Тахауи ахтанов боран



бет15/23
Дата20.09.2023
өлшемі70,87 Kb.
#109019
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
Пеьса Боран

Тоғызыншы көрініс
Жаңыл. Енді бұрынғы күніме зар болдым. Күн мен түннің қалай өтіп жатқанымен де ісім болған жоқ. Қоспан суға батқан тастай хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Үмітсіз сайтан емес пе. Бірақ сонда да күдер үзбедім. Қоспан... Әлі көз алдымда. Бір жолы екі жасар Мұратқа доктор дәрі шанышқанда, Қоспан көтеріп тұрған. Баланың арқасына инені қадағанда, тура өз арқасына найза шанышқандай түсі бұзылып, ернін жымқыра тістеп алған. Енді болмаса, көзінен жас шығып кетейін деп тұр... (Пауза). Келе қалса, тозақтан өтіп келген сорлыны неммен қуантам...


(Жаңыл үнсіз. Құлағына «сүйінші, сүйінші» деген еміс, алыс дауыс келеді). Бұлдырап қараңғы түсіп, қайта жарық болғанда Жаңыл қапшық арқалап келеді).


Келіншек. Сүйінші, Жаңыл апа, сүйінші. (Жүгіріп Жаңылдың қасына келеді). Сүйінші, деймін. Қоспан ағам келді, майданнан.
Жаңыл. Не деп тұрсың, жарқыным-ай.
Келіншек. Саған не болған, Жаңыл апа-ау. Қоспан ағам келді деймін.
Жаңыл. А! (Буыны қалтырап, арқалап келе жатқан қапшығына отыра кетеді). Келіншек. Жаңыл апа-ау, мұныңыз не? Үйге жүріңіз, Қоспан ағам келді деп тұрмын ғой. Жаңыл. Рас па? (Буыны қалтырап орнынан тұрып жүгіре береді). Қоспан!...
Оныншы көрініс

Жаңыл ауыз бөлмеде. Оны көрші әйелдер қоршап алған...




2-әйел. Өлгенің тірілді, өшкенің жанды деген осы да. Ай, айтып едім ғой. Мен де бір нәрсені сеземін-ау.
1-әйел. Кебін киген келер, деп едім ғой мен саған.
2-әйел.Апа, сіз де бір. Оны айтқан мен едім ғой.
1-әйел. Қарақағаз алған күні мен айтып ем ғой.
2- әйел. Сіз де бір ерегесе қалады екенсіз, мен айтқам. Со кезде-ақ осылай боларын сезгенмін. Түнде түсімде бар ғой, Жаңыл сен ақ жаулық тартып жүр екенсің.
Келіншек. Жаңыл апа, Қоспан ағамнан сұрап берші, менің Ерназарымды көрмеді ме екен.
1-. Өзің кіріп сұрай қойсайшы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет