Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К



Pdf көрінісі
бет49/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   80
Бірінші компонент.
Итермеші күш (импульс).Менеджердің 
шешім қабылдауы әрқашанда қандай болса да бір импульстің бо-
луына байланысты. Осындай импульс сенімді фактілерді талда-
удан туады. Белгілі бір жағдайларда импульс көзі менеджердің 
абыржығанында, бір нәрсеге табанды тілекпен жетуді көзде-
генінде болады.
Екінші компонент.
Өзгеріс қажеттілігін ұғыну. Егер ме-
неджер талдау нәтижесінде өндіріс көлемін өсіру қажет деген 
қорытындыға келсе, онда ол өзгеріс қажетілігі туралы ойлай-
ды, яғни фирманы, фирманың барлық элементтері өзгеріске 
дұшар болуы керектігі туралы жете түсінеді. Болашақ өзгерістер 
фирманың қоршаған ортаға қаншалықты кіре алатындығы тура-
лы да ойлану керек.
Үшінші компонент. Өзгерістің мақсаттық бағдарлануын тұ-


112
жырымды етіп айту. Бұл басқару шешімді әзірлеудің бірінші 
кезеңі болып келеді, одан бір де менеджер аттап кете алмайды.
Төртінші компонент.
Мақсатты тұжырымды етіп айту. 
Мақсатты бағдарлау ол тек өзгеріске жету қажеттілігін сапа-
лы суреттеу болып келеді. Әрине, бұл нақты және мақсаттық 
әрекеттерге кірісуге жеткіліксіз. Мұндай ұмтылысты сан жағынан 
да қамту қажет. Осындай әрекетті менеджер жасағанда мақсаттық 
бағдарлау мақсатқа айналады. Сонымен мақсат дегеніміз мақ-
саттық бағдарлау тіркеумен қоса осы бағдарды сан жағынан бей-
нелеу.
Бесінші компонент.
Баламаларды модельдеу. Баламалы 
көпнұсқалылықты білдіреді, менеджердің алдындағы тұрған 
міндет – көптеген нұсқа ішінен оптималдысын таңдау. Бала-
ма менеджердің мақсаттық ұмтылысын сан жағынан нақты 
бейнелейді. Мысалы, өндіріс көлемін 10, 15, 20%-ға өсіруге бо-
лар еді. Бірақ нұсқаның санмен бейнелеу балама түсінігін толық 
сипаттайды деуге болмайды. Баламаның екінші маңызды сипат-
тамасы міндетті түрде атқарылатын әрекеттерді толық көрсету
нақты нәтижеге мақсат нұсқалығының айналуын ұйғарады. 
Үшінші сипаттама – әрекеттерді атқаруға қажет шығындарды 
бағалау. Бірақ бұл жерде менеджер шығыннан гөрі табысқа, 
әсіресе, пайдаға қызығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет