Билингвалды компонент: түймедақ – ромашка - chamomiIe
І.Кіріспе бөлім. Шаттық шеңбері: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
ІІ.Негізгі бөлім: Тәрбиеші: - Балалар, сендердің гүлдер әлеміне саяхатқа барғыларың келе ме?
Бала: - Иә, барамыз.
Тыныштық сәт: Айналамыздың барлығы жап жасыл шөптер,
Қызыл, сары қызғылт сары,
әдемі жайқалған құлпырған гүлдер.
Гүлдердің қош иісі қандай керемет.
Әңгімелесу. Тәрбиеші: - Балалар, көзімізді ашып , саяхат туралы айтайық.Түймедақ гүлі не деді?
Бала:- Қызғалдақ гүлімен доспын деді.
Тәрбиеші: - Әсем сенің түймедақ гүлің не туралы айты?
Әсем: - Маған су құйып, күнде маған қарап күлші деді.
Бала: - Гүлдер су құйып, күтім жасамасақ қурап қалады деді.
Дидактикалық ойын: «Не, қайда өседі?»
Ойын шарты: Гүлдердің атауларын атап беру керек.
Раушан, қоңырау, қызғалдақ, түймедақ гүлдерін тауып атап беріңдер.
Жұмбақ. Сыңғыр – сыңғыр, сыңғырлақ,
Қоңыраудай майысып.
Басын күнге иіп тұрады. (қоңыраугүлі)
Тәрбиеші: - Қоңырау гүлі қандай болады?
Бала: - Қоңырау гүлі көк түсті, басын төмен қарай түсіріп тұрады.
Қызыл –ала гүлмін,
Жыл сыйлайтын гүлмін.
Діңімен аямай ұстасаң,
Инелерінімді кіргіземін.
(раушан гүлі)
Тәрбиеші: - Раушан гүлі қандай болады?
Бала: - Раушан гүлін абайлап ұстамаса сабында инелері болады.
Тәрбиеші: - Балалар, саяхатымыздағы гүл туралы ойымызды сурет арқылы жеткізейік.(наждачная бумага) егеуқұм қағаздарын үстіне өзіміздің ойымыздағы түймадақ гүлінің суретін саламыз.
Сурет салу әдіс-тәсілі:бор қарындаштарды алып, егеуқұм қағазының үстіне гүлдің суретін саламыз.
Саусақ жаттығуы: «Гүл шоқтары»
Таңмен бірге оянып,
Гүлдер біршік атады. (алақан уысын ақырындап ашамыз)
Күн шуағымен нұрланып,
Бізге шаттық сыйлады.
Қызғалдақ гүлі баяндап,
Қауыздарын жинайды. (саусақтарды бір – біріне тигізіп, уыс жасаймыз)