Тахауи ахтанов боран



бет2/23
Дата20.09.2023
өлшемі70,87 Kb.
#109019
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Қадыржан. (бүрсеңдеп тоңып). Саламатсыз ба, Қасеке.
Қасболат. Иә, озат шопан, сен мұнда неғып жүрсің?
Қаламүш. Қоспан ағам отарымен ығып кетті. Өзіміз таба алмай қойдық.
Қасболат. Қоспан? Енді Қоспанның жоғалғаны ма?
Құмар. Рас айтасыңдар ма? Құрттыңдар ғой мені...
Қадыржан. Рас , Құмар аға.
Құмар. Апырмай, басқа біреу болса бір сәрі, Қоспанның мұнысы қалай.
Қасболат. Иә,иә. Жөн-жосықты білетін тәжірибелі-ақ қойшы еді. Біз өзіне сенім артып жүрсек...
Құмар. Тіптен бар-ау, бала емес, шаға емес. Алды-артын ойламай ма? Осындай да ақкөздік бола ма екен?!
Қаламүш. Сонда немене, ағам еріккеннен айдап кетіп пе қойларын?!
Құмар. Күн райына қарап абай болмағаны.
Қаламүш. Сонда абай болғанда қайтеді? Қораның маңын тақырлап болған жоқпыз ба. Үюлі тұрған пішен болса, қойларына күрт-күрт күйсетіп үйде отыруды білмеді дейсің бе, ағам.
Құмар. Өрекпімей қоя тұршы, шырағым.
Қаламүш. Жоқ, өрекпимін, Құмар аға. Алты жүз қойдың үстіне үш жүз тоқты және қостың. Бірақ үш шөмеле шөп қосқан жоқсыз. Әлде біз қардан қатық жасап береміз бе? Шопандар бригадасын құрыңыз, бәрін өзіміз қамдайтын болайық деп, қақсай-қақсай жағымыз талған жоқ па?! Малдың барлық өлім-жітімін шопанның мойнына артып қоясыз да, қарап отырасыз.
Құмар. Ау, жиналыс емес қой бұл ара.Қоя тұршы, шырағым, кісінің онсыз да басы қатып тұрғанда. Жә, бос сөзді қоялық.
Қаламүш. Неге бос сөз болады. Тіпті құлақ аспайсыздар. Шопандар бригадасы бос сөз бе екен. Тракторымыз, машинамыз болып азықты өзіміз дайындасақ... Осылай болар ма еді. Әнекей Қоспан ағам отарымен ығып кетті. Егер біздің дегеніміз болса, тышқақ лақты жоғалтпас едік.
Қадыржан. Әй, сен үлкендердің бетінен алма. О несі-ай... Бригада, бригада деп қайдағы бір жоқ нәрсені...
Қаламүш. Сенің не қимаң қышып барады. Қойыңды әкең мен апаң бағып береді. Саған бригада неге керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет