АСҚЫНУЛАРЫ Несеп инфильтрациясы. Флегмона. Тромбофлебит. Остеомиелит. Уросепсис. ҰМА ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЗАҚЫМДАЛУЫ. Ұма және оның органдарының жабық және ашық зақымданулары деп ажыратамыз. Ұма мен оның органдарының жабық жарақаттанулары соққы тиген, қатты заттарға құлаған кезде, ұма қысылып қалған жағдайда және т.б. Мұндай жарақаттанулар үшін тез дамитын кең көлемде жайылған қан құйулар, жарақаттану кезінде пайда болған ауру көп ұзамай ауырсыну және кернеу сезімімен ұласады. Қан құйылу және тез арада ісіктің пайда болуы есебінен ұманың бір жақ жартысы не түгелдей бүкіл ұма көлемі жағынан үлкейіп қатпарлары жазылып кетеді. Қан көп аққанда гематомалар түзіледі. Ұманың зақымданулары кезінде гематома беткей орналасады.
Емдеуі Ұманың жабық зақымданулары кезінде көбінесе консервативті ем қолданады. Шұғыл түрде операция жасап араласу қажет болатын жағдайлар жүргізіп жатқан консервативтік шараларға қарамастан гематоманың одан әрі тез ұлғаюы.Операция құйылған қанды алып тастау, гематома қуысын егжей – тегжейлі қарау, қан ағып тұрған тамырларды байлау, кейін жараны тігу және дренаждау.
Қорытынды Жыныс мүшесінің жарақатының асқынуы адам өміріне қауіпті аурулардың бірі. Оның алдын алу әрбір дәрігердің міндеті болып табылады. Сонымен қатар әрбір азамат өз денсаулығына жауапты. Жыныс мүшесінің жарақатында науқастың өмір болжамы қолайлы, ал сауығу жарақаттың түрі мен дәрежесін және де емдеудің нәтижелілігіне байланысты
Бүйрек тастары - ұсақ кристалдардан тұратын қатты масса. Бүйректе немесе несепағарда бір немесе бірнеше тас болуы мүмкін. Несеп тым қою болған кезде оның құрамында түрлі заттектер кристалдана бастайды, кейіннен олардан тастар түзіледі. Несепағар бойымен тас жүргенде күшті ауырсыну пайда болады. Бүйрек тастары бүйрек түбекшелерінде, тостақшаларында немесе несепағарда түзілуі мүмкін. Себептері Бүйрек тас ауруы жиі кездесетін ауру. Отбасы мүшелерінде қайталану бейімдігі байқалады. Бүйрек тастары шала туған сәбилерде жиі кездеседі. Тастар әр түрлі болады. Аурудың барысы тастың түріне байланысты. Несепте кристалдануға қабілетті заттектер көп болғанда тастар түзіледі. Осы кристалдар бірнеше апта немесе ай ішінде тасқа айналады. Кальцийлі тастар жиі кездеседі. Олар көбінесе, 20-30 жас арасындағы ерлерде пайда болады. Кальций басқа заттектермен бірігіп, тас түзеді. Оксалаттар - кальцийлі тастардың жиі кездесетін түрлері. Оксалаттар саумалдық секілді кейбір өнімдерде болады. Сондай-ақ, олар С дәруменді тағамдық қоспаларда кездеседі. Жіңішке (аш) ішектің ауруларында осы тастардың түзілу қаупі артады. Кальцийлі тастар сондай-ақ, кальцийдің фосфатпен немесе карбонатпен қосылуында түзілуі мүмкін. Тастардың басқа түрлері: Цистинді тастар цистинурияға шалдыққан адамдарда түзіледі. Бұл тұқым қуалайтын ауру. Оның ерлерде және әйелдерде кездесу жиілігі бірдей. Струвитті тастар, негізінен, несеп шығару жолдарының инфекциясына шалдыққан әйелдерде кездеседі. Бұл тастар үлкен өлшемге жетіп, бүйректі, несепағарды немесе несеп қапты бітеуі мүмкін. Несеп қышқылының тастары әйелдерге қарағанда ерлерде жиі кездеседі. Олар подаграда немесе химиялық емдеуде пайда болуы мүмкін. Дәрілік препараттар секілді басқа заттектер де тастың түзілуіне ықпал етуі мүмкін. Бүйрек тасының пайда болуының басты қауіп факторы – сұйықтықты жеткіліксіз тұтыну. Бүйректе тас түзілуі несептің тәулігіне 1 литрден аз бөлінуінде ықтимал.
Симптомдары. Несепті несепқапқа апаратын несепағар бойымен тастар жылжығанға дейін, бүйректен несептің ағуы тежелгенге дейін аурудың симптомдары сезілмейді. Негізгі симптомы – күшті ауырсыну, ол кенет басталып, кенет аяқталады. Ауырсыну іштің аумағында немесе бел аумағында сезілуі мүмкін. Ауырсыну шап аумағына немесе аталық безге ауысуы мүмкін.