Сурет салудың сиқырлы әлемі


ІІІ. Сурет салудың дәстүрлі емес техникалары бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтерінің конспектілері



бет6/74
Дата01.09.2023
өлшемі3,6 Mb.
#105825
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
пленка сурет

ІІІ. Сурет салудың дәстүрлі емес техникалары бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтерінің конспектілері

1


Білім беру саласы «Шығармашылық»
ҰОҚ: Сурет салу (дәстүрден тыс сурет салу)
Тақырыбы «Дәмді жемістер»
Мақаты: балаларды сурет салудың әртүрлі дәстүрден тыс тәсілдері мен таныстыру.
Балаларды сурет салудың әртүрлі дәстүрден тыс тәсілдерін пайдалана отырып, жемістердің бейнесін жасауға үйрету. Әсемдікті бағалай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, қарастыру, ойын, дәстүрден тыс сурет салу, қызықтыру, сұрақ –жауап, мадақтау.
Құралдар: жемістер муляждары, бақша суреті, параллон, жемістердың сұлбасы бейнеленген трафорет, сүрткіш
Билингвалды компонент: бақша-сад-qarden
І. Кіріспе бөлім.
Шаттық шеңбері:
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға.
Ертеңмене ақпейілмен,
Қайырлы таң тілейміз.
ІІ. Негізгі бөлім.
Тәрбиеші: - Балалар, бізге қонаққа бақшаның қарауылы келді.
Бақша қарауылы: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Менің бау-бақшамдағы жемістерімнің түстері жоғалып кетті. Білмеймін не болғанын?
Тәрбиеші: - Қарауыл, сіз уайымдаманыз бір шешімін табармыз.
Балалар жемістерге нелер жатады?
Балалар: - Алма, алмұрт, анар. т.б.
Тәрбиеші: - Оларқайда өседі?
Бала: -Жемістер бақшада өседі.
Қарауыл: - Мен сендерге өз жемістерімді әкелдім, сипаттап беріңдерші.
Дидактикалық ойын: «Сипап көр»
Ойын шарты: қағаз бетінде жеміс сұлбалары берілген, бала көзін жұмып, сұқ саусақпен басып сипау көру арқылы жемістердің атын атап беруі тиіс. Егер жеміс атауын дұрыс атасаңдар әдемі әуен ойналады, ал дұрыс болмаса, қатты дыбыс шығады.
- Алма қандай пішінді болады?
- Неге алма деп ойлайсың?
- Алма ащы ма, тәтті ме?
- Алмалар қандай түсті болады?
- Алма мен алмұрттың пішіндері бірдей ме?
- Алмұрт қандай түсті болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет