Тақырып-12. Маркетингті бақылау және жоспарлау маркетингті жоспарлаудың рөлі және артықшылықтары



бет20/29
Дата06.01.2022
өлшемі393,5 Kb.
#12031
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
Байланысты:
маркетинг МК-21

Саяси-заңды ортасыртқы саудалық, валюталық саясат және шетел инвестициясын үйіру саясатын реттеу арқылы экономикалық өсу қарқынын үдетуге бағытталған. Саяси-заңды орта шетел нарықтарына шығуда шешуші рөль атқарады. Қазақстандағы шетел инвесторына қатысты саясатының нақтылығы олардың капитал салымын молайтуына әсірін тигізеді. Көптеген компаниялар қайсыбір елдегі кез келген саяси тәуекелді бағалау қажеттілігін жете түсінеді.

Құқықтық шектеулер маркетингтік қызметтің жекеленген клиенттеріне үлкен ықпал жасайды. Мысалы, Францияда қыстырмалы жарнамаға рұқсат берілмейді, Бельгия мен Германияда оны қолдану теріс ниетті бәсекелестікке болады. Канадаға әкелінген азық-түліктердің орамасындағы жазулар ағылшые және француз тілінде жазылуы тиіс. Жапондықтар купондарды қолданбайды, өйткені олар жылжытудың бұл түрін психологиялық тұрғыдан арзан заттарға ұмтүлуы деп намыстанады, ұят санайды. Соңғы уақытта көптеген елдерде экологиялық стандарттар тұрғысынан қатаң шектеулер қолданылуда.

Халықаралық компаниялар құқықтық актілердің 3 түрін ескеруін қажет: 1) елдің ішкі заңы; 2) халықаралық заң; 3) қабылдайтын елдің құқықтық талаптары.

Саяси-заңдық орта көрсеткіштеріне, сондай-ақ тарифтік, тарифтік емес кедергіден тұратын саудалық, сонымен бірге мінез-құлықтық кедергілер жатады.

Тарифтік кедергілерге кеденді баж жатады: кедендік баж (тариф) – елге әкелінетін тауарға салынатын салық.

Тарифтік емес кедергілерге мыналар жатады:

1. Тауарларға қойылатын дискиминациялық стандарттар. Мысалы, Жапонияда автомобильді сату үшін стандарттардың бірнеше түрі көрсетіліп, сол жерде сынақтан өту қажет.

2. Квота – елге сырттан әкелінетін тауарлардың белгілі бір түрлерін көлемдік шектеу. Оның мақсаты – жергілікті өндірушілерді қорғау.

3. Эмбарго – белгілі бір тауар түрін сырттан әкеліп, мүлдем тыйым салу. Мысалы, АҚШ-тың Ирак және Кубаға азық-түлік әкелуге тыйым салуы.

4. Деминг – тауарды шетелде ішкі нарықтағыдан төмен немесе өндіріс шығындарынан төмен бағамен сату.

5. Лицензиялар – тауарды сырттан әкелуге және сыртқа шығаруға рұқсат беру.

6. Валюталық бақылау – шетелдік валютаны сырттан әкелу көлемін шектеу және валюта түрлерінің ауысу бағасын реттеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет