Тақырыбы: Несеп жыныс жүйесі ағзалары-ның хирургиялық аурулары және жарақаттары. Дәріс тезистері



бет4/10
Дата22.05.2023
өлшемі33,88 Kb.
#95843
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Та ырыбы Несеп жыныс ж йесі а залары-ны хирургиялы аурулары ж

Қуық зақымдануы
Қуықтың жабық зақымдануларының жамбас сүйектерінің сынуымен бірге болатыны біршама жиі кездеседі.
Негізгі себептері:
Босану кезіндегі операциялар
Кесарь тілігі
Гинекологиялық операциялар
Жатыр мен оның сағақтарының қатерсіз жаңа түзілімдері
Қуықтың тым толып кетуі
Қуықты қоршап тұрған клетчатканы сөгу кезінде
Қуық жараланған кездегі патологиялық процесс жараланған снарядтың тікелей әрекетімен байланысты тіндердің бұзылуы дәрежесіне бұл тіндердегі жарақатқа жауап ретіндегі реактивтік өзгерістерге тәуелді: қан айналысының бұзылуы, ісік, қабыну және регенеративтік процесстер. Айналадағы тіндерге немесе ішперде қуысына несептің ағып келуі несеп инфильтрациясына, несептік және одан кейінгі іріңдік іркілмелерге, ішперде сыртындағы және жамбастағы клетчатканың флегмондарына, перитонитке себеп болады.
Клиникалық көрінісі
қасаға үсті өңірінің ауруы, несептің жүрмей қалуы, гематурия, кіші дәреттің нәтижесіз белгілерінің жиі болуы, бірнеше тамшы қан немесе қанды несеп шығуы, қуықта несептің жоқтығы катетерлеумен анықталып тұрған жағдайда *қанды анурия* симптомы деп аталады. Кіші дәреттің ауыртып жиі келуі, несеп шығарудың тежелуі, бірнеше тамшы қан немесе қанға боялған несеп шығуы, гематурия,ол жараланғаннан кейін алғашқы сағаттарда жара саңылауларынан несеп бөлініп шығуы, тік ішектен қан мен несептің бөлініп шығуы немесе несеп шығару кезінде нәжіс пен газдардың шығуы болады.
Диагностикасы:
Қуықтың жарақаттануы жағдайында ерекше бағалы диагностикалық әдіс – ретроградтық цистография. Диагностиканың жақсы бір көмекші әдісі саусақпен ректальдық тексеру кезінде қолғапта жараның не қанның білінуі болып табылады. Кірер және шығар тесіктерді локализациялау, демек жара арнасын проекциялау белгілі бір көмек беруі мүмкін. Шұғыл лапаротомия. Қуық қабырғасының ақаулары көп болып, жараның жиектері езілген кезде немесе тігістің герметизациялығына сенімділік болмаған кезде қуықты экстраперитонизациялау ұсынылады. Қуықтың жыртылғанын айғақтайтын негізгі рентгенологиялық симптомы контраст заттың қуық шекарасынан асып ішперде қуысына немесе жамбас клетчаткасына құйылу болып табылады. Цистограммада кейде қуық қабырғасының зақымдалған жерін байқау мүмкін болады.
Емі:
Хирургиялық , оперативтік:
Алдын ала лапароцентезімен лапаротомия немесе ішпердеден тыс жарып ашып, қуықты ревизиялау. Толық зақымданулар әр уақытта хирургиялық әдіспен емделуге тиіс.
Несеп инфильтрациясы болмаса,қуық жарасын екі қатар кетгутпен тігіп, эпицистостомиямен аяқтайды. Несеп немесе ірің инфильтрациясы болса, оны жабушы тесік арқылы немесе басқа тәсіл арқылы дренаждайды. Тік ішек жарақаты болса, сигмоколостома жасалады. Ішперде іші қуық жарақатында - лапаротомия.
УРЕТРА ЖАРАҚАТЫ
Несеп-жыныс мүшелерінің жарақаттарының ішінде уретра жарақаттары жиілігі жөнінен бірінші орын алады. Жарақаттану кезінде өлімге ұшырау және оның асқынулары көп кездеседі: зардап шеккендерді ұзақ уақыт мамандандырылған емдеу керек болады,осының өзінде көптеген науқастар қайсыбір дәрежедегі мүгедектікке душар болады.Зардап шеккендердің жартысынан астамына қалпынна келтіру операцияларын жасап араласу керек болатыны да мұның ауыр жарақат екендігінің бір дәлелі болып табылады.
Соғылу;уретра қабырғасының барлық қабаттары зақымдалмай,жанама және тұйық жаралану;уретра қабырғасының барлық қабаттары зақымдалған жанама,тұйық және тесіп өткен жаралану;уретраның езілуі,үзіліп кетуі. Соғылу;толық емес жыртылу не ыдырау ( уретра қабырғасының барлық қабырғалары бірдей заымдалмайды ) ;толық жыртылу ( уретра қабырғасының барлық қабаттары зақымдалады,саңылауы айналасындағы тіндермен қатынасады ) ;уретраның үзілуі,езіліп кетуі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет