Т. У. Есембеков Көркем мәтінді талдау негіздері Оқу құралы Алматы


Уақыт пен кеңістік жүйесінің композициясы



бет13/26
Дата08.03.2023
өлшемі0,63 Mb.
#72495
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
Т.Есембеков.Көркем мәтінді талдау негіздері (1)

4.2 Уақыт пен кеңістік жүйесінің композициясы

Уақыт пен кеңістік категориялары - әдеби туындыдағы автор, образ, сюжет, стильмен тығыз байланысты. «Авторлық кеңістік», «сюжеттік уақыт», «уақытқа тән стиль», «образ өмірі мен ортасы» сияқты тіркестер әдебиеттануда жиі қолданылатынының себептері жетерлік. соңғы кезде «авторлық уақыт», «шығармашылық кеңістік» деген ұғымдар жан-жақты зерттеле бастады. Көркем темпорология деген арнаулы пән де өзінің зерттеу ауқымын кеңейте түсуде.


Адамзат тіршілігі, әлем қозғалысы, адам өмірі екі тұрақты координат – уақыт пен кеңістік аясында, арасында өтіп жатады. көп жылдар бойы уақыт – негізінен тарихи жєне биографиялық мағынада, ал кеңістік географиялық, топонимикалық тұрғыда қабылданып келді. Уақыт пен кеңістікті түйсіну, түсіну қабылдау жөнінде де әр ілімнің өз бағыты бар. Психология, дінтану, пәлсапа мен физика, геология, биология аталмыш категорияларды өз мақсат-мүддесіне сәйкес зерттеуде. Өнертану уақыт пен кеңістікті бейнелеудегі амал-тәсілдерді өзінше қарастырады.
Әдебиетшілерге лингвистикадағы уақыттың грамматикалық және көркем болып жіктелуіне қатысты пікірлер мен таластарға зер салған тиімді.
Әдебиеттану мен аударматануда уақыт пен кеңістік түйсікпен сезілген, санамен өрілген, автор қиялымен, интуициясымен, білім-білігімен құрастырылған, баяндалған, суреттелген, жүйеленген көркемдік негіздер деп қабылданғаны көп болды. Бұқар жырау, Махамбет, Абай шығармалары арқылы олар өмір сүрген уақыт пен орта туралы біраз ақпарат алуға болады, сонымен қатар өзі өмір сүрген уақыт пен орта жайлы олардың бағамы мен түсінігін тануға мүмкіндік бар, яғни осы орайда жалпы уақыт, шетеулі өмір, интимдік түйсік жайында да мәлімет іздеп табудың талай жолы, амал-тәсілі табылады. «Қозы көш жер», «бие сауым уақыт» - ұлттық-мәдени ұғымдар болумен қатар нақты өлшем және көркем образ деңгейіндегі реалийлер, бұларды ұлттық мекеншақ түрлері деп қарастырудың қисыны бар.
Жеке зерттеуге болатын көркем мәтіндегі кеңістіктің мынадай түрлері мен сипаттарын бөліп көрсетуге болады:
а) жоғары, орта және төмен әлемдерден тұратын вертикаль кеңістіктер
ә) дүниенің төрт бұрышына (оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс), оңы мен солына, алды мен артына қатысты бағыттар, олардың шекараларын қамтитын нақты, шартты бейнелер. Мысалы «Алдың – жалын, артың – мұз» (Абай) деген жолда неше кеңістік бар екені жөнінде кезінде талас туған болатын. Көркем мәтінде бұлардың бәрін горизонтальдық кеңістіктер деп атау қалыптасқан;
б) геометриялық фигуралар пішіндес кеңістіктерден әдеби мәтінде жиі кездесетіндері – шеңбер, үшбұрыш, квадрат, шар, т.б.; оларды қолданудың астарлы, шартты мәндері көп.
в) алыс жєне жақын кеңістіктер. Көркем шығармада алыстың-жақын, жақынның алыстап кетуі сияқты құбылыстар автор мен көркем образдың заттар мен құбылыстарға көзқарасына, екі ұғымның мәтіндегі қарым-қатынасына байланысты;
г) шексіз немесе тұйықталған кеңістіктер;
д) динамикалық (жол, өзен), статикалық (тау, көл, мола) кеңістіктер;
е) фантастикалық, көзге көрінбейтін (рухани әлем, сезім кеңістігі), виртуалдық және т.б. кеңістіктер (Ш. Айтматов «Боранды бекет», О. Бөкеев «Сайтан көпір»);
д) онейрикалық кеңістіктер (адамның түс көруі, қиял әлемі, жанның әр түрлі күйге енуі).
Көркем мәтіндегі кеңістіктер жүйесін талдаудың мынадай оңтайлы жолын ұсынуға болады: 1) кеңістіктер түрін, олардың арасындағы бинарлық, оппозициялық байланыстарды (жоғары-төмен, шығыс-батыс, қала мен дала, өлілер мен тірілер) анықтау; 2) көркем кеңістіктердің мәтіндегі орналасу ретін, қозғалыстарын; 3) әр образға тән кеңістік әлемін айқындау, әр кеңістікке сипаттама беру; 4) ұлттық-мәдени кеңістіктерге сай белгілерді жіктеу; 5) «пейзаждық ойлаудың» мәтіндегі көріністерін зерделеу, тұрғылықты мекеннің іші мен сыртына («Қорғансыздың күніндегі» үйдің іші мен маңайы) назар салу.
Көркем уақытты зерттеудің бірнеше бағыттары бар. Біреуі – автордың көркем мәтінді жазу уақыты, яғни шығармашылық тарихы, биографиялық кезең. Екіншісі – көркем мәтіннің оқырман санасына әсер ететін ішкі уақыт.
Уақыттың қыр-сырын ашық (өзі өмір сүрген уақыт) және жабық (қиялдан туған уақыт көрінісі) сипаты арқылы бейнелеудегі авторлық ізденісті де жеке қарастыруға болады. Прозалық мәтіндерде жиі кездесетін көркем уақыт түрлерін қысқаша былай санамалап көрсетуге болады:
а) тарихи, реалды, уақыттар, олар өткен, осы, келер шақ төрінде көрінеді.
є) қоғамдық-әлеуметтік уақыт, олардың қалыптасу, өзгеру, ауысу барысы;
б) мифологиялық-фольклорлық уақыт;
в) фантастикалық, онейрикалық уақыттар;
г) сюжеттік-фабулалық уақыт, персонаждық уақыт;
д) жанрлық уақыт (романдық, эпостық);
е) уақытсыздық.
Сюжеттік уақыт дегеніміз – автордың сюжет барысында бейнеленген, суреттеген уақыттарының белгілі бір ретпен орналастырылуы болса, фабулалық уақыт – белгілі бір уақыт аралығында өткен оқиғаларды қамтиды. Жазушы мәтінде уақыт ағымын өзгертіп, ауыстырып, кейде әдейі бұзып отырады. Ол үшін ретроспекция (лирикалық, пейзаждық, оқиғалық шегіністер) ен ретордация (уақытты баяулату, созу) қолданады.
Ретордация авторға сюжеттік уақыт ағымының ырғағын өзгерту үшін керек. Табиғат пен айналаны тамсана суреттеу, кейіпкер ойы мен қиялының шартараптарын кезіп өту, кеңістікті шолу сюжеттік уақытты соза тұру үшін де пайдаланылады. Жазушының оны не себепті істегеніне ой жүгіртіп отырған адамның көп нәрсеге көзі жетеді. «Абай жолы» эпопеясында фабулалық уақыт негізінен өте ұшқыр, бір-екі бетте талай оқиғалар суреттеліп, оған авторлық баға беріліп отырады. Бірақ, М. Әуезов кезі келген сәтте уақытты созуға да шебер. Мысалы, Біржан салдың Абай ауылына келгенде күндеріне эпопеяның бірнеше беті берілген, ұлы әнші мен ұлы ақынның кездесуінің єрбір сәті жазушы үшін аса қымбат, сондықтан романда Абай аулы ғана емес, бүкіл табиғат, тіпті уақыттың өзі де Біржан әндерін тоқтап тыңдап тұрғандай болады. Сюжеттік уақытты баяулата отырып сюжетті дамытудың әдемі мысалы осы шығар.
Хат, құжат, өлең үзіндісі сияқты қыстырма конструкциялар да фабулалық уақыттың қозғалысына тікелей қатысты, олардың көркемдік функциясын арнайы қарастырған зерттеулер бар.
Көркем мәтіндегі оқиғаның кейбір тұстары сюжеттік уақытта бірнеше рет қайталануы да мүмкін... . Эпопеяда Қодар мен Қамқаның өлімі үш мәрте қайталанады. Автор бұл трагедияға бола Абайдың, жігіт Абайдың, ақын Абайдың көзқарасын білуді мақсат тұтқан. Әрине, көз алдында өткен қатыгездіктің шын мәнін бала Абай толық білген жоқ, ол жігіт шағында көп нәрсеге көзі жетті, ақын Абай Қодар мен Қамқаның мойнындағы тұзақ өз мойнына түскендей қиналды. Фабулалық уақыттағы бір сәтті сюжетте бірнеше қайталау арқылы жазушы Абай образының, ақын дүниетанымының дамуын да көрсеткен.
Көркем уақыт тек үш өлшемнен /өткен, осы, келер/ шақтардан тұрмайды, ол реальды және фантастикалық бола алады. Фантастикалық уақыттың өзі кезінде ертегілік, түс көру, елес, армандау деп бөлініп отыр. Сонымен қатар, кейде көркем шығармада автор уақытты жоқ етіп суреттеуі, болмаса мәңгілік уақытты бейнелеуі де мүмкін.
Әдеби композицияның әрқайсысы көркемдік кеңістік пен уақытты әрқилы ұйымдастыруға мүдделі. Оқиғалар, образдар автор жасаған әдеби кеңістікте өмір сүреді. Олар нақты немесе қиялдан шығарылған болады. Көркем мәтіндегі нақты кеңістік пе уақыт шектеулі, автор оқиғаны бір сағатта бір бөлме ішінде өткізуді мақсат етсе, онда ол сюжет құру мен кейіпкер таңдауға осыған сәйкес ерекше қарауы керек. Нақты кеңістік ретінде үй, ауыл, қала, дала, ел таңдап алынады, ал нақты уақыт есебінде сәт, күн, ай, жыл, ғасыр алынуын автор шешеді, оларға мән мен маңыз берілетінін есте ұстаған жөн.
Нақты кеңістікте үш мөлшер бар /жоғары, орта, төмен/, ал фантастикалық кеңістік бір өлшемнен, не сансыз көп өлшемнен тұрады. Образдың, оқиғаның кеңістікте орын ауыстыруы дәлелді болуына тікелей автор жауапты, ол шын дәлел / қайта оралу, жұмыс бабы, көңіл сыры/ және шартты түсіндіруді /солай боп көрінді/ пайдаланады. Көркем әдебиетте нақты және фантастикалық кеңістіктер араласып та кететіні жеткілікті. /Ш. Айтматовтың «Боранды бекет» романы/.
Көркем мәтіндегі уақыт пен кеңістік жүйесінің ортақ, әмбебап қасиеттері бар. Сонымен қатар ол жүйе құрылымының автордың дүниетанымына, әдеби жанр түріне қатысты жеке сипаттары да болады. Соңғы кезде «уақыттық-кеңістіктік континуум» деген ұғым көркем мәтінді интерпретациялау үшін жиі қолданылып отыр. Уақыт пен кеңістік белгілерінің қабыса, матаса, меңгеріле байланысуын зерттеу үшін «мекеншақ» (хронотоп) ұғымы қолданылады. Мекеншақтың циклдық, түзу сызықты, мәңгілік түрлері жөнінде арнайы зерттеулер бар. Көркем мәтінде бұлар араласып жүре береді, бірақ кей шығармада біреуі басыңқы болып, қалғандары оған бағыныңқы болуы да кездеседі. Календарлық, биологиялық, әлеуметтік, психологиялық хронотоптар прозалық мәтіндерде авторлық ұстанымға байланысты белгілі бір жүйе құрауына назар аударып отыру – көркем мәтінді тереңірек талдауға көмектесетініне дау жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет