Тәрбиеші: -Жауаптарын дұрыс болды, жақсы әуен ойналды.
Қарауыл: - Балалар, жемістерді пішіндеріне қарай атап бердіңдер. Рахмет!
Қараңдар, менің себетім жемістерге толып кетті, олар қандай түсті?
Балалар: - Олардың бәрінің түстері жоқ.
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар, олар түссіз.
- Енді бәріміз сиқырлы түстердің көмегімен түстерін енгізіп береміз.
Сурет салу әдіс-тәсілі: Сары түсті бояумен көк түсті бояуды араластып жасыл түсті бояу жасаймыз. Қызыл + жасыл= қоңыр түсті бояу болады, қызыл + сары = қызғылтсары түс пайда болады. Бояу түстерін дайындап алып, кесіген алманың жартысына бояуға батырып, трафарет үстінен басып бояп шығамыз.
Тәрбиеші: - Алмұрттың түсі қандай түсті бояумен боямыз?
Бала: - Алмұрт жасыл, сары түспен боямыз.
Әуен ырғағымен жұмыс жасаймыз.
Жеке жұмыс. Қарауыл: - Ой, қандай әдемі түстер пайда болды, кермет!
Тәрбиеші: - Енді жемістер салынған қағазды қатты басып, жемістің сұлбасын шығарамыз (сол қолмен қағазды ұстап, екі қолмен басамыз).
-Айша сенде қандай жеміс пайда болды?
Айша: - Менде қызыл түсті алма пайда болды.
Қарауыл:- Балалар, енді жемістерінді себетке салыңдар. Көздеріңді жұмыңдар, менде сиқырлап көрейін.
ІІІ. Қорытынды бөлімі – рефлексия: Тәрбиеші: - Бақшада нелер өседі?
Бала: - Бақшада жемістер өседі.
Тәрбиеші: - Қандай жемістерді білесіңдер?
Бала: - Алма, алмұрт, шабдалы.
Тәрбиеші: - Бізге жемістер не үшін керек?
Бала: - Жемістерден аналарымыз тосап жасайды, олардың бойында дәруменде көп болады.
Тақырыпты қорытындылап, балаларды тапсырманы орындау белсендігіне қарай мадақтау.
№2
Білім беру саласы «Шығармашылық» ҰОҚ: Сурет салу (дәстүрден тыс сурет салу)
Тақырыбы Гүлдің күлшелерін тауып беруге көмек беру.
Мақсаты: дала гүлдері мен бөлме гүлдерінің ерекшелігі туралы түсініктерін кеңейту. Өсімдіктердің пайдасы туралы ойларын толықтыру. Дәстүрден тыс сурет салу әдісі арқылы гүлдердің бейнесін салуды түсіндіру және бояу түстерін үйлесімді қолдана білуге жаттықтыру.