Table of Contents тар жол, тайғАҚ кешу роман-эссе (1927) тарту



бет32/53
Дата22.09.2023
өлшемі419,1 Kb.
#109714
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53
Байланысты:
Тар жол, тайғақ кешу. Сәкен Сейфуллин

ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ ОФИЦЕРЛЕРІ
Орал облысындағы ашылған қазақ инструкторлары даярланатын школадан бірінші октябрьде қазақ инструкторлары оқу бітіріп, қазақ жігіттерін үйретуге шықты, — дейді.
Бұл школ бітіріп шыққан «Алашорданың» тұңғыш қазақ офицерлерінің тұңғыш ауыздануы, «тырнақалдысы» қазақтан басталды. Бұл «Алашорданың» тұңғыш батырлары қолдарын ең алдымен қазақ кедейлерінің қанымен бояды. «Тұңғыш ханның» «тұңғыш батырлары» қолдарын ең алдымен, әуелі, былай қандады:
Сібірде Совет үкіметі құлап, Сібірді Колчак билеп, маңайына қара қанатын жайып, қылыштың күшімен әмірін жүргізе бастаған кезде, «Күнбатыс Алашорда» да қоқырақтап, елге қылыш, қамшы жұмсай бастаған. Мұны көріп, Жымпитыда «Алашорданың» маңында жүрген ханның саясатына қарсы кейбір жігіттер астыртын ақыл айтып, жол айтып, жел берген. Қыздырған. Сонымен, бір күні, әскер шартта-шұрт ду етіп көтеріліс қылған. Бастықтарының көбі казак-орыс офицерлері екен. Бастықтарын атып тастаған. Кішкентай қала үрпиіп, опыр-топыр болған. От басында жайылып, қобырсып отырған «Алашорда» жалаң бас, жайдақ атқа міне қашқан. Әскер жиылып, түйініп, қару-жарақтарының бәрін алып, азық-түліктерін арбаларға тиеп жөнелген. Әскер Ойыл қаласын басып, Ақтөбе майданындағы қызылдарға өтіп кетпек болып жөнелген. Ойылға таянған жерде алдарынан Ойылдағы оқып жатқан әлгі «Тұңғыш қазақ офицерлерінен» өкілдер келген. Бұларға қашқан «Алашорда» хабар жіберіп қойған екен. Оқып жатқан қазақ офицерлердің жіберген өкілдері әскерді сол жерге тоқтатып:
— Ойбай, жақсы болды, біз де сендерге қосыламыз. Осыны естіп, сендерді күтіп отыр едік. Сендер осылай тынығып жата тұрыңдар, біз де қаладан шығып, осы жерден бірге кетейік, — деген.
Қазақ әскері дұрыс деп, сай ішінде жайланып жатып қалған. Қазақтың оқып жүрген болашақ «тұңғыш» офицерлері түнде Ойыл қаласынан келіп, қаперсіз ұйықтап жатқан қазақ солдаттарды қырып салған. Көйлекшең жатқан жігіттерді «Алаштың» «тұңғыш батырлары» у-шу қылып, тыпырлатып қойша бауыздаған...
Міне, батырлардың тырнақалдысы!..
«Күнбатыс Алашорданың» төрағасы Жанша Досмұқамбетұлы болды. Одан кейінгілер Қалел Досмұқамбетұлы мен әлгі белгілі Салық болыс болды.
Әкімшілік осы үшеуінің қолында болды. Бұлардың үстінен бақылаушысы және дұғагөйі Қуанай қазірет болды. Қуанай қазірет айтқанын қылдырып отырды. Салық болыс туралы және Қуанай қазірет туралы бұдан бұрын айтылып өтілген. Бұлардың бір-екі уақиғаларын суреттегемін.
Орал губерниясы, Ақтөбе маңайы Жанша Досмұқамбетұлын «хан» дейтін болды. Ханның милиция, әскері жүрген жерін бүйі тигендей қылды. Түндік басынан жүз сомды шытырлатып жинады. Бермеген елге дүре салып отырып алды. Жүз сомнан басқа, елге тағы да бірнеше түрлі салықтар салды. Елден еріксіз ат жинады. Еріксіз астық жинады. Ханның әмірі, ханның әкімдігі Николайдікінен асты. Хан мен Колчактың атамандарында айырма болған жоқ. Колчактың Дутов, Анненков. Красильников, Семенов, Калмыков деген патшашыл атамандарынан «қазақ ханы» кем қалған жоқ. Бәрі де қара бұқараны дүреледі, бәрі де қол жұмыс жүргізді, бәрі де момын халықтың басына қамшы ойнатты... Елге құтырған қасқырша тиді. Көңіліне ұнаған нәрсені алды. Бетіне қарсы келгенді ұрды. Елді күңірентті. Қатын-баланы жылатты. Қыз-қатынның еркі болмады. Қыз-қатынға зорлық қылды.
«Алашорда» әскері жүріп өткен бір орыс поселкесінің ұлықтарына жазған бір қағазын бұл араға келтірейін.
Копия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет