Тахауи ахтанов боран


ЖАҢЫЛ. Абайлап жүрші, жарқыным! ҚАЛАМҮШ



бет23/23
Дата20.09.2023
өлшемі70,87 Kb.
#109019
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Пеьса Боран

ЖАҢЫЛ. Абайлап жүрші, жарқыным!
ҚАЛАМҮШ. Уайымдама, апа!


Жаңыл. Бұл боран сiзге де, бiзге де оңай болған жоқ. Қоспан ығып кеттi. Әне, қаршадай Қаламүш жүр осы боранда шапқылап. Бiз жасарымызды жасадык. Бiрақ ана хақым бар. Баламды ойлаймын. Оның ертеңiн ойлаймын. Тек басына бермесiн, бiрақ күн туа қалса, Қоспан ағасы сияқты о да ажалдан тайынбайды. Баламның ақ жүрегiне дақ түсiргiм келмейдi. Жалған мен өтiрiктен, нақақ пен қиянаттан сақтағым келедi. Өмiрiмнiң ащысын сол үшін ақтарып отырмын. У ішсең түбіне дейiн.
Боран. Қоспан қалжырап қалған. Тәлтіректеп жүреді. Дорбасынан тамақ іздеп, ештеңе таппайды. Қойларға қамшы сілтейді, бірақ шамасы жоқ. Осы сәтте сахнаның арғы шетінен (немесе бұрышынан) Қаламүш өтіп бара жатады.

ҚОСПАН. Бізді бәлкім осында өлім айдап келген шығар, ә?! Қалай ойлайсыңдар?! Мейлі ғой, ажалдан ешкім қашып құтыла алмайды. Тек әттеген-ай, тұяқсыз өтіп барам... Мұратымнан кейін, Құдай бала бермеді ғой. Бермеді. Мен кетсем, Жаңылжан қайтпек? Қу тізесін құшақтап қалмай ма?.. (пауза; Ары-бері жүгіріп, құлайды да, аспанға қарап жатады) Қаламүш... есін білгелі бері біздің үйде жүр ғой... Өз қолыммен ашамай істеп, тұңғыш рет атқа мінгізген де өзім. Жуас кер байталды қамшылап, бірден тепектеп желіп кетті. Кішкентай тақымы торғайдың қанатындай жалпылдап, үсті-үстіне тебініп,, атты қамшылап кетіп бара жатқаны кеше ғана еді... Кеше ғана... Құлап қала ма деп қорқып, Артынан қуып жеткенімде, «өзім шабамын, аға, өзім шабамын» деп, тізгінді бермей қойып еді. Тоқым қағарын жасағанда, Жаңыл «Шалдың ұлы да бар, қызы да бар, Қаламүш жөнінде құлақ қағыс қылсайшы» дегенде, «Өзі де аңғаратын парасатты кісі ғой, сірә үндемеуі тегін емес шығар, қиналып қалар» деп айтпап едім. Енді соған қатты өкініп отырмын. Мінайдар ағаның да аузынан бердім деген сөз шықпады ғой. Шықпады. Әйтпесе, мен үшін Қаламүш өз балам. Ол да солай ойлай ма екен? Қаламүшті Мінайдар ағам бергенде... бәлкім бұлай өзегімді өрт шалмас па еді?.. Қаламүш... Балам!.. Жаңыл екеуіміздің жаралы жанымызға алданыш болған...




Қаламүш боранда келе жатыр. Алайда Қоспан екеуі бір-бірін көрмейді.


ҚАЛАМҮШ. Аға... Тек аман болыңызшы! (пауза). Сіз менің әкемдейсіз... Осы сөзді өзіңізге айтуға батылым бармайтын шығар, бірақ мен апам екеуіңізді қатты жақсы көремін. (пауза). Өз әкемнің жасы үлкен болған соң ба, ата деймін. Атаммен ашылып сөйлесе алмаймын, тек ол кісінің мен дегенде көңілі ерекше екенін байқаймын. Шешем кішкентай күнімде қайтыс болып кеткен соң, әлдебір мейірімді іздейтінмін... Апам үнемі маған тәтті беріп, көңілімді аулағысы келіп тұратын. Сіздер маған өз балаларыңыздай қарадыңыздар... Сол үшін де мен үнемі сіздердікінде қонғым келетін. Менің барлық бақытты балалық шағым сіздермен өтті... Аға!.. Тек аман болыңызшы! Осыдан барлық жұмысты өзім істеймін! Шыдаңызшы! Мен түбі сізді табамын!


Қаламүш сахнадан шығып кетеді. Қоспан жалғыз. Қасқырдың ұлығаны жақыннан естіледі. Қоспан орынан тұрады. Бірақ қозғалысы баяу. Әбден шаршаған. Қолында қамшысы бар.


ҚОСПАН. (аспанға қарайды). Қаламүш! Апаң саған аманат! (айқайлап) Кел қане! Сендерден өткен жыртқыш адамдарды көргенмін! Сендерден де жауыздарды көргенмін! Кел бері! Қане!


Қоспан ары бері жүгіреді, қамшылайды. Әлсіреп қалған. Соңғы күшін жиып, айғайлайды. Қасқырлармен арпалысады.


Қоспан (алысқа қарап). Анау Күреңқасқа ғой. Қаламүш, Қаламүш. Жеткен екен ғой айналайын. Ағасын танып, құйғытып келеді, Қаламүш.
Қаламүш. Қоспан аға, бармысың? Тiрiмiсiң?
Қоспан. Бармын, қалқам. Тiрiмiн. (Қаламүшті құшақтайды).

СОҢЫ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет