Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К



Pdf көрінісі
бет48/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   80
Басқарушы зоналар мен басқару арналары.
Басқару кәсіби 
қызметтің ерекше түрі ретінде құрылымдық және функционалдық 
тұрғыдан қарастыруға болады. Басқарушылық қызметінің 
құрылымын қалыптастыру деп ұйымда «басқарылу» ұғымын 
қолдануды тудыратын жағдайды әзірлеу жолын түсінеміз. 
Ұйымның басқарылуы нақты бір-бірінен біршама бөлектенген
басқару зоналарын құру арқылы қамтамасыз етіледі. Осын-
дай басқару зоналарын құру бір уақытта басқару арналарын 
қалыптастыру үдерісі болып келеді. 
Әр менеджер өзінің басқару зоналарын, соған сәйкес басқару 
арналарын құрастырады. Қатаң әкімшілік тараған ұйымда 
осындай зона мен арна саны өкілеттерді басқарудың жоғарғы 
деңгейінен төмен аударған ұйымдарға қарағанда көп болып 
келеді. Басқару бұл жағдайда менеджердің кезекпен бір басқару 
зонаға кіріп және одан шығып басқа зонаға кіру үдерісі болып 
көрінеді. Басқару зоналар саны мен құрылымы көптген фактор-
дан тәуелді болады, оның ішінде: ұйым пішінінен, менеджердің 
қабілетінен және т.б. Басқарылу нормасы екі нақты категорияға 
– ұйым мен менеджер – қолданбалы тиімділік түсінігін талдау 
арқылы шешіледі. 
Бөлектенген басқару зоналарын құру менеджердің белгілі 
тиімділікке және өзінің кәсіби міндеттерін ыңғайлы атқару та-
лабын көрсетеді, ең бастысы – өзінен басқару шешімдерін 


111
қабылдауды күтетін нақты объектілерін анықтау ұмтылысын 
көрсетеді.
9.2. Басқару шешімін қабылдаудың ұтымды әдісі. Шешім 
қабылдау жолы технологиялық үдеріс ретінде
Менеджмент ғалымдары мен мамандары шешім қабылдауды 
“менеджердің бірінші (басты) функциясы” (Акио Морита), 
“басқарушылық қызметтің мәні” (Г.Саймон) деп санаған. Ме-
неджменттің заманауи теориясында – кез келген тәжірибелік 
қызмет “шешім” мен “әрекеттен” тұрады – деген өте қарапайым 
ой үстем алған. Сонымен, басқаруды шешім қабылдау үдерістері 
және әрекеттерден құралған үдерістері ретінде қарастыруға бо-
лады.
Сонымен бірге басқару ойы әлі де осы ұғымның бірегей-
лендірілген анықтамасын құрастыра алған жоқ. Осы басқару ка-
тегориясы бойынша пікірлер жетерлік. Қалайда болса, шешімді 
әзірлеу мен қабылдау үдерісі қатаң процедура формасында, 
яғни атқарылатын әрекеттің қатаң реттілікпен өтеді. Осындай 
әрекеттердің реттілігі мен бағыттылығын ұғыну қабылданатын 
шешім тиімділігіне тікелей әсер етеді. Әдетте, осы процедураның 
алты компонентін келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет