Список использованной литературы
1. ИЯШ 16 октября 2008 г.
2. Архарова Т.А. Профессиональный английский язык для представителей авиакомпаний.
3. Типовая учебная рабочая программа для технического и профессионального образования по
дисциплине «Профессиональный английский язык» для специальгости 120200 «Организация пере-
возок и управление движением на воздушном транспорте».
Резюме
В статье Бейсебековой М.И. и Тельбаевой М.Ж. рассматриваются вопросы нетрадиционных ме-
тодов обучения профессиональному английскому языку в технических учебных заведениях.
Болтаева Әлия Масақбай қызы
әл – Фараби атындағы ҚазҰУ
Жалпы және этникалық психология кафедрасының аға оқытушысы,
психол. ғылым. кандидаты
ЖОҒАРЫ ЗАҢ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ МАМАНДАРДЫ ДАяРЛАУ
ЖҮЙЕСІНІҢ ИННОВАЦИяЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ
Жоғары кәсіби білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес жоғары заң оқу
орындарындағы оқу жоспарында болашақ заңгердің кәсіби әрекетіне тікелей неме-
се жанама қатысты әр түрлі пәндердің тізімі қамтылған. Осы пәндер арқылы алған
білімдер жүйесін кәсіби әрекет барысында пайдалану мүмкіндігі студент үшін де
өте маңызды болып саналады. Нақ осы жағдайда ғана оқытыла тын пәндерді иге-
ру студенттің бойыңда белсенділік тудырып, болашақ кәсібіне қажетті пәндердің
маңыздылығы мен мәнін саналы түрде ұғынуына, яғни кәсіби білім алу мәнділігі
тұлғалық мағынасына айналады деп айтуға болады.
Біз кәсіби білім алу мәні мен тұлғалық мағына арақатынасы мәселесін қарастыра
отырып, А.Н. Леонтьевтің олардың арасындағы принциптік қайшылықты «мәннің-
қоғамдық тарихи тәжірибеде, еңбек құралдарында, әлеуметтік нормалар, қоғамдық
60
құндылықтар, тілдік ұғымдарда нақтылануы мен мәннің – «мен үшін», яғни
тұлғалық мағынада нақтылануы арасындағы сәйкессіздігі» ретінде айқындайтын
[1, 236-237 бб.] тұжырымын басшылыққа аламыз. Себебі, барлық дәстүрлік кәсіби
оқыту-тәрбиелеу жүйесі жеке адамды белгілі бір мәнге ие болуға жұмылдырғанымен,
мүнда мән нағыз реттеуші бола алмайды. А.Н. Леонтьев тілімен айтқанда; – «мәнді
білуге, түсінуге, игеруге болады, бірақ ол өмірлік процестерді басқару мен реттеу-
ге жеткіліксіз: нағыз мықты реттеуші «тұлғалық мағына» болып табылады» [1, 239
б.]. Бұл арада тұлғалық мағына ретінде-жекелей алғанда, жетекші мотив, тұлғалық
құндылықтар мен кәсіби әрекетке бағыттылықтар, әрекеттер, мотивацияның
субъективті маңыздылығының жоғарылығын сезіну қарастырылады.
Бұл бағыттағы біздің зерттеу көзқарастарымыз гуманистік психологияның
көрнекті өкілі Г. Олпорттың кәсіби білім беру жүйесіндегі оқытушының көп уақыты
оқу жоспарына сай ақпараттарды беру («білімдер категориясы») мен студенттердің
білімін бағалауға кетеді. Нәтижесінде, білімдер категориясын «маңыздылық катего-
риясына» айналдыруға өте аз уақыт бөлінгендіктен студент тұлғасының оқытылатын
материалдан алшақтауы заңдылық болып табылатындығы туралы пікірімен толық
үндестік табады [2, 295-300].
Біздің ойымызша кәсіби білім беру мазмұны мен процесіңдегі ең басты мақсат
– жоғары білікті маманды даярлау болғандықтан кәсіби даярлау пәндерін іріктеу
ғылыми білімдер мен кәсіби әрекет бағытын бірмезгілде қамтамасыз ету қажет. Сонда
ғана оқу пәндерінде бейнеленетін ғылым негіздері даярлау бағыт ымен анықталып,
болашақ кәсіби әрекет пен тікелей байланысты жүзеге асады.
Нәтижесінде жоғары кәсіби білім беру жүйесіндегі оку пәндері материалдарын
осылай құрастыру болашақ маманды даярлаудың іргетастық және кәсіби біліктілік
мәселелерін шешуге мүмкіндік береді әрі жоғары оқу орындарындағы оқу пәндерінің
ғылыми мазмұны мен болашақ кәсіби әрекет арасында өте тығыз байланыс орнай-
ды. Басқаша айтқанда, танымдық мотивацияның жүзеге асуы кәсіби мотивацияның
(кәсіби білім, іскерлік, дағдылар) дамуын қамтамасыз етеді.
Осы бағыттағы зерттеулер нәтижесінде анықталғандай (А.А. Вербицкий)
жоғары оқу орындарына түскен студенттердің кейбірі мамандыкқа деген нейтрал-
ды, тіпті жағымсыз қатынаста болатындығы және ол оқу орнын аяқтағанға дейін
осылай жалғасуы мүмкін. Ал, мамандыққа деген бастапқы жағымды қатынас оқу
процесі кезінде нейтралды немесе жағымсыз жағдайға ауысып кетуі де мүмкін
[3]. Анықталған жайттар біздің болашақ мамандарды даярлау жүйесінің мазмұны
ғылыми-пәндік және әлеуметтік ғана емес, оның кәсіби мотивациясының дамуын
қамтамасыз етуі керек деген зерттеу көзқарастарымыздың өзектілігін арттыра түседі.
Болашақ мамандардың кәсіби мотивациясының дамуының маңызды шарттарының
бірі-оқыту-даярлау процесінде болашақ кәсіби әрекеттің түрлі элементтерін толық
қамтамасыз ету.
Е.И. Савонько өз зерттеулерінде оқу-танымдық мотивінің қозғаушы және
операциялық негіздерін бөліп шығара отырып, оқу іс-әрекетінің ішкі мотивінің
қызметі мен психологиялық мазмұнын айқындайды. Оның пікірінше, оқу мотивінің
негіздерін осылайшы бөлу субъектідегі өз іс-әрекетін барысын ұйымдастыру мен
қадағалауының ерікті механизмінің қалыптасуына әкеледі [4].
Біздің зерттеу болжамымыз бойынша, жоғары оқу орындарында болашақ ма-
мандарды даярлау студентті біртіндеп, оку, квази-кәсіби және оқыту-кәсіби
әрекетіне қатыстыра отырып, болашақта кәсіби әрекетке қажетті игерілетін білім,
іскерлік, дағдыларға тұлғалық мағына беру және кәсіби даярлықты үйымдастырудың
бірізділігімен, жүйелілігін қамтамасыз етуі тиіс.
61
Осыған орай қалыптасқан зерттеу болжамын дәлелдеу мақсатында біз өз
алдымызға олардың жетекші іс-әрекеті ретінде кәсіби оқу-даярлық пәндерінің
болашақ мамандар үшін маңыздылығын нақтылау және оның заңгердің кәсіби мо-
тивациясымен өзара байланыс деңгейін анықтау міндетін қойдық.
Бұл міндетті жүзеге асыру барысында Т.Д. Дубовицкаяның «Болашақ маманды
кәсіби даярлаудағы оқу пәндерінің маңыздылығы» сұрақтамасының мемлекеттік
тілдегі нұсқасы өңделді. Бұл сұрақтаманың маңызды ерекшелігі – зерттелуші бір
мезгілде бірнеше пәндерге қатынасын білдіре алады және мұнда ұстаз тұлғасы
емес, тек қана кәсіби даярлық пәнінің маңыздылығы бағаланады. Сұрақтаманың
нәтижелерінің сенімділігін жоғарылату мақсатында жағымды және жағымсыз жау-
аптар, яғни «иә» немесе «жоқ» вариантары әр шкаланың пункттері бойынша бірдей
теңестірілген. Сонымен қатар, зерттелуші жауаптарының біржақтылығын төмендету
үшін жауап беру мүмкіншіліктері кеңейтілген. Нәтижелерді өңдеу барысында жау-
аптар екі; жағымды, жағымсыз категорияларға топтастырылады. Сұрақтама шкала-
ларына сипаттама.
1. Оқу пәнінінің болашақ маманды даярлау үшін маңыздылығы шкала-
сы (КД) 10-тұжырымдамадан тұрады. Бұл шкала бойынша жоғары баллдар сту-
дент үшін, бұл пән өзінің болашақ кәсіби әрекетке даярлығында маңызды болып
қабылданады. Сондықтан да оқу пәнінің мазмұны мен оқу тапсырмалары студент
пікірінше, өз болашақ мамандығына тікелей қатысты болғандықтан танымдық және
кәсіби жоғары маңыздылыққа ие болады. Мұндай жағдайда өзінің болашақ кәсіби
біліктілігін жоғарлатудың негізі ретінде түсінгендіктен кейбір пәндердің қиындығы
болашақ маман бойында қорқыныш тудырмайды.
Бұл шкала бойынша төменгі көрсеткіштер студент үшін пәндердің болашақ
кәсіби әрекетке қатыстылығы мен маңыздылығын түсіну деңгейінің төмендігін
көрсетеді. Бұл жағдайда студент пәнді тек мұғалімге жауап беріп, тиісті бағасын алу
үшін ғана оқып-үйренеді. Нәтижесінде пәннің кәсіби даярлықтағы маңыздылығы
екіншілік сипатқа ие болады.
2. Оқу пәндерінің маманның кәсіби мотивациясын дамыту үшін маңызды-лығы
(KM) шкаласы 8-тұжырымдаманы құрайды. Бұл шкала бойынша жоғары баллдар
оку сабақтары кезінде студент өз таңдаған мамандығының дұрыстығына толық көз
жеткізеді және оқу пәні студент бойында мамандыкқа деген қызығу туғызып, алған
білімдерін болашақ кәсіби әрекетінде пайдалану, өз мамандығы саласында қызмет
етуге деген жағымды ниет қалыптастырады. Оқу процесінің өзінде-ақ ол өзін ма-
ман ретінде көрсету мүмкіншілігінен қанағат алады. Нәтижесінде болашақ маман
бойында өз таңдаған мамандық саласыңда болашақта зор жетістіктерге жетуте де-
ген сенімділік пайда болады. Мұның өзі болашақ маманның кәсіби бағыттылығын
қалыптастырудағы жоғары білім беру жүйесіндегі негізгі мотивациялық фактор бо-
лып табылады.
Төменгі көрсеткіштер оқу пәндері барысында студенттің болашақ мамандығына
деген қызығушылығының төмендеуі, сенімсіздік, тандаған мамандығына де-
ген өкініш сезімін білдіреді. Бұл әсіресе, оның кәсіби бағыттылығының айқын
қалыптаспауы немесе пәндерді игерудің қиындығы жағдайларында анық байқалады.
Зерттелушілердің индивидуалды және топтық мәліметтерін өңдеуде қандай
шкала баллдарының қосындысы жоғары болса, сол шкаланың зерттеу мәліметтері
жоғары бағаланады. Зерттеуге қатысқан заңгерлердің мәліметтерін өңдеу бары-
сында оқу жоспарына сай кәсіби даярлық пәндер жиынының көрсеткіштерінің
маңыздылығы, яғни болашақ заңгерлер үшін осы бағыттағы білімдердің
маңыздылығының басымдылығы айқындалды. Аталмыш екі шкаланың сенімділік-
62
сәйкестілігі Ч. Спирмен-Браунның формуласы бойынша анықталып келесідей
көрсеткіштер алыңды.
І Оқу пәнінінің болашақ маманды даярлау үшін маңыздылығы (КД) шкала-
сы бойынша алынған мәліметтердің сенімділік-сәйкестілік коэффициенті-0, 95
(р>0.01) (Ч. Спирмен-Браун).
2. Оқу пәндерінің маманның кәсіби мотивациясын дамыту үшін маңыздылығы
(KM) шкаласы сенімділік-сәйкестілік коэффициенті-0, 87 (р>0.01) (Ч. Спирмен-
Браун).
Зерттелуші мәліметтерінің субъективтілігінің критерийін бағалау үшін,
зерттелушілермен әңгіме барысында кандай пәндердің болашақ мамандықты игеру
үшін маңызы жоғары және қаңдай пәндердің ешқаңдай маңызы жоқ екендігі тура-
лы пікірлері анықталынып, ол әдістеме бойынша алынған шкалалық мәліметтердің
қорытындысымен салыстырылды. Басқаша айтқанда жүргізілген тесттік
сүрақтаманың мазмұндық валидтілігі тексерілді.
Сонымен қатар әдістеме мәліметтерінің сенімділік-түрақтылық (ретестовая на-
дежность) критерийін анықтау мақсатында қайталама тест (2.5 айдан соң) жүргізілді.
Қайталама тестке алғашқы тестке қатысқан зерттеу тобының (300 студент) арасынан
таңдау тобы іріктелініп (200 студент) қатыстырылды. Қайталама тесттің нәтижесі де
алғашқы жүргізілген зерттеудің мәліметтерінің сенімділігін толық дәлелдеді: 0.92;
0.90 (р>0.01). Екі шкала бойынша алынған мәліметтердің корреляциясы екі жағдайда
да (0.85 (р>0.01)) бірдей мәнге ие және сұрақтама шкалалары бойынша алынған
топтық мәліметтерінің таралуының қалыпты үлестірімге жақын орналасқан.
Алынған мәліметтерге сүйене отырып, болашақ заңгерлердің кәсіби
бағыттылығы мен кәсіби мотивациясының жағымды қалыптасуына жоғары заң оқу
орындарындағы (жалпы құқықтық, арнайы-мамандық, әлеуметтік-гуманитарлық)
оқу пәндері маңызды әсер етеді деген тұжырым жасауға болады. Зерттеу
мәліметтерінің статистикалық мәнділігінің жоғары көрсеткіштері біздің жоғары
заң оқу орындарындағы кәсіби даярлық пәндерінің болашақ заңгердің кәсіби
мотивациясының даму деңгейіне маңызды ықпал жасайтындығы туралы болжамы-
мызды толығымен растайды.
Біздің ойымызша заңгерлердің кәсіби мотивациялық бағдарларын кәсіби
даярлықтың түрлі кезендерінде зерттеу – олардың жекелеген пәндерді игеруі,
тұлғалық бағыттылығы, ғылымға деген қызығуының тұрақтылығы, ұмтылыстары
мен қажеттіліктері, белсенділіктері мен мақсатқа бағыттылығы, мотивациялық
жүйесінің тұрақтылығы туралы акпараттар алуға мүмкіндік берді. Алынған
мәліметтерді жан-жақты, жіті талдау заңгерлердің қабілеттері мен білімдерінің
кәсіби оқыту мен кәсіби әрекет талаптарына сәйкестігі туралы тұжырымдауға жағдай
жасайды. Өзіндік бағалау бойынша жүргізілген анкеталық сұрақтамалар олардың
заңгердің өзін жақсы тануға, және мінездің, кәсіби қабілеттің сапаларын дамытуға
көмектесетіндігін айқындады, яғни адам тек өзін тану, өзін тануға ұмтылу арқылы
кез-келген әрекетте табысқа жетуге болады.
Біз зерттеу барысында, өзіндік бағалаудың жеке адамның интегралды қүрылымы
ретіндегі сезімталдық сипатын есепке ала отырып, зерттеу анонимділігін, яғни
респондентті нәтижелердің оқытушылармен қарым-қатынас және оқу үлгеріміне
ешқандай қатысы жоқ екендігіне сендіру арқылы жауаптың сенімділігін қамтамасыз
етуге жағдай жасадық.
Зерттеу жүйесінің әрбір компоненті өзіндік ерекшеліктерге ие бола отырып, бір
мезгілде олар өзара тәуелді, өзара шарттасқан және әрқайсысы болашақ маманның
кәсіби мотивациялық-бағыттылығының қалыптасуын жеделдетуге ықпал ете ала-
63
ды. Сонымен, заңгерлердің бағыттылығының қалыптасуының жетекші бағыты
– олардың теориялық-практикалық дамитындығы, кәсіби мотивациясының
тұрақтылығы және кәсіби қажетті сапалары болып табылады.
Біздің зерттеу көзқарастарымыз бойынша заңгерлердің өзіндік бағалаулары
сенімді ақпарат көзі болумен қатар, зерттеушілер бойында өзі туралы қажетті
білімдердің көлемі қалыптасуының нәтижесінде олардың кәсіби жарамдылығын
болжаудың негізі болып табылады. Ал, бұл мәселеге деген тұлғалық-әрекеттік бағыт
адамның қазіргі әрекеті бойынша, оның болашақ кәсіби әрекетке даярлығының
табыстылығын бағалауға мүмкіндік береді.
Осылайша, заңгерлердің кәсіби мотивациялық бағдарларының диагно-
стикасы кәсіби оқытудың әрбір этапының соңғы нәтижелерін: жоғарғы заң
оқу орындарындағы түлектердің біліктілік мінездемелерін жетілдіру; оқу-
бағдарламаларындағы кәсіби даярлау жүйесін жетілдіруге; жеке адамның инте-
гралды құрылымдары (өзіндік бағалау, белсенділік, бағыттылық) мен заңгердің
кәсіби маңызды қасиеттерін дамытуға; заңгердің болашақ кәсіби әрекетіне деген
қатынасын кәсіби мотивациялық-құндылықтары ретінде анықтауға ықпал етеді.
Бұл жайт біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігін арттыра түседі. Олай бол-
са, заңгерлердің кәсіби мотивациялық құндылықтарын қалыптастырудың маңызды
міндеттерін шешуге, олардың бойындағы кәсіби білім алуға деген тұлғалық тұрақты
бағыттылықты қалыптастыру арқылы қол жеткізуге болады. Себебі, таңдаған
мамандықты өз ішкі жан-дүниесінің құндылығы ретіңде қабылдау-болашақ
маманның кәсіби белсенділігін туғызады. Кәсіби мотивациялық құрылымның
құндылықтар жүйесі жаңа мазмұн мен жаңа қажеттіліктердің қатарымен толығады.
Біз зерттеуіміздің басты мақсатына орай (болашақ заңгерлердің кәсіби
мотивациясының ерекшеліктерін анықтау) эксперименттік зерттеу барысын-
да алынған мәліметтерді өңдеуде алғаш индивидуалды, кейіннен курстың топтық
көрсеткіштерін анықталып, ең алдымен, болашақ заңгерлерге тән мотивация лық
ерекшеліктерді айқындап, кейіннен, бақылау тобының мәліметтерімен салыстыр-
малы талдау жасадық.
Алынған мәліметтерге сүйене отырып, заңгерлердің жеке адамдық
кұрылымыңдағы мотивациялық компоненттердің, оқу, кәсіби даярлық бары-
сында өзара үйлесімділікпен даму тенденциясының прогрессивті көрсеткіштеріне
ие болатыны анықталды. Шкалалық көрсеткіштердің бұлайша өзгеріске түсуі,
заңгердің болашақ мамандыкқа даярлық барысындағы кәсіби білімдердің
күрделенуі, практикалық әрекетке араласу, мамандыққа бейімделуге байланысты
деп тұжырымдауға болады.
Болашақ заңгерлердің кәсіби құндылықтар жүйесі мен анықталған кәсіби
мотивациялық типтерінің эмпирикалық зерттеу көрсеткіштерінің критикалық мәні
бойынша олардың өзара байланыс деңгейінің г
sэмп
> г
sкр
(р=0, 01) жағдайы зертеу
барысындағы болашақ заңгерлердің кәсіби мотивациясы олардың мамандыққа
кәсіби құндылық бағдарларының нәтижесінде қалыптасады деген болжамды
толығымен дәлелдейді.
Зерттеу мәліметтерді статистикалық талдау жұмысының келесі кезеңінде
эксперименттік зерттеудің келесі болжамын дәлелдеу үшін болашақ заңгерлердің
кәсіби жарамдылық факторларының (B, C, G, Q) кәсіби даярлық барысыңда
өзгеруін Джонкирдің тенденциялық критерийі (S) арқылы анықталды. Мұндағы
болашақ заңгерлердің барлық кәсіби жарамдылық факторлары-ның S
эмn
>S
Kp
(р<0,
01) жағдайы біздің болашақ заңгерлердің кәсіби мотивациясы мен тұлғалық кәсіби
жарамдылық факторларының кәсіби оқу-даярлығы барысындағы өсу тенденциясы
кездейсоқ еместігі туралы болжамымыздың растығын дәлелдейді.
64
Зерттеу мәліметтерін статистикалық өңдеу барысында болашақ заңгерлер дің
кәсіби мотивациясының ерекшеліктерін анықтау үшін зерттеу тобы мен бақылау
тобы көрсеткіштерінің салыстырмалық өңдеуі жүзеге асырылды. Мұнда зерттеу тобы
мен бақылау тобының кәсіби мотивациялық бағыттылығының ерекшеліктерімен
қатар кәсіби мотивациялық профилдерінің арасындағы айырмашылық деңгейі
Манна-Уитнидің U-критерийі арқылы анықталынып, пайыздық көрсеткіштерінің
салыстырмалы статистикалық талдауы жасалынды.
Біздің зерттеу көзқарастарымыз бойынша, қоғамның қазіргі өзгермелі
жағдайларында жоғары білікті мамандарды даярлау-болашақ маманды кәсіби оқыту-
даярлау жүйесінің алғашқы қүндерінен бастап-ақ осы жүйенің белсенділігімен,
өнімділігіне тікелей байланысты деуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Леонтьев, А.Н. Избранные психологические произведения // Соч.: Т 2 . – М.: Педагогика,
1983. – Т. 2.- С. 162-210.
2. Хъелл, Л., Зиглер, Д. Теории личности. СПб., 2005. – С. 271-303.
3. Вербицкий, А.А. Активное обучение в высшей школе: контекстный подход. – М.: Высшая
школа, 1991. – С. 87-96.
4. Савонько, Е.И. Мотивация как внутренний фактор повышения эффективности обучения //
Сборник научных трудов. Выпуск 179. М., – 1981. –С. 30-39.
5. Болтаева Ә.М. Болашақ заңгерлердің кәсіби мотивациялық сферасын психодиагностикалық
зерттеудің өзекті мәселелері // Қайнар Хабаршысы. 2005. № 1(3).
И.Ж. Бодыбаева
Магистрант Международного казахско-турецкого
университета имени К.А. Яссауи
ПРОЕКТИРОВАНИЕ БАЗЫ ДАННЫХ КОНТИНГЕНТА СТУДЕНТОВ ВУЗА
В УСЛОВИяХ КРЕДИТНОЙ ТЕХНОЛОГИИ ОБУЧЕНИя
Бурное развитие компьютерных технологий позволило существенно облегчить
труд сотрудников в области образовании и любых производств, дав тем самым воз-
можности дальнейшему повышению качества работы.
Информационные технологии – это совокупность методов, производственных
процессов и программно-технических средств, объединенных в технологическую
цепочку, обеспечивающую сбор, обработку, хранение, распространение (транспор-
тировку) и отображение информации с целью снижения трудоемкости процессов
использования информационного ресурса, а также повышения их надежности и
оперативности [1].
Проектирования баз данных и построения программы ведения электронной до-
кументации учебного заведения производится с помощью информационных техно-
логий. В качестве инструмента построения базы данных использованы SQL Server и
язык программирование Visual Basic. С самого начала эту СУБД отличала простота
использования в сочетании с широкими возможностями по разработке закончен-
ных приложений. Базы данных составляют в настоящее время основу компьютер-
ного обеспечения информационных процессов, входящих практически во все сфе-
ры человеческой деятельности. Предметной областью называется фрагмент реаль-
65
ности, который описывается или моделируется с помощью базы данных и ее прило-
жений. В предметной области выделяются информационные объекты – идентифи-
цируемые объекты реального мира, процессы, системы, понятия и т.д., сведения о
которых хранятся в базе данных.
Действительно, процессы обработки информации имеют общую природу и опи-
раются на описание фрагментов реальности, выраженное в виде совокупности взаи-
мосвязанных данных. Базы данных являются эффективным средством представле-
ния структур данных и манипулирования ими. Концепция баз данных предполага-
ет использование интегрированных средств хранения информации, позволяющих
обеспечить централизованное управление данными и обслуживание ими многих
пользователей. При этом базы данных должна поддерживаться в среде компьютер-
ных технологии единым программным обеспечением, называемым системой управ-
ления базами данных. СУБД вместе с прикладными программами называют банком
данных.
Для ввода в компьютер полученное описание должно быть представлено в тер-
минах специального языка описания данных, который входит в комплекс средств
СУБД. Простое (элементарное) данное – это наименьшая семантически значимая
поименованная единица данных (например, ФИО, должность, адрес и т.д.). Значе-
ния простого данного описывает представленную им характеристику объекта для
каждого экземпляра объекта. Имена простых данных хранятся в описании БД, в то
время как их значения запоминаются в самой БД.
В условиях кредитной технологии обучения в вузах разрабатываются автомати-
зированные системы управления студентов. Например, В Кызылординском госу-
дарственном университете имени Коркыт Ата разработана программа для студен-
тов, где представлены все данные о студентах [2].
База данных студентов состоит из анкетных данных, запросах, об оплате, об
успеваемостях и т.д. (рис.1). Автоматизированная рабочая место «Студент» позволя-
ет студенту получать информацию об успеваемости, данные об оплате, участвовать в
анкетировании «Преподаватель глазами студента», вносить предложения и заявле-
ния администрации вуза по корпоративной и глобальной сети через Интернет.
66
Рисунок 1. Анкетные данные студентов
В заключении надо отметить, что развитие информационных технологии об-
легчить труд сотрудников вуза в условиях кредитной системы образования, так как
принцип организации учебного процесса сильно отличается от традиционного.
Список использованной литературы
1. Иванова Г.С. Технология программирования: Учебник для вузов. – 3-е изд., перераб. и доп. –
М.: Изд-во МГТУ им. Н.Э. Баумана, 2006. – 336 с.: ил. (Сер. Информатика в техническом универси-
тете.)
2. Момынбаев Б.К., и др. Применение информационных технологий в управлении образова-
тельной деятельностью вузов в условиях кредитной системы обучения.// Сборник трудов III Между-
народной научно-практической конференции университетов «Университеты и общество. Сотрудни-
чество и развитие университетов в XXI веке», г. Москва, 23-24 апреля 2010 г.
67
Габдулина Айнур Жумагазыевна
к.и.н., ст. преподаватель кафедры истории Казахстана
Астана, Казахский агротехнический университет им. С.Сейфуллина
Достарыңызбен бөлісу: |