Тахауи ахтанов боран


Келіншек. Қысылып тұрмын. 2-әйел



бет16/23
Дата20.09.2023
өлшемі70,87 Kb.
#109019
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Келіншек. Қысылып тұрмын.
2-әйел. Жаңыл-ау, қуанғаннан есіңнен айрылып қалғансың ба, ұның қайда деймін. Бауырсақ пісіріп жіберейін.
Жаңыл. Ұн ба? Ұн жоқ еді.
1-әйел. Жаңылды әурелеп қайтесіңдер, түге. Қазан-ошаққа өзіміз де жетеміз ғой. (Сарықарын әйелге). Сен тез дүкен жаққа барып кел. Ал, Жаңыл, сен төргі бөлмеге бар. Жаңағы Мінекең Қоспанға Мұраттың қазасын естіртеді ғой. Бар, тек егіле берме. Жүдеп-жадап келген азаматтың сай-сүйегін сырқыратпа. Берік бол.

Төргі бөлме. Қоспан, Мінайдар, тағы үш-төрт адам.


Жаңыл келіп сәкінің шетіне отырады.

Мінайдар. Қоспан қарағым, біз көрмегенді көрдің, тура ажалдың аузынан келіп отырсың. Мына Жаңыл мұңлықтың өлгені тіріліп отыр бүгін. «Алдыңғыны көріп күпірлік ет, артқыны көріп шүкіршілік ет» деген екен. Алдыңғы десең сенің алдыңа түсіп, керегесі кенеліп тұрған адамды көре алмадым. Осы атыраптан қабырғасы бүтін жанды таба алар ма екенсің, Бүгін өзіңмен бірге қуанып, қуанышыңа қуаныш қосармын деген-ақ күнім еді. Бірақ тағдырдың жазғанына шара бар ма. Қоспан шырағым, осы қуанышыңа у тамызғалы отырмын. Берік бол. Артыңда қалған тұяғың сынды.


Қоспан Мінайдардың сөзін үрейлене тыңдап отырған.


Бала қазасын естігенде шошып кетіп селк ете түсті де, орнынан тұрып
тәлтіректеп ілгері аттай берді. Жаңыл жылап келіп мойнына асылды.
Ол осылай ұзақ тұрды. Төңірек қараңғы. Тек екеуі ғана.
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Бірінші бөлімнің екінші сахнасындағы көрініс. Қоспанның үйі. Жаңыл мен Қасболат. Екеуі де ұзақ әңгімеге нүкте қойып, ойланып қалған. Жаңыл қайтадан сөз бастап кетеді.
Жаңыл. Сөйтіп зарықтырып, күдер үздіріп барып табылған Қоспаннан қайтадан айрылып қала жаздадым. Қоспан бала қазасын содан қайтып аузына алмады. Тек жаз шығысымен кірпіш соғып, Мұратқа там салды. Ешкімді көмекке шақырмастан бәрін өзі істеді. Қабір басында жүргенде де көзіне жас алған жоқ. Бірақ, кейде топырағы шөгіп бара жатқан кішкене төмпешіктен көз алмай, селтиіп тұрып қалатын. (Пауза).
Жаңыл үйде. Сырттан Қоспан кіреді. Тіл қатпастан сәкіге отыра кетеді...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет