Бүйректің жабық зақымдануларын ауырлығына қарай үш топқа: - Жеңіл зақымданулар гематурия бастапқы 2-3 тәулік бойында біртіндеп бәсеңдейді, гемодинамикалық көрсеткіш нормалық деңгейде тұрақты сақталады, ауырсыну бірте-бірте басылады, бүйрек маңындағы тіндерде геметома болмайды. Урограммада нормадан ауытқулыр болмайды немесе зақымдалған бүйректің функциясының аздап қана төмендегені байқалады.
-Ауыр зақымданулар гематурия неғұрлым ұзақ уақыт бойына сақталады немесе интермитті сипат алатын, ауру болмашы ғана бәсеңдейтін немесе бұрынғы деңгейде қалатын, бүйрек маңында гематома байқалады. Шок қысқы мерзімді болады, урограммада бүйректің тостағанша-шумақша жүйесіне өтіп, урогематома түзетін жыртылуларына тән белгілер болады.
-Қатерлі зақымданулар зардап шеккен адамның жалпы жағдайы ауырлап, шок болатын, бүйрек маңындағы клиникалық тұрғыдан байқалатын гематома тез көбейетін, гемодинамика лық көрсеткіштер төмендеген.
Симптомдармен қатар іште көп қан кетіп жатады. Урограммада бүйрек функциясы мүлдем байқалмайды . Шұғыл түрде операция жасау қажет. Клиникалық көріністер бүйректің бірнеше жерден терең жыртылуы, езілуі немесе тамырлы аяқшалардан жұлынуы кезінде байқалады.
Бүйректің жабық жарақаты Классификациясы: Жабық зақымдануларды зақымның сипатына және бүйрек пен оның айналасындағы паранефралдық клечаткадағы жарақаттық өзгерістерге байланысты алты топқа бөледі.
Емі Бүйректің ашық не жабық жарақаты болсада шұғыл түрде госпитализациялау керек
Төсектік режим
Қан тоқтату
Симтоматикалық ем
Консервативтік ем
Қажет жағдайда оперативті ем
Жоғалған қанның орнына қан алмастырғыштар
Антибактериялық терапия
Жабық жарақаттарда көбінесе консервативті ем тағайындайды, егер гемодинамикасы қалыпты болған жағдайда.
Оперативті емге абсолютті көрсеткіш: гемодинамиканың бұзылысы, гематома
Оперативті ем Ауыр бүйрек жарақаты кезінде – бүйректі сақтап қалуға тырысады, бүйрекке резекция жасайды.(бүйрек бөлігін ғана алып тастау). Егер жарақат ауыр және кең көлемді болған жағдайда ған – бүйректі алып тастайды – нефроэктомия.
Хирургиялық ем: ауырлық дәрежесіне байланысты, люмботоникалық доступ, қан ағуды тоқтату, бүйрекке ревизия жасап және жарақаттанған жерді П тәрізді тігу.