Тақырыбы: Несеп жыныс жүйесі ағзалары-ның хирургиялық аурулары және жарақаттары. Дәріс тезистері



бет7/10
Дата22.05.2023
өлшемі33,88 Kb.
#95843
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Та ырыбы Несеп жыныс ж йесі а залары-ны хирургиялы аурулары ж

Аурудың басқа симптомдары: Несептің ауытқулы түсі Несепте қан болуы Қалтырау Қызба Жүрек айнуы Құсу
Диагностика Дәрігер науқасты қарап, тексеріс өткізеді. Іш немесе арқа аумағында ауырсыну сезілуі мүмкін. Ауруды анықтау әдістері: Қан талдауы: кальций, фосфор, несеп қышқылы және электролиттер деңгейін. Бауыр қызметінің сынамаларын өткізу Несеп талдауы: несептегі кристалдар мен эритроциттерді анықтау
Тасты зерттеу: оның түрін анықтау үшін. Тастар немесе несеп ағуының жолындағы кедергі келесі тәсілдермен анықталуы мүмкін: Іш қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясы (КТ) Іш қуысы ағзаларының/бүйректің магниттік - резонанстық томографиясы (МРТ) Іш қуысы ағзаларының шолу рентгенографиясы Көктамыр пиелографиясы (көктамырға контрастылық заттекті енгізу арқылы рентгенологиялық зерттеу) Бүйректің УДТ (УЗИ) Ретроградтық пиелография.
Емдеу Емдеудің бағыты тастың түріне және симптомдарының ауырлығына байланысты. Бүйректің кішкентай тастары әдетте, несеппен өздігінше шығуға қабілетті. Шыққан тасты анықтау және зерттеу үшін несепті сүзу қажет. Шығатын несептің мөлшерін арттыру үшін күніне 6-8 стақан су ішу қажет. Бұл тасты шығаруға көмектеседі.б Ауырсыну аса қарқынды болуы мүмкін. Ол кейде өздігінше өтеді, немесе анальгетикалық (ибупрофен, напроксен) және есірткілік дәрілік препараттарды қолданумен басылады. Күшті ауырсынуы бар кейбір науқастарға ауруханада емделу қажет. Оларға көктамыр арқылы сұйықтық енгізу қажет болады. Тастардың кейбір түрлерінде дәрігер тас түзілуіне кедергі келтіретін немесе организмнен тас түзілетін заттектерді шығаруға қабілетті дәрілік препараттарды тағайындайды. Бұл препараттарға жататындар: Аллопуринол (бүйрек қышқылының тастары үшін) Антибиотиктер (струвитті тастар үшін) Несеп айдайтындар Фосфаттық ерітінділер Натрий бикарбонаты немесе натрий цитраты Тиазидті диуретиктер. Сондай-ақ, келесі жағдайларда ауруды оперативтік емдеу қажет: Тас тым үлкен және өздігінше шыға алмайды Тас ұлғаюда Тас несептің ағуын тежейді және бүйректің жұқпалануына немесе зақымдануына ықпал етеді. Ауырсыну дәрілік препараттарды қабылдаумен басылмайды. Қазіргі уақытта көптеген ем-шаралар бұрынғыға қарағанда аз инвазивті. Литотрипсия бүйректе немесе несепағарда орналасатын 1 см және одан кіші тастарды жою үшін қолданылады. Ем-шара тастарды жарықшақтарға бөлу үшін дыбыстық немесе соққылық толқындарды қолдануға негізделеді. Бұл жарықшақтар организмнен несеппен шығарылады. Ем-шара дистанциялық соққылық-толқындық литотрипсия (ДУВЛТ) аталады. Бүйректе ірі тас болуында, сондай-ақ, бүйректің және қоршайтын тіндердің ауыртқулы түрінде жасалатын ем-шара кезінде терідегі шағын хирургиялық тілік арқылы арнайы аспап енгізіледі. Тас түтік (эндоскоп) арқылы алынады. Тастардың төменгі несеп жолдарында шоғырлануында уретероскопия қолданылуы мүмкін. Сирек жағдайларда әдістер көмектеспегенде немесе мүмкін болмаса, ашық оперативтік араласу (нефролитотомия)қолданылады. Дәрігермен кеңесіп, нақты жағдайда қандай тәсіл оңтайлы екендігін анықтау қажет. Болжамы Бүйректегі тастар ауырсыну береді, бірақ, көптеген жағдайларда олар организмнен зақымдану келтірместен шығарылады. Несеп тас ауруы қайталануы мүмкін. Бұл - аурудың себебі анықталмаса және емделмесе орын алады. Бұл кезде келесілердің пайда болу қаупі бар: Несеп шығару жолдарының инфекциясы Емдеу ұзаққа созылғанда бүйректің зақымдануы. Мүмкін асқынулары Несепағардың бітелуі (біржақтылық, жіті обструктивтік уропатия) Қашан дәрігерге көріну қажет Несеп тас ауруының симптомдары болса, дәрігерге көрініңіз: Арқадағы немесе бүйірдегі өтпейтін, қарқынды ауырсыну Несептегі қан. Қызу және қалтырау. Құсу. Несеп сасық иісті және бұлыңғыр түсті. Несеп шыққанда күйдіру сезімі. Егер несеп шығару жолдарының бітелісі болса, өтуді қалпына келтіру несеп шығарудағы тастың пайда болуымен немесе рентгендік тексерумен расталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет