сүйсiнiп мауқым басам.  

(Бақытбек Бəмiшұлы // Қазақ əдебиетi. — 4.02.2005 ж.) 

Көркем  туындыда  шығарманың  эстетикалық  өрiсiн  танытатын  стильдiк  мақсатпен  қолданыла-

тын сөздер өте көп кездеседi. Сұлу қайғы деген тiркес болмайтыны анық, ал авторлық сөз қолданыс 

ерекшелiгiнде  ол  образды  сөзге  айналып,  стильдiк  реңкпен  ойды  ажарландырады.  Көркем  əдебиет 

стилiнiң негiзгi объектiсi — тiршiлiк аясы, табиғат аясы болса, олардың нақты бейнесiн беруде сын 

есiмдер өте нақты суреттемелiк сипат атқарып отырады. 

 

 



Əдебиеттер тізімі 

1.  Балақаев М., Жанпейiсов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тiлiнiң стилистикасы. — Алматы, 1974. — 113-б. 

2.  Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi (морфология). — Алматы, 1964. — 176-б. 

 

 



 

 

 



 

67 

ƏОЖ 81′ 


М.Атабаева  

Абылай хан атындағы Қазақ əлем тілдері жəне халықаралық қатынастары университеті, Алматы 



ЛЕКСИКАЛЫҚ МАҒЫНА ЖƏНЕ КОННОТАЦИЯ 

Диалектілік лексика материалдары бойынша 

В  статье  рассматриваются  проблемы  коннотации  и  соотношение  коннотационных  компо-

нентов лексического значения слова. Коннотационное значение анализируется с функциональ-

но-типологической точки зрения. 

The article investigates the problems of connotation and interrelation of connotation components in 

the lexical meaning of the word. The connotational mean has been analyzed by functional-typological 

way, there are their appliance has been constated. 

 

Лексикалық  мағынаның  күрделі  құрылым  екендігі  оның  ішкі  денотаттық  жəне  сигнификаттық 



компоненттерін  жекелей  сипаттау  барысында  біршама  аңғарылады.  Аталған  компоненттер  сөздің 

белгілі ақпаратты жеткізуі үшін бірлікте қызмет атқарады, ал сөз семантикасы ішкі құрылымдардың 

мағыналық жиынтығын сақтайды, алайда осы ішкі мағыналық құрылымдардың мөлшері, типология-

сы тіл ғылымында шешімін тауып кеткен мəселе деуге болмайды. Оны тағы да сөз табиғатының, сөз 

мағынасының күрделі қисынына сілтеуге болады. Егер тіл — халықтың рухы, жаны, тарихы, айнасы 

десек, онда сөз мағынасының қатпарларында осы этнос мəдениетінің, тарихының, рухының көрініс-

тері  тұр,  сол  себепті  де  сөз  мағынасына  тиісті  мəселелердің  теориялық  толғаулары,  шешімі  ортақ, 

ұлттық сипаты жекелік белгілерге ие, этнос мəдениетіне, дəстүріне тəн. Олардың тілде сөз-таңба ар-

қылы көрінетіні, танылатыны белгілі. Сөз мағынасы мұндай белгілерді ішкі құрылым компоненттері 

арқылы жеткізеді. Лексикалық мағына мен оның лексика-семантикалық байланыстарынан аңғарыла-

тын экстралингвистикалық факторлардың маңызын ескере отырып, қазіргі лингвистика сөздің лекси-

калық мағынасы дегенді таңбаланатын (бейнеленетін) нысанды (затты) оның сөздік таңбасын қолда-

ну  барысында  танып-білуге  болатын  мəлімет-түсініктің  минимум  мөлшері  ретінде  түсінеді,  қабыл-

дайды деп есептейді В.И.Шаховский

1

. Осы минимум құрамына енетін денотат референт компонент-



терінің қызметі үлкен, сол себепті болар ғылымда бұл мəселелер біршама қарастырылғаны олар тура-

лы сөз болғанда байқалды, ал кей ғалымдар табиғатында лингвистикалық фактордан гөрі экстралин-

гвистикалық  фактор  молырақ  санайтын  коннотациялық  мағына,  коннотация  туралы  мұндай  пікір 

байқалмайды.  В.И.Шаховский  коннотация  жайлы  толып  жатқан  əрі  қайшылықты  анықтамаларды 

шетке ысыра тұратынын ескерте келіп, бұл лингвистикалық феноменге сөз мағынасының сөйлеуші-

нің психикалық жағдайын білдіретін оның затқа, объектіге жəне сөйлеудің адресатына қатысын т.б. 

сөздің эмотивті функциясын құрайтын белгілердің бəрін жатқызуға болатынын айтады

1

, сонда конно-



таттық мағына деп сөз семантикасындағы денотаттың сезімдік жəне рационалдық дəрежесіне сай ке-

летін сипаттаушы компоненттердің бірлігін түсінуге болады. Коннотацияның айқын мысалы ретінде 

Ю.Д.Апресян, В.Н.Телия, И.М.Кобзева еңбектерінде есек (осел, ишак) сөзі келтіріледі

2–4


. Коннотация 

тудырушы белгі жануардың бірбеткей ақымақтығы саналады, сол сияқты темір (железо, железный, 



железная дисциплина, железная воля) сөзінің коннотациясы темірдей тəртіп кезінде қазақ тұрмысы-

нан  да  орын  алды.  Коннотациядан  белгілі  дəуірде  қалыптасқан  ұлттық  мəдениеттің  исі  аңқиды. 

Ю.Д.Апресян  коннотаттық  белгісі  бар  сөздердің  өте  талғампаз  келетінін,  тіпті,  мағынасы  бір,  бір 

ұғым  атауы  ретінде  қолданылатын  сөздердің  əр  тілде  əртүрлі  коннотацияға  ие  болатынын  аталған 



есек, ит сөздерінің коннотациясымен түсіндіреді

3

, бұл сөздердің орыс тілі мен қазақ тіліндегі конно-



тациялық мағынасы кейде қатар келіп жатса, кейде ұлттық бояу айқын көрінеді. Географиялық жағ-

дай, табиғат ерекшеліктеріне қарай есек сөзі қазақ жерінің барлық аймағын қамтымайды, сондықтан 

оның жас мөлшері, еркек, ұрғашысын білдіретін əңгі, машы, тайқар, тақай сөздері диалект сөз сана-

лады, «Жалғыз  əңгі  есегіммен  осы  үйдің  қыруар  шаруасын  тындырдым»  дей  отырып,  қазақ  үшін 

«есектің  күші — адал,  еті — арам», «есектің  миын  жеген»  сияқты  фразеологизмдер  соның  айғағы. 

Есек күш көлігі ретінде қолданылғанымен, Ұлы даланы тұлпар тұяғымен дүрілдеткен қазақтар үшін 

есек міну намыс саналады. Оны Қ.Жұмаділовтың «Сəйгүліктер» повесінен алынған мына үзінді дə-

лелдейді: «... Жол ортасына жете бере, алдан көк есек мінген біреуді көзі шалды. Басында дағарадай 

сенсең бөркі бар, аяғы жерге бір-ақ сүйем жетпей тұрған алпамсадай адамды көк есек тірсегі майы-

сып əрең көтеріп келеді... Не үшін екен есек мінген қазақты көрсе, тыжырынып, қаны қатып қалады... 



68 

Бұл сөзді саған ғана емес, осындағы есек мінген ағайынға түгел айтып жүрмін. Бір кезде Қамбар ата-

ның құрығы шаншылған жер еді бұл өлке. Көк ала жылқының орнын көк есек басып кетпесін дегенім 

де» (Қ.Жұмаділов, «Сəйгүліктер», 29–31-б.). Сөйленістерде коннотациясы айқын сөздер қатарына əй-



бəт (жақсы, көркем, сұлу), əйдік (үлкен, зор), бозарған (аздап қана сүт қосып ашытқан көже), қымы-

ран (шұбат) т.б. сөздерін жатқызуға болады. Əйбəт сөзінің коннотациясы — əдемілік, сұлулық бар 

жақсы нəрсе, əйдік сөзінің коннотациялық негізі — көлем, мөлшер, ол кейде адамға тəн сапалық қа-

сиеттерді де жинақтайды (əйдік ақын, əйдік адам), бозарған, қымыран сөздерінің негізінде сусын кон-

нотациясы болғанымен, оның  архисемасы — ақ ұғымы.  Бозарған  мен  қымыран  сөздерінің  мəні су-

сындық тұрғыда бірдей емес, бозарған сөзінде қомсыну мағынасы бар, ал қымыран — қадірлі сусын. 

Коннотацияны  прагматикаға  жатқызудың  себебі  сөз  бойындағы  ассоциациядан  туатын  негізгі 

мағынаны толықтыратын қосымша экпрессивті, бағалауыштық мағыналардың болуына байланысты, 

ол мағыналар сөздің номинативтік белгісіне ұлттық ерекшелікке, ұлттық мəдениетке тəн өрнек қоса-

ды. Айым сөйленістерде қарапайым əйел емес, қосақ, жұбай мағынасында. Айымыңа қосылдың ба? 

(Жамб., Тал.). Ақдаңғыл — ақын, шешен адам. Топтап айтатын ақдаңғыл емес пе? (Қост., Жан.), еңсе-



сі күйген — болбыр, өз сыбағасынан құр қалатын адам; ылдым — жылдым екі асайды, еңсесі күйген 

бір асайды. (Сем., Үрж.); есік — есік болу — бөлек — бөлек, жік-жік болу (Арал). Мысалдардағы кон-

нотацияның  номинативтік  объектіге  қатысы  біркелкі  емес,  айым,  ақдаңғыл  лексемаларында — жа-

ғымды, сүйсіну, қадірлеу, сыйлау мағыналары бар, ал еңсесі күйгенесік-есік болу фразеологизмдері 

жағымсыздықты  бағалайды,  еңсесі  күйген  салысы  суға  кетіп  жүретін  адамға  деген  аяушылық,  есік-

есік болу бөлініп — жарылу, берекесіздік, «бөлінгенді бөрі жейді» дейтін ұлттық танымды байқатады. 

Аталған мысалдар өздері білдіріп тұрған номинативтік мағынамен қатар ассоциативті-бейнелі инфор-

мация да беріп тұр. 

Коннотацияның негізінде ассоциация тудыра алатын, соған нəр беретін номинация болуы керек. 

Р.Авакова коннотацияның негізгі белгілері қатарына: денотат аспектісіндегі қосымшалық мағына; де-

нотациямен салыстырғанда коннотацияның екіншілігі; эмоционалдық, экпрессивтік жəне бағалағыш-

тық информация білдіруі сияқтыларды жатқызады, алайда аталған белгілердің коннотацияның «лин-

гвистикалық мəртебесін» толық аша алмайтынын, сондықтан коннотация теориясын түсіндіруде, се-

миотикалық жəне психологиялық аспектілерге қарағанда, лингвистикалық талдау ғана жеткілікті нə-

тиже бере алады деген тұжырым жасайды, себебі коннотация — тілдік феномен, мұндай тілдік фено-

менді  тілді  лингвистикалық  жағынан  талдау  сөздер  мен  фразеологизмдердің  тілдік  коннотациялық 

табиғатын талдаудың антропоцентристік табиғатын аша түседі

5

. Бұл сияқты тұжырымға келудің өзін-



дік себептері бар, атап айтқанда: коннотацияның тілдік табиғаты, коннотация сипатына нені жатқы-

зуға болады? деген сұраққа келгенде, ғылымда пікір алшақтығы байқалады. В.Н.Телия, В.И.Шахов-

ский,  М.Оразов

6

,  Р.Авакова  тəрізді  ғылымдар  коннотация  семантикалық  тұрғыда  номинативтік бір-



ліктердің құрамдас бөлігі десе, Ю.Д.Апресян, Д.Н.Шмелев бұл көзқарасты қабылдамайды; коннота-

цияны тіл бөліктерінің бояуы, реңі, стилистикалық мағына санайтын пікірлер де ұшырасады, егер бұл 

соңғы ойға сүйенсек, коннотацияның номинацияға қатысы аз, алайда, коннотация ассоциация негізін-

де пайда болады десек, ассоциацияға тірек компонент (денотат) номинацияның өзегінде болуы керек, 

негізсіз, сезімге түйсік туғызбайтын жерде эмоция болмайды. Ассоциация эмоция арқылы жүзеге аса-

ды, бағалау мəні ұқсату, салыстыру негізінде пайда болады. Тілде мұндай мəндегі сөздер тобы эмо-

ционалды-экпрессивті лексиканы құрайды. Эмоция бар жерде экспрессия бар, яғни бағалау бар. 

Ғылымда коннотацияға қатысты əр алуан тұжырым, пікірлердің біразы оны жүйелеуге, топтауға 

байланысты болып келеді, бұлардың ішінде функционалдық (В.И.Шаховский, Л.А.Сергеева т.б.) жə-

не мазмұндық (В.И.Говердовский, Е.С.Кубрякова т.б.) типологиясын атау орынды. 

В.И.Шаховский  коннотацияны  функционалдық  типологиясына  қарай: 1) эксплицитті  жəне  им-

плицитті коннотация; 2) узуальді немесе парадигмалық жəне окказионалды, контекстуалдық коннота-

ция; 3) жекелік жəне ұжымдық коннотация; 4) мағына компоненті ретінде коннотация семантикалық 

абстракция болып табылады да, эмотивті, экспрессивті, бағалау, стилистикалық, прагматикалық сияқ-

ты сапалық белгілердің түрлерінен көрінеді деп саралайды

1

. Эксплицитті коннотацияда бейнелік ма-



ғына айқын аңғарылады, ассоциация объектісі танымал. Мысалы, аждарқа — айдаһар (Қарақ.), аж-

дарқа адам; айбықан — бұзық адам. Ол өте айбықан адам болды ғой, ақмылтық — сөзуар, ділмар. 

Қара сөздің ақмылтығы бар (Қарағ.); ағал-жағал, алба-жұлба т.б., ал имплицитті коннотация сөз се-

мантикасының астарында болады, оған əдетте «жақсы, жаман» типіндегі бағалау мəнді сөздер жата-

ды. Мысалы, əбетай — таза кісі, абызды — білімді т.б. Ағатай — аға; ағаш белсенді — шолақ бел-

сенді; ақуа — ақымақ; топырағы ұшу — беделі, абыройы арту мағынасы окказионалды коннотация, 

мысалы,  себебі  мағына  компоненттердің  дағдылы  мағынасынан  алыс,  имплицитті  сема  ұшу  етістігі 



69 

мағынасының астарында тұр. Адам иісті ұл — адам болайын деп тұрған бала; там — үй мағынасын-

дағы диалектизмдер ұжымдық коннотация көрінісі. Л.А.Сергеева коннотацияның мазмұндық (сипат-

тамалық), экспрессивтік-бағалауыштық жəне нормативтік тəрізді үш типін көрсетеді. Мазмұндық-си-

паттамалық типі В.И.Шаховский атаған имплицитті коннотацияға сəйкес келеді, коннотация сөздің, 

фразеологизмнің көзге түсе бермейтін терең семантикасында жатады. Мысалы, аңғарлы — аңдайтын, 

білетін. Осы жігіт аңғарлы ғой (Алм., Еңб.), білуге бейімділік бірден байқала қоймайды, ол сөз түбірі-

нің семантикасында. Бейбас сөзінің сотқар, бейбастақ, əдепсіз мағынасы да бірден аңғарылмайды, бо-

лымсыздық мағына білдіретін бей формасы мен осы сөз құрамында денотаттық мəні дерексізденген 

бас сөзінің қосындысынан туған коннотация жағымсыз мағынаны аңғартады. Нормативтік коннота-

ция  В.И.Шаховскийдің  ұжымдық коннотация  типіне  сай,  аталған  ғалымдардың  коннотацияны  фун-

ционалдық  типологиясына  қарай  бөлуінде  сандық  айырмашылығы  болғанымен,  бөлу  принципінде 

алшақтық жоқ, сай келіп жатқаны да содан. 

Коннотацияның  мазмұндық  типологиясын  жасаған  В.И.Говердовский  оның  контекстік,  тақы-

рыптық, тарихи-мəдени, тарихи-тілдік жəне экспрессивті тəрізді бес типін атайды бұл типологиядан 

ғалымның коннотацияны қолданыс пен мағына аралығында сөз ететіні байқалады. 

Лексикалық семантиканың коннотативтік деңгейіне байыптай зер салғанда, коннотация типтері-

нің бəрінде стилистикалық компонент үлесі барын аңғару қиын емес. Мұндай ой коннотативті компо-

нентті  лексикалық  мағынаның  қай  қабатына  жатқызу  қажет  дейтін  пікірлерге  орай  пайда  болады. 

Басқа  да  тіл  деректеріндегідей,  диалектілік  лексика  материалдары  да  кей  жағдайда  коннотацияның 

денотаттан көрінетінін дəлелдейді, оған əсіресе бағалауыштық: ақуа — ақымақ, алағайым — үшқа-

лақ, жеңіл мінез (Қарақ.), əмі — надан, білімсіз (Жамб.) т.б.; экспрессивті коннотация: аталақтау — 

далбаңдау. Аталақтап шаба жөнелді ғой анау (Есб.); аяқ өре тұру — өре тұру. Бастық десе, бұлар 



аяқ өре тұра келеді (Орал, Жəн.) т.б. мысалдар коннотаттық компоненттің денотат бөлігінде екенін 

аңғартады. Осыған орай В.И.Шаховскийдің коннотацияның барлық типін лексикалық мағынаның қо-

сымша, факультативті элементі санауды қате дейтін түйінімен келісуге болады

1

. Бұл сөз семантика-



сында  заттық  ұғым  əлеміне  қатысты  келмейтін  коннотация  болмайды  деген  тұжырымнан  шығып 

отыр, егер осы тұжырыммен келіскен жағдайда коннотациялық мағынаның бəрі сөз семантикасынан 

тыс немесе оның денотат аймағында болады деп түсіну қажет. Тілдегі коннотацияның бəрі эмоцио-

налды, экспрессивті, бағалау мəнді бола алмайды, ал кей мысалдар семантиканың аталған компонент-

тері  денотатты  болатынын  да  дəлелдейді.  Мұның  бəрі  коннотация  табиғатының  аса  күрделі  екенін 

көрсетеді. 

Диалектілік лексика материалдарына қарағанда семантиканың коннотатты компоненттерінің кө-

ріну жиілігі əртүрлі, ол диалектілік лексиканың ауызша формада колданылуына байланысты, деген-

мен, эмоционалды-экспрессивті (айна қылу — біреуді əжуалау, келемежге айналдыру; аймандай бо-

лу — əшкере болу, масқара болу; əнімен құлату — тез, лезде т.б.), эмоционалды-бағалауыштық (əпер-

қоқан — əпербақан; əпет — күшті; келесау — қолапайсыз, доғал мінезді адам; бозбайтал — өсекші; 

боздалақ — дөрекі, ажарсыз, ретсіз т.б.); экспрессивті-бағалауыштық (əрекілену — менменсу, есіру; 

əрекей-тəрекей — есін шығару, берекесін алу т.б.) сияқты түрлері диалектілік лексиканың мол қаба-

тын  құрайды.  Бұдан  коннотатты  компонент  тек  эмоционалды-экспрессивті,  бағалауыштық  болады 

деген ой тумайды, себебі сөз семантикасында аталған компоненттерден (денотат, сигнификат, конно-

тат т.б.) тыс та мағына көрінуі ғажап емес, оның бəрін сөз семантикасынан сырт санауға болмайды. 

Коннотаттық мағына сөздің лексиалық мағынасы құрамында денотатта жəне сигнификат көлемінде 

болатыны келтірілген мысалдардан көрінеді. 

Диалектілік лексикада эмоциялық, экспрессивтік мағынаны ажыратып танудың қиындығы бар, 

ол олардың жергілікті сипатында. Эмоция субъективті жекелік сипатқа ие, эмоция бар жерде экпрес-

сия бар. Мұның барлығы адам қоғамындағы жалпыға ортақ норма ұғымымен өзектес. Біреуге жағым-

ды коннотация болып көрінетін нəрсенің екінші біреуге жағымсыз көрінуі де мүмкін, ал тұрақталған 

нормаға айналған коннотациялар туралы əңгіме басқа. Мысалы, жалпы түркі халқы, оның ішінде қа-

зақ  этносы  үшін,  дала,  жусан  сөздері  ел,  жұрт,  халық,  ата-баба,  үй,  шаңырақ,  атамекен  сияқты 

шексіз  ұғымдармен  барабар,  бұларды  патриоттық  та,  азаматтық  та  сезім  мол.  Осындай  коннотация 

сөйленістер жүйесінде там, жай сөздерінде де бар, екеуі де «үй» дегенді білдіреді, яғни денотат, осы 

мағына құрамында адам сезімі жоқ деп ешкім айта алмайды, «үй» ұғымы, оған ие болу адамзаттың 

мəңгілік мəселесі  «эмоционалдық сема» сөйлеушінің атау номинациясын қабылдауда нақты сезімін 

білдіреді»

5

. Үй — зат атауы, алайда ол төрт қабырға, неден жасалғандығы ғана емес, үй — ата-ана, 



ата-баба,  бала-шаға,  ел-жұрт — барлығы  отбасы,  оның  сыртында  туған  жер,  берік  қамал,  татулық, 

бірлік, береке мағыналары жатыр. Там, жай лексемалары құрамындағы эмоционалдық, экпрессивтік 



70 

бояу, реңдер, там, жай атауларының адам өміріндегі маңызын жоғарылатады, мұндай жағдайда эмо-

ционалдық, экпрессивтілік категориялары бірдей қызмет атқарғанымен, мағынаның екі түрлі аспекті-

сіне тəн, ол туралы В.И.Шаховскийдің эмотивтілік коннотацияға, экспрессивтілік денотатқа жататын-

дығы жəне кез келген эмоцияның экспрессивтілігінде қайшылық жоқ, себебі бұл категориялар өзара 

байланысты,  эмотивті  бірліктер  денотатта  міндетті  түрде  экспрессивті  семаға  ие,  алайда,  барлық 

экспрессивтер эмотивті коннотация көрсете алмайды деген тұжырымын қуаттауға болады. 

Сонымен,  эмоционалды-экспрессивті  сөздердің  лексикалық  мағынасында  денотаттық  мағына-

мен тікелей байланыс болады, бұл байланыс болмаса, эмоция да болмайды, ол сезімді қозғаушы күш 

қажет дегенді ұқтырады. М.Оразов, тіпті, одағай сөздерде сигнификатпен байланыс бар деп есептей-

ді

6

. Дүниедегі кез келген зат эмоция туғыза алмайды, тіпті, эмоция туғызатын белгілері бар заттың өзі 



əр адамға əртүрлі əсер етеді, ол жеке адамның мүддесіне, өмір тəжірибесіне, солар арқылы бағалау 

қызметіне  байланысты  пайда  болады,  сондықтан  эмоциялы-экспрессивті  мағына  білдірудің  өнімді 

жолы метафора болып табылады. Метафоралы қолданыс номинативтік мағынаның бір элементіне, се-

масына сүйенеді. Мысалы, ақ түтін — боран, бұрқасын. Түстен кейін ақ түтін тұрып, айнала алай-

түлей  болды  да  кетті  (Түрік.,  Краснов.);  ала  тұяқ — алаяқ,  сұм  Құттықожа  ұлы  бірнеше  ала  тұяқ 

достарымен тұтқынға алынған (Жамб.); ауыз — арықтарға су жіберетін жер, жол арықтың аузын ке-

ңірек аш (Шу). Ақ түтін, ала тұяқауыз сөздерінің жалпыхалықтық номинативтік мағынасындағы 

көрінбейтін, мінезіндегі ала-құлалық, судың өтетін жерінің формасы семалары метафораға, ассоция-

цияға негіз болып тұр. Диалектілік лексикада жалпыхалықтық лексика бірліктерінің де, диалектілік 

лексика бірліктерінің де негіз болуынан жасалған эмоциялы сөздер баршылық, сонымен қатар дено-

таттық негізі жоқ сөздер де кездеседі, соңғыларында эмоция болмайды. 

Эмоционалды-экспрессивті  мағына  білдіруде  диалектілік  фразеологизмдердің  қызметі  үлкен, 

жеке сөздер сияқты фразеологизмдердің бəрінде коннотация туғызушы қасиет бола бермейді, деген-

мен, фразеологизмдердің пайда болу уəжінде бейнелілік болатындықтан, олардың көпшілігі коннота-

циялық мазмұн арқалайды. Адамның суын табу — адамның ыңғайын тану, мінезін білу мағынасын 

білдіреді де, сөйлеуші жақтың тіл тапқыш, қарым-қатынас жасауға икемді, жұғымды қасиетін таны-

тады (іс істету үшін адамның суын табу қажет (Түрікм., Анн.); айшығы айналып жүру — шаршап, 

мазасы  кетіп  жүдеп  жүру,  айшығы  ауып  қалу  варианты  да  кездеседі. (Оның  айшығы  айналып  жүр 

(Шымк., Түлк.); арқасына қағып, аузына жағу — мəпелеу, əлпештеу, қарақалпақ қазақтарында осы 

ұғымда  жағу  етістігінің  орнына  ұру  етістігі  қолданылады.  Фразеологизмнің  мағынасы  бала,  ұрпақ 

тəрбиесіне деген көзқарасты аңғартады. Доңыз айбаттану — қатты ашулану, ашуға булығу (Бостан-

босқа доңыз айбаттанып отырудың қажеті жоқ (Кег.); елік ауыз болу — қисыны кету, ұйқаспау (сөзі 



елік ауыз болып кетіпті (Мойын.) Талабы тай жеген бөрідей — талапты, талабы таудай мағынасын 

білдіретін фразеологизмдердегі ассоциация негізі — бөрі, бөрі сөзінің түркілер үшін маңызы ерекше 

екені белгілі, таудай талаптың шыңына шығу үшін бөріге тəн қайтпас қайсарлық керек. Көрсетілген 

фразеологизмдердің бəрінде де бағалау мəні бар, əрине, бағалау дəрежесінің көрінісі əртүрлі: бірінде 

айқын, бірінде солғын. Адамның суын табу фразеологизмдегі бағалауыштың мəні өте айқын, жағым-

ды, адамдар арасындағы жұғымдылық, көңіл тауып əңгімеге тарта білу сөйлеушінің білім деңгейіне, 

сөз мəнеріне, мəдениетіне байланысты болып келеді, тілге тиек болар ой қарым-қатынасқа жетелейді, 

осы  мағынаға  жақын  ішін  үгіп  алу  тіркесі  сырын  айтқызу  дегенді  білдіреді,  бірақ  оның  жағымсыз 

мақсаты болуы мүмкін. 

Адамдар дүниедегі зат-құбылысқа баға бергенде, өзінің өмір тəжірибесіне, біліміне сүйенеді, со-

ны арқау етеді, ол бағалау қызметінің қоғамдық сипатқа ие екенін көрсетеді деген сөздің эмоционал-

ды-экспрессивті мағынасы туралы М.Оразовтың тұжырымын эмоционалдық-экспрессивтік мағынасы 

белгілі кезеңде қалыптасқан, тұрақталған, сондықтан сөздің лексикалық мағынасымен жарыса жүреді 

деп түсінуге болады. Фразеологиялық коннотация мəселесін жан-жақты зерттеген Р.Авакова сөздер 

мен фразеологиялық оралымдардың мағынасындағы эмоционалдық семалар мен бағалауыштық сема-

лардың  табиғаты  туралы  көзқарас  семасиологиясындағы  негізінен  үш  бағытта  келе  жатқанын  атап 

көрсетеді: 1) коннотация денотаттың белгісін көрсетпейді, сөйлеушінің оған қатысын жəне қарым-қа-

тынас  жасау  ситуациясын  сипаттайды,  онда  бағалауыштық  коннотативтік  сема  болып  табылады; 

2) бағалауыштықты модальділіктің бір түрі ретінде қарастыру; 3) бейнелейтін белгілері таңбаланатын 

атауға қатысты болғандықтан, мағынаның бағалауыштық семасы болып табылады. Осы үшінші көз-

қарасты қуаттай отырып, Р.Авакова «бағалағыштық семаны денотативті деп жіктеген жөн» санайды

5



Бұл  пікір  М.Оразовтың  «эмоциялық  мағына  сөздің  негізгі  мағынасы  болмайды»  дейтін  пікірлерге 

берген... «сөздердің эмоциялық мағынасы сөздің негізгі мағынасы болмайды, негізгі мағынаға қосым-

ша мағыналық реңк болып саналады дейтін болсақ, онда тентек, ақымақ, дана, сараң, нас, топас си-


71 

яқты сөздердің мағынасын түсіндіріп бере алмаған болар едік. Олардың номинативті мағынасының 

өзі жақсы не жаман көрумен байланысты»

6

 дейтін тұжырымымен жалғастық табады. Бұл тұжырым-



дар коннотацияны номинациямен байланыстырады. Р.Авакованың пайымдауынша: «Коннотация де-

геніміз — эмотивтік, ассоциативтік-бейнелі жəне стилистикалық семалардың жиынтығы болып табы-

латын, таңбалайтын объектілердің белгілерінен гөрі сөйлеушінің таңбаланушыға жəне сөйлеу шарты-

на қатысын білдіретін номинативтік бірліктер мағынасы»

5

. Диалектілік лексикада мұндай номинатив-



тік бірліктер бары тамыркештен (дос, тамыр), таңдайынан жарылған (шешен, жезтаңдай), тұяна-

дай (мұқият, жинақы), үдір (қыңыр, мінезі қыңыр), үстін ашу (бетін ашу, əшкерелеу), шандоз (əдемі, 

сұлу), шүйлеу (айдап салу, қайрау) т.б. сияқты мысалдардан көрінеді. Бағалау мəнді сөздер сын есім-

дер тобында молдау екені белгілі, субъективтік баға мен заттарға ат біреудің айырмашылығы бар. Ат 

беруде (номинацияда) белгілі зат, ұғымның анық байқалатын белгісі негізге алынады, басқа белгілері 

интенсионал мағынасы ретінде сақталады. Ал баға беруде заттардың белгі, қасиеттері бір-бірімен те-

ңестіріледі, теңестіру арқылы артық-кемі байқалады, артық-кемі қоғамға, ортаға үйлесімді ортақ нор-

маға сүйену арқылы анықталады. 

Тіл  деректері  тіл  байлығының  бəрі  біркелкі  коннотативті  болуы  мүмкін  емес  екенін  көрсетеді 

жəне де эмоционалды-экспрессивті мағына барлық уақытта номинативтік бірліктер бойынан табыла 

бермейді, оған дəлел тілдегі одағай сөздер, олар одағай сөздер тобын құрап тек көңіл-күйді көрсетеді. 

Лексикалық бірлік болмағанымен сөйлемге дайын күйінде келу қабілеті жағынан қалыптасқан көңіл-

күй əлемін таныту қызметін атқарады, сондықтан олардың қызметі сөйлеумен, синтаксистік семанти-

камен көбірек байланысты. Одағай сөздерде көңіл-күй бар, бейне жоқ, осыған байланысты көңіл-күй, 

рең бояу мəнді сөздердің бəрі коннотативті емес деуге болады. 

В.И.Шаховский  коннотацияны  типологиясына  қарай  жүйелей  келе,  олардың  сөздің  семантика-

лық құрылымында былайша көрінетінін келтірген: 1) сөздің лексикалық мағынасында; 2) лексика-се-

мантикалық  варианттардың  бірінде; 3) сөз  негізінің  не  аффикстің  семантикалық  дамуында; 4) ассо-

циацияда


1

. Коннотациялық мағынаның негізінде салыстырудан туған бағалауыштық қасиетке ие бей-

не болу керек, ол баға субъективтік көзқарастан туындап, жалпыға ортақ нормаға ие болады. Бұл сөй-

леу кезінде пайда болатын көңіл-күй, экспрессия т.б. мағыналардың бəрі коннотативті мəнге ие бола 

алмайды  дегенді  білдіреді,  осы  белгілеріне  қарай  коннотация  прагматика  аясына  қарай  көбірек  жа-

қындайды. Ю.Д.Апресян: «Под  прагматикой  знака  понимается  информация,  фиксирующая  отноше-

ния говорящего или адресата или адресата сообщения к ситуации, о которой идет речь»

3

, — деп тұ-



жырымдайды. 

Денотаттың бойындағы эмоционалды-экспрессивті бояулар коннотацияның туындауына жағдай 

жасайды. Жалпы, адам баласы өмірінде жақсылықтан жамандық көп сияқты көрінеді, оның объектив-

ті себептері бар, соған байланысты да болуы мүмкін жағымды коннотациядан жағымсызы басым, жа-

ғымды,  жағымсыз  мəнді  бағалауды  өмір  тəжірибесі,  адам  танымы  сұрыптайды,  соның  нəтижесінде 

жағымды мағына норма болып қалыптасады. Осы нормаға қайшы келетін коннотация жағымсыз бей-

не ретінде танылады. 

Коннотация  деп  номинативтік  бірліктер  (лексемалар)  мағынасындағы  ассоциация  нəтижесінде 

пайда  болған  эмотивті,  экспрессивті,  бағалауыштық  семалардың  жиынтығын  айтуға  болады,  ол — 

номинациямен  салыстырғанда  екіншілік  мағына,  таңбаланушы  объектілердің  белгілеріне  сөйлеуші-

нің субъективті қатысын білдіретін номинативтер мағынасы. 

 

 



Əдебиеттер тізімі 

1.  Шаховский В.И. К типологии коннотации // Аспекты лексического значения. — Воронеж: Изд-во ВГУ, 1980. — С. 29–34. 

2.  Телия В.Н. Типы языковых значений. Связанное значение слова в языке. — М.: Наука, 1981. — С. 226–227. 

3.  Апресян Ю.Д. Лексическая семантика. Синонимические средства языка. — М.: Наука, 1974. — С. 67. 

4.  Кобзева И.М. Лингвистическая семантика. — М.: Эдиториал УРСС, 2000. — С. 92–93. 

5.  Авакова Р.А. Фразеологиялық семантика. — Алматы: Қазақ ун-ті, 2002. — 104-б. 

6.  Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. — Алматы: Рауан, 1991. — 122-б. 

 

 



 

 

 



72 

ƏОЖ 415.6 

А.С.Махметова  

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Петропавл 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет