Тахауи ахтанов боран


Жаңыл. Қонайын деп?! Жаппасбай



бет14/23
Дата20.09.2023
өлшемі70,87 Kb.
#109019
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Жаңыл. Қонайын деп?!
Жаппасбай. Несіне таңырқайсың. Сен байсырап жүрген... Ыстықсың ғой, шіркін. Сауабыңды алайын деп.
Жаңыл. Шық үйден.
Жаппасбай. (сасқалақтап). Әй, өзің... сенің өзің... (Кенет есін жиып). Уәй, мынаны қарай гөр. Қыздардың қолы жетпей жүрген Жаппасбайға соншама бұлданып... Ой, жаман қатын. Қой әрі.


(Құшағын жайып, Жаңылға жақындай береді. Жаңыл өңменінен түйіп қалғанда құлап түседі).

Сахнада Жаңыл жалғыз.




Жаңыл. Менің тентектігім да тегін кеткен жоқ. Үш-төрт күннен кейін сазайын тарттым.


Сегізінші көрініс

Сол бөлме.Жаңыл шаршап жұмыстан келген. Қазан – аяғын қарап жүр. Жаппасбай келеді.




Жаппасбай. Ә, саумысың, асау келіншек. Қане тезірек қамдана ғой.
Жаңыл. Қайда?
Жаппасбай. Немене тойға шақыруға келді деп пе едің. Жоқ, қойға барасың.
Жаңыл. Қайдағы қой?
Жаппасбай. Алыстағы қойға шөп тасуға барасың.
Жаңыл. Енді...кек алуға шықтың ба?
Жаппасбай. Жә, сенімен тәлкектесіп тұра алмаймын. Мен қызмет бабындағы адаммын.
Жаңыл. Ойбай-ау, менің балам бар емес пе?! Қыстың көзі қырауда қаршадай баланы қайда тастап кетем?!
Жаппасбай. Мен бағып берейін бе, сенің балаңды? Жә, болды деймін тезірек.
Жаңыл. Зәредей мейірімің жоқ па,? Сен де адамның баласысың ғой.
Жаппасбай. Доғар сөзді. Бәшеске сатылып кеткендердің қатындарын алшаңдатып қоя алмаймын. Дабай деген соң дабай. Шық тезірек...

Шам сөнеді. Жаңыл жалғыз.


Жаңыл. Жүгіріп жүріп көршімдегі жалғызілікті әйелге барып, Мұратты соның қолына тастап кеттім. Бір апта бойы жұмыста жүргенде де ішкен асым бойыма сіңбеді. Жүрегі құрғыр бір жамандықты сезген екен. Тапсырып кеткен дімкәс әйел төсек тартып, ойын баласын қарай алмапты. Қайтып келсем, Мұрат қалпақтай ұшып, ауырып қалыпты. Буыным дірілдеп, сүрініп-қабынып жүріп, атқорадай азынаған үйімді әзер жылытып, баламды әкелдім. Мұрат өртеніп барады. Жанары солып бара жатқан көзін ашып мені таныды. «Мама... мама» деп еріні қыбырлады. Мама...



Жаңыл булығып бетін басады. Шам сөнеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет