Тахауи ахтанов боран


Қоспан. Келем. Қасеке, келем. Қасболат



бет19/23
Дата20.09.2023
өлшемі70,87 Kb.
#109019
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Қоспан. Келем. Қасеке, келем.
Қасболат. Айтпақшы өзің қашан оралдың? Қайда орналастың?
Қоспан. Келгеніме үш-төрт ай болып қалды. Әзір боспын.
Қасболат. Онда қызмет мәселеңді де шешіп жіберейік. Тек келмей қалма. Ал, әзірге сау бол. Сау бол, Жаңыл. (Қоштасып шыға беріп қайта оралды. Қоспанды иығынан сілкіп) Өй, Дәу қара-ай, ә!..
Жаңыл. Бұл кісі кім еді?
Қоспан (қарқылдап күледі). Мәссаған білмей тұрсың ба? Менің командирім. Қасболат екеуміз нағыз қанды қырғында бірге болғанбыз.
Жаңыл. Өзі әжептәуір бастық көрінеді ғой.
Қоспан. Иә, кадр бөлімінің бастығы. Енді жолымыз оңғарылған шығар. Қызметіңді де шешіп жіберем деген жоқ па, ә? Біздің командир солай келеді.
Жаңыл. Тек сөзіне берік болса...
Қоспан. Майданда болған солдаттар бір-бірін жау қолына бермейді, Жаңыл. Бәсе, жазықсыз адамға пәле жолаушы ма еді. Айттым ғой, мұның бәрі уақытша нәрсе деп. Амандық болса, жұмысқа енді кірісетін шығармыз.


Бесінші көрініс.

Шағын кабинет. Стол басында Қасболат. Берекесі қашып отыр. Қоспан кіреді. Мәз болып жайраңдап келіп, Қасболаттың қолын алады.




Қоспан. Сәлеметсіз бе, жолдас командир. Сәлеметсіз бе, Қасеке.
Қасболат. Сәлеметсіз бе, Қоспан?
Мен асығыс едім.
Қоспан. Асығыспын дейсіз бе? Қап, бұл қалай болды. Мүмкін кешке қарай қолыңыз бос болса. Жаңыл қамданып жатыр еді.
Қасболат. Кешке де босай алмаймын.
Қоспан. Бұл қалай болды, ә? Бір басымызды қосып...
Қасболат. Егер шаруаңыз болса, тыңдайын. Айтыңыз.
Қоспан. «Сіз, біз» деп мені сипаламай-ақ қойсаңызшы, Қасеке, өзіңіздің солдатыңмын ғой. (Қасболаттың бетіне қарап іркіліп қалады). Шаруа дейсіз бе? Несін жасырайын. Шаруамның бар екені де рас. Мен келгелі үш-төрт ай болып қалды. Бос жүрмін. Жұрт маған жолағысы келмейді. Бәрінен де сүтке тиген күшіктей сұқтана қараған қорлығы өтіп барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет