Тахауи ахтанов боран



бет12/23
Дата20.09.2023
өлшемі70,87 Kb.
#109019
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
Пеьса Боран

Жетінші көрініс

Соғыс кезі. Жаңылдың бөлмесі. Кеш.


Жаңыл шошып басын көтеріп алады.

Жаппасбай. Кеш жарық-ау.


Жаңыл. Апырмау, түн ішінде тағы қайда қумақсың.
Жаппасбай. Қорықпай-ақ қой, қорықпа. Жаппасбай десе зәрелерің ұшып тұрады-ау, ә. Ой, тіпті мақтап жүр екем ғой сені. (Тонын шешеді). Сенің қолыңнан бір шәй ішіп кетейін деп едім, тура үстінен түсіппін. Ау, қонаққа төрге шық демейсің бе?
Жаңыл. Жоғары шығыңыз.
Жаппасбай. Дастарқаныңды жылан жалап кеткен бе, қалай?
Жаңыл. Қазір кімнің дастарқаны ырғалып тұр дейсің. Барына мәзір етерсіз.
Жаппасбай. Сені сынап қайтейін. (Қағазға ораған етті ұсынып). Құралақан келіп Жаппасбайды құдай атып па. (Қалтасынан бір жарты нан алады). Кәне ыдыс әкел. (Төрге шығып жайғасып, кесеге арақ құяды). Мұның өзі, жарықтық, қасқалдақтың қанындай болып тұр ғой қазір. Ал, Жаңыл, мынаны қағыстырып жіберейік.
Жаңыл. Жоқ, мен ішпеймін.
Жаппасбай. Ой, бүгінде әйелдер де ішетін болды мұны. Соғыс кезінде еш нәрсенің ұяты жоқ. Қағып жібер.
Жаңыл. Жоқ, өзің іше бер.
Жаппасбай. Татып алмайсың ба? (Жаңыл басын шайқайды). Сау бол ендеше. (Арақты ішеді). Осы Қоспан хабарсыз кетті ме, ақыры?
Жаңыл. Хат-хабар болмай тұр ғой.
Жаппасбай. Хабарсыз кетті дегендер ана жаққа өтіп кететін көрінеді ғой. Бәшестердің қоластында жүрген шығар.
Жаңыл. Қайдан білейін. Тек тірі болса...
Жаппасбай. (тағы арақ ішеді). Сау бол. Айтпақшы саған әкелген базарлығым бар еді ғой. (Жанқалтасынан біруыс конфет әпереді). Мә, шайға тісте. Сен керек- жарағыңды өзіме айтып тұр. Жалғыз сендер емес, дүкенші дегендерің де менің алдымда құрдай жорғалайды. Дүкенші деймін-ау, дүкенші деген немене, менен ана мықтыларың өздері қорқады.
Жаңыл. Апыр-ау, олар несіне қорқады?
Жаппасбай. (қарқылдап). Сен өзің Жаппасбайды білмейді екенсің ғой. Менің қызметім әйдік болмағанмен үкіметке сіңірген еңбегім зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет