Тахауи ахтанов боран



бет17/23
Дата20.09.2023
өлшемі70,87 Kb.
#109019
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
Пеьса Боран

Екінші көрініс


Жаңыл. Шай әкелейін бе? Қоспан. Кейінірек. (Пауза) Жаңыл. Қызметтің ыңғайы келмей жүр ме? Қоспан. Білмеймін. Соның ыңғайы әзір келмейтін шығар. Тұтқында болғандарға сенбейтін бопты.
Жаңыл. Сенбегені қалай? Қоспан. Күдіктенеді. Жаңыл. Күдіктенеді? Сонда сен тұтқынға өз еркіңмен түсіппісің! Өлімге басыңды байлаған жоқсың ба? Гитлерге қызмет істеген жоқсың ғой. Тозақтан өтіп келген жоқсың ба? Қоспан. (күрсініп). Иә-ә. Тұтқын азабын досың тұрмақ дұшпаныңның да басына бермесін. Бірақ шаш ал десе, бас алатындар бар емес пе. Қайтеміз, төзе тұрайық. Көп ұзамай бәрі қалпына келеді ғой. Жазықсыз адамды жазғыра берер деймісі
Жаңыл. Сонда немене, сенбей ме саған?
Қоспан. Білмеймін. Осылар маған емес, басқа бір нәрсеге сенбейтін сияқты. Алдына барсаң жылы сөйлеседі. Бірақ әңгіме жұмысқа кеп тірелгенде, орын жоқ боп шығады. Өзге мекемеге сілтейді. Шынымды айтсам осы күні солардың қабағын айнытпай танитын болдым. «Сенің кім екеніңді, ана жақта не істегеніңді сайтан білсін. Өзің кісіні пәлеге қалдырып жүрерсің». «Бізден аулақ» не болмаса: «Жағдайыңды түсініп-ақ тұрмын. Жаным ашиды.. Бірақ амал қанша». Қай бастыққа кірсем де ажарынан дәл осы екі жазудың біреуін айнытпай танитын болып алдым. Қайтеміз. Тек бір жерге тырнақ іліктірсек...
Жаңыл жалғыз.
Жаңыл. Қоспан әйтеуір тырнақ ілігер қызмет іздеп ауданның бар мекемелерін аралап шықты ғой. Ақыры бір мекемеге кладовщик боп орналасып еді. Бірақ оған да...
Жаппасбай көрінеді. Ол біреуге зіркілдеп сөйлеп тұр.
Үшінші көрініс
Заготживсырьенің қоймасы. Қоспан маен Жаңыл арқалап қапшық тасып жүр. Жасппасбайдың қасында кемпір мен шал.
Кемпір. Айналайын, Жаппасбай-ау, мына сыңар ұлтаның не? Тым болмаса қос ұлтан неге бермейсің? Шалымның екі аяғы бар ғой. Жаппасбай. Шалыңның төрт аяғы болса да, бұдан артық тиісті емес. Кемпір. Артық екі аяқ өзіңе болсын, шырағым, менің шалымның екі аяғы аман болса болады. Өзің есеп білесің ғой, ойбай-ау. Менің әкелгенім бес келі сары май мен сегіз келі жүн ғой. Соны қай шотыңа қақсаң да қос ұлтан тимей ме? Жаппасбай. Нормы солай кемпір, нормы. Мен қазынаның мүлкін сендерге үлестіріп бере алмаймын. Барыңыз, дабай, барыңыз. Кемпір. Шырағым-ай, қолың тар екен. Сенің орныңда ана бала тұрғанда (қап арқалап өтіп бара жатқан Қоспанды нұсқайды) талай дүние алып қайтушы едік... Жаппасбай. Үкіметтің мүлкіне жаны ашымаған соң оны орнынан алып тастады. Мен ондай емеспін. Ұқтың ба. Кемпір. Ұқтым шырағым, өндіршегің үзіліп кетсе де, татпай жинап тағы бес келі май әкеліп берейін. Тым болмаса қос ұлтан берші, қарағым. Шалым жалаңаяқ отыр еді. Жаппасбай. Болмайды. Үкіметтің мүлкін талан-таражға сала алмаймын. Дабай, дабай, барыңыз. Кемпір. Мына пиғылың бір жамандыққа апармай қоймас, шырағым. Тек бала-шағаларыңнан аулақ болсын. (Шығады). Шал. Жаппасбай қарағым, менің тапсырғаным отыз екі келі жүн еді... Жаппасбай. Отыз екі келі болса неғыл дейсің? Шал. Мына бір үш метр шытың аздау бола ма деп... Жаппасбай. Аз болмайды. Барыңыз, ақсақал. Шал. Барайын қарағым, барайын. (Кете беріп, қайрылып). Отыз екі келі жүн тапсырып едім-ау, қарағым Жаппасбай. Жаппасбай. Норма солай, ақсақал. Барыңыз дедім ғой. Шал. Е, барам ғой. Рақмет қарағым. Тек аздау бола ма деп... Отыз екі келі жүн болғанда... (Күбірлеп шығып кетеді. Қоспан Жаппасбайдың қасына келеді). Жаппасбай. Шаршаған шығарсың, отыр Қоспан. Қоспан. Жаппасбай, сен мынауыңды қой. Болмаса оңбайсың. Жаппасбай. Нені қоямын? Қоспан. Зіркілдеп жұртқа жаманат төндіргеннен басқаны білмейтін топас қой десем өзіңді, оның үстіне барып тұрған жымысқы ұры екенсің ғой. Жаппасбай. Әй,әй... Сен не дейсің? Қоспан. Кемпір-шалдарды алдауыңды қой, ұрлығыңды қой деймін, білдің бе? Жаппасбай (сасып). Сен... Сен өзің кісіге жала жауып... Қой,сен... Қоспан. Мен жала жауып тұрғаным жоқ, ұрлығыңды қой деп тұрмын. Жаппасбай (бойын билеп, мысқылдап). Ал, қоймасам қайтесің? Не істейсің? Қоспан. Не істейтінімді өзім білем. Бірақ не де болса оңдырмаймын. Жаппасбай. Оңдырмайсың, ә? Ондай күш қайдан келді саған? (Ашулана түсіп). Сенің өзің кімге жала жауып тұрсың, білесің бе? Жаңыл (жүгіріп келіп). Қойшы, Қоспан. Мына пәлемен ұстаса көрме.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет