Өрлеген пиелография. Зәраққыштар катетрі арқылы бүйрек қалтасына котраст зат – 20 процент сергозин, кардиотраст, диодон ерітіндісі немесе оттегі жіберіліп рентген суретіне түсіріледі.
Контраст зат айналасында тастар және ісіктердің кескіні көрінеді.
Көк тамырдан урография жүргізу. Көк тамыр ішіне 40 процент 50 мл сергозин ерітіндісі жіберіледі және 10,20,30 минуттардан кейін зәр жолдарының рентген суреттері жасалынады. Осы әдіс бүйректердың зәр шығару қызметін және бөгет, тосқауыл бар – жоқтығын анықтауға көмектеседі.
Цистография бұл 10 – 20 процент 100 – 150 мл сергозин, диодин немесе кардиотраст ерітіндісімен толтырылып алынған қуықты рентгент суретіне түсіріледі. Қуықтын ісіктері және жарақаттары диагностикасы ушін қолданылады.
Уретрография. Бұл үрпінің ішкі тесігіне 10-20 процент 10-20 мл сергозин, кардиотраст немесе диодон ерітіндісі жіберілгеннен кейін рентген суретке түсіріледі. Үрпінің ішкі тесігінің жарақаттары және ісігі диагностикасы ушін қолданылады.
Мейіркеш Урологиялық тәжірибеде қолданылатын атауларды білуі қажет.
Тәулікте шыққан зәрдың тәуліктік мөлшері орта есеппен 1,5 литрге тән. Зәрдің шығуының көбеюін – полиурия дейді. Зәрдің кобеюі сұйықты өте көп өабылдағанда, ішінде қант көбейіп осмос көтерілсе бүйрек өзекшелерінің суды соруының бұзылуы, гипофиздің зәр шығаруға қарсы гормонының белсенділігінің жетіспеуінде, созылмалы нефриттерде бүйректердың жинау ұқыптылығы бәсендегенде байқалады.
Зәр шығарудың тұоақты азаюын – олигурия және зәр шықпай қалуйы – анурия- буйрек аурулары, ағзаның сусыздануы, зәраққыштар тас, сілеке немесе ісікпен қосылуы және де қан айналасының бұзылуы немесе рефлекторлық әсері нәтижесінде пайда болады.
Қуықтын көлемі сәйкес келгенде шамамен тәулікте оны 4-6 рет босату керек. Зәр шығуының тездеу ырғағы – поллакиурия – зәр мөлшерінің көбеюімен бірге кездеседі. Поллакиурия зәрдің ауырып және өиындықпен қинап шығуымен бірге диз урия – қуықтын қабынуы немесе тастардың шырышты қабығының тітіркенуі нәтижесінде байқалады. Бұндай жағдайларда зәр жиі жиі, аз бөліктермен шығады.
Протеинурия – зәрде белоктын пайда болуы ауыр жұмыстардан, көп тамақ жегеннен, дененің тонуынан кейін дені сау адамдарда да кездесуі мүмкін. Бір қатар адамдарда протеинурия дененің тік жағдайында пайда болып және көлденен жағдайында жоғалады.
Протеинурия көбінесе нефриттерде, пиелиттерде және нефроздарда кездеседі.
Гемоглобулинурия – зәрде бос жүрген гемоглабиннің пайда болуы – қызыл қан түйіршектерінің күшті бұзылуы процесін көрсетеді. Бұнда зәр ондағы гемоглабин мөлшеріне қарай қызғылттан қара түске дейін өзгереді. Зәрде қаннын пайда болуы гемотурия деп атайды.