Бүйрек тас ауруы. Жиі кездесетін ауру. Бүйрек тостағаншасы және бүйрек шүлмекшелерінде тастар пайда болуымен сипатталады. Ер адамдар бүйрек тастары ауруларына көбірек бейімдірек : Орта есеппен 20-30 жас арасында көбірек кездеседі. Ауруға келтіруші ықпалдар: зәр жолдары инфекциясы, жарақат, диатез болып есептеледі. Тастар пайда болуының негізі болып эпители, бактериялар, сырттан түскен заттар есептелінеді.
Клинникалық белгілеріБірнеше жыл ешқандай клинникалық белгілері байқалмау мүмкін. Әдетте клинникалық көріністе сегізкөз аймағында, науқас қатты ауруға шағым етеді. Ер адамдарда ол шап, жыныс ағзасының басына, әйелдерде - үлкен жыныс еріндеріне берілуі мүмкін. Ыстықтын көтерілуі, жүрек айнуы құсу болады. Қатты ұстағат уақытта және онан кейінгі зәрде қан көрінеді.
Емі: Бастап кезеніңде тастардың өсуін және жаңадан тастар пайда болуының алдың алу мақсатында диета беріледі. Санаторий – курорт емдері үлкен мағына береді. Бүйрек шаншу ұстамасын басу үшін бел аймағына жылытқыш қойылады немесе науқас ыстық ваннаға жатқызылады.
НАУҚАСТЫ УРОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУДІҢ айырмашылығы және арнаулы терминология Урология хирургияның сондай бір бөліміне кіреді, онда диагноз қоюда және науқасты операциядан кейін жүргізгенде, емдегенде хирургияның осы бөліміне тән болған тексерудің арнаулы түрлерін жүргізу қажет болады.
Цистоскопия. Қуықты арнаулы аспап – цистоскоп жәрдемінде тексеру жасалады. Қуықтын сірі қабығынан басқа, зәр аққыштардың қуыққа құйатын сағалары көрінеді, онын қызметі анықталады және зәр аққыштарды катетрлеу жәрдемінде көтерілуші пиелография стелінеді.
Хромоцистоскапия. Бұл тәсіл бүйрек қызметін анықтауға көмектеседі. Осы мақсат үшін көк тамыр ішіне 0,4 процент 4мл индикокормин жіберіледі. Қуыққа цистоскоп кіргізіледі. Нормада 3-5 минуттан кейін зәр аққыш тесіктерінен көк түсті боялған зәр шығады. Индиокормин шұғыл тоқтағанда бүйрек және зәр аққыштардың қызметібұзылғандығы туралы ойлау керек.
Зәраққыштарды катетрлеу. Тексеру үшін арнаулы катетрлер цитоскопы қолданылады. Онын көмегінде зәр аққышқа арнаулы катетр өткізіледі. Зәраққыштын тыртықтанып тарылуында немесе онын таспен тығылуында катетр тоқтатылады. Зәраққыштын катетрі арқылы бүйрек қалтасынан тікелей зәр алынады.