Тәрбиеші:- Балалар, жұмысымызды бітірсек, балабақшаға қайтып оралайық. мадақтайды.
№20
Білім беру саласы «Шығармашылық» ҰОҚ: Сурет салу (дәстүрден тыс сурет салу)
ТақырыбыҚуыршақтың туған күні
Мақсаты: дәстүрден тыс сурет салудың сабын көпіршігінен кляксография әдісін қолдану арқылы шарларды бейнелей білуді түсіндіру;балалардың шығармашылық қиялдарын, көркемдік талғамдарын дамыту, ұқыптылыққа пен жинақылыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, жұмыстар және ойын, мадақтау.
Билингвалды компонент: туған күні-с денем рождение-һappyBitһday
Құралдар: сабын көпіршігі, түтікше, су, бояулар, қуыршақ.
І.Кіріспе бөлімі. Шаттық шеңбері: «Күлімдейік» Күлімде күн күлімде,
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүгіндей,
Бейбіт болсын, болашақ!
ІІ. Негізгі бөлім : Әңгімелесу. Тәрбиеші:- Балалар, біз қонаққа барамыз, қуыршақ Айсұлудың туған күні.
Туған күніне не сыйлауға болады?
Бала: - Туған күнге гүл сыйлық сыйлауға болады.
Айсұлу: - Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен гүлді қоян, қасқыр сыйлық сыйлады.
Бала: - Туған күніңмен , Айсұлу!
Айсұлу: - Балалар, маған достарымды таңқалдыратың, сондай бір ерекше мерекелік шарлар сыйлаңдаршы
Тәрбиеші: - Қандай шарларды жасауға болады?
Бала: - Шарды үрлеп ілуге болады.
Айсұлу: - Менің досым түлкі сабын кқпіршіктерін сыйлады. Ойнап көрейік.
Ойын: «Сабын көпіршіктерін үрлеу»
Ойын шарты: сабын көпіршігінен түрлі шариктерді үрлеу.
Тәрбиеші: - Кімнің шары үлкен болды?
Бала: - Менің шарым үлкен, кіші болды.
Сергіту сәтті: Орнымыздан тұрайық,
Оңға қарай керіліп.
солға қарай керіліп,
Сергіп салайық.
Сурет салу әдісі: түтікшелермен түрлі сабын көпіршіктерін бояуларды үрлеп қағаз үстіне шар бейнесін жасаймыз.