Сурет салудың сиқырлы әлемі


Тәрбиеші: - Неге қалың киім киеміз? Бала



бет38/74
Дата01.09.2023
өлшемі3,6 Mb.
#105825
түріКонспект
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   74
Байланысты:
пленка сурет

Тәрбиеші: - Неге қалың киім киеміз?
Бала: - Орманда үскір аяз болуы мүмкін.
Тәрбиеші: - Орманға саяхат жасайық. Айналаның бәрі де қандай әдемі. Жерде нелер жатыр?
Бала: - Далада қар жатыр.
Тәрбиеші: - Ағаштың басында нелер тұр?
Бала: - Ағаш басына қар жамылып маужырап тұр.
Тәрбиеші: - Қар қандай болады?
Бала: - Қар суық, ақ түсті болады.
Дидактикалық ойын: «Қар мүсіндері»
Ойын шарты: қағазды умаждап, домалатып қар кесіндісін жасау керек.
Тәрбиеші: - Маржан сен қандай кесіндісін жасадың?
Маржан: - Қардан аққала жасадым.
Сергіту сәті:
Дала да қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады.
Жып - жылтыр боп жатады.
Тәрбиеші: - Балалар, ағаш арасында бір нәрсе жылтырып тұрғандай, бұл не болуы мүмкін?
Бала: - Жылтырып тұрған мұз айдыны.
Тәрбиеші: - Балалар, біз мұз үстіне сурет саламыз.
Қауіпсіздік ережесі:
1.Әйнек шетін ұстамай, денені тік ұстап отырып сурет салу.
2.Темір қырғышты тұтқасынан ұстап қолдану.
3.Бояуды ұқыпты қолдану.
Сурет салу әдіс - тәсілі: Ағаш діңін таяқпен салып аламыз, ағаш үстіндегі қарды ыдыс жууға арналған темір қырғышты бояуға батырып алып, басамыз. Жердегі қарды қағазды умаждап алып, бояуға батырып, басып саламыз.
Саусақ жаттығуы:
Бір үйде нешеуміз?
Кел санайық екеуміз.
Бас бармағым атам,
Балаң үйрек әжем,
Ортаң түйрек –әкем,
Шылдыр шүмек –анам,
Кішкентай бөбек - мен.
Тәрбиеші: - Орнымызға барып сурет салуға отырайық.
Жеке жұмыс, көмек беру.
ІІІ.Қорытынды бөлімі- рефлексия:
Тәрбиеші: - Балалар, мұз үстінде сурет салған ұнады ма?
Бала: - Мұз үстінде сурет салған қызық екен.
Тәрбиеші: - Сендерге сурет салған ұнады ма?
Бала: - Иә, қызықты сурет салу болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет