Сурет салудың сиқырлы әлемі



бет8/74
Дата01.09.2023
өлшемі3,6 Mb.
#105825
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   74
Байланысты:
пленка сурет

Әдіс-тәсілдері: сұрақтар, түсіндіру, ойын, сұрақ, жауап, мадақтау.
Құралдар: гүл күлшелері, сандар, суреттер.
Билингвалды компонент: гүл-цветы-flowers
І. Кіріспе бөлім.
Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы тандаймыз.
Жарқыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз.
ІІ.Негізгі бөлім :
Тәрбиеші: - Балалар, балабақшаға келе жатып бір қорап тауып алдым, ішінен мынандай дөңгелек бір нәрсе шықты ол не екен білесіңдер ме?
Қызықтыру сәті: (Аянышты дауыс шығады)
Гүл: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен гүлмін. Қар астынан өсіп шыға бергенімде қатты дауыл тұрып , менің күлшелерімді ұшырып жіберді тауып беріңдерші.( жылайды)
Тәрбиеші: - Сәлеметсіз бе, Гүл!
Жылама гүл сенің күлшелерінді тауып береміз. Балалар көмек береміз бе?
Дидактикалық ойын: "Не, қайда жасырынған?"
Ойын шартты: Ойын шарты бойынша өздеріңе ұнаған пішіндерді таңдап алыңдар, олардың артында аяқталмай қалған суреттер бар сол ненің суреті екен табыңдар.
Экранда әртүрлі заттар бейнеленген, заттарды атап және не жасырынғанын атап беру керек.
- Балалар, қараңдаршы сиқырлы экраннан бір нәрселер шығып тұрғандай қарап көрейік. Бұл не?
- Арслан құмыра артында не жасырынған?
- Қанша гүл жасырынған?
- Қазтамақ гүл қандай өсімдік түрі?
- Қайда өседі?
- Айша ағаш артында не жасырынған?
- Түймедақ гүлі қандай өсімдіктер түріне жатады?
Гүл: - Алақай, менің күлшем табылды.
Тәрбиеші: - Гүл , сізде қанша күлше болып еді?
Гүл: - Менде бес күлше болған.
Тағы да іздеп көрейік .
Тәрбиеші: - Балалар мен шар тауып алдым. Шардың ішінде бірдене бар, алып көреміз бе?
-Ол тапсырма екен.
1 тапсырма: « Гүлдердің орнын тап»
Құралдар: Гүлдердің кесіндері әртүрлі қалыпта тұрған.
Ойын ережесі: гүлдердің (өсімдіктің) көлеңкелерін тауып, орындарына қою керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет