Тақырыбы: Несеп жыныс жүйесі ағзалары-ның хирургиялық аурулары және жарақаттары. Дәріс тезистері



бет3/10
Дата22.05.2023
өлшемі33,88 Kb.
#95843
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Несепағардың жарақаты
Ашық және жабық жарақаттауы мүмкін. Несепағар сирек зақымдалады, себебі париетальды құрсақ қуысына жіне ірі қантамырларға, омыртқаға жақын орналасуына байланысты.
Клиникалық көрінісінде: гематурия, бел аймағының ісінуі, дене температура-сының жоғарылауы, құрсақ қуысы клетчаткасының зәр инфильтрциясы.
Диагностикасы:
Хромоцистоскопия экскреторлы урография
Индигокарминнің бөлінуіне қарау
Катетерлеу
Ретрограттық пиелоуретрография
Фистулография
Несепағардың ашық жарақаттары.
Ашық жарақаттардың оқ тигеннен, пышақтан және ятрогенді түрлері болады.
Ятрогенді жарақаттар:
1 . Екі несепағарды байлау - анурия;
2 .Бір несепағарды байлау - гидронефроз және үдемелі бүйрек атрофиясы;
3 . Жарақаттанған несепағардан зәрдің таралуы ( құйылымы ) . Зәрдің құйылымы екіге бқлінеді: а ) ішперде қуысына құйылым: ішперде қуысында еркін сұйық, дренаждау түтікшесінен немесе ішперде қуысынан зәрдің бөлінуі; б ) ішперде қуысынан тыс құйылым: жамбас және бел аймағындағы тіндердің ісінуі, домбығуы, қынаптан немесе бұтаралығынан зәрдің бөлінуі ( несепағар - қынап жыланкөзі ) .
Емі.
- Оперативтік ем. Тек қана несепағардың кішігірім толық емес жыртылысында немесе тесілгенде несепағар катетерін немесе стент орналастырумен шектелуге болады.


Қуық жарақаты
Қуықтың зақымданулары біршама сирек болатынына қарамастан, бұл жарақатты білу хирург пен уролог үшін өте маңызды, өйткені мұндай зақымданулардың көпшілігі ауыр болады, мұндай науқастың тағдыры дер кезінде диагностика жасалып, оңтайлы ем қолдануына едәуір дәрежеде байланысты болады
Қуық зақымдануларының классификациясы
Ішперде қуысына қатысы жөнінен: ішперде ішіндегі, ішпердеден тысқары және аралас зақымданулар.
Зақымданудың түрі бойынша: а - жабық : соғылу, толық емес жыртылу, толық жыртылу, екі кезеңдік жыртылу. Ә – ашық: соғылу, толық және толық емес жаралану: жанама жаралану, тесіп өткен жаралану, тұйықталған жаралану.
Зақымданулардың шоғырлануы жөнінен: алдыңғы, бүйір, артқы қабырға, түбі, шоқтығы, қуық мойны, несеп – қуық ұшбұрышы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет