Білім беру саласы «Шығармашылық» ҰОҚ: Сурет салу (дәстүрден тыс сурет салу)
Тақырыбы «Табиғат бұрышындағы аквариум»
Мақсаты: табиғат бұрышындағы аквариумдегі балықтарды әртүрлі бағытта дәстүрден тыс (саусақ пен алақанмен) әдісі арқылы бейнелеу жайлы ұғым беру.
Көркем шығармашылық, және біліктілік қабілеттерін дамыту. Сурет салу кезінде бір біріне көмек көрсете білуге және досының еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу
Әдіс-тәсілдері:сұрақтар, түсіндіру, көрсету, ойын, мадақтау.
Құралдар:жұмыс дәптері, желім, сүлгі, қылқалам.
Билингвалды компонент: балық – рыба - fish.
І. Кіріспе бөлім. Шаттық шеңбері:
Бір шаңырақ астыңда,
Тату – тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
ІІ.Негізгі бөлім : Ғажайып сәт Алтын сандық (сандықтың ішінде аквариум, ойыншық балықтар мен ұлулар бар)
Жұмбақтар Төртбұрышты шыны үй,
Терезесі жоқ, іші толы су.
Осы үйдің тұрғындары,
Шетінен шебер жүзгіштер.
Басса, ізі жоқ,
Жүрсе, жолы жоқ.(Ұлу.)
Бала: -Ұлу.
Суда өседі,өнеді,
Сыртқа шықса өледі. (балық)
Бала: - Балық.
Тәрбиеші: - Балық екенін қайдан білдіңдер?
-Балық қандай болады?
Бала: - Балықтың денесі, құйрығы болады.
Тәрбиеші: - Балалар, бүгін аквариум және оның тұрғындары туралы әңгімелейміз, қараңдаршы, бұл‑ су асты әлемі.
-Аквариумның түбінде не бар?
Бала: - Су түбінде тастар бар.
Тәрбиеші: - Тас не үшін керек?
Бала: - Балық жасырынып қалу үшін.
Дидактикалық ойын: «Балық аулау» Ойын шарты: балалар, бізде шағын өзен бар, оның ішінді түрлі балықтар жүзіп жүр.
Шортан, сазан, атбасты балық, алтын балық.
Қармақпен балықтарды аулап алумыз қажет. Аулап алған балығымызды сипаттап беруіміз керек.
-Жасар, сен қандай балық ұстап алдың?