Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары



бет19/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65
Амфотерлі гидроксидтер. Амфотерлі гидроксидтер дегеніміз диссоциалану кезінде әpi сутегі катионын Н+, әрі гидроксид-ионын ОН түзетін гидроксидтерді айтады. Оларға А1(ОН)3 Zn(OH)2, Cr(OH)3, Be(OH)2, Ge(OH)2, Sn(OH)4, Pb(OH)2 және т. б. мысал бола алады.
Амфотерлі гидроксидтер қышқыл ерітінділерімен де, сілті ерітінділерімен де әрекеттеседі, мәселен:
А1(ОН)3+ЗНС1 = А1С1з + ЗН2О;
Al(OH)3 + NaOH + 2H2O = Na [A1(OH)4(H2O)2]
Қазіргі кезде амфотерлі гидроксидтердің сілті ерітіндісінде еруін гидроксотұздардың (гидроксокомплекстердің) түзілу процесі деп қарастырады. Металдардың көпшілігінің гидроксокомплекстері болатындығы тәжірибе жүзінде дәлелденген [Zn(OH4)]2−, [А1(ОН)42О)2−] [А1(ОН)6]3− және с. с. Алюминийдің гидроксокомплекстері оның ішінде [А1(ОН)42О)2] тұрақтырақ.
Осылайша қарастыру бұрынғы жасалынған қорытындыларды өзгертпейді: амфотерлі гидроксидте, мысалы А1(ОН)3-те және оған ұқсастар да қышкыл ортада тепе-теңдік алюминий тұздарының түзілу бағытына, сілтілік ортада гидроксокомплекстердің түзілу бағытына қарай ығысады. Демек, сулы ерітіндіде мынадай дәлірек көрсетілетіндей тепе-теңдік туады:
А13++ЗОН↔А1(ОН)3= Аl(ОН)3+ЗН2О↔[А1(ОН)42О)2]+


Тұздар
Тұздар – металл атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.. Олардың диссоциациялану теңдеуін иондардың гидратациясын есепке алып: былайша жазу керек:
NaCl (k.)↔Na+ (с.)+С1 (с.) К3РО4 (к.)↔ЗК+ (с.)+ РО (с.)
Құрамына байланысты тұздардың мынадай типтері бар: орташа, қышқыл, негіз, қос және комплексті тұздар. Кезкелген тұзды негізбен қышқылдың әрекеттесуі, яғни нейтралдау реакциясының өнімі деуге болады. Мысалы,
2NaOH + H2SO4 = Na2SO4+2H2O
Орта тұздың Na2SO4 диссоциациялану теңдеуін былай жазуға болады:
Na2SO4↔2Na+ + SO
Егер негіз күкіріт қышқылын толық нейтралдауға керекті мелшерден аз алынса, онда оны буландырғанда қ ы ш қ ы л т ұ з д ы ң кристалдары түседі:
NaOH + H2SO4 = NaHSO4 + H2O
Қышқыл тұздың диссоциациялануын мына теңдеумен көрсетуге болады:
KHSO4↔K+ + HSO
Қышқыл тұзының анионы әлсіз электролиттер тәрізді екіншілей диссоциацияланды:
HSO↔ H+ + SO
Көп негізді қышқылдар қышқыл тұздар түзеді. Бір негізді қышқылдар қышқыл тұздар түзбейді.
Н е г і з д і к тұздарды негіздегі гидроксотобы қышқыл қалдығына жартылай алмасқанда алынған өнім деп қарастыруға болады. Мысалы,
Mg(OH)2+HCl = Mg(OH)Cl + H2O
немесе иондық түрде:
Mg(OH)2 + H+ = Mg(OH) + + H2O
Негіздік тұздың диссоциациялануын мына теңдеумен көрсетуге болады:
Mg (OH) Cl↔Mg (OH) + + Cl
Негіздік тұздың катионы аз дәрежеде әрі қарай диссоциацияланады:
Mg (OH) Mg2+ + ОН
Демек, негіздік тұздарды көп қышқылды (екі және одан көп) негіздер түзеді. Бір қышқылды негіздер негізгі тұздар түзбейді.
Қос тұздардың молекулалары — әр түрлі металдың ионынан және қышқыл қалдығынан тұрады. Мысалы, KA1(SO4)2, (NH4)2Fe(SO4)2. Мұндай тұздардың диссоциациялануын мына теңдеулермен керсетуге болады:
KAl(SO4)2↔K+ + Al3+ + 2SO42−
(NH4) 2Fe (SO4) 2↔2NH4+ + Ғе2+ + 2SO
Қос тұздар металдардың ионына және қышқыл қалдығына дис-социацияланады.
Комплексті тұздардың құрамына диссоциация кезінде бөлінетін күрделі (комплекат) иондар кіреді (формулаларда оларды квадрат жақшаға алып жазады). Мысалы:
К4 [Ғе (CN) 6] ↔4К+ + [Ғе (CN) 6]4−
[Ag(NH3)2] Cl↔[Ag(NH3)2] + + C1
Күрделі (комплексті) иондар одан әрі қарай өте аз дәрежеде диссоциацияланады:
[Fe(CN)6]4−↔Fe2+ + 6CN;
[Ag(NH3)2] +↔Ag+ + 2NH3
Соньшен, комплексті тұздар диссоциацияланғанда алғашында комплексті иондарды бөліп шығарады, олар одан әрі қарай әлсіз электролиттер тәрізді екіншілей диссоциациялануға ұшырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет