Мақсаты. Дәстүрлі емес сурет салу техникасын қолдана отырып, мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салуға үйрету жұмыстарының жүйесін қалыптастыру.
Міндеттері:
Сурет салу дың дәстүрлі емес техникаларымен таныстыру.
Балаларды сурет салудың дәстүрлі емес техникасын қолдана отырып, сурет салуға үйрету.
Балалардың ойлауын , шығармашылық елестеуін дамыту.
Сурет салуға деген талпынысын дамыту.
Жаңалығы. «Сурет салудың дәстүрлі емес технологиясын қолдану» жинағында автордың өзінің тәжірибесінде жүргізген жұмыстары мен жұмыс барысында қолданған әдіс-тәсілдері берілген. Бұл тақырып бойынша жазылған әдістелемілік нұсқаулар бар болғанымен, орыс тілінде көп берілген, ал, бұл жинақ қазақ тілінде жүйелі құрастырылып, келешек-тақырыптық жоспарға сәйкес 36 ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары жүйелі түрде берілген.
Нәтижелілігі. Сурет салудың дәстүрлі емес техникаларын қолдану ересек жастағы мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерінің даму динамикасын көтерді: балалардың суреттерінің тақырыбы әр түрлі бола бастады; балалардың суреттері айқындылығымен және бірегейлігімен ерекшеленді; балалардың бастамашылдық, дербестік, мақсатқа бағыттылық сияқты шығармашылық қырлары қалыптасты.
І. Сурет салудың дәстүрлі емес техникаларының түрлері және олардың қолданылуы
Бейнелеу өнері балаларға көп қуаныш әкеледі. Алайда, балабақшалардағы сабақтар бейнелеу материалдарының стандартты жинағын қолдануға және алынған ақпаратты жеткізудің дәстүрлі әдістерін қолдануға әкеліп соғады. Бірақ, жаңа ұрпақтың ақыл-ойының ұшқырлығын ескере отырып, дәстүрлі әдістер олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жеткіліксіз. Педагогтің міндеті - балаларға әр түрлі материалдардың қасиеттерін біліп, сурет салудың дәстүрлі емес тәсілдерін қолдануды үйрету [4; 3].
Мектепке дейінгі кіші жастағы балалармен сурет салудың дәстүрден тыс техникасын қолдану:
- саусақпен сурет салу;
- картоптың бөліктері арқылы мөр басу;
- қатты жартылай құрғақ қылқаламның қырын қолдануға болады.
Мектепке дейінгі орта жастағы балаларды сурет салудың күрделірек техникаларымен таныстыруға болады:
- поролон немесе өшіргіш баспаларының таңбасы;
- фотокөшірме (балауыз борлары және акварель);
- фотокөшірме (балауыз және акварель);
- жапырақ көшірмелері;
- алақан суреттері.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар күрделі әдістер мен техникаларды меңгере алады:
- қарапайым және трубочкалы кляксография;
- пейзажды және затты монотипия;
- трафаретпен баспа.
Әр дәстүрлі емес техниканы жеке қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |