Таралымы жазылу бойынша Распространяется по подписке



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата06.03.2017
өлшемі25,22 Mb.
#7634
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Жүргізуші:  Құрметті  қонақ-

тар,  ата  аналар,балалар  «Ал-

тын күз» ертеңгілігіне қош келд-

іңіздер!  Балалардың  өнерлерін

тамашалайық.  Қолдап,  қоштап

отырайық.



1-бала: Армысыздар халайық

Бармысыздар  халайық

Күзгі  тойды  жұп  жазбай

Бірге  қарсы  алайық.



2-бала: Уа халайық, халайық

Мұнда  назар  салыңдар

Алтын  күзге  арналған

Кешімізді  бастайық.



Жүргізуші:Балалар  біз  қазір

қолымызға не ұстап келдік? (Жа-

пырақ).

Жүргізуші:дұрыс айтасыңдар

балалар.  Ал  жапырақтардың

түсі  қандай  екен? (Сары)

Жүргізуші:  Бұл  күз  мезгіліне

ұқсайма?


Жүргізуші:  Балалар  бүгін

барлығымыз күз мерекесіне жи-

налдық.  Қонақтар  да  келді.

Бірақ біздің мерекеге біреу жет-

іспейтін  сияқты.Ол  кім  болуы

мүмкін?  (Ол күз).



Жүргізуші:  Ендеше  Алтын

күзді  ортаға  шақырайық.

Музыка  ойналады.  Жаңбыр-

дың дыбысы естіледі.



Алтын күз: Сәлемесіңдер ме

балалар!


Балалар:  сәлеметсізбе  ал-

тын күз!


Мен  алтын  күзбін

Жайдары  жарқын  жүзбін

Бүгінгі  сендердің  мерекелер-

іне қонаққа келдім. Өзімен бірге

алтын  жапырақтарымды  ала

келдім.  Ол  жапырақтарда  тап-

сырмалар  бар.  Егер  сол  тап-

сырмаларды дұрыс орындасаң-

дар  мен  сендерге  өзімнің  сый-

лығымды  беремін.  Сендер  дай-

ынсыңдарма?.

Жүргізуші:Алтын  күз  біздің

балалар өлең де, тақпақта айта

алады. Би де билей алады.Жұ-

мбақтарды да шеше алады. Сіз

отырып,  біздің  балалардың

өнерін  тамашалаңыз.



Ән: «Күзгі бақ»

Алтын күз: рахмет балалар.

Әнді  өте  әдемі  айтады  екенсің-

дер. Ал енді менің тапсырмала-

рым бар. Сол тапсырмаларым-

ды  орындауға  дайынсыңдар-

ма?  Қазір  жылдың  қай  мезгілі?



Алтын  күз:Дұрыс,  оны  қай-

дан білдіңдер? Кәне кім айтады

маған?

Алтын  күз:  жарайсыңдар

балалар!  Ал  енді  күз  айларын

атаңдаршы?.

Алтын  күз:  Өте  тамаша  күз

айларымен  танысып  алдық.Ал

кім маған күз туралы тақпақтар

айтып  береді  екен?



ТақпақтарЖүргізуші:  Енде-

ше  тағы  бір  тамаша  әнге  кезек

берейік.

Ән: «Әдемі»



Жүргізуші:Ал  енді  ортаға

көкөністерді  шақырайық.

Әуен 

ойналып, 



ортаға

көкөністер  шығадыТақпақтар-

Жүргізуші:Қане  балалар  осын-

дай молшылық күз айында  бір

ойын  ойнап  жіберейік.

Ойын  «Кім  жылдам?»



Шарты:көкөністерді  себетке

жинау.


Алтын күз: Ой жарайсыңдар

балалар  ойынды  керемет  ой-



БАЛЫҚ

(қарбыз  д

(қарбыз  д

(қарбыз  д

(қарбыз  д

(қарбыз  дән

ән

ән

ән



әнегіме

егіме


егіме

егіме


егімен  жұмыс)

н  жұмыс)

н  жұмыс)

н  жұмыс)

н  жұмыс)

ҒАЖАЙЫПТЫ САН

ЕЛІНЕ САЯХАТ

ЛУЧИ ДОБРОГО ЗДОРОВЬЯ

найды екенсіңдер. Ендеше менің

келесі тапсырмам бар. Мен сен-

дерге  жұмбақ  жасырам  ал  сен-

дер  шешуін  тауып  көріңдер.



1.Жерге  тырыс  тырс  тамады

Сайға  қарай  ағады

Шешімін  кім  табады?  (жаң-

быр)

2.Қабат  қабат  тоны  бар

Айналдырып  киген  тоны  бар



(орамжапырақ)

Жүргізуші: ендеше ұлдардың

орындауында  саңырауқұлақтар

биін  қабыл  алыңыздар.

Би: «Саңырауқұлақтар»



Жүргізуші:Балалар  сондай

ақ  күз  мезгілінде  жемістер  де

піседі.  Солай  ма  балалар.  Ен-

деше  ортаға  жемістерді  шақы-

райық.

Жүргізуші:Қыздардың  орын-

дауындағы  әнін  қабыл  алыңыз-

дар.

Ән: «Балабақша»

Алтын  күз:Балалар  кане

бәріміз тағы бір ойын ойнап жібе-

рейік.

«Қолшатыр  кімге  тиеді?»  ой-



ыны

Ойынның шарты әуен кезінде

жерде  жатқан  қолшатырды  ай-

налып жүріп билейміз, әуен тоқ-

тағанда  кім  бірінші  болып  қол-

шатырды  жерден  көтереді.

Би: «Күзгі  жапырақтар»

Жүргізуші:  Алтын  күз  бала-

лардың  өнерлері  ұнады  ма?



Алтын  күз:  рахмет  балалар

маған  мереке  қатты  ұнады.  Ал

енді  менің  орманға  баратын

уақытым  болды.



Жүргізуші:Рахмет  саған  Ал-

тын  күз.  Осымен  Алтын  күз  ме-

рекесіне  арналған  ертеңгіліміз

аяқталды.



АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ

МЕРЕКЕЛІ, БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ



Жеңісгүл  БҰРХАНОВА,

№48«Шаттық»  мектепке  дейінгі

ұйымының музыка   жетекшісі

Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  мақса-

ты: Балалардың музыкалық мәдениетін, қабілет-

терін  әр  түрлі  музыкалық  шығармалар    арқылы

қалыптастыру.Әнді  әдемі  айту  арқылы  балалар-

ды сұлулыққа, әдемілікке,өнерпаздыққа,достыққа

тәрбиелеу.Балаларға  қуаныш  сыйлап,шығарма-

шылық  шабыт  беріп,өнерге  деген  ықыластарын

ынталандыру.

Репертуары:

1.Музыка  тыңдау: «Айгөлек»әні.Муз:Б.Байқа-

дамов,сөзі:Н.Баймұхамедов.

2.Ән  айту: «Балабақша  әні».Муз:А.Меңжано-

ва.


3.Ырғақты-қимыл: «айна», «шаңырақ»,

«өрнек»  қимылдарымен  таныстыру.

 4.Ойын: «Ай мен күн»музыкалы-дидактикалық

ойыны.


Музыкалық  терминдер  қоржыны:  «айна»,

«шаңырақ», «өрнек»би  қимылының  элементтері.



Әдіс-тәсілдері:Тыңдау,орындау,ойнау,қайта-

лап  көрсету.



Қолданылатын құралдар:сиқырлы сандық,ә-

нге  байланысты  суреттер,ойынға  арналған  ай

мен күннің атрибуттары,би элементтерінің сурет-

тері.


Ұйымдастыру бөлімі: Балалар музыка залы-

на «Ертегілер»әнімен кіреді,екі-екіден жұптаса қол

ұстасып  залды  бір  айналып  өтіп  бірнеше  қара-

пайым  ырғақты-қимылдардан  үзінді  көрсетеді.-

Мысалы:екі  қолын  алма-кезек  құлағына  тосып

тың-тыңдау,қол  ұстасып  айналу  сияқты.



Мұғалім:-Сәлеметсіңдер 

ме,балақай-

лар!Көңіл-күйлерің  қалай?  Балалар,маған  бүгін

кімнен  екенін  білмеймін  бір  хат  келіп  тұр.Қанеки

Еділ,кел маған көмектесіп хатты ашып берші,іші-

нде  не  жазылғанын  сендерге  оқып  берейін.Хат-

тың  мәтіні: «-Сәлеметсіңдер  ме,сүйкімді  балала-

р,мен  сендерді  көптен  бері  сырттарыңнан  бақы-

лап  жүрмін.Маған  сендердің  өнерлерің  ұнайды.-

Мен  сендерге  қонаққа  барамын.Күтіңдер,сәлем-

мен  Музыка  ханшайымы »-депті.

-Балалар,біздерге  Музыка  ханшайымының  өзі

қонаққа келе жатыр екен,қанеки,бәріміз орнымыз-

дан  тұрып,қошеметпен  қол  соғып  қонағымызды

қарсы  алайықшы.

Балалар  орнынан  тұрып  Музыка  ханшайымын

қошеметпен  қарсы  алады.

Музыка  хашайымы:-Сәлеметсіңдер  ме,кіш-

кентай  өнерпаз  балалар!Мен  сендерді  сағынып-

сендермен  бірге  бүгінгі  сабақтарыңды  бірге

өткізуге  келдім.Мен  сендердің  өнерлі  екендеріңді

естіп жатырмын.Сендер ән айтқанды жақсы көре-

сіңдер ме?-Иә.-Ойын ойнап,би билегенді ше?-Иә.-

Олай болса,мен құр қол келген жоқпын. Өзіммен

бірге сиқырлы сандығымды ала келдім.Маған бір

көмекші  керек,Қарлығаш,сен  маған  көмекші  бол-

шы,мына сиқырлы сандықтың аузын кілтпен аш-

шы.Ашылмады  ма?  Олай  болса,мен  бір  жұмбақ

жасырайын,жауабын  дұрыс  тапсаңдар,сандығы-

мыз  ашылады.

-Ақ сандығым ашылды,

 Ішінен жібек шашылды.

Сания

АЛПЫСБАЕВА,

«№8 «Балбөбек» МДҰ»

МКҚК тәрбиешісі

Мақсаты: Жануарлар туралы түсінік беру, үй жа-

нуарларының  төлдерінің атын атай білуге   үйрету.

Үй жануарларының аттарын және олардың беретін

пайдасы  туралы  білімдерін  бекіту.Жабайы  жануар-

лар  туралы  зерттеуге  үйрету,  сөздік  қорын  молай-

ту,  сұраққа  жауап

арқылы  тіл  байлықтарын  дамыту.Сабақтың

көрнекілікгі: жабайы жануарлардың суреттері, үнтас-

па,  презентация,  жануарлар  костюмі,  кеспе  қағаз-

дар,  плакат,т.б.



Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:  «Шаттық шеңбері». Бала-

лар  шаттық  шеңберге  тұрады.

ІІ.  Сұрақтар  кезеңі.

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?Күз туралы

кім тақпақ біледі?



Тәрбиеші:Үй  жануарларының  суретін  көрсете

отырып,  олардың  төлдерімен  таныстырады.

ІІІ.  Ертегілер еліне саяхат

-  Балалар,  ертегілер  еліне  саяхатқа  шығамыз.

Жануарлар  айтысы болып жатқан көрінеді,

соған  барайық.  Алдарыңдағы  жапырақты  алып,

мынадай  сиқырлы  сөздерді  айтамыз:

Бір, екі, үш,

Жапырақ  сиқырлан.

Бір, екі, үш,

Жапырағым ұш.

-Ал, енді балалар, біз жапырақпен ұшып бара жа-

тырмыз.  Қанеки,  балалар  бұлттан

 сұрайық: «Біз дұрыс келе жатырмыз ба екенбіз?».

Бұлттың  берген  жауабы:

«Менің сендерге қояр шартым бар, яғни мен сен-

дерге  қазір  жұмбақ  жасырамын.  Сендер

  жасырлған  жұмбақтың  жауабын  шешуін  таба

алсаңдар,  мен  сендерге  ертегілер  еліне  апар

жолды  көрсетемін»

Жұмбақ:

1.Кезекті  бір  жануар,



Үстінде екі тауы бар.  (түйе)

2.Қамыс  құлақ,

Тостаған  тұяқ.

Мінсең,  қанат,

Сүті дәрі, еті тамақ. (құлын)

Бұлт:  Балалар,  жұмбақты  шештіңдер,  енді  сол

баған жерде гүл бар. Сол гүлдің астында менің

тамшыларым бар. Тамшылардың астында менің

сендерге  тапсырмам  бар.  Соны  орындаңдар.



Тәрбиеші: Гүлдің астындағы тапсырма. Төрт түлік

малды  шақыру  керек,  шақырмасақ,  олар  келмейді

екен. (түйе, құлын, ешкі, жылқы, қой, т.б.)

Төрт  түлік  малдың  костюмін  киген  балалар  ор-

таға  шығады.

Тәрбиеші:

Жүнін  жұлса,  бақырған,

Ешкі атасын шақырған.

- Ол не?  (Күн).

-  Мінеки,сиқырлы  сандығымыз  да  ашылды.

Музыка тыңдау әрекеті. Мұғалім:-Музыка хан-

шайымы,біздің балалар әр түрлі музыкалық шы-

ғармаларды  тыңдағанды  жақсы  көреді.Сандығы-

ңызда  көңілді  әндер  барма?



Музыка ханшайымы:-Әрине,бар.Менің санды-

ғымда  «Айгөлек»  деген  керемет  ән  бар.Бұл  әнді

Бақытжан  Байқадамов  деген  композитор  ағала-

рың  сендерге  арнап  жазған.Ән  бақытты  бала-

лық  шақты  жырлайды.  Әннің  сөзіне,әуеніне,маз-

мұнына  назар  аударып  тыңдап  көрейікші.

Сұрақтар:-Ән  сендерге  ұнады  ма?

-Шығарма  көңілді  ме,әлде  көңілсіз  бе?

Ән  айту  әрекеті:

Музыка  Ханшайымы:-Балалар,сендер  қан-

дай  ән  білесіңдер.Мен  ылғи  сендердің  ән  айтып

жатқан дауыстарыңды естіп жатамын.Сендермен

қосылып ән айтқым келіп тұр.



Мұғалім:-Біздің балалар сүйікті балабақшала-

ры  туралы  «Балабақша  әні»  деген  тамаша  ән

үйреніп жатыр..Сол әнді сенімен қосылып жалға-

стыра  үйренгілері  келіп  тұр.Келіңдер,балалар,-

Музыка ханшайымымен бірге осы тамаша әнімізді

үйренуді жалғастырайық,-деп, «Балабақша әнін»

екі  шумағын  толық  қайырмасымен  күйсандыққа

қосылып  айтқызады.



Ырғақты-қимыл  әрекеті.

Музыка  ханшайымы: -Балалар,  айтпақшы

менің  сиқырлы  сандығымда  бір  керемет  заттар

бар,-деп  сандықтан  қазақтың  ұлттық  ою-өрнек-

терінің  суреттерін  алып  шығады.-Балалар,бұл

қазақ  халқының  тұрмыс-тіршілікте  қолданып

жүрген  ою-өрнектері.Ою-өрнектер  табиғатпен

тығыз  байланысты.Ата-бабаларымыз  ою-өрнек-

терді  өсімдіктерге  ұқсастырып,жан-жануарларғ-

а,олардың  қимылдарына,құстарға,заттарға  бай-

ланысты  жасаған.  Оларды  кілемдерге,  киім-ке-

шектерге,ыдыс-аяқтарға  түсірген.Сонымен  қата-

р,ою-өрнектерді  би  қимылдарына  да  қолданған-

.Мысалы,құс  қанаты,ботагөз,айна,бүркітші,мүйі-

з,су ирек,тағы басқалары.Мен бүгін сендерге осы

ою-өрнектердің  бірнешеуін  ала  келдім.Олар

«айна», «шаңырақ», «өрнек» .Осы  өрнектерді

біздер  би  қимылымен  қалай  байланыстырамыз?

Ою-өрнектерді би қимылына салып көрсетеді.

Ойын  әрекеті.  Музыкалы-дидактикалық  және

эстафеталық  ойын: «Ай  мен  күн».Жерде  ай  мен

күннің  суреттері  бейнеленген  10-10-нан  макет-

тер  жатады.Ортаға  екі  бала  шығып, «Айгөлек»

әнінің  шумағына  қол  ұстасып,ырғақты-қимыл

жасап  алады.Әннің  қайырмасына  келгенде  белгі

бойынша  жердегі  айларды  ұл  бала  жинаса,

күндерді қыз бала жинап алады. Кім тез әрі шап-

шаң  жинаса,сол  жеңімпаз  болады.Ойын  ары

қарай  жалғасады.



Қорытындылау.Музыка  ханшайымы:-Бала-

лар,  менің  кететін  уақытым  болып  қалды.Менің

әліде  баратын  жерлерім  өте  көп.Мені  өздерің

сияқты өнерлі бүлдіршіндер күтуде.Маған сендер-

мен  бірге  болу  өте  ұнады.Кілең  шеттеріңнен

өнерлі  балалар  екенсіңдер.Ал,мына  сиқырлы

сандықты  сендерге  тарту  етемін.Қош,сау  болың-

дар!-деп қоштасып шығып кетеді.



АҚТӨБЕ  ҚАЛАСЫ

Өрісте  өскен  жануар,

Шөкетайым,  қайдасың?

Шөре-шөре......



Лақ:  Мен  лақпын,  Адамдар  біздің  сүтімізді  ішеді.

Мамықтай  түбітімізді  киімге  пайдаланады.

Адамдарға біздің пайдамыз өте көп. Мынау менің

сүтім, мынау менің түбітімнен жасалған қолғап, т.б.

Тәрбиеші:

Қой баласы қоңырым,

Ұя бұзбас момыным,

Шопан Ата түлігі,

  Қошақаным  қайдасың?

Пұшайт-пұшайт....



Қошақан:Маталардың  асылын  менің  жүнімнен

жасайды.  Салқындаған  сары  аязда  тоңғызбайтын

жылы  тон  менің  терімнен  тігіледі.  Мынау  менің

жүнімнен  тақылған  киімдер:  қолғап,

шұлық, жемпір, т.б.

Тәрбиеші:

Екі  көзі  танадай,

Екі өркеші баладай,

Енесіне  қарамай,

Ойсыл Қара баласы,

Ботақаным  қайдасың?

Көсе-көсе.....



Бота:Адамға біздің тәтті шұбатымыз бен мамық-

тай жүніміздің пайдасы көп. Мынау менің

жүнімнен тоқылған киімдер:  шұлық, қолғап....

Тәрбиеші: Адам үшін бәрің де керексіңдер. Пай-

даларың көп. Енді, біздің балалар, төрт түлік

туралы  мақалдарын  айтсын.

ІV. Сергіту сәті



Тәрбиеші:Саяхатымызды  жалғастырамыз.  Жа-

байы  жануарлар  әлеміне  барамыз.



Ойын.«Атпен  шабу»  ойыны.

Аттың суретін қарындашқа орап, оны жылжытып

отырамыз. Кімнің аты бірінші келетінін анықтаймыз.

Тәрбиеші:  Түлкі, аю, қасқыр, қоянды біздің бала-

лар зерттейді. Түлкіні Жамал зерттейді. Өзінің сал-

ған  суреттерін    және  ноутбук  арқылы  түлкі  туралы

қосымша  мәлімет  береді.

Қалған балалар да дәл осылай  жануарлар тура-

лы мәлімет береді.



V. Викториналық сұрақтар.

«Тапқыр болсаң, айтып көр!»

Ең бойы ұзын жануар? (керік)

Жолбарысқа ұқсакс ат, жолақ жылқы? (зебра)



VІ.  Ойын.  Жануарларды  орналастыру

Жеке-жеке  жұмыс.  Әр  балаға  хайуанаттың  бас

пішіні берілген сурет беріледі.

Тапсырма:

Тәрбиеші  қағаз  бетіне  салынған  хайуанаттардың

суреттерін  көрсетеді,  ал  балалар  көру,  есте

 сақтау арқылы суретті салып шығу керек.

Тәрбиеші: Ал, балалар, кеш болыпты, енді бала-

бақшаға  қайтайық.

VІІ.  Қорытынды

–Балалар,  қандай  жануарлармен  таныстық.

- Төлдерін білесіңдер ме?

-  Үй  жануарларының  пайдасын  айтып  беріңдер.

Осымен сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!



АҚТӨБЕ  ҚАЛАСЫ

МУЗЫКА ХАНШАЙЫМЫ ҚОНАҚТА



ЖАНУАРЛАР

ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

А.Б.САГИЗБАЕВА,

№37  «Балапан» МДҰ әдіскері

«Ойын – бала  үшін  өмірлік  тәжірибе»

М.  Жұмабаев.

Бұл  баяндамада  қазіргі  мектеп  дейінгі  бала-

лардың оқу іс - әрекетін ұйымдастыру барысын-

да  қызығушылығын  арттыруда  ойынның  техно-

логиялық  қажеттілігі  туралы  қарастырылған.

«Қазіргі жас буын, бүлдіршіндер – мемлекетіміздің

мығым тірегі» - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев атап

көрсеткендей, жас өспірімдердің жан - жақты даму

негіздері – мектепке  дейінгі  мекемеден  бастау

алады.


Қазіргі  уақытта  балаларды  оқытуға  арналған

әдістемелер соның ішінде ойын технологиясы ке-

ңінен  пайдалану  үстінде.  Яғни,  ойындарды  игеру

балаларды  жан - жақты  болуына  зор  ықпалын

тигізеді.  Балалардың  оқу  іс - әрекетін  арттыру

үшін  ойын  элементтерін  тиімді  пайдалану  керек.

Ойын  арқылы  бала  қоғамдық  тәжірибені  меңге-

реді,  сондықтан  әр  ҰОІӘ  барысында  қандай

ойын  түрлерін  қолдануға  болатынын  мазмұны-

на,  мақсатына,  жас  ерекшелігіне  сәйкес  таңда-

луы керек екендігі назарға алынғаны дұрыс. Яғни,

бала тілін дамыту барысында ойын элементтерін

қолдана  отырып,  құзіреттілік  тапсырмалар  арқ-

ылы  балалардың  өздігінен  дамуға,  жетілуге  қаб-

ілетті тұлғаны қалыптастыруға арналған бірден -

бір таптырмас технология. Ұлы педагог А. С. Ма-

каренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқ-

арған  мекемелерінде  ойынды  тәрбиеленушілер

өміріне  міндетті  түрде  енгізіп  отырады.  Ойын

баланың  өмірін  қызыққа,  қуанышқа  бөлеуін  қам-

тамасыз  ету  үшін  ол  балалардың  ойынға  деген

сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді –

деп  қарастырады.

Ойынның  технологиялық  негізгі  ерекшелігі  –

балалар  үн - түнсіз  ойнамайды.  Тіпті  жалғыз  бо-

лғанның  өзінде  де  сөйлесіп  жүреді.  Ойын  бары-

сында сөйлесу қарым - қатынасы үлкен рөл атқ-

арады.  Сөйлесе  жүріп,  балалар  пікірлесіп,  әсер

алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анық-

тайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ

ОЙЫННЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ    МАҢЫЗЫ

мыналар:  ойынның  өзінен  туатын  және  балалар

жасайтын  немесе  тәрбиешілер  ұсынатын  ойын

ережесі.

Ойынның  түпкі  ниеті – бұл  балалардың  нені

және  қалай  ойнайтынының  жалпы  анықтамасы.

Мысалы:  сюжетті – рөлдік  ойындар  «Почта»,

«Дәріхана», «Дүкен», «Аурухана», «Кітапхана»,

«Отбасы»  болып  ойнайды.  Сол  сияқты  ойын-

дарда  топта  жас  ерекшелігіне  сай  жүргізіледі:

ойын  балаларға  ұйымдастырылған  оқу  іс-әреке-

тінде  де,  серуенде  де  өте  қажет,  тіпті  бала  жай

демалып  отырғанның  өзінде  де  ойын  үстінде

болады.  Өмірдегі  түсінігі  еліктеуі,  бақылауы  осы

ойын  үстінде  көрініс  табады.  Көбінесе  бұл  ойын-

дар  күннің 2 жартысында  ойнатылады.

Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын,

адамның  көңіл - күйін  көтеретін,  ойландыратын

үрдіс.  Ойын - төзімділікті,  алғырттықты,  тапқыр-

лықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті,

дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сон-

дай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қаси-

еттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар пе-

дагогикалық,  тиімді  әдістерінің  бipi.

В. А. Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ,

«Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ» және

болуы    да  мүмкін  емес.  Ойын  дүниеге  қарай

ашылған  үлкен  жарық  терезе  іспетті,  ол  арқылы

баланың  рухани  сезімі  жасампаз  өмірімен  ұшта-

сып,  өзін  қоршаған  дүние  туралы  түсінік  алады.

Ойын  дегеніміз – ұшқын,  білімге  құмарлық  пен

еліктеудің  маздап  жанар  оты.

Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда мек-

тепке  дейінгі  балалар  белсенді  және  өте  қозғал-

малы болып келеді. Бұл жастағы балалар өздерін

еркін  ұстап,  ойынға  аса  қызығумен  қатысады,

өзінің  айналасындағы  нәрселерді  көріп,  соны

бейнелеуді  ұнатады.  Рөлдік  ойындарды  табысты

және  қарқынды  жүргізе  біледі.  Сөйлеу  әрекетін-

де  қозғаушы  күш - ырғақ.  Сөйлеу  ырғағын  құру

тәрбиешілердің  рөлдік  ойындарды  ұйымдасты-

рудағы ең қиын іс - әрекеті. Балалардың қызығу-

ын  арттыру  мақсатында  тәрбиеші  ойынға  қаты-

сушының  өзіндік  сөз  ырғағын  бейнелеп  көрсетіп,

тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Тақырыптық

«рөлдік - ойындар», «қимылды  ойындар», «ди-

дактикалық  ойындар»  жас  өспірімдердің  сөйлеу

дағдысының 

қалыптасуын 

дамытады.

Ойын іс - әрекеті зерттеуші, дамытушы, үйретуші

болып  тәрбиешінің  негізгі  іс - әрекетін  құрайды.

Ойын  түрлері:  дидактикалық  ойыны,  шығарма-

шылық ойыны, сюжеттік рөлдік ойыны, қимылды

ойындар  ұлттық  ойындар,  педагогикалық  ойын-

дар,  логикалық  ойындар

Тәрбиеші  балалармен  ойынды  (заттармен,

үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуі-

не  болады.

Заттармен ойыны, Үстел үсті ойыны, Сөздік ой-

ыны, «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да,

атын  ата», «Қай  ағаштың  жапырағы», «Бірдей

ойыншықты  тап», «Қайсысы  көп,  қайсысы  аз»,

«Суретті  құрастыр», «Қандай  затқа  ұқсайды?»,

«Қай  сурет  тығылды?», «Бір  сөзбен  ата», «Кім

байқағыш», «Қиылған  суреттер», «Ұқсасын

тап»,«4 - ші  не  артық?», «Есіңде  сақта», «Сөз

ойла»,,«Сөз  құра», «Жұмбақ  ойла», «Жақсы  -

жаман», «Жалғастыр»,«Үш  сөз  ата».

Бұл  аталған  жаттығулар,  тапсырмалар  бала-

лардың  сөздік  қорын  дамыта  отырып,  бір  —

бірімен  достығын  арттырып  және  саусақ  бұлшық

етін  дамытады.  Ойынға  қажетті  құрал,  заттарды

даярлау  ойынды  өткізу  дайындығын  көрсетеді.

Ойындар: дидактикалық, қимылды, сергіту, сю-

жетті - рөлдік,  жарыс.

Балаларды  ойынның  мазмұнымен  таныстыру

ойынды  өткізу  процесінде  жас  өспірімнің  тілін

дамыту,  сөздік  қорын  көбейту  жолында  төмен-

дегі  тәсілдер  ұсынылады:

Көрнекі  құралдар:  түрлі  түсті  суреттер,  түрлі

түсті  қағаздар,  ойыншықтар.

Тәсілдер


Сонымен  қатар  баланың  құзыреттіліктерін  да-

мытатындай  рөлдік,  сюжеттік  ойындарға  үлкен

мән  берілуі  тиіс.  Ойын  үстінде  бала  сұранысы

мен  тәрбиешісінің  тапсырмасы  өзара  ұштасады.

Мысал:  Сюжеттік — рөлдік  ойын: «Менің  сүйікті

кейіпкерім!».  Баланың  сүйікті  кейіпкерлері  бола-

тыны,  өзінің  соған  ұқсағысы  келетіні  белгілі,  ол

баланың  сол  кейіпкер  рөлін  атқаруы  оның  мо-

ральдық  танымы  мен  түсінігіне  әсер  етеді  де,

баланың  жеке  ойын  кезіндегі  баланың  психоло-

гиялық  ерекшелігі  мынада:  олар  ойланады,  эмо-

циялық  әсері  өрістейді,  белсенділігі  артады,  ерік

қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі бала-

ның  творчестволық  талантын  кеңейтеді.

Қазақтың халқы мәдени мұраларға бай халық

екендігіне  сөз  жоқ.Сондай  бір  қомақты  дүниелер

қатарына  ұлттық  ойындарды  да  жатқызамыз.

Ұлттық  ойындар  атадан  балаға,  үлкеннен  кішіге

мұра  болып  жалғасып  отырған  көне  халықтың

дәстүрлері, шаруашылық мәдени, өмір тіршілігінің

жиынтық белгісі болған. Әрине, ойын өнер ретін-

де  әдебиет  пен  мәдениеттің  сан  алуан  түрлері-

мен  қабысып,  астасып  келіп,  бірін  бірі  толықты-

рып  байыта  түседі.

Баланың бойында ана тілін, ата - баба салтын

бойына  сіңірген,  оны  қастерлей  білетін  азамат

өсіруде ұсынатын ең басты құралымыз – ұлттық

ойындар.  Жасөспірім  ойын  арқылы  дүниені  та-

нып, түсінігі арқылы қабылдап, ересектерге елік-

тей  жүріп  үйренеді,  өз  бойына  қабылдайды.

Таңдалған  ойынды  өткізуге  қойылатын  талап-

тар  төмендегідей:

- Ойынды тақырыпқа сәйкес алу.

- Ойынның мақсаты нақты қойып, керекті көрне-

кіліктерді  балалардың  қызығушылығына  сәйкес

дайындау.

-  Ойнар  алдында  балаларға  жүргізілу  бары-

сын  әбден  түсіндіру.

-  Ойынға  балалардың  барлығын  қатыстыру.

-  Ойын  барысында  балардың  қатысуын  қада-

ғалау,  білмеген  жерлеріне  көмек,  жәрдем  беру.

Қазіргі балабақшадағы ойынды қолданар алдын-

да  ақпараттық  құралдарды  жетік  меңгеру.

Қорытындылай келе, ойындар балалардың та-

ным  белсендігін  жандандыратын,  өздігінен  ойла-

уын  дамытатын  тәсілдердің  бірі.  Олар  кез - кел-

ген  о қу  материалын  қызықты  да  тартымды

қылып,  балалардың  көңіл - күйін  көтеруге,

өздерінің  жұмыстарына  қанағаттануға  және

өтілген  тақырыпты  жеңіл  меңгеруге  көмектеседі.

Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамы-

туға  арналған  тапсырмалар  жүйелі  қолданылып,

ұйымдастырылып отырса сонда ғана тәрбиешінің

тақырып  мақсатын  ашуына  мүмкіндік  береді.



АҚТӨБЕ  ҚАЛАСЫ

4



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет