Тәрбиеші:-Балалар нан туралы, бидай туралы ертегілер білесіңдер ме?
Бала: - Нанды ұннан жасайды.
Тәрбиеші: - Мен сендерге «Нан қайдан келеді?» ертегісің оқып берейін.
-Нан қайдан келеді екен?
Бала: - Ұннан жасайды нанды.
Тәрбиеші:- Бидайды қайда апару керек, ұн жасау үшін?
Бала: - Ұнды жинапдиірменгеапарады және сол жерде ұн жасады.
Тәрбеиші: - Бидай қайда өседі?
Бала: - Бидай егісте өседі.
Қызықтыру сәті: - Мен сендерге бидай масағын әкелдім.
-Бидай масағы қандай болады екен?
Бала:- Бидай масағы ұзын, кішкентай дәндері бар.
Тәрбиеші:- Бидай масағы қандай түсті ?
Бала: - Бидай масағы сары түсті.
Сергіту сәті: Нан қиқымын шашпаңдар,
Аяқтарыңмен баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға беріңдер.
Дидактикалық ойын: «Мамандардың құралдарын тауып бер» Ойын шарты: әр маманның құралдары тауып сызып көрсетіңдер.
Тәрбиеші: -Егіншіге егін жинау үшінқандай құрал керек?
Бала: - Егіншіге егін жинауға орақ керек.
Тәрбиеші: - Наубайханаға қандай құрал қажет?
Бала: - Наубанға нанды пісіруі үшін ұн мен пеш керек.
Сурет салу әдіс-тәсілі: жоғарыдан төмен қарай ұзын бидай масағының сабағын сызып аламыз, одан кейін сабақтың жоғарғы бөлігіне күрішті жабыстырып, бидай дәнін жасаймыз, содан соң үстін сары түсті бояумен бояймыз.
«Сәбіз салаты» саусақ ойыны Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)
Үккішпен үгіп майдалаймыз (екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)
Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың ұшымен қант себеді)
Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып көрсетеді).
Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).
ІІІ. Қорытынды бөлімі – рефлексия: Тәрбиеші: -Балалар ненің суретін салдық?