Əдебиеттер
1. Гак В.Г. Лексикография // Лингвистический энциклопедический словарь. М., 1990.
2. Малбақов М. Бір тілді түсіндірме сөздіктің құрылымдық негіздері. Алматы: «Ғылым»,
2002. -368 бет.
3. Морковкин В.В. Основы теории учебной лексикографии. Доклад доктора филологических
наук. М., 1990.
4. Сарыбаев Ш.Ш. Проблемы казахской региональной лексикографии. Диссертация доктора
филологических наук. Алматы, 1973.
5. Супрун А.Е. Некоторые свойства учебного словаря и словарь для обучающего // Проблемы
учебной лексикографии и обучения лексике. М., 1978.
6. Щерба Л.В. Опыт общей теории лексикографии // Известия АН. Отд. литературы и языка,
1940. Вып. 3. С.89-117.
12 ЖЫЛДЫҚ ОРТА БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КƏСІБИ
ҚАБІЛЕТІН ДАЯРЛАУ
Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті
К.Р.Ушакбаева
Президентіміз Н.Назарбаев өзінің халқына арнаған жолдауында «ХХІ ғасырда білімін
дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» дей келе кадрларын қорын жасақтаудың
қажеттілігін айтты. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдаманың мақсатында көрсетілгендей, əлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған
жəне жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім
берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық
басымдықтарды белгілеу болып табылады.
250
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
Өзінің ұлттық сиптынан айрылып, дағдарысқа ұшыраған қазақ мектептері үшін өткен
жылдар қалыптасу, ұлттық болмыстың тек өзіне ғана тəн қайталанбас құндылығын, тəрбие
ерекшелігін қайтару жылдары болды. Өткен жылдар ішінде республикалық деңгейде атқарылған
игі шаралар аз емес. «Білім Заңының» бекітілуі, «Қазақстан Республикасы жалпы білімнің
мемлекеттік стандары», «Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының» жүзеге
асуы, төл оқулықтарымыздың дүниеге келуі –соның нақты айғақтары. Ел Президентінің «2030
жылға қарай Қазақстан Орталық Азияның барысына айналады жəне өзге дамушы елдерге үлгі
болады» асқақ сезімді сөзі. Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең
бір өзектісі-бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сəйкес келетін,
жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын жəне олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың
тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр. Бұл мақсатты
орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр.
Қазіргі заманғы педагог маманадар игеруге тиісті білім, біліктілік жəне даңды мазмұндары
мен көлемдері үздіксіз ұлғаюда. Компьтерлерді оқу жəне кəсіби мəселерді шешуге қолдана білу.
Кез-келген педагог мамандар даярлығының міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан,
кез-келген білім беру деңгейінің алдында мамандарды болашақ кəсіби қызметте ақпараттық
технологияларды пайдалауға даярлау мəселесі тұрады. Болашақ мұғалімнің кəсіби дамуына
жағдай жасай отырып олардың ерекшеліктері ескерілген:
- педагогтың білімге қажеттілігін қанағаттандыру;
- білім стандартымен жұмыс;
- деңгейлік тексеру жұмыстарын тексеру жұмыстарын жүйелеу;
- қорытынды, бақылау жұмыстарының əртүрлілігі (тест,шығармашылық есеп);
- қысқы, жазғы сессия тапсырмалары;
- жаңа технологияны мектеп өміріне енгізу мəселері;
- дарынды балармен жұмыстағы жүйелілікті анықтау, қолдау, дамыту:
Мұғалімнің негізгі міндеті-оқушының ешкімге ұқсамайтын даралығын, шеберлігін
көрсету, оны дамтыу, жарыққа шығару. «Баланы жан-жақты етіп тəрбиелеу үшін жан-жақты білу
қажет» деген белгілі педагог К.Ушинский. Сол айтпақшы оқушыны жан-жақты білу үшін
мұғалімнің өзі жан-жақты дамуы керек. Болашақ маманның кəсіби қалыптасуындағы қоғамдық
факторлардың түрлері əр алуан. Болашақ маманның кəсіби қалыптасуы үшін, алдымен оның
болмысында құндылықтарды қалыптасуы шарт, яғни гумандық, адамгершілік, рух, тəрбие. Қазіргі
кездегі жаңа білім саласына қойылатын талап, жас маманның кəсіби білімділігін, біліктілігі мен
дағдысын қойып отыр. Болашақ маманның кəсіби жетілуі барысында оның тұлға болуға лайықты
жəне өмір сүре білуіне керекті басты қажеттіліктері:
1. Өзін қорғай алу жəне қауіпсіздік қажеттілігі;
2. Ұжымда өзгелердің құрметіне ие болу жəне əлеуметтік ортада болу қажеттілігі;
3. Өмірдің мəнін түсіну қажеттігі;
4. Өз мүмкіндігін іске асыра білу жəне өзіндік қабілетті болу қажеттігі;
5. Даму үшін шығармашылық қажеттілігі;
6. Атқарған ісінен қанағат сезімін алу, ішкі талпынысын іске асыру, көңіл-күйін көтеріңкі
ұстау қажеттігі;
7. Өмірлік өзі құрған бағдарламасы болуы қажет (бағдарламасыз жол қараңғы)
Қоғамның ең басты талаптарының бірі-əр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін
жұмсап, қоғамдық байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы
қатынасу-қоғамның өмір салтының алғышарты болып табылады.
Сөз соңында, болашақ ұрпағымыз-жас буын өкілдеріне адам болмысы қоғам өміріне
араласа бастағаннан-ақ, болашақ маман ретінде кəсіби шыңдалуына əсер етіп; орта жəне кəсіби
білімділік, саналы сезімінің болуын, өмірде əр нəрсенің орнын бағалай білуін жəне білім мен
ғылымға қызығушылығының болуы сияқты факторларды дер кезінде анықтап, дамыта білуіміз
қажет. Абай айтқандай «Өз өмірінде тетігін тауып қаланатындай», өз өмірінде жеке тұлға, кəсіби
маман болып қалыптасып, мақсат-мұратына жетіп, қоғамның бір мүшесі болатынына толық
сенімдімін.
Əдебиеттер
1. Н. Ə. Назарбаев Тарих толқынында Алматы 1999
2. 12 жылдық білім беру журналы № 2 2006
3. ҚР «Білім туралы Заңы» Астана 2000
251
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ МƏДЕНИЕТІНІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ,
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ
М.О.Əуезов атындағы ОҚМУ
Ж.Т.Тұрғынбаева, Р.Ж.Нарибай
Мектеп оқушыларына дене мəдениетінен білім берудің негізгі бағыттарының бірі дене
мəдениеті мен спорт туралы білім негіздерін қалыптастыру болып табылады. /1/.
Балалар мен жасөспірімдердің қозғалыс қабілеттері олардың морфофункционалдық
негіздерімен тығыз байланысты. Оқушы жасөспірімдердің дамулары үздіксіз, бірақ бəрінде бірдей
емес. Əрине, мектеп оқушыларының өсуіне негізгі жүгіру, секіру сияқты дене жаттығулары
белсенді əсер етеді./2/.
Мектеп оқушыларының дамуын үш кезеңге бөлуге болады.
1. Төменгі мектеп жасында (6-10 жас)
2. Орта мектеп жасында (11-14 жас)
3. Үлкен мектеп жасы (15-17 жас)
1. Бұл кезеңде балалардың өсуі интенсивті бір қалыпты болады. Бұл кезде сонымен қатар
өзгерістер болуы мүмкін. Бір жылда бойы – 1 см, салмағы 1-3 кг өседі. Осы кезеңде ұлдар мен
қыздардың өсулері бірдей болады жəне қаңқаларының түгел еттеніп болуға көп уақыт бар екенін
көрсетеді. Мысалы, 7-8 жаста жамбастың жаңа жетілуі басталады. Бұл кезде жамбасқа күш
түсетін жаттығуларды жасатпауда естен шығармаған жөн. Дене бұлшықеттерінің дамуы өте нашар
болады.
2. Орта мектеп жасы кезеңінде жасөспірімдерде морфофункцияналдық, жыныстық
өзгерістер пайда болады. Бұл кезеңнің соңына қарай бойдың, салмақтың тез өсуі байқалады,
Ұлдарға қарағанда қыздардың жыныстық өзгеруі жəне бойларының өсуі тез болады. Осы кезеңде
қызбалаларда секіру, асылу жаттығуларын орындағанда көптеген қиыншылықтар кездеседі. Бұл
кезеңде бір бағыттағы дене жаттығуларын істету, дене қасиеттерінің бір бағытта дамуына жəне
омыртқа жотасының дұрыс қалыптасуына келіп соқтыруы мүмкін. Оқушылардың өз денелерін
дұрыс күтуге, яғни жаттығу кезінде денелерін дұрыс игере білуге үйрету керек. Орта мектеп
жасында өне бойы бірқалыптан тез жалығады, сондықтан жаттығулардың көп түрлілігіне көңіл
бөлу қажет жəне жасөспірімдердің тағы бір ерекшелігі бұлар түрлі дене жүктемелерінен кейін тез
қалыпқа келеді.
3. Үлкен мектеп жасы кезеңі бірдей дамуы кезеңі болып табылады. Бірақ, қыздарға
қарағанда ұлдарда тез өсу, даму болады. Осы кезеңде жыныстық жағынан толықтай жетіледі. 17-
18 жастағы ұлдарда бұлшықет ағзаның 45 пайызын құрайды, бұл ұлдардың жетілгендігін
байқатады. Ал қыздарда бұл кезеңде жамбас, бөксе бұлшық еттері сомданып кейбір
жаттығуларды жасағанда қиыншылықтар туғызады. Бұл жаста қыздардың жаттығу жасаудан
қашқақтайтыны байқалады. Жоғары мектеп жасында өмірді тану, өмірдегі қатынастарды сезінуі
спортпен шұғылданғанда да айқын байқалып тұрады.
Дене мəдениеті пəнінің іргелілігін, баланың дамып – жетілуіне əсері өзге пəндерден кем
еместігін, оның өмірлік қажеттілігін қазіргі таңдағы ұстанған бағыт – бағдарымыз да дəлелдеп
отыр. Республикамыздың «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір
салты бөлімінде дене мəдениетімен, спортпен шұғылдану мəселелері өзекті қаралған./3/.
Ал, дене шынықтыру жаттығулары мен спорт түрлерімен жүйелі шұғылдану адам
денсаулығын жақсартып қана қоймай, адамның жеке басының жалпы дамуына да əсер етеді. Дене
мəдениеті пəнінің мақсаты жас ұрпақты дені сау, білімді, тұлғасы дұрыс қалыптасқан, шыныққан
етіп тəрбиелеу. Осы мақсатты іске асыруда мектеп, ата-ана, мұғалім тығыз байланыста болып
отырса тəрбие нəтижелі болады деп ойлаймын.
Əдебиеттер
1. Б. Муханеджанов «Ізденіс» №2, 2007 жыл 322 – 324 бет.
2. Республикалық педагогикалық əдістемелік журналы «Валеология жəне дене тəрбиесі» №7
– 8, 2003 жыл 57 – 59 бет.
3. С.Қуанышев ..., «Дене тəрбиесі мен спорт салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізі»
атты республикалық ғыл.–практ.конф. еңбектері. Шымкент 2002 жыл 31 – 34 бет.
252
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
ОҚУШЫЛАР БОЙЫНДА ОТАНСҮЙГІШТІК СЕЗІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МƏНІ
Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті
А.Д.Тайлыбаева
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə.Назарбаев «Егер біз Мемлекет болғымыз келсе,
өзіміздің мемелекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының
бастауларын түсінгеніміз жөн» деген[1].
Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр.Қазақта мынадай мақал бар: «Жеті
атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз».
Осы орайда айтарымыз тек жеті ғасырмен шектелмей жалпы ұлттың тарихын біліп, соны
зерттеу керек. Бүгінгі кішкентай бала-ол ертеңгі ел азаматы.
Президент Н.Ə.Назарбаевтың «Тарих толқынында» деген еңбегінде негізінен түркі тектес
халықтардың, оның ішінде түркі мəдениетіне, қазақ топырағында түрлі діндердің болғанын
айтқан. Бұл еңбек қазақстандық ұлттық, ұлтаралық татулықтың, қазақстандық патриотизмнің
темірқазығы іспеттес. Бүгінгі күні ата-бабалар, одан кейінгі ұрпақтардың салып кеткен жолымен
жүріп, сол жолды ары қарай дамыту, өмір жаңалығын ұштастыру Қазақстан халқының міндеті[4].
Елдің тəуелсіздігі көп нəрсеге ой салдырады. Мұнда тарихи сананы ояту, жоғалғанын өзіне
қайтару, өрлеу дəуіріне жол ашу деген мағына, сондықтан қазақстандық патриоттық тəрбие деген
ұғым тек қана айтыла салатын дерексіз ұғым емес, ол ең алдымен нақты, өз ұлтына, сонда тұрып
жатқан халықтарға берілген, адал еңбек ете алатын, жалпы халықтық, əлеуметтік мəдениетті
түсініп, білетін соның нұсқаларын өз халқының қажетіне жарата алатын, басқаларды түсіне
білетін нағыз отансүйгіштік, патриоттық рухтағы белсенді азамат тəрбиелеу үшін керек7
Тəрбиенің негізі, оның мақсаты,міндеті, мазмұны, түрі, құрылымы, əдісі, тəсілі,
заңдылықтары, принциптері, құралдары бар. Егер патриоттық тəлім-тəрбиемізде осы негізде
болмаса, ол жай сөз болып қалуы мүмкін. Өзін-өзі білмеген адам өзінің кім екенін түсінбейді.
Патриоттық тəрбие бүгінгі өмірден оқшауланбайды, қайта жаңа өмірмен қауышып, ұлттық
тəрбиеге жаңа мəн береді. Ұлттық тəрбие дегеніміз-ол оқшаулану емес, керісінше ұлтық тəрбие
үлгілерімен əлемдік идеяларды қабылдап, ненің тозық, ненің озық екенін тани білу, өрісі,
дүниетанымы кең азаматтарды тəрбиелеуге мүмкіндік болады деп түсіну қажет жəне солай да.
Таза біржақты ұлттық тəрбие-ұлтаралық аразға соқтыруы мүмкін. Əсіресе патриоттық тəрбиеде
бұл ерекше білінеді. Əрине, ұлттық тəрбиені əркім əртүрлі түсінеді. Кейбіреулер «ұлттық
нақыштар сол күйінде болса екен» десе, ал кейбіреулер «ұлттық тəрбие қазіргі өмірмен
байланысты болса екен», дейді. Шындығында ескінің жаңамен қауышып жатқаны өміршең келеді.
«Ұлттық тағылым деген ұғым əр халықтың ғасырларға ұласып жатқан тəрбие үлгісі, бала
тəрбиесіне қолданылатын əдіс-тəсілі,үлгі-өнегесі, сондықтан да ұлттық тəрбие деген сөздің
мағынасы əлдеқайда кең». Себебі ол бүкіл ұлқа тəн қасиеттердің бəрін қамтиды. Оған əлеуметтік,
тұрмыстық, шаруашылықтық, салт-сана, кейінгі буынды патриотизмге, ұлтаралық татулыққа
баулуымыз керек екендігін анықтадық.
Бүгінгі Егеменді Қазақстанның жағдайында патриотизм, ұлтаралық татулық жаңа мағынаға
ие болып отыр. Себебі Қазақстанды Отаным деп білетін əрбір Қазақстан азаматы Отанын сүйіп,
соның азаматы болу, отанын қорғау, Қазақстанның дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосу міндетті
екендігіне көз жеткіздік. Оқушылар бойында патриоттық тəрбиені қалыптастыру проблемасы
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тəрбиелеудің кешенді бағдарламасының
басты бағыттары аясында іске асырылған өзекті мəселе болып табылады. «Отансүйгіштік»,
«Ұлтжандылық», «Патриотизм» ұғымдарының генезисін оқытып үйрету ісі – аталған ұғымдарды
түсіндіруге əртүрлі ұстанымдарды сипаттауға , олардың мəнін, құрылымдық компоненттері мен
функцияларын анықтауға мүмкіндік береді.
Оқушылар бойында патриоттық тəрбиені қалыптастыру, дамыту үрдісі сыртқы
факторлардың əсерінен (мұрагерлік, орта, оқу-тəрбие аясы, адамның іс жүзіндегі қызметі) жүреді.
Тұлғаның құндылық бағыты – патриоттық тəрбие адамгершілік танымның маңызды компоненті
болып табылады, жəне тұлғаның өз Отанына, өзіне жəне басқа адамдарға саналы қатынасын
білдіреді, осылайша оның патриоттық ұстанымын айқындайды.
Мектеп оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерін (адамгершілік дүниетанымының
қалыптасуы, өзін-өзі тануға ұмтылуы, өз елінің азаматтығына мақтаныш сезімі мен ұлттық
патриотизмнің өмірлік ұстанымдарын таңдау, өз халқының тарихына қызығушылық туғызу)
253
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
қалыптастыру ісі-жүйелі кешенді педагогикалық басшылық жасауды қажет етеді. Оқушылар
бойында патриоттық тəрбиені қалыптастыру жүйесінде халық педагогикасы құндылықтары
негізінде отаншылдық қасиеттерді (Отанды, елді, жерді, ана тілін, төл мəдениет үлгілерін
қалыптастыру сүю факторлары ) жарқын эпикалық образдар арқылы ұлттық мұраның алтын
қазынасымен, ұлттық дүниетаным мен сусындату нəтижесінде ғана іске асырылатынына көз
жеткіздік.
Патриоттық тəрбиені қалыптастырудың жолдарын теориялық тұрғыдан талдау халық
педагогикасы құндылықтары негіздерімен мектеп оқушыларының бойында патриоттық тəрбиені
қалыптастырудың құрылымдық үлгісін əзірлеуге мүмкіндік беретінін айқындадық.
Оқу-тəрбие үрдісінде халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушылар бойында
патриоттық тəрбиені қалыптастыруың жолдары жөніндегі ұсыныстар, əдістемелік нұсқаулар
бойынша эксперименттік жұмыстардың нəтижелері оның тиімділігін дəлелдеді, оқушылардың
халық педагогикасы құндылықтарына деген қызығушылығын туғызудың алғы шартына айналды.
Оқу (əңгімелесу,саяхат сабақтары, кіріктірілген сабақтар, рөлдік-іскерлік ойындар, т.б.) жəне
тəрбие (əдеби-музыкалық кеш,, ардагерлермен кездесу, интелектуалдық ойын, кейіннен қазақ
халқының əдет-ғұрыптарымен, салт-дəстүрлерін талқылаумен жалғасып фильмдер көру, апталық
сайыс жəне т.б.) жұмыстарының əртүрлі формаларымен əдістерін пайдалану оқушылардың
бойында патриоттық сезімдерді қалыптастыруға, Отаныны, дəстүрлерін, мəдениетін, тілін,
халықтың өткен батырлық тарихын қастерлеуге, оның бүгіні мен болашағын сүюге жəне
құрметтеуге тəрбиелеуге, ұлттық мақтаныш сезімін, Отанға деген сүйіспеншілігін дамытуға,
Қазақстан Республикасының рəміздерін құрметтеуге ықпал ететінін анықтадық.
Халық мақалдары ел қорғау, басқыншы жауды талқандап жеңу жолында ерлік жасаған
қара қылды қақ жарған, қиядан тартып жол салған, жау қамалын қиратқан, табан тірескен
айқастарда тайсалып тартынбаған жігіттерді ардақтайды, абыройлы атақ пен даңққа бөлейді.
Олардың халық сүйсінген ерлік істерін кейінгі ұрпаққа үлгі етеді. Ерлік, батырлық жасау тек
отанын, ел-жұртын, халқы сүйген адамдардың ғана қолынан келеді, осындай адамдар ғана ел
намысын қорғайды деп сипаттайды. Мұнымен бірге халық ісі үшін қажымай күресіп ерлік
жасаған, ел сүйген батыр атанған адамдардың мінездері жақсы қасиеттерін де көрсетіп отырған.
Кіші мектеп жасындағы оқушыларға патриоттық тəрбие беруде осындай мақал–
мəтелдердің мазмұнын түсіндіріп, патриоттық сезімге, ұлттық мақтанышты, Отан, елін, жерін,
сүюге тəрбиелеудің іргетасын қалауға болады деп түйіндейміз.
Қазақ ауыз əдебиетінен орын алған жəне ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму,
өсу, үстінде келе жатқан жанырлардың бірі–жұмбақ. Жұмбақ -өскелең ұрпаққа білім берерлік,
тəрбиелік мəні бар құралдардың бірі. Мақал адамның логикалық ойын дамытса, жұмбақ,
жаңылтпаш жас баланың тілін жетілдіріп, табиғат өмір жағдайындағы түсінігімен қиялдау
қабілетін дамытады. Жұмбақ ең алдымен жас бөбектерге үйретілген. Оның өзі көбіне ұйқасқан
өлең түрінде айтылатын болған [48].
Алдында айтылған мақал-мəтелдер тəрізді жұмбақтар да сəби балаларды ерлікке,
отаншылдыққа, патриоттыққа үндейтін маңызды құралдардың бірі. Өйткені көптеген
жұмбақтардың астарында батырлық ел қорғаған ерлердің бойындағы бес қаруы жасырын түрінде
айтылады. Жалпы жұмбақты сөз образының кілті есебінде тануға болады. Жұмбақ ақындықтың
ұрығы-дəні тəрізді.Бұл жақтарынан тексеріп тану да ғылымдық міндет. Жұмбақтардың шешуін
іздейін деген баланың ойына жəне қиялына əсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар қылыш, найза
тəрзді ер қаруын қолға алып, елін жаудан қорғауға деген құштарлық та пайда болады. Жұмбақтар
халықтың табиғат құбылыстарының, өзін қоршаған дүниенің сырын танып білуге талпынған
ойынан туған. Жұмбақ бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуде,
халықтың қоғамдық тұрмысының, кəсіп тіршілігінің өзгеріп отыруына байланысты мазмұны ,
тақырыбы жағынан үнемі жаңарып байып отырады. Олардың тақырыбы сан алуан. Сол
тақырыптарына, мазмұндарына қарай жұмбақтардың туған кезеңдерін шамалауға боады. Жалпы
жұмбақ тапқырлықты, білімділікті керек етеді. Ол айналадағы өмірді тани білуге үйретеді.
Сондықтан оның жастар үшін білімдік, тəрбиелік маңызы зор. Сонымен қатар, жұмбақтар
бастауыш сынып оқушыларында патриоттық тəрбие қалыптастырып, балалардың тілін дамытады.
Жұмбақ-жаңылтпаштар бастауыш сынып оқушыарының тілін ширатады, белгілі бір затқа,
құбылысқа құрыла отырып, сол туралы түсінік береді, сол заттың немесе құбылыстың оның
өміріне қатыстылығы түсіндіріліп, құрметтеуге тəрбиеленеді. Жұмбақ-жаңылтпаштардың
тақырыптарының əр алуандығы оқушыларға туған жері туралы жан-жақты мағлұмат беріп, ойын,
тілін дамытып, елін, жерін сүюге тəрбиелейді.
254
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
Оқу –тəрбие үрдісінде жер, отан, тау, тас, табиғат, жан –жануарар т.б. туралы жұмбақтар
бастауыш сынып оқушыларының еліне, жеріне, деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық
сезімдерін дамытады.
Батырлар жырында халқымыздың сөз өнеріндегі тəлімгерлігінің жоғары екендігі соншалық,
жырда барлық тəрбие негіздері қарастырылады. Яғни патриоттық тəрбиемен қатар дене тəрбиесі,
имандылық пен адамгершілік тəрбие негіздері беріледі. Мұның өзі халқымыздың ерлікпен қатар
адамгершілікті жоғары бағалағаның, яғни балаға тəн тəрбиесі мен жан тəрбиесін қатар беруді
мақсат екендігін байқатады. Себебі «Батырлар жырында махаббат пен зүлымдықтың, адамгершілік
пен екіжүзділіктің, кең пейілділік пен дүниекоңыздықтың тартысы арқылы өмір шындығына
оқушының көзің жеткізу, зор адамгершілік қасиетін мəпелеу сезімдерін ояту көзделеді. Мұндай
гуманистік қасиеттерді қастерлеу, оған деген құштарлық сезімді ояту – этикалық тəрбиенің басты
шарты». Батырлар жырының мəні жөнінде философиялық тұрғыдан терең ой қозғайтын болсақ,бұл
жырларда батырлардың елін қорғаудағы ерлігін, қаһармандығын фантастикалық, мистикалық
негізде дəріптеуге жол беріледі, мысалы: «Жендеттер Алпамыс батырды отқа салады – куймейді,
суға салады – батпайды, қылыш кеспейді, оқ өтпейді» - деп көрсетілген[5]. Өкінішке орай, бүгінде
алпамыс батырдың ерлігі батыстың фантастикалық негіздегі сюжеттері мен алмасып, ұлтымыздың
көзқарасына жат бейнефильмдер қоғамда кең таралып отыр. Біздің ұлттық менталитетімізге қайшы
келктін мұндай үлгідегі филімдерге шектеу кою уақыт талабы.
Сондықтан да бастауыш мектепте де батырлар жыры арқылы оқушылар санасында
патриоттық тəрбиені қалыптаструға арналгған арнайы жəне факультативтік курыстар ұйымдастыру
қажеттілігі айқын көрінеді. Бастауыш мектептерде оқушылардың батырлар жыры туралы түсінігін
жүйелі этнопедагогикалық тəлім- тəрбие негізінде дамытып, қалыптастырудын қажеттілігі
байқалып отыр. Бұл орайда біздің тəжірибемізде оқушылар мен жүргізілген педагогикалық
эксперимент барысында: «Батырлар жыры туралы не білесін? Батырлар жырынан қандай үлгі-өнеге
алуға болады?» деген сұрақтарға оқушылардың жиырма төрт пайызы батырлар жырынан
хабарлыгын, оның халықтың басқа ауыекі жығармаларынан ерекшелігі бар екендігін, отыз алты
пайызы толық, жүйелі жауап бергісі келмегендігін, қырық пайызыы бейтарап қалғандыгын
келтіруге болады. Мектеп оқушыларынан алынған бұл мəлімет көрсеткіші патриоттық рухта
тəрбиелеуге мүмкіндік беретін батырлар жырынан балалардың білімдерінің терең еместігін жəне
кең түрде насихатталмай дəлелдейді. Бұл, əрине, баланың өскен ортасы мен ақыл - өсиет айтатын
ересектердің, ата-анасының тарапынан жіберілген кемшіліктер екенін аңғаруға болады. Қазіргі
кезде патриоттық тəрбиеге санаулы көзқарас пен қараумызға орынды əрі қажет. Бұған Ж.
Аймаутовтың: «Баланы бұзуға, яки түзетуге себеп болатын бір шарт – жас күнінде көрген өнеге. Ол
өнеге əке-шешенің тəрбиесі арқылы қалыптасады», - дегені дəлел болады
Егеменді еліміздің жас ұрпақтарының санасында бұрыннан пердесі өз деңгейінде ашылмай
құрсауланып келген батырлар жырындағы ұлттық патриоттық тəрбиенін үлгілерін дамытып, орта
мектептің оқу-тəрбие процессіне, енгізуге кең жол ашуымыз қажет.
Оқушылардың өз Отанын, отбасын сую үшін, Казахстан Республикасының тəуелсіздігін
қорғайтын патриот болып қалыптасуы үшін батыр бабаларымыздың ерліктерінін, қаһармандық
үлгі-өнегесінің берері мол.
Қазақтың
хасбатыры-
Раймбек
қасиеттілігімен
киелігімен
дараланады.
Раймбектің
əруақтылығын,көзсіз батырлығына акылының сай екендігін бабаларымыз ғасырлар бойы бірден –
бірге айтып келеді.Раймбек батыр- қазақтың маңдайына біткен бағы, заманына сай туған біртуар
перзенті. Ол жерімізді жау алып, өзегіміз өртеніп, азаматтарымыздан айырылып, сорымыз қайнап,
шаңырағымыз шайқалып, даламыз қаңға бөгіп, қайғыдан қапа болып, еңсесі түскен еліміздің есі
кеткен заманда бала болса да бас көтеріп, еліне пана, жеріне қорған болуға ұмтылды.
Нағыз ер азаматты отаның сүюге, жерін қорғап, еліне пана болуға, тілі мен дінін, ұлттық салт-
дəстүрін сақтауға тəрбиелейтін мектеп – намыс.
Адамгершілік пен мейірбандыққа, кісілік пен кішілікке, кекшіл емес, кешірімді, күншіл емес,
көпшіл болуға, ар-ожданыңды таза ұстауға баулитін күш- намыс.
Мақсатына жету жолында кез келген кедергіден қаймықпай өтуге, ойын ұшқыр, сезімің таза,
төзімің берік болуға шыңдайтын – намыс. Ынтымағын мен бірлігінді сақтап, араздықтан
арашалайтын, қатыгездік пен қаталдықтың жолына тосқауыл болатын – намыс.
Сондықтан биік рухты, арлы да жалын жүрек, от кеуделі ел болу үшін ұрпақ санасына
сіңдіретін қасиетті ұғымымыз- намыс.
Бастауыш сынып оқушыларын халық педагогикасы үлгілері арқылы патриоттық рухта
тəрбиелей алсақ ғана біз жас бүлдіршіннің жан дүниесін жадыратып, келешекте елін, жерін
255
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
қорғайтын, бойында ұлттық жəне азаматтық намысы бар азамат тəрбиелеп шығарамыз. Халық
педагогикасы –балаларды Отаншылдыққа, патриоттыққа тəрбиелеудің сыннан өткен мектебі.
Сондықтан, жас ұрпаққа өз еліміздің, халқымыздың аса бай ауыз əдебиеті үгілерін үйретіп, сол
үлгілер арқылы патриоттық тəрбиеге баулу –ұстаздар қауымының басты жұмысы.
Көркем шығармаларда, оның ішінде ауыз əдебиеті үлгілерінде халық өміріндегі əр
дəуірден құралған батырлықты, ерлікті суреттеу оның басты ерекшелігі болып табылады.
Мазмұны батырлық, ерлік, ар–намысқа берік, қайтпас ер, жауына мейлінше қатал, өз еліне
мейірімді, оны қорғауға əрқашанда дайын, өнегелі ісі бар адамдарды суреттейтін шығармалар
арқылы жас ұрпаққа патриоттық тəрбиені сабақта беруге болады. Мұндай шығармалар
оқушыларды батылдыққа, əділеттілікке, ақылдылыққа тəрбиелейді. Біріншіде, мұндай
шығармалар балаларды елін, өз жерін сүйетін намысына берік, отаншыл етіп үйретсе, екіншіден,
отанына, еліне қастандық жасамақшы болған сыртқы жауларға мейлінше қатал болуға баулиды.
К.Д.Ушинский айтқандай, «Тəрбие дəрменсіз болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс» -
дейді, яғни əрбір ұлттың өзіндік дəстүрін, салтын сақтап, сол рухта тəрбиелеуге баса назар аудару
қажеттігін ескерткен. Сондықтанда біз жас ұрпақты патриоттыққы тəрбиелеуде халқымыздың салт
–дəстүрін, ерлік үлгілерімен сабақтастыра жүргізуді орынды деп есептейміз. Бұдан шығатын
қорытынды, халық ауыз əдебиеті үлгілерінің кез келген жанрын бастауыш сыныптардың оқу-
тəрбие үрдісінде пайдалану оқушылардың тілін дамытуың, дүниетанымын қалыптастырудың,
оларға патриоттық тəрбие берудің бірден-бір жолы болып табылады.
«Жастай берген тəрбие –жас шыбықты игендей» деп, біз балаларға тəрбиені жастайынан
халықтық педагогика элементтері мен халық ауыз əдебиеті үлгілерін пайдаланудан бастауымыз
қажет. Өз халқының алтын қорынан нəр алып, сусындаған əрбір жас бүлдіршін болашақта өз
Отанының жанашыр азаматы, елін –жерін қорғайтын азаматы болып өсері сөзсіз.
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, эстетикалық талғамын арттырып адамгершілікке,
патриоттық сезімге баулу ісінде халық педагогикасының алатын орны ерекше екенін естен
шығармауымыз қажет. Қазіргі таңда қоғамның саяси əлеуметтік жəне экономикалық дамуындағы
жаңару үрдістері өткен тарихымызды қайта құрауды, рухани құндылықтарымызды саралап, оны
мектептің оқу-тəрбие үрдістеріне енгізу арқылы ұрпақтар тəрбиесін ұлттық негізде жүргізуге
қолайлы жағдайлар жасап отыр. Жас ұрпақты өз халқының асыл қазынасы болып табылатын
халық педагогикасының озық та өнегелі дəстүрлерімен сусындатып, соның негізінде мəдениет пен
білім қорын жинақтаған, шығармашылық қабілеті дамыған, əр істе белсенді əрекет жасай алатын
жеке тұлғаны қалыптастыру тəрбиенің өзекті мəселесіне айналды. Бұл мəселелерді шешу
мұғалімнің кəсіптік шеберлігі мен даярлығын жоғарылатуды қажет етуде. Өйткені
мемлекетіміздің саяси тұрақтылығы, материалдық жəне рухани.
Достарыңызбен бөлісу: |