ҚАЗАҚТЫҢ КОСМОЛОГИЯЛЫҚ МИФОЛОГИЯСЫ
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
А.Б.Абдуллина
Қазақ мифологиясының бір түрі ретінде кеңінен қолданылатын түр – космологиялық
мифология. Атынан айтып тұрғандай, бұл мифология өз табиғатында аспан əлемі мен кеңістігі,
ғарыштық сфера мен оның халық танымындағы көрінісін қарастырады. Ескеретін бір жайт,
космологиялық мифологияның аясына кіретін түсініктер түрлі уақыттың өлшемінен
трансформацияланған. Қазақ тумысынан өз өмірін жұлдызға «аманаттайды». Бұл дегеніңіз –
халық арасындағы əр адамның өзінің жұлдызы болады, жер бетінде қанша адам болса, сонша
жұлдыз бар есептегендіктен туған дүние. Ел арасындағы «менің жұлдызым», «жұлдызың оңыңнан
тусын» немесе «жұлдызы жанған» деген тіркестер осының айғағы. Егер адамның жұлдызы
жарқырап айқын жанса, онда жердегі жұлдыздың иесі бақытты адам деп есептеген. Адам өлгенде,
оның жұлдызы ағып түседі деген. Мұндай түсініктер – ежелгі анимистік танымның көкжиегінен
туыптап қалыптасқан ұғымдар деуге болады.
Ғарыш əлемінің ең өзегі – аспан дейтін болсақ, аспан ұғымы ежелгі наным бойынша
жараталыстың бастауы деген мағына берген. Немесе Көк Тəңір деген атау көк аспан деген
ұғыммен синонимдес болды. Тəңірлік діннің кезінде аспан адамзат баласын, барлық дүниені
жарылқаушы, жаратушы есебінде ұғынылып, қастер тұтылды, аспанға қарап бар үмітін, тілегін
білдірді, аспанға сыйынды, өйткені Тəңірдің мекені аспан деп ойлады. Ш.Уəлиханов өз еңбегінде
қазақтардың ежелгі түсінігі жөнінде мынадай оқиға айтады: «Аспанда да адамдар тұрады, олар
белбеуді тамағынан буынады, біз əлемнің ортасында тұрамыз, сондықтан да белбеуді белімізден
буынамыз, ал жер астында тұратындар (олардың да өздерінің күні, айы, жұлдыздары бар) белбеуді
аяқтарына буынады. Аспанда тұратын қазақтардың арасында өте бай кемпір бар» /1.21/. Сонда
ежелгі түсінік бойынша аспанда да қазақтар тұрады, олардың тұрмыс-тіршілігі өздеріне ұқсайды
деп сенген. Аспан, жер, жер асты деген үштік танымды көре отырып, сақ заманындағы үш əлемнің
бейнесін көреміз.
Аспаннан кейінгі орында тұратын халық танымындағы қасиетті бейнелер – Ай мен Күн.
Қазақ мифологиясында Күн мен Жер дихотомиялық құбылыс ретінде көрініс табады, яғни күн –
күйеу, жер - əйел образында келеді. Ал космологиялық мифология тұрғысында Күн – күйеу, Ай –
ару кейпінде сақталған. Сонда Жер - Əйел образында келіп, отбасын, ана мен баланы қорғаушы
ретінде сақталса, ал Ай – мəңгілік жастықтың, аспани арулықтың символы. Күн – қай кезде де, қай
жерде де тұрақты мəнде келеді, ал Ай оның көктегі серігі, Күннің қосыла алмай кеткен ғашығы
ретінде сипатталады. Мына мифті келтірейік: «Асылында, ай ару мен күн күйеу, көк аспанда
ғашық-машықтар еді. Олар ұдайы қараңғылықты қуғындауменен айналысып, біреуі күндіз, біреуі
түнде көшіп-қонып, өмірбақи өріс-қонастары айқаспағандықтан, бір-біріне қосыла алмаған екен.
Көк жүзін кезіп қанша іздесе де кездесе алмайды. Олар осы ауыр халдеріне қайғырғанда, аспанды
бұлт қаптайды, кейде қабақтарынан қар борайды. Сағыныштан саулаған жастары жаңбыр болып
жауады. Кейде құсалықтан тұтанған күйі отты жүздерін жалын болып шарпиды, бұл сəттерінде,
күннің көзі, айдың жүзі тұтылады» /3.12/. Бұл мифтен Ай мен Күннің тарапынан болатын
байланыстың салдарынан табиғи құбылыстардың «жанды» кейпін суреттейді. Осылайша Ай мен
Күнді ежелгі танымдық жүйеде «жанды жүйе» ретінде, яғни «тірі кейіпкер» ретінде көрініс берді.
Айдың сыртқы пішіні, яғни оның туып, күннен-күнге толып семіруі, ондағы қатпарлар, сыртқы
кейпі түрлі мифтерде əр түрлі сюжеттік желіде көрінеді. Мəселен оның күнді сағынып, күте-күте
шаршап, қармақтай болып иілгені, содан кейін сағаныштан жүзіне əжім толып, қатпар болғаны
231
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
«Ай мен Күн туралы» /3.12/ атты мифте, Ай бетіндегі иінағаш көтерген қыз немесе бақаны мен
шелегі бар қыз жайында «Айдың бетіндегі дақ» /3.18/ деген мифте көрініс береді. Ай бетіндегі
дақ, таңба деген түсінікті айтқан кезде екі типологиялық белгі шығады. Біріншісі – жетім қыздың
түнде иінағашпен (кей жерде баған мен шелек) суға қайғырып барған сəтіндегі Айдың қызды өзіне
тартып алуы. Екіншісі – Айдағы кемпірдің өмір сүріп, соның бетінің əжімінің көрініс болуы.
Қазақтар Айды қасиетті деп санап, жеке планета, оны жеке бір дербес əлем деп есептеген.
Тəңірлік діннің қалдығынан болу керек, əлі күнге дейін үлкен кісілер жаңа туған айға сəлем беріп,
иіліп, ізет етеді. Айға көп қарап тұрмаған, қолды шошайтуға болмайды деген. Оның себебін
Ш.Уəлиханов былай дейді: «Қазақтар айға ұзақ қарап тұрмайды, сескенеді. Айдағы кемпір кірпікті
санап қояды деп, егер санап қойса, адам өледі» /1.20/. Осы сияқты халық танымында айда пері
болады деп есептеп, түнде терезелерді қымтап жауып қоятын болған. Бұл салт əлі күнге дейін бар.
Түн баласы ауғанда немесе түннің қақ ортасында адам жаман түс көріп немесе ауытқуы бар
адамдар ұйқы сұрап шошынып, оқыстан тұрса, айдағы пері адамды қағып кетеді, ауру қылады
дейді. Бұның барлығы – Айдың қасиеттілігін мойындайтын белгілер.
Енді Күнге келсек, халық арасында күннің Ай секілді қадір-қасиеті көл-көсір емес, тек бірен-
саран белгілері бар. Атап айтсақ, күн нұры мəселесі. Осы мифті мысалға келтірсек: «Ертеде бір
ханның керемет сұлу қызы болыпты. Хан өызының елдің көзінен қызғанып, қараңғы темір үйге
тығып қойыпты. Оған тек бір қайсаған кəрі кемпір ғана қызмет етеді екен. Қыз білгісі келіп,
«Қайда барып жүпсің?» деп сұрағанда, ол «Жарық дүние бар, қызым, сонда барамын», - деп жауап
береді.
Қыз сол жарықты көрсетуін өтініп қоймаған соң, бірде кемпір оны сыртқа алып шығады.
Күннің жарық сəулесін көрген бойда қыздың басы айналып, есінен танып құлап қалыпты. Біраз
уақыт өткен соң ол өзінің жүкті екенін сезіпті. Сөйтсе, мұның себебі Күн нұрыныің киесі екен»
/2.208/. Əдебиетте күн нұры деген тіркес көп қолданыс береді. Əйгілі Шыңғысхан, Адай (ру басы)
секілді тұлғалар күннің нұрынан жаратылған деген түсінік бар. Бұл түсінік ырымға да жалғасып
кеткен. Күндіз ұйықтаған кезде, үйдегі үлкен, егде адамдар «терезені жауып жат», «үстіңді жауып
жат» деген тыйым сөздер айтады, сонда бұның астарынан да күн нұрынан «сақтану», оны кие
тұтып, адамның бетіне «тіке келтірмеу» деген сипатта жүзеге асқан.
Ш.Уəлихановтың пікірінше қазақтарға мынадай жұлдыздар таныс болған: темірқазық,
жетіқарақшы, үркер (плеяд), бақташы жұлдызы (Венера), шолпан жұлдызы (утренняя звезда)
/1.19/. Ал «Қазақтың мифтік əңгімелері» атты жинақта жоғарыда айтылған жұлдыздармен қатар
сүмбіле, қамбар, үшарқар, есекқырған /2/ секілділердің аты аталады. О.Жанайдаровтың «Ежелгі
Қазақстан мифтері» атты кітапта Үшарқар жұлдызы «Үшарқар таразы шоқжұлдызы» деген атпен
беріледі. Енді əрқайсысына талдама жасасақ. Темірқазық жұлдызын қазақ халқы бағдар ретінде
қолданған. Оның атауының шығуы да атына сай, қазыққа қағылғандай, бір орында қозғалмастан
телміріп тұрады. «Темірқазық түнгі аспанның шырқау биігі – жоғарғы нүктесінде орналасқан.
Кейде Солтүстік жарты шардың осынау орталық жұлдызын Алтын Қазық деп те атайды. Оған
Тəңір өзінің аттарын байлайды. Темірқазықтың қасындағы қос жарық жұлдыз – Тəңірдің ақбоз
тұлпарлары» /2.210/, - деген түсініктен темірқазықтың Тəңірге «бағыншы» туған космобейне
екенін көреміз. Ал осы мифтің заңды жалғасы іспетті мына сюжетке назар аударсақ: «Ақбозат пен
Көкбозат арқанмен Темірқазыққа арқандаулы – Жетіқарақшы түнімен бұл екі атты ұрлаймыз деп
торып, аттар қозғалмай қағулы тұрған қазықты айналып, күзетті алдырмай, таң атып кетеді» /3.17/.
Сонда бұл жерден Темірқазықтың тұрақты, орнықты жұлдыз екенін көреміз, ал Жетіқарақшыны
«ұры», көп жұлдызға қастандық қылушы озбыр ретінде көрінеді. Жетіқарақшы жұлдызы
турасындағы мифтердің типологиялық басты белгілері мынадай сюжеттерді құрайды:
1. Жетіқарақшы ел арасында ұры, баукеспе болған, оларды халық соңынан түсіп қуғаннан
кейін, жеті ұры аспанға жұлдыз болып кеткен. Алдыңғы төртеуі – көшбасшылары, кейінгі үшеуі –
құйыршықтары.
2. Түнімен «ұйықтамай» басқаларға озбырлық көрсетіп, таң ата өздерінің істеген істеріне
өкініп, қайғырады да, аспан əлемінен жоғалып кетеді.
3. Жетіқарақшы жұлдызының алтауы – ұрылар да, ең кішкенесі – алтауының ортасында
тұратын патша əйел.
4. Жетіқарақшы жұлдызы жерде мекен етіп, кейін өлген 7 қарақшының рухынан пайда
болған жұлдыз.
5. Ең ішіндегі жарқырап тұрғаны – қарақшылардың бастығы, ал көмескіленіп тұрғаны –
тұтқында отырған Үркердің қызы (Үлпілдек). «Жетіқарақшы мен Үркер жайында» /2.205/ деген
мифте Жетіқарақшының Үркердің қызы Үлпілдекті айттыра алмай, өздерінің арасындағы
232
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
«қақтығыстары» туралы айтылады. Сонда біз жоғарыда Жетіқарақшы жұлдызы турасында халық
арасындағы сюжеттік бейнесін білдіріп өттік. Бұлардан кейінгі үлкен жұлдыз – Үркер. Бұл жұлдыз
Аспан əлемі мен Жер əлемі арасындағы немесе Көк Тəңір мен Жер Тəңірдің арасындағы қатар
«өмір сүруші» ретінде Үркерлер «қосмекенді» ретінде қабылданған. Өйткені олар алдымен Жерде
өмір сүрген, ол кезде мəңгілік жаз болған екен. Аласапыран кез болып, табиғат өзгергеннен кейін
ұйықтап жатқан 12 Үркерді барлық жануарлар өлтірмек болады. «Үркерлерді өлтірсең, мəңгілік
жаз болады» дегенді естігеннен кейін əрқайсысы бөліп алып таптамақ болады. Тек қана сиырдың
тұяғы аша болғандықтан, оған бөлінген 6 жұлдыз аспанға ұшып кетіпті делінеді. «Үркер»
турасындағы барлық мифтерде кездесетін сюжет – оның бұрын жерде өмір сүріп, жануарлардың
үстемдігімен аспанға кетуі. Ал сол сюжеттің шегіністері түрлі болады. Мəселен, бір жерде
Үркерлер өздерімен өздері ұйықтап жатады десе, бір жерде оның құрт болғанын, оны түйе
табанымен бастып түріп, сиырға ұстата тұрғанды делінеді, келесі бір жерде Үркер Сұлусарыны
Жетіқарақшы ұрлап қояды деп олардан қашып, жерге келіп қырық күнге жатып алуы. Сонда
барлық жерде Үркер – мəңгілік жаздың бейнесі ретінде көрініс береді.
Ксмологиялық мифологиядағы жұлдыздар əлемінің келесі түрі - Шолпан жұлдызы. Бұл
жұлдыз тарихында да кездесетін мотив – көкке ұшу. Оған мынадай миф дəлел болады: «Зуһра –
Алланың шын сүйікті пендесі. Оны Əза мен Əзайв атты періштелер сұлулығына қызығып, алдап
қолға түсіреді. Зина жасауға зорлайды. Оның қашып құтылуға ешқандай мүмкіндігі болмай
қалады. Ақырында Алланың мың есімін үйретуді һөтінеді. Өйткені ол Алланың мың есімін жаттап
алғанда көкке ұша алатын қасиет пайда болатынын білетін еді. Зуһра дəрет алып, таң
жақындағанда «мына пəлелерден құтқар» деп Аллаға сыйынады. Көкке көтеріліп, барлық халық
қастерлейтін жұлдызға айналып кетеді. Еуропаша – Венера, арабша – Зуһра, түрікше – Шолпан –
сол жұлдыз» /3.22/. Бұл мифте де барлық жұлдыз атаулының «табиғатына сəйкес жерден жапа
шегіп, көкке бару идеясымен сəйкес келіп, бірақ ислам түсінігімен, ұғымдарымен бейнеленеді. Ал
бұл жұлдыздың қасиеттелігі турасында мынадай түсінік бар. Венера, бəрімізге белгілі ежелгі грек
мифологиясында махаббат, əдемілік құдайы болып саналды. Сол себепті көп ата-ана қыздарына
сұлу болсын деген ниетпен «Венера» деп ат қойып жатады. Немесе бұл жұлдызды «Бақташы
жұлдыз» деп атаған. Өйткені осы жұлдыз туысымен малшылар қойды түнемеге алып кететін
болған да, бұл жұлдыз бағдар көрсетуші ретінде қызмет атқарған. Сонымен бірге Шолпан
ғашықтарды желеп-жебеуші, оларға көмектесуші ретінде көрініс береді. О.Жанайдаровтың
кітабында мынадай дерек келтірілген: «Шолпанның қыста тууы қатты суықтың нышанын
білдіреді. Соны алдын ала ескертерде ол айрықша жарқырап көрінеді. Осыған байланысты оның
Тұл қатын деген тағы бір аты бар. Ескі наным бойынша, Венера планетасын əлі тумаған
адамдардың жандары мекендейді. Оның құпия жарығына адамдардың құмар болатыны сондықтан
шығар-ау» /2.209/. Шындығында, ерекше жарқырап, адамның көзінің жауын аларлықтай айрықша
сипатта көрінетін жұлдыз көп нəрсеге теңеу болады. Қазақ халқы белгіле, танымал адамдарды
Шолпанға балайды, ал жаңа шыңып келе жатқан таланттарды «Таңшолпанға» теңейді. Өйткені
халық түсінігінде таңда туатын Шолпан өте ерекше жарқырайды.
Ал «Үшқарқар» жұлдызы жəне оның айналасына топталған жұлдыздар турасында мынадай
миф бар: «Бірінің артына бірі созылып тұрған үш ірі жұлдыз – шұбап бара жатқан үш арқар, оған
көлденең тізіліп тұрған «қиқымдай» Шайтантараз дейтін үш жұлдыз, үш арқарды кезеп атқалы
тұрған Көгалдай мергеннің «Көкшақпағы». Шақпақ үлкенірек көк жұлдыз. Ол Үшарқардың
бүйірін ала тұрады. Үшарқардың аржағындағы үлкен қызғ,ылт арқарлардан əрі өтіп кеткен
мергеннің қызарға оғы. Күңгірт теңбіл байқалады. Ол мергеннің мылтығының түтінінен пайда
болған. Үшарқардың соңғысы – кішірек. Оны мекиені (ұрғашысы) дейді» /3.15/. Сонда бұл жұлдыз
мергенге байланысты,, оның іс-əрекетіне байланысты құрылғанын көреміз. Жалпы жұлдыз
атаулының қайсысын алсақ та, онда табиғаттың заңдылығына сəйкес, күрес заңы қатты даму
үстінде болады жəне мергендер «атсалысады». Ал келесі бір мифте аңшылардың орман ішінде
əдемі арқарларды көріп, оларды ұстаймыз деп иттерінің шаба жөнелгенде, арқар, иттердің бəрі
көкке кометалар арасына көтеріліп кеткендігі айтылады. Сөйтіп арқардың маңында айналып
жүрген сол иттер деп болжаған халық оған «Үш арқар таразы» деген айдар тағыпты /2.210/.
Ал Сүмбіле жұлдызын халық былай сипаттаған: «Үшарқар мергеннің аяқ жағындағы лек
жұлдыздар оның иті, ақ шоқтай Сүмбіле жұлдыз – осы үлкен арланның жайнаған көзі» /2.16/.
Немесе «Ежелгі Қазақстан мифтерінде» Бұқардың мына өлеңін келтірген:
Тағы бір мезгіл болғанда,
Сүмбіле туды жылтиып,
Ат семірді құнтиып.
233
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
Жүз қойға алған құлаша ат
Жүректей болып семірді.
Жыландай болып жарады.
Хан Абылай тақсыр хан
Ұлы бір жүзден қол жиды,
Кіші бір жүзден қол жиды.
Əсіресе қосынды
Уақ пенен Керейден
Рабайсыз мол жиды /2.208-209/. Бұл жерде де халық арасындағы Сүмбіленің елге жайлы,
халыққа жағымды екенін білдіріп, оның туысымен береке-бірліктің бастау алатынын суреттейді.
Есекқырған жұлдызы басқаларға қарағанда əдейі, қасақана жердегі есектердің қыруға
бағытталған «жалмаушы» ретінде көрінеді. Оның мəтіні былай: «Зат тиелген шаналарға есек
жеккен керуен үдере көшіп, жолдағы бекетке қонады. Шолпан туып қалыпты деп, шығыстан келе
жатқан жарық жұлдызды көріп, шатастырған керуен иесі жолға түсіп тарта береді, күн суытады.
Керуен жолдан адасады. Жылы жерден шыққан есектер суықты көтермей қырылып қалады.
Осылайша жарық жұлдыз есекті қыруға шыққан «Есекқырған» жұлдыз аталады /3.23/. Түсін
құбылтып, «жолдан адастырушы, тайдырушы» кейіпте шыққан бұл жұлдыз трагедиялы оқиғаға
соқтырады.
Сөйтіп, қорыта келгенде, ежелгі халық түсінігі аспан мен оның аясындағы Ай, Күн,
Жұлдыздар бейнесін тəңірлік дінннің ықпалымен түсіндіріп бақты. Өйткені қай нысанды алсақ та,
бəрі де жерден қуғын көріп, аспанға жұлдыз болып орнайды. Немесе жердегі қыз Айдың бетіне
қонақтайды. Бұдан түйетініміз – ежелгі адамдар мақаламызда айтып өткендей, аспанда да əлем
бар, аспанда Тəңір бар, соған жақын болайық, аспан – қасиетті мекен деп есептегендіктен, осы
оқиғаларды жанынан шындыққа жанасымды етіп шығарған. Сонда барлығында дерлікке
кездесетін лейтмотив – жерден аспанға нысан ретінде орнау. Ескі наным-сенім кешегі күнге дейін
арқау болып келгені рас, халық жазу-сызу жоқ кезде бағытын, келесі күннің ауа-райын,
болашақтағы табиғат құбылыстарын аспан денелеріне «үміт артты».
Əдебиеттер
1. Уəлиханов Ш. Қазақтардағы шамандықтың қалдығы // Қазақ бақсы-балгерлері. –
Алматы: Ана тілі, 1993. – 224 бет.
2. Жанайдаров О. Ежелгі Қазақстан мифтері. – Астана: Аруна, 2006. – 252 бет.
3. Қазақтың мифтік əңгімелері. – Алматы: Ғылым, 2002. – 320 бет.
КОНЦЕПТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ИЗУЧЕНИЯ
РЕПРОДУКТИВНОГО ПОВЕДЕНИЯ СЕМЬИ
КазНУ им. аль-Фараби
З.Х.Валитова
Природа социогуманитарных наук такова, что основным инструментом представления
реальности в них является слово, термин, концепт, которые развиваются в системе определенных
парадигм. И даже тогда когда мы эмпирически исследуем ту или иную область, мы действуем в
рамках определенной концепции. Если мы не осознаем теорию, то это не значит, что мы ее не
используем. При изменении теорий и концепций вероятнее всего наше представление о
реальности также изменится.
Современные социальные изменения затрагивают основы институционального порядка
общества. Множество теоретических рассуждений вызывает трансформация института семьи, в
частности его репродуктивного поведения.
234
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
В последнее время в Казахстане активизируется изучение репродуктивного поведения
населения, однако в этих исследованиях осуществляется преимущественно демографический
анализ и в меньшей степени социологический.
Многие авторы снижение рождаемости, происходившее в Казахстане в 90-е годы, зачастую
определяют как следствие социально-экономического кризиса проявлявшегося на фоне
становления рыночных отношений. И, следовательно, наблюдаемый в последнее время рост
рождаемости приписывается нормализации социально-экономического положения. Так ли это в
действительности? Все же, почему одни семьи ориентированы на многодетность, другие на одно -
или малодетность или среднедетность? Почему при одних и тех же экономических условиях
семьи по-разному реализуют свои репродуктивное поведение? Какие концепции могут помочь в
исследовании репродуктивного поведения семьи?
Как уже отмечалось, для гипотез, предлагаемых исследователями постсоветских государств
характерно утверждение об определяющем влиянии уровня жизни, к примеру, реальных доходов
на рождаемость. Не является ли распространенное «одобрение» данного фактора упрощением,
искажением действительности. Объяснение изменения уровня рождаемости экономическим
фактором является на наш взгляд неудовлетворительным и не раскрывающим природу
репродуктивного поведения населения Казахстана.
Зачастую снижение рождаемости воспринимается, прежде всего, как демографический факт.
Как следствие этого большинство работ, где предпринимается попытка объяснить его
принадлежат демографии. Теоретическим обоснованием многих исследований связанных с
феноменом рождаемости является теория демографического перехода. Согласно ей, все народы в
своей демографической истории проходят определенные фазы. Первая фаза характеризуется
высоким уровнем смертности (что обусловлено неблагоприятными жизненными условиями,
неразвитостью медицинских знаний и низким качеством медицинского обслуживания) и высоким
уровнем рождаемости (практически ничем не ограничиваемой, близкой к естественным
показателям фертильности). В период второй фазы снижается уровень смертности (как результат
развития медицины и индустрии) и повышается уровень рождаемости (благодаря снижению
смертности матерей и младенцев). Третья фаза – это период снижения уровня рождаемости и
смертности, когда отпадает необходимость большого количества детей для обеспечения
воспроизводства населения и его естественного прироста. Четвертая фаза характеризуется
стабилизацией уровня рождаемости и смертности на низком уровне. Этот современный тип
воспроизводства населения влечет и переход от естественной рождаемости к регулируемому
рационально зачатию и сознательному планированию числа детей, рождаемых каждой женщиной.
Это построение известно как концепция демографического перехода, или демографической
революции. Насколько она релевантна для различных обществ?
Ряд исторических и современных фактов противоречит данной концепции, кроме того,
сегодня все больше проявляется ограниченность ее объяснительных моделей. Режим естественной
рождаемости является условной конструкцией, практика предупреждения и предотвращения
беременности и рождений имела распространение задолго до начала демографического перехода,
по крайней мере, в ряде социальных групп в любом обществе. Кроме того, не вполне понятно,
какова связь концепции демографического перехода с другими социальными проблемами
современной семьи как основного социального института воспроизводства населения (разводы,
трансформация семьи, изменение положения женщины, мужчины и ребенка в ней, структурные
изменения семьи и родства и т.п.). Изменение рождаемости не только демографический, но,
прежде всего социологический факт [1, 199]. Концепция демографического перехода не дает
ответа на многие вопросы, связанные с репродуктивным поведением семьи. Например, каким
образом трансформация репродуктивного поведения связана с изменением семьи?
В объяснении семейных изменений мы зачастую апеллируем к теории модернизации,
которая предполагает траекторию развития от «традиционного» к «современному», определенный
тип социальных изменений укладывающихся в необратимый процесс, направляющий к
определенной цели. Но в процессе погружения в социальную реальность возникает масса
вопросов по поводу нерелевантных данной теории реалий. Человеческая жизнь намного сложнее,
чем теории модернизации это допускают.
Тогда какая теория нам может помочь понять и объяснить существующую реальность?
Наше знание ограничено тем фактом, что реальность не может наблюдаться
непосредственно, а только с помощью теорий и концепций, которые мы выбираем, используем.
Факты сами за себя не говорят, для этого необходимы теории, представляющие собой систему
235
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
правил, которые объясняют. Несмотря на немалое число работ о семейном поведении, в
частности, репродуктивном следует отметить, что в них мало представлен теоретический
компонент.
Исследование репродуктивного поведения как части семейного поведения является весьма
нелегким. Это обусловливается сложностью самого феномена семьи. С одной стороны, все мы
имеем прямое отношение к семье в своей повседневной жизни. Каждый из нас, так или иначе,
является ее естественной частью. В этой связи тема семьи не является для нас далекой и
незнакомой. С другой, это одна из сложных тем для исследования, так как пространство семьи
является сакральным, скрытым, своего рода «черным ящиком».
Когда исследователи отмечают, что одной из главных ценностей жизни человека является
семья, за кадром остается много других вопросов. В частности, «какая именно семья?».
Респондент, отвечая на вопрос «Что для Вас важнее всего?» и выбирая в иерархии ценностей
«семью», может вкладывать в данное понятие самые разнообразные смыслы которые, возможно,
не соотносятся с предложенной исследователем теоретической схемой, моделью. Каково
состояние социологии семьи сегодня. Она выступает как комбинированная область знания.
Большинство существующих теорий семьи было получено из более общих теорий социальных
наук. Некоторые семейные теории рассматривают семью и ее функции как результат влияния
макросоциальных сил, другие как продукт микросоциальных процессов. То есть, получается, что
любая теория социологии, имеющая дело с социальными группами может плодотворно
применяется в изучении семьи? Однако нет так называемой специальной семейной теории. Ибо
семья как группа имеет свои уникальности в отличие от социальных групп как таковых.
Идеи сетевой теории и концепция габитуса в изучении репродуктивного поведения семьи
открывают перед нами новую плоскость, на которой возможно иное понимание многообразных
его аспектов. На мой взгляд, эти концепции хорошо дополняют друг друга. Идея сетей может
использоваться при объяснении действий и поведений индивидов, семей. Габитус, являясь
продуктом самой сети, до определенной поры воспроизводит практики этой сети. То есть
габитусы являются инкорпорацией сети. Практики, которые порождает габитус взаимопонятны и
настроены на саму сеть. Благодаря габитусу сохраняется или нет социальный порядок сети. Как
отметил Пьер Бурдье: «В тех социальных формациях, где воспроизводство отношений господства
(а также экономического и культурного капитала) не обеспечивается объективными механизмами,
требуется непрерывная работа по поддержанию отношений личной зависимости, которая заранее
обречена на провал, если она не может рассчитывать на постоянство габитусов, сформированных
социально и постоянно укрепляемых индивидуальными или коллективными санкциями.
Социальный порядок в этом случае базируется главным образом на порядке, который царит в
головах и в габитусе, т. е. организм в качестве группы усваивает данный порядок и в дальнейшем
требует его от группы, функционирует как материализация коллективной памяти,
воспроизводящей в преемниках достижения предшественников. Стремление группы сохранить
свое бытие, которое тем самым оказывается обеспеченным, функционирует на гораздо более
глубинном уровне, чем “семейные традиции”, постоянство которых предполагает сознательно
культивируемую верность и плюс к тому сторожей, а отсюда - их чуждая, по сравнению со
стратегиями габитуса, ригидность (ведь габитус при возникновении новой ситуации способен
придумать новые средства выполнения старых функций); на уровне более глубоком, чем
сознательные стратегии, с помощью которых агенты пытаются активно воздействовать на свое
будущее и лепить его по образу и подобию прошлого, как в случае распоряжений по завещанию
или даже явно сформулированных норм, простые призывы к порядку, т. е. к возможному,
удваивают его эффективность.» [2, 105-106].
Анализ сетей высвечивает структуру реально существующих социальных связей, являясь,
таким образом, полезным исследовательским инструментом, позволяющим изучать различные
уровни социальных порядков. Во многом изменения, происходящие с семьей, зависят от
поведения ее социальной сети. От установок, норм и правил жизни этой сети, которые влияют на
формирование габитуса . «…понять, что есть габитус, можно только при условии соотнесения
социальных условий, в которых он формировался (производя при этом условия своего
формирования), с социальными условиями, в которых он был «приведен в действие»» [2, 109].
Именно социальные сети производятся и воспроизводятся благодаря габитусу.
Что включает в себя репродуктивное поведение. Данный феномен представляет собой
систему действий и отношений, опосредующих рождение определенного числа детей в семье (а
также вне брака) и является структурно сложным. «Основными структурными элементами
236
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
феномена репродуктивного поведения являются нормы и ценности; потребность в детях;
репродуктивные установки и мотивы; многообразие семейной ситуации и условия жизни,
способствующие либо препятствующие реализации потребности в детях; процесс избирательного
оценивания условий реализации потребностей в детях; итоговое число детей в семье. Названные
элементы обладают множеством связей друг с другом, изменения одного из элементов вызывают
преобразования в остальных компонентах» [3, 359]. Размер и число детей – это не просто
механическое суммирование элементов. Эти показатели связаны с интегральным показателем
всего образа жизни семьи и той сети, в которой она находится.
Репродуктивное поведение в большей степени может быть детерминировано самой
социальной сетью. В конце концов, многие события семейной жизни – брак, рождение, разводы и
мн. др. касается лишь узкого (или широкого) круга родственников, близких к семье людей,
многолетних друзей и т.д. То есть действия членов семьи, супругов друг на друга являются куда
важнее, чем действия государства, правительств, президентов. Президенты не могут решать, кому,
сколько и когда иметь детей. Именно в сетях формируются и воспроизводятся нормы и ценности,
обуславливающие потребности человека. Социальные сети оказывают значительное влияние на
формирование потребностей человека. Различные типы сетевых структур обеспечивают
различные уровни преимущества (дети, карьера и др.). Социальная сеть состоит из отношений
человека с родственниками, друзьями, соседями, сотрудниками, и другими знакомыми с которыми
он взаимодействует. Каждый член семьи, включая детей, имеет личную сеть и все вместе эти сети
могут включаются в социальную сеть семьи.
В репродуктивном поведении семьи важную роль играют сети родственных связей. В одних
условиях, семья встроена в социальную единицу типа села, деревни, населенной родственниками
и т. д., где связи родства достаточно сильные. Семейные посещения могут быть частыми и
расширенными, дети свободно циркулируют и чувствуют себя как дома в нескольких
домохозяйствах. В других, размер многих больших домохозяйств уменьшается, ослабляются
отношения между членами семьи и родственной сети.
Слабые сети открыты по своему характеру и это позволяет ее членам быстро включаться в
новые системы взаимоотношений. По мнению Барри Уэллмана, «через слабые связи
интегрируются социальные системы и обеспечивается распространение информации. Более того,
множество слабых связей в этом смысле действеннее, чем несколько сильных связей. Сильные
связи соединяют людей, вращающихся в своих социальных кругах и, следовательно, обладающих
одной и той же информацией. Слабые связи соединяют людей, которые вращаются в разных
кругах общества и узнающих новое для себя» [4, с. 79]. Такое обстоятельство способствует
изменению и трансформации так называемых традиционных форм семейной жизнедеятельности.
Семьи со слабыми родственными связями представляют собой сети, которые характеризуются
хрупкой идентичностью и слабым ядром. Таким семьям сложно «защищать» миф об
естественности традиционной модели семьи. Чем больше семья открыта альтернативным моделям
поведения, тем больше это влияет на автономизацию ее сфер – брачности, сексуальности,
прокреации. Это в свою очередь становится глубинным фактором изменения репродуктивного
поведения в целом. Можно предположить, что «календарь» рождений социализирующихся в
семьях с тесными родственными связями, сильными социальными сетями, в большинстве случаев,
содержит более высокие показатели, чем у тех, кто является представителем слабых сетей и имеет
меньший капитал в виде родственных связей.
Таким образом, от того, в какой сети социализируется индивид, формируется его габитус,
зависит его репродуктивное поведение. Социальная сеть влияет на формирование иерархии
потребностей у индивида, в частности, на потребность в детях. Члены семьи и их поведение как
узлы определенных социальных сетей являются не причинами, а результатами этих сетей. Любая
стабильность,
устойчивость
и
идентичность
сети
является
результатом
системы
взаимоподдерживающих и взаимоопределяющих связей.
Достарыңызбен бөлісу: |