Тахауи ахтанов боран



бет18/23
Дата20.09.2023
өлшемі70,87 Kb.
#109019
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Пеьса Боран

Төртінші көрініс.
Сырттан Қасболат кіреді. Қоспан екеуі бір-біріне бажырайып ұзақ қарайды.
Қасболат. Сіз... Қоспан емессіз бе?
Қоспан. Жолдас командир?
Қасболат. Дәу қара! (Екеуі құшақтаса кетеді). Ойпырмай тірі екенсің ғой. Бар екенсің ғой.
Қоспан. Тірімін, жолдас командир, тірімін. Сіз де аман-сау оралған екенсіз ғой. Түу, көрісетін күн бар екен ғой.
Қасболат (құшағын жазып, бетіне қарап). Сол баяғы қалпың. Жаңа осы маңнан өтіп бара жатсам – сыртыңнан танып қалдым. Түйеше маң-маң басқан жүрісіңді көргенде, жүрегім бүлк ете қалды. Бір түрлі, тіпті таныс адамның түрі. Содан «ойпырмай, мынау Дәу қара болмаса қайтсін еді» деген ой сап ете түскені. Өтіп кеттім де, бірақ шыдай алмай қайта оралдым.
Қоспан. Апырай, мені тіпті ұмытпапсыз-ау, Қасеке.
Қасболат. Неге ұмытам. Өзге солдатты ұмытсам да, сені ұмыту... Жоқ, жоқ, Қоспан. Командирдің де, солдаттың да алдында өтелмес борышы болады. Апырай, аман екенсің ғой. Ал, халің қалай?
Қоспан. Хал осы. Әйтеуір, аман-есен елге жеткен соң, өзгесі ештеңе емес қой.
Қасболат (Жаңылды көріп). Мына кісі ұмытпасам...
Қоспан. Жаңыл. Біздің бәйбіше.
Қасболат. Иә, иә айтушы ең ғой. Амансыз ба, Жаңыл. Сыртыңыздан қанықпын. Майданда жүргенде Қоспан айтқан сіз туралы. Ал танысып қоялық. (Қол алысып амандасады). Бір жағы Қоспан екеуміздің құрдастығымыз да бар. Енді сіз де ешқайда қашып құтыла алмайсыз.
Жаңыл. Сізді жете біле алмай жатырмын. Бірақ қашатын біз жоқ қой. Үйге жүріңіз.
Қасболат. Оған тап қазір ұяттымын. Бір тығыз мәжіліске кетіп бара жатқан бетім.
Қоспан. Айпырмай, бұл қалай болды. Онда мәжілістен кейін күтейік.
Қасболат. Мәжілістен тура командировкаға аттанам. Қап...
Қоспан. Бұл қалай болды енді. Өң мен түстің арасындай... Біздің ауданға қалай келіп жүрсіз?
Қасболат. Жуырда ғана ауыстым. Осында аудандық комитетте кадр бөлімін басқарамын. Қазір төл алу науқанымен шапқылап жүргеніміз ғой. Әттеген-ай, уақыттың қысылтаяң болып қалғанын қарашы... Ә, айтпақшы үш күннен кейін қайтып оралам. Сен тура кеңсеге кел. Кеңірек отырып гәпті шертейік те, а. Екеуміздің хикаямыз аз уақытта таусыла қоймас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет