Сурет салудың сиқырлы әлемі



бет5/74
Дата01.09.2023
өлшемі3,6 Mb.
#105825
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
пленка сурет

Жапырақтардың таңбалары.
Суретті салу тәсілі: бала ағаш жапырағына әр түрлі бояу жағып, оны қағаз бетіне таңба алу үшін қояды. Әр кезекте жаңа парақ алынады. Жапырақтың сабын қылқаламмен салуға болады.
Пейзажды монотипия.
Заттық монотипиядағыдай секілді қағаз беті жартылай бүктеледі. Парақтың бір жағына пейзаждың суреті салынады, екінші жағында оның судағы бейнесі шығады. Пейзаж бояу кеуіп кетпеу үшін тез салынады. Таңбаға арналған қағаздың жартысы сулы губкамен сүртіледі. Таңбадан ажырату үшін сурет әр түрлі бояулармен әрленеді.
Алақанмен сурет салу.
Суретті салу тәсілі: саусақты жайып, бала алақанды қағазға қояды да оны жай қарындашпен сызады. Әр түрлі сызықтар арқылы қажетті суретті салады. Одан кейін суретті бояумен әрлейді.
Бұл техникалардың әрқайсысы - шағын ойын, ертегі әлеміне саяхат. Олар балаға өздерін еркін сезінуге, өзінің шығармашылық бастамасын және жеке "МЕН-ін" көрсетуге көмектеседі.


ІІ. Сурет салудың дәстүрлі емес техникалары бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтерінің келешек жоспары



Тақырыбы

Мақсаты

Өткізу мерзімі

1

Дәмді жемістер.



балаларды сурет салудың әртүрлі дәстүрден тыс тәсілдері мен таныстыру.
Балаларды сурет салудың әртүрлі дәстүрден тыс тәсілдерін пайдалана отырып, жемістердің бейнесін жасауға үйрету. Әсемдікті бағалай білуге тәрбиелеу

Қыркүйек

2

Гүлдің күлшелерін тауып беруге көмек беру.



дала гүлдері мен бөлме гүлдерінің ерекшелігі туралы түсініктерін кеңейту. Өсімдіктердің пайдасы туралы ойларын толықтыру. Дәстүрден тыс сурет салу әдісі арқылы гүлдердің бейнесін салуды түсіндіру және бояу түстерін үйлесімді қолдана білуге жаттықтыру

3

Табиғат бұрышындағы аквариум.

табиғат бұрышындағы аквариумдегі балықтарды әртүрлі бағытта дәстүрден тыс (саусақ пен алақанмен) әдісі арқылы бейнелеу жайлы ұғым беру.
Шеберлік және халық қолданбалы өнерінің туындылары туралы түсінік қалыптастыру.
Көркем шығармашылық, және біліктілік қабілеттерін дамыту. Сурет салу кезінде бір біріне көмек көрсете білуге және досының еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу

4

Астық жинау



балаларға сопақша дөңгелектерді қолдана отырып бидай масақтарын салуды үйрету; өз ойларынан және тәрбиеші әңгімесіне сәйкес белгілім мазмұн бере отырып ұқыпты жұмыс жасауға дағдыландыру; шығармашылықпен сурет сала білуге баулу; астықты, дәнді дақылдарды құрметтей білуге тәрбиелеу.



5

Күзгі табиғат көрінісі.

балаларға күз туралы түсініктерін толықтыру;күз мезгілінің табиғи ерекшеліктерін дәстүрден тыс құралдарды пайдалана отырып, қағаз бетіне түрлі-түсті бояуларымен өз ойларын жеткізе білуге талпындыру,сурет салу дағдыларын қалыптастыру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту,арнайы құралдармен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру. Еңбекке деген ынтасын арттыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қазан

6

Түрлі - түсті шарлар.

балаларға сурет салуды үйрету; пішіндерді атап, ажырата білуге есте сақтау қабілетін дамыту, түстерді атай білуге үйрету; дәстүрден тыс әдіс – тәсілдерін қолданып шардың сұлбасын салуды жаттықтыру; достыққа, әдемілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

7

Жаңбырлы күн.



балаларға сурет салудың дәстүрден тыс әдісі, яғни жаңбырлы тамшыларын қағаз бетіндегі жазықтықты дұрыс пайдалана отырып,бірінші ПВА желімен қағаз бетіне сурет салып алуды (жердегі шалшық суды, жоғарғы жағына бұлттарды, жаңбыр тамшыларының) түсіндіру;
бейнелеген заттарын музыка әуеніменқимыл – қозғалыста үйлестіре білуге бағыттау. Ептілік пен жинақтылыққа тәрбиелеу.

8

Ойын алаңындағы терек ағашы.



акварель бояулармен сурет салу икемдерін жетілдіру. Дымқыл параққа сурет салдыру арқылы балалар өнеріндегі мәнерлі-бейнелеу тәсілін жетілдірудің мүмкіндігін кеңейту.
Қолда бар құралдарды пайдаланып, күз келбетінен алған әсерлерінің бояуларын үйлесімді жеткізуге үйрету. Табиғатты танып, оны қағаз бетінде бейнелеуге деген талаптарын дамытужәне қоғай білуге тәрбиелеу.

9

Мейірімді Анаға көмек.

балалардың білім, білік, дағдыларын қорытындылау, меңгерген білімдерінің деңгейін бақылай отырып, табиғат, өсімдіктер, жәндіктер туралы пысықтау; ойлау қабілеттері молайту.
Сөздерге дыбыстық талдау жасауды және дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін тиянақтау. Логикалық тапсырмаларды орындауда бір - біріне көмек беруге және балалар бойындағы жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету; Дәстүрден тыс сурет салу әдістерін қолданып балалар бір – біріне жақсы, жағымды көңіл - күй сыйлай білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Қараша

10

Су асты
байлықтары.

балықтардың ерекшеліктерін білуге, сурет салудың дәстүрден тыс әдісі жапырақты немесі қағазды умаждап бояуға батырып, қағаз бетіне бастырып балық сұлбасын салып, ал дене мүшелерін таяқшамен түрту әдістермен бейнелеуді үйрету. Композиция құра білу дағдыларын қалыптастыру, қиялын дамыту. Бейнелерді қағаз бетіне түсірудің түрлі техникасын пайдалануға машықтандыру; іскерлікке , еңбек етуге тәрбиелеу.

11

Тасқа сурет салу.



сәндік сурет салу және ата-бабамыздың тасқа сурет салу туралы түсіндіру; Табиғат пішін негізінде көркем бейне құруды дағдыландыру. Әсемділікке тәрбиелеу.

12

Бояумен бізге күз келді.



бояумен (гуашь, акварель), оларға тән қасиеттермен және жапырақпен таңба басу (сурет салу) технологиясымен таныстыру; негізгі және құрамдас түстер, бояутақтаны дұрыс пайдалану дағдысына баулу, сурет салуға құштарлықтарын арттыру. Күз мезгілінің табиғи әсемдігін қорғай білуге тәрбиелеу.

13

Торсықты әшекелейміз.



балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру, заттардың пішінін, олардың құрылымы, өрнек элементтерінің орналасуына көңіл бөлуге үйрету, сурет салудың дәстүрден тыс әдістері: картоптан жасалған мөрді қолдану техникасымен сурет салу әдісін жаттықтыру.Сурет салудың әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.

Желтоқсан

14

Жапалақтап қар жауып тұр.

балалардың алғашқы табиғи құбылыстарға қуана білуіне ықпал ету, қоршаған ортаға – үйлерге, заттарға, ағаштарға, жерге қарай қардың қалай әдемі болып жауатындығын бақылату. Көк түс пен ақ түстің бір-бірімен үйлесімділігіне көңіл бөлуді үйрету. Таяқшаларды пайдаланып тіс пастасымен түрту әдісімен қарды салуды үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

15

Портреттер көрмесі.

портрет жанры, оны бейнелеу ерекшеліктері мен белгілері туралы білімдерін кеңейту; балалардың көңіл-күйін көтеріп, мерекелік әсерге бөлеу; өзіндік көркем шығармашылықты дамытуға ықпал ету;

16

Бұршақты көйлек.



киім түрлері және олардың жасалуы туралы түсініктерін толықтыру Балаларға көйлекті сурет салудың дәстүрден тыс ( сәбізден жасалған таңбамен түрту) әдісімен безендіруді түсіндіру және балалардың көркемдік сурет салу әдістерін дамыту . Балаларды талғамдыққа тәрбиелеу

17

Сұлу марғау.



марғау бейнесін жапырақ тәсілімен салып, үстіне боялған тұзды себу әдістерін түсіндіру; марғау туралы ойларын сурет салу барысында түрлі-түсті бояулар арықыл жеткізе білуге ынталандыру; әдемілікті сезіне білуге және бір-біріне көмек беруге тәрбиелеу.

Қаңтар

18

Түймедақ не деді?



балаларды ойдан шығармашып әңгімелер құрастырып және де өз ойларын тиянақтап бор қарындаш түстерін дұрыс пайдалып, сурет арқылы жеткізе білуге жаттықтыру. Бейнелеу әрекеттерін қалыптастыру. Өсімдіктерді аялауға тәрбиелеу.




19

Қысқы орманға саяхат.



қыс мезгіліндегі орман көрнісін умаждалған қағазды, ыдыс жууға арналған темір қырғыштарды, сүтке езілген бояулар арқылы жеткізе білуге талпындыру; түрлі-түсті бояулармен сурет салу икемдерін жетілдіру. Қолда бар құралдарды пайдаланып, қыс келбетінен алған әсерлерінің бояуларын үйлесімді жеткізуге үйрету. Қыс мезгіліндегі табиғи сұлулықтарды сезіне білуге тәрбиелеу.

20

Қуыршақтың туған күні.

дәстүрден тыс сурет салудың сабын көпішгінен кляксография әдісін қолдану арқылы шарлардың бейнелей білуді түсіндіру;балалардың шығармашылық қиялдарын, көркемдік талғамдарын дамыту, ұқыптылыққа пен жинақылыққа тәрбиелеу.

21

Қар ханшайымның сарайы.

ертегідегі қар ханшайымының сарайы және оның құрылысы туралы ойларын толықтыру. Текшемен бояуды рет – реттеп баспа әдісі арқылы сарайдың суретін салуды жаттықтыру;
сурет салуға деген қызығушылық-тарын ояту; ойлау, қиялдау, зейіндерін дамыту; суретті соңына жеткізе сала білуге тәрбиелеу.



Ақпан

22

Күн шуағы.



күннің бейнесін жұлмалап жырту әдісі арқылы жасап алып, шуақтарын тенис добын домалата отырып, бейнелеу әдісін түсіндіру; балалардың сюжетті сурет салуға деген қызығушылығын ояту; суретті соңына дейін жеткізіп және де достарының еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.

23

Менің суретім.


сурет салудың дәстүрден тыс (айнамен) әдісін түсіндіру; бойларындағы жақсы қасиеттерін және отбасы мүшелеріне деген қамқорлық, жанашыр сезімдерін дамыту; жақсылық жасай білуге тәрбиелеу. 

24

Түрлі-түсті көбелек.

балалардың сурет салудың дәстүрден тыс әдістеріне деген қызығушылықтарын дамыту; суретті бейнелеу кезінде жаз мезгіліндей жайдарлы көңіл- күй сыйлай алатындай етіп, өз еркімен бояу түстерін үйлесімлігін таба білуді қалыптастыру;табиғи әсемдікті сезіне білуге және қорңай білуге тәрбиелеу.

25

Мейірімді жүрек.

мейірімділік сезімдіреін дәстүрден тыс сурет салу әдісі арқылы жеткізе білуге талпындыру;
балалар бойындағы мейірімділік сезімдерін,жақсы қасиеттерін дамыту; жан жылуын сыйлайға, сыйластық қарым-қатынасын тәрбиелеу.

Наурыз

26

Наурыз көңілді мереке.

наурыз мерекесі туралы түсінік беру; балалардың ойлау қабілетін дамыту, сурет салуда композиция құрасыруға үйрету; салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

27

Ертегідегі құс.



«Әтеш пен тоты құс» ертегісінің мазмұны туралы түсінік беру: ертегідегі құстардың бейнесін жасалған параллонды бояуға батырып алып, қағаз бетіне басу арқылы бастырып сұлбасын жасап алып, құйрықтарын ермексазбен әрлеу әдіс–тәсілін қолдануды жаттықтыру.
Сурет салудың дәстүрден тыс әдістері арқылы қызығушылықтарын ояту;
бір – біріне көмек көрсетуге және еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

28

Мерекелік отшашу.



балаларға салтанатты шерулердің мәнін түсіндіру, мерекелер туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Шығармашылық қиялдарын, көркемдік талғамдарын дамыту, ұқыптылыққа пен жинақылыққа тәрбиелеу.

29

Ғарыш әлемі.

ғарыш әлемі туралы ойларын сурет салу арқылы жеткізе білуге үйрету; балалардың қызығушылықтарын, қиялдау, ойлау және қол қимылдарын дамыту; әсемділікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Сәуір

30

Қарлығаш құсы.

балалардың дәстүрден тыс сурет салу әдісіне деген қызығушылық- тарын ояту;
ойлау, қиялдау қабілеттерін дамыту;
қарлығаш құсының сұлбасын трафоретпен бастырып, қарындаш пен сызып алып, оның үстіне шемішкені және бауырын мақтадан желімдеп, түрлі – түсті бояумен жіңішке қылқаламен көзін, тұмсығын түрту әдісімен бейнелеуді үйрету: құстардың аялауға, қорғай білуге тәрбиелеу

31

Ұшақ.


ұшақтың суретін салуда түрлі материалдарды қолдана отырып ұшақтың бөліктерін дұрыс орналастырып бейнелеуге үйрету. Көліктер туралы түсініктерін бекіту, ұсынылған тапсырмаларды дұрыс орындауға, сөйлем құрастырып, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге үйрету; сурет салу кезінде бір-біріне көмек беруге және де
бір –біріне кедергі жасамауға тәрбиелеу.

32

Менің доптарым.



гуашьпен сурет салу дағдыларын қалыптастыру; дөңгелек затты-доптың суретін салуды үйрету; шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялдарын дамыту; байқағыштығы мен қөз мөлшерін, қолдың
қимыл-қозғалыс қалыптастыру; шыдамдылыққа, төзімділікке, еңбек-сүйгіштікке тәрбиелеу.

33

Жайлауда.



киіздің үстіне жайлау көрнісін дәстүрден тыс сурет салу техналогиясын қолдану арқылы композиция құрастыра білуге үйрету; жайлау көрнісін бейнелеу кезінде бояуларды үйлесімді етіп қолдана білуге талпындыру; балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; бірлесе отырып сурет салуға және нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.

Мамыр

34

Тышқаннның қашқан жолы.

бейнелеу өнері оқу қызметінде дәстүрден тыс әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы балалардың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру; балалардың бейнелеу өнеріне деген ынтасын ояту; бейнелеу өнеріне деген қызығушы лықтарын арттыру; эстетикалық талғамдарын жетілдіружәне бірлікке татулыққа тәрбиелеу.

35

Құмырсқа.

бейнелеу өнері оқу қызметінде дәстүрден тыс әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы балалардың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру; балалардың бейнелеу өнеріне деген ынтасын ояту; бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру ; эстетикалық талғамдарын жетілдіружәне бірлікке татулыққа тәрбиелеу.

36

Бақбақ гүлі.

бақбақ гүлінің сұлбасын қатты жартылай құрғақ қылқаламның қырымен суретсалу әдістерін жетілдіру; дәстүрлі емес техникасын қолдану арқылы сурет салу балалардың өзіндік шығарма-шылық қабілеттерін дамыту; сурет салу кезінде бір-біріне көмек беруге және де шағын ұжымдық жұмыс жасау кезінде бір – бірінің ойын тыңдап, бірлесе отырып нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет